10/04/2013

Page 1

ДЕРЕК пен дəйек 5 000 000 000

Биыл облыс жолдарын қалпына келтіруге осынша теңге бағытталатын болады

№103 (28042) 10 СƏУІР СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Облыстық мəслихаттың кезекті сессиясында халық қалаулылары аймақ басшысы Самат Ескендіровтің өңірлік маңызы бар автожолдарды жөндеуге жергілікті қазынадан барынша мол қаржы бөлу жөніндегі ұсынысын қолдап, 2013-2015 жылдарға арналған бюджетке өзгерістер енгізді. Бюджетке түсірілетін қосымша кіріс есебінен облыс аумағындағы автожолдардың ағымдық жəне орташа жөндеу жұмыстарын кешеуіл детуге болмайды, деді Самат Сапарбекұлы депутаттар алдында сөйлеген сөзінде. Өңірдегі автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 9 мың шақырымды құра са, 7,5 мың шақырымы жергілікті маңызға ие. Оның 2,5 шақырымы жай жолдар болып есептеледі. Былтыр бұл мақсат үшін 2,9 миллиард теңге жұмсалса, биыл қаражат əлдеқайда ұлғайтылды. Сессияда орташа айлық жалақы мөлшерін 80 мың теңгеге дейін жеткізіп, қосымша 1,7 миллиард теңге қарастыру жөніндегі ұсыныс та қолдау тапты. Солтүстік Қазақстан облысы.

1 099 000 000 ENRC əлеуметтік салаға қосымша осынша теңге салатын болды

Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

Жақында Еуразиялық табиғи ресурстар корпорациясының ат қарушы директоры Феликс Вулис пен Қостанай облысының əкімі Нұралы Сəдуақасов ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл корпорация мен аймақ басшыларының бизнестің əлеуметтік жауапкершілігі туралы алтыншы рет келісімге келуі болып отыр. Алты жыл ішінде ENRC меморандум аясында облыстың əлеуметтік саласына 6 миллиардтан астам теңге жұмсады. СоколовСарыбай кен өндіру бірлестігі осы ірі корпорация құрамына ен гендіктен, əлеуметтік салаға бөлінген қаржының біразы Рудный қаласының қажетіне жұмсалады. Мысалы, кеншілер қаласындағы коммуникация желісін жөндеуге, жаңалауға, коммуналдық сала үшін қажетті техникалар сатып алуға қаржы қарастырылған. ҚОСТАНАЙ.

5

Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында Маңғыстау облысында осынша төтенше жағдай тіркелді Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

2013 жыл маңғыстаулықтардың өмірі үшін қауіпсіз, тыныш ахуалмен басталды. Оған төтенше жағдайларға қатысты деректер дəлел. Атап айтсақ, 2013 жылдың басынан бері облыста 4 өрт, 1 өндіріс орнындағы сəтсіздік оқиғасын қосқанда барлығы 5 оқиға орын алған. Ол өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда əлдеқайда аз, яғни 2012 жылы осы кезеңде барлығы 13 оқиға тіркелген болатын. Биыл жыл басынан бері төтенше жағдайлардан 7 адам жапа шексе, өткен жылы бұл көрсеткіш 82 адамды құраған. Көрсеткіштің төмендеуі оқыс оқиғадан қаза тапқандар санында да бар, мысалы, өткен жылғы осындай кезеңде оқиғалар салдарынан 9 адам опат болса, биыл одан 3 есе аз. Сондайақ, 2013 жыл басталғалы бері облыс аумағында 69 өрт оқиғасы орын алып, 6 688 мың теңге шығын əкелген. Өткен жылы айтылып отырған мерзім ішінде болған 113 өрттің шығыны да осал болмағаны анық. Тоқсан ішінде өрттен биыл 1 адам, өткен жылы 2 адам қаза тапқан. Маңғыстау облысы.

