10042014

Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№69 (28293) 10 СƏУІР БЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

● Өңір өмірі

Сиырды робот сауады

Елбасы Жолдаулары – ел дамуы тарихыныѕ шежіресі 2-бет Жиырма сегіз батырдыѕ бірі 4-бет Еѕ бай мектеп 7-бет Марєасќа Мўстафа 10-бет

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Шыєыс Ќазаќстан облысыныѕ Зырян жəне Аягґз ќалаларын аудандыќ маѕызы бар ќалалар санатына жатќызу туралы

«Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сəйкес қаулы етемін: 1. Шығыс Қазақстан облысының Зырян жəне Аягөз қалалары аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызылсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 8 сəуір. №790

Таєайындау

Мемлекет басшысының Өкімімен Талғат Сəбитұлы Мұхтаров Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Хроника

Мемлекет басшысының Өкімімен Бағдат Əбдіқадырұлы Майкеев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды.

Елшілермен кездесті

Шығыс – елімізде сүт өндіруден көш бастап отырған өңір. Кейінгі жылдары сүт өндірудің инновациялық технологиясы аймақта кеңінен енгізіле бастады. Осыдан екі жыл бұрын Глубокое ауданының Бобровка ауылында іске қосылған роботтандырылған сүт сауу аппараты енді өзге шаруашылықтарға да шет емес. Жуырда Бородулиха ауданындағы «Е.Зəйтенов» шаруа қожалығының базасында толық автоматтандырылған мал шаруашылығы кешенінің ашылуына куə болдық. Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Бұл шаруа қожалығы сиырды робот ар қы лы сауатын осы өңірдегі екінші шаруа шылық. Елімізде жаңа тех нологияны бірінші рет енгізген Шығыс Қазақстан облысы ин но вациялық сауу аппаратының саны жағынан да көш бастауда. Автоматтандырылған кешен

мал шаруашылығындағы кірісті арттыруға үлкен мүмкіндік береді. Сəйкесінше, ондағы шығын көлемі айтарлықтай азаяды. Мəселен, роботтардың көмегімен əр сиырдан жылына 4,5 мыңнан 6,5 мың литрге дейін сүт алынбақ. Шаруашылық жетекшісі Ерлан Зəйтеновтің айтуынша, автомат тандырылған фер мада 30 сиыр сауылады. Алдағы уақытта желіні жер сызған ірі қара санын

Сот актілерін орындау деѕгейі тґмен Мемлекеттік хатшы Əділбек Жақсыбековтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мəселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Отырысқа қатысушылар сот актілерін орындау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимылдың тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды, сонымен қатар, мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық деңгейінің рейтинг жүйесін жетілдіру мəселелерін талқылады. Ə.Жақсыбеков атап өткендей,

статистикалық мəліметтер сот актілерін орындау деңгейі төмендігін көрсетіп отыр. 2013 жылы өндіріп алынуы тиіс болған 2,2 триллион теңгенің іс жүзінде тек 108 миллиард теңгесі немесе 5 пайызы ғана алынған. Бұған қоса, сот актілерін орындау саласы сыбайлас жемқорлыққа мейлінше бейім

арттыру көзделіп отыр. Өйткені, автоматтандырылған кешенде іске қосылған төрт аппараттың қуаты 240 сиырды саууға еркін жетеді. «Deleval» атты шведтік навига циялы-жылжымалы техно логияның жұмыс істеу барысымен таныса келе, ферма қызметінің за манауи бағытта құрылғанын байқадық. Біріншіден, жабық кешеннің іші өте кең əрі жарық. Екіншіден, сүтті сиырларға жемшөп сүрлемі мөлшерімен уақытында беріледі. Үшіншіден, малдың астындағы қалдықтар жылжымалы технология бойынша сыртқа шығарылып тұрады. Төртіншіден, малдың қиы арнайы сүзгіден өткен соң тыңайтқыш ретінде егістік алқаптарына жөнелтіледі. Бесіншіден, əр ірі қараға чип тағылған. Сауу уақыты келгенде чип арқылы компьютерлік салалардың бірі болып қала беруде. – Қалыптасқан ахуал орындаушылық өндіріс жүйесін түбегейлі реформалау, пісіп-жетілген мəселелерді шешудің жаңа тəсілдерін əзірлеу қажеттігін көрсетіп отыр, – деп атап өтті Мемлекеттік хатшы. Отырыс барысында Əділет министрі Б.Имашевтің, Эко номикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы кү рес агенттігінің төрағасы Р.Тү сіпбековтің, Бас прокурор А.Дауылбаев тың, Мемлекеттік қыз мет істері агенттігінің төрағасы Ə.Байменовтің есептері тыңдалды. Отырыс қорытындысы бойынша Комиссия мемлекеттік органдарға Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындауға байланысты бірқатар тапсырмалар мен ұсынымдар берді.

орталыққа дабыл беріліп, желіні сыздаған сиыр аппарат жанындағы қоршауға кіргізіледі. Алтыншыдан, желінге сауу аппараты лазерлі автомат арқылы кигізіледі де, сауу жұмысы басталады. – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ауыл шаруашылығы нысандарының заманауи жаңа технологиялармен жабдықталуы жөнінде нақты тапсырмалар жүктеген болатын. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін арттыруға мүмкіндік береді. Елімізді азық-түлікпен отандық кəсіпкерлердің өздері қамтамасыз етуі не жол ашылуы тиіс. 300 мил лион теңгеге жуық қаржы жұмсалған автоматтандырылған кешен алдағы уақытта бюджет қазынасын толтыруға да үлес қосады, – деді өңір басшысы Бердібек Сапарбаев.