3 миллион гектар жер пайдаланусыз жатыр Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Сенбейсіз бе? Дəл солай. Өйткені, бұл дерек кеше Үкімет отырысында, ресми мінберден айтылды. Əңгімені осыдан бастайық. Жер – халықтың негізгі байлығы, игере білгеннің азығы. «Игере білген» деуіміздің мəні бар. Себебі, жердің қызығын көру үшін оны мүмкіндігінше тиімді пайдаланған жөн. Бірақ көлемі «көп» деп кеуде қаққанымызбен бүгінде біз жердің жемісін жарытып жинай алмай жүргендейміз. Бар жерді барынша пайдаланбай, «қызығынан» құр қалғандаймыз. Иə, бүгінде бізде 3 миллионнан астам гектар жер пайдаланылмай жатыр екен! Алайда, бұл бір жылда түгенделген 31 миллионнан астам гектар жерге қатысты есеп. Ал түгендеу жұмыстары əлі алдағы 2013, 2014 жылдарға жалғасады. Ендеше, елде игерілмей жатқан жердің аумағы қазірдің өзінде бұдан да көп екеніне күмəн жоқ. Ал əлгі 3 млн. га жердің шамамен 400 мың гектары егістікті құрайды екен. Жалпы, пайдаланылмай жатқан учаскелердің 50 пайыздан көбі негізінен шаруа қожалықты жүргізу үшін берілген жерлер. Жерді игеру жайы бүгінде аса маңызды мəселеге айналып отыр. Осыны ескерген Елбасы өз жолдауларында еліміздің экономикасын жаңғырту, оның ішінде жер қатынастарын дамытуға қатысты мəселелерді көтере отырып, жерлерге кешенді түрде түгендеу жүргізу туралы арнайы тапсырма берген болатын. Пайдаланылмайтын ауылшаруашылық жерлерін, оның ішінде уақытша пайдалануға алған жерлерді кəдеге асыруға құлықты емес азаматтардан жер телімдерін қайтарып алып, айналымға енгізу бойынша кешенді

ұйымдық-құқықтық шаралар қабылдау керек деген тапсырма берген еді. Осыған орай өткен жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану мəселелері жөнінде 20122014 жылдарға арналған құжат та қабылданды. Кеше Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен селекторлық режімдегі Үкімет отырысында осы шаралардың атқарылу барысы қаралған болатын. Талқылау нəтижелері елімізде жерді пайдалану жайы шатқаяқтап қалғанын көрсетті. Бізде ауыл шаруашылығын дамытудың зор əлеуеті бар. Оның бір негізі жеріміздің кеңдігімен тіке лей байланысты. Мəселен, Қазақстанда əр адамға шағатын болсақ, 17 гектардан жер келеді. Алайда, жердің де киесі бар, оны игермесе, баптап, пайдаланбаса құр

жай далиған дала дəн бермесі анық. Тіпті, біздің жеріміздің көпшілігі шөлді-шөлейтті, құрғақшылықты келетінін ескерсек, жер мəселесіне айрықша назар аударып, қолға алу өте маңызды шаруа. Қазір жер шарында тапшылық көп. Оның ең негізгісі жерге деген тапшылық болып келе жатыр, дейді ғалымдар. Осыдан 100 жыл бұрын Жер тұрғындарының əр қай сысына 15 гектардан жер телімі тисе, бүгінде бұл көрсеткіш 2 гектарға қысқарыпты. Ал бұл дəйектер əлемде азық-түлікке деген қажеттілікті де жыл санап арттыра бермек. Осыны ойласақ, мал шаруашылығының басқа салаларын, сондай-ақ жем-азық өндірісі мен шалғайдағы жайылымдық мал шаруашылығын дамыту, жерді игеру мəселесі күн тəртібінен түспек емес. Кеше Үкімет отырысында Өңірлік даму министрінің бірінші

Бəрекелді!

Жылу мен су баєасы арзандады Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Қалалықтарға коммуналдық қызмет көрсететін екі кəсіпорын «Ақбұлақ» жəне «Трансэнерго» акционерлік қоғамдары бірден өз қызметтерінің тарифтерін төмендетіп, жеке тұлғаларға біраз жеңілдік жасап, тұтынушыларын қуантып тастады. Яғни ыстық жəне салқын су бағалары тиісінше 6,7 жəне 37,8 пайызға арзандады. «Ақбұлақ» АҚ айына 3 текше метрден артық су пайдаланатын қалалықтар үшін жəне есептегіш құралдары жоқтарға тарифті төмендетті. Бұған дейін əр адамға шаққанда 3 текше метрден артық су үшін текше метріне тұтынушылар 115,67 теңге төлеп келсе, енді артық жұмсалған судың 1 текше метрі үшін 72 теңге төлейтін болады. Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің

Көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев белгілі композитор, көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Еркеғали Рахмадиевтің өмірден өтуіне байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына қөңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Жеделхатта Еркеғали Рахмадиұлы өзінің ұзақ та ғибратты ғұмырында жемісті еңбек етіп, ұлттық музыка өнері мен мəдениетіміздің дамуына үлкен үлес қосқаны атап өтілген. Ол халыққа танымал опералық шығармалардың, əндер мен романстардың авторы атанды, Мəдениет министрі болды, еліміздің ірі өнер ұжымдарының жұмысына жетекшілік етіп, Композиторлар одағын басқарды. Қай қызметте де өзін білікті басшы, талантты ұйымдастырушы ретінде көрсетіп, білімі мен тəжірибесін туған елінің көркейіп, кемелденуіне жұмсады. Еркеғали Рахмадиұлының еңбегі еліміздің ең жоғары мемлекеттік наградаларымен атап өтілді. «Оның еңбегі ұмытылмайды, шығармалары халқымызбен бірге жасай береді деп сенемін», делінген жеделхатта.

Ақтөбе облысы бойынша департаменті жаңа тарифтерді үстіміздегі жылғы 1 қаңтарда бекіткен-ді. Осыған байланысты енді «Ақбұлақ» АҚ барлық тұтынушылармен артық алған ақшаларына есеп айырысатын болады. Ал жылудың бағасы 5 теңгеге арзандады. Үстіміздегі жылғы 1 наурыздан бастап жылу 74,82 теңгеден 69,82 теңгеге арзандады. Қалалықтар енді тұрғын үйінің 1 шаршы метрі үшін осыншама теңге төлейді. Мамандардың мəлімдеуінше, коммуналдық қызмет бағаларының төмендеуіне байланысты шығынның белгілі бір бөлігін жергілікті бюджет бөлмекші. Биыл құбыр желілерін жаңартуға мемлекеттік бюджеттен 300 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінеді деп күтілуде. Ақтөбе облысы.

орынбасары Қайырбек Өскенбаев ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 0,8 млн. гектар жер ауылшаруашылық айналымына тартылғанын атап өтті. «Саудасаттық арқылы ол жерлердің 63 пайызы шаруа жəне фермер қожалықтарына, 10 пайызы заңды тұлғаларға берілді жəне сатудан тыс 27 пайызы инвестициялық жобалар үшін жəне жаңа мерзімге жалдау шартын ұзартуға ниет білдірген жер пайдаланушыларға берілді», деді ол. Яғни өткен жылы 3 млн. гектар жердің 0,8 миллионы ғана айналымға тартылып отыр. Бірақ вице-министр сөз арасында 3 млн. гектар жердің бəрін 2013 жылы ауыл шаруашылығына пайдалануды жоспарлап отырғандығын айтып өтті. Сондай-ақ, 2013 жылы түгендеудің екінші кезеңінде 30,6 млн. гектар алаңға зерттеу жүргізу жоспарланып отыр екен. Өңірлік

даму министрлігінің мəліметіне сүйенсек, тексеру жүргізуге бəрі дайын, барлық материалдық-құжаттамалық база бар, республикалық бюджеттен қажетті қаражаттар бөлінген. Жерлердің игерілмей жатқанына бір себеп оның өнімділігінің төмен болуында деген де дəйектер айтылды Үкімет отырысында. Қ.Өскенбаевтың айтуынша, өнімділігі төмен жерлерді тек ірі қожалықтар ғана пайдаланады. «Осындай жерлердің алаңы тексерілген егістік алаңының 6 пайызын ғана құрады жəне негізінен Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Павлодар жəне Қызылорда облыстарында тек ірі жер пайдаланушылар ғана қолданатынын көрсетті, бұл ретте Қызылорда облысының үлес салмағының көрсеткіші өте жоғары болып табылады, онда күріш егіс айналымы 87 пайыз

суарылатын егістікте жүргізіледі», деді ол. Шаруа қожалықтары мен агроқұрылымдардың саны бойынша жəне олар пайдаланып отырған алаңдар бойынша айырмашылықтар негізінен Оңтүстік Қазақстан жəне Алматы облыстарында анықталған. Оның себебі, бұл өңірлердегі шаруа қожалықтардың санының көптігімен байланысты, егістікті пайдалану бойынша айырмашылық Павлодар (113,3 мың га), Шығыс Қазақстан (77,5 мың га), Ақмола (54,5 мың га), Қарағанды (53,2 мың га) облыстарында анықталған. Ал Алматы мен Астана қалаларының ауылшаруашылық алқаптарын түгендеу əлі басталмапты. Оның себебін мамандар аталған қалаларда мұндай жерлердің алаңы көп еместігімен түсіндірді. Үкімет отырысының күн тəртібіндегі мəселеге орай Ақмола, Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстары əкімдерінің есебі тыңдалды. Əкімдер есебі де байтақ жерімізді дұрыс игере алмай жатқандығымызды көрсетті. Мəселен, Ақмола облысында түгендеу жүргізілген 530 мың гектар жердің 15 мың гектары ғана егістікті құрайды, сонда осыншама жердің неге аз мөлшері ғана егістікті құрап отыр деген көкейкесті сұрақ туады. Жердің əрбір гектары есепте болуы тиіс деп қадап айтқан Үкімет басшысы əкімді бұл сандар айырмашылығын қалай түсіндіресіз деген сауалымен тосылтты. Ал Солтүстік Қазақстан облысы ең көп егістік алқап пайдаланылмай жатқан өңір болып отыр. Бұл облыста бірінші жылдағы түгендеу жұмыстары бойынша 170 мың гектар жер пайдаланылмай жатса, оның 102 мың гектары егістікке жарамды жерді құрайды. Сондықтан бұл өңірде мүлде жұмысқа бейжай қарауға болмайды. Ал Алматы облысына қатысты тексерулер нəтижесінде «аты бар, заты жоқ» фермерлердің тізімі шығып отырғаны сынға алынды. Статистика мəліметтері мен тексеру нəтижесіндегі шаруалар санының сəйкес келмеуі, əрине, жерге қатысты қаншама былықтың бар екенін аңғартады. Себебі, қаншама жасырын фермерлердің атында қаншама жер учаскелері тұрғаны белгісіз.