Шаруа қожалығының аудан орталығында «Темірлан» атты өз дүкені бар. Дүкенде тұрғындар ауыл шаруашылығы өнімдерін көңілге қонымды бағамен сатып алады. Мысалы, 30 пайыз майлылықтағы қаймақтың жарты килосы – 270, 2,5 пайыздық пастерленген сүттің литрі – 120, 82 пайыздық сары майдың килосы – 1000, сиыр етінің килосы – 1000, балдың килосы – 800, бірінші сұрыптағы нан 45 теңгеден толып тұр. Сондай-ақ, «Е.Зəйтенов» шаруа қожа лығы 100 миллион теңге көлеміндегі жеке қаржысы есебінен Семей қаласында əлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға арнал ған азық-түлік дүкені құрылысын жүргізбек. Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы.

Еѕ маѕызды миссия – елдіѕ орныќты дамуына їлес ќосу Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Сарапшылық кеңестің отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Сарапшылық кеңес отырыстарын өткізу тəжірибесінде пікірлесу алғаш рет Қазақстанның жетекші универ си теттерінің, Алматы қаласындағы зерттеу институттары мен қорлардың сарапшыларының, сондай-ақ, мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен бейнеконференция байланысы арқылы өтті.

Күн тəртібінде үкіметтік емес ұйымдардың, қорлар мен зерттеу орталықтарының жұмысындағы жаңа үрдістер, сонымен қатар, мемлекеттік органдардың ұлттық қауіпсіздік саласындағы болжамдық-талдамалық жұмыстарының мəселелері қамтылды. (Соңы 2-бетте).

Кеше Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Ислам Республикасының елшісі Горбан Сейфи мен Пəкістан Ислам Республикасының елшісі Шаукат Али Мукадамды олардың өтініштері бойынша қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Қ.Тоқаев өз миссиясын аяқтаған Иран ел шісіне табысты жұ мыстары үшін ри за шылық білдіріп, алғыс хат табыс етті. Əңгіме барысында жоғары саяси деңгейдегі Қазақстан-Иран байланыстарының қарқынды дамығаны жəне парламентаралық үн қатысулар нығая түскені атап өтілді. Пəкістан елшісімен кездесуде Сенат Төрағасы Қазақстан мен Пəкістан парламентшілері арасындағы байланыстарды одан əрі дамыту, сондай-ақ, БҰҰ, АӨСШК, ШЫҰ, ИЫҰ жəне ЭЫҰ секілді жаһандық жəне

аймақтық ұйымдар аясында екі елдің өзара жемісті іс-қимылын жалғастыру жайында айтты. Қ.Тоқаев Пəкістанның жаңа елшісінің сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету ниетіне қолдау білдіріп, Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне Пəкістанды белсенді түрде қатысуға шақырды. Өз кезегінде Ш.Мукадам Президент Нұрсұлтан На зарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы екі елдің өзара тиімді ынтымақтастығы үшін зор мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

Ќылмыс заѕнамалары жетілдіріледі Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыповтың жетекшілігімен кеше палатаның кезекті жалпы отырысы болып өтті. Онда Қылмыстық кодекстің жобасы жəне қылмыс заңнамаларын жетілдіруге қатысты бірқатар заңнамалық өзгерістер қаралды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Алдымен күн тəртібінде Нұрлан Нығматулиннің депутат тық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мəселе қаралды. Президент Əкімші лігінің Басшысы қызметіне тағайындалуына байланысты Мəжілістің бұрынғы Төрағасының депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды Орталық сайлау комиссиясы ұсынған-ды. Дауыс беру нəтижесінде ол оң шешімін тауып, арнайы қаулы қабылданды. Бұдан кейін депутаттар рұқсат

беру, терроризмге қарсы ісқимыл жəне бюджет заңнамасын жетілдіру мəселелері бойынша бірқатар заңдық құжаттар жобасына қорытынды əзірлеу мерзімін анықтап, тиісті комитеттерге бекітіп берді. Ал Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің жобасы екінші оқылымда мақұлданды. Заң жобасын екінші оқылымда депутаттар назарына ұсынған Мəжіліс депутаты Нұрлан Əбдіров талқылау барысында 350ден астам түзетулер мен толықтырулар енгізілгендігін жеткізді. (Соңы 2-бетте).

● Инвестиция – игергенге игілік

Ќазыналы ќиырєа ќаржы ќўйылады Атырауда екінші рет ґткен халыќаралыќ инвестициялыќ форум аясында 19 миллиард теѕгеніѕ меморандумына ќол ќойылды

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,

«Егемен Қазақстан».

Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХІ сессиясының қарсаңына орай əзірленген материалдарды 3-беттен оқисыздар.

Атырауға тағы да эко номиканың əр саласына инвестиция құюға құлықты инвесторлар шоғыры көптеп жиналды. Екінші рет өткізілген «Atyrau Inbest-2014» халықаралық форумы аясында əлемнің 15 елінен 100-ден астам компания өкілдері алдында облыс əкімі Б.Ізмұхамбетов мұнайлы Атырау экономикасының ерекшелігі

туралы баяндап берді. Оның айтуынша, əлемнің əр түкпіріндегі 50-ден астам елмен іскерлік, ынтымақтастық байланыс орнатып отыр. Қазір Атырауда шетелдік капиталдың қатысуымен 900ден аса компания жұмыс жасайды. Бұған Атырау облысының табиғи байлыққа молдығы да, экономикалық өркендеуі де оң əсерін тигізіп отыр. Бұл өңірге алғаш инвестиция құйғандардың бастауында «Шеврон» корпорациясын айтуға болады. Əлемдік мұнай бизнесінде шоқтығы биік корпорация Атырау экономикасына мол инвестиция салып, «Теңіз» кен орнын игеруді сəтті жалғастыруда. Осынау көшбасшы корпорацияның келуімен Атырауға дүйім дүниенің əр елінен əлемдік