Суыт хабар

Масқара!

Шўбараєаштаєы ґрт

Анасын баспанасыз ќалдырды

45 гектар ќамыс пен ќўрєаќ шґпті жалмап кетті Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы бір аптада Кенді Алтайда күннің күрт жылып кетуі жəне жаңбырдың көптен бері бол мауы салдарынан өңірде өрт жиі бола бастады. Мəселен, Күршім ауданының Қазақстан ауылында бір үйдің ауласындағы шөп, Риддер мен Глубокое қалаларында тұрғын үй өртеніп кетті. Абырой болғанда, кісі өлімі жоқ. Зайсан ауданы Айнабұлақ ауылдық округіне қарасты Шұбарағаш деген телімде 8-і күні кешке қарай оқыс оқиға орын алып, 45 гектар ескі қамыс пен шөп өртеніп кетті. 30 наурызда аңшылық маусымы басталғаны

белгілі, мылтықтан шыққан жалын қамысты шарпып, ол лап ете қалған. Зайсан ауданының əкімі Серік Зайнулдин Дайыр, Қаратал, Айнабұлақ ауылдары мен орман шаруашылығының, төтенше жағдайлар қызметінің адамдары мен техниканы жұмылдырып, өртті кеше 17.40-та сөндіріп үлгерді. «Аудан экономикасы на көп зиян тие қойған жоқ, қайта өртенген жерге шөптің құнарлы түрі шығады», дейді өртті сөндірген мамандар. Десек те, сақтықта қорлық жоқ дегенді ұмытпаған жөн. Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы.

Жағымды жаңалық

Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Келім-кетімі сапырылысқан арзанқолды жатақ-орынға аяқ астынан қалай тап болғанына əлі де таң, 90- ға толғалы отырған ғаріп шағында күтілмеген күйінішті күйге түсуіне əлі де сенуі қиын Бибі Жанықбаева əженің жан-жағына жаутаңдап, жетімсіреп күн кешкеніне біраз уақыт болып барады. Айтушылардың ойда жоқтағы осындай жайын түсіндіруінше, бірге тұрып келген ортаншы қызы Əзипа Төрежанова шешесінің иелігіне тіркелген үш бөлмелі үйді сатып жіберіп, өмірі біліп-көрмеген жерге əкеліп тастап кетіпті. Қызының кенеттен əбігерленіп, өзін əр мекемелерге жетелеп жүріп бір қағаздарға қол қойдырып алғаны есінде. Қай ана туған баласынан мұндай безбүйректік күтер дейсіз. Содан бері қара үзіп кеткен Əзипасынан еш хабар жоқ. Күні бойы терезеге үңілулі кейуана жанары жастан да суалған. Əзірге паналатушылар əже тағдырына жанашырлық жасап отырғанымен іздеушісі болмаса қайтпектерін білмей қиналады. ҚАРАҒАНДЫ.

Астанада – жаѕа кґлік жїйесі «Астана қаласының жаңа көлік жүйесі» – 1-ші кезегі» конкурсының қорытындысы бойынша, жақында қалалық əкімдікте KSPMC (Kazakh Systra Projekt Management Consortium) консорциумымен Астана қаласында жүрдек жеңіл рельсті трамвай (ЖРТ) желісін салу жобасына басшылық жасау жұмысының кеңесшісі ретіндегі келісімшартқа қол қойылды. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Көлік қозғалысы инфрақұрылымын дамыту кез келген мегаполистің стратегиялық басымдықтарының бірінен саналады. Елордамызда көлік қозғалысы инфрақұрылымын дамыту Астананың 2030 жылдарға дейін Бас жоспарында белгіленген жобалар бойынша дамытылып

(Соңы 2-бетте).

келеді. Астана қаласында ЭКСПО-2017 Бүкілəлемдік көрмесін өткізуге дайындық барысында бұл мəселеге бірінші кезекте басымдық беріліп отыр. Өйткені, белгіленген жоба бойынша ЭКСПО-2017 көрмесі өтетін қалашықта енді елордадағы бүкіл қоғамдық көлік қатынастарының бағыты түйісетін болады. (Соңы 6-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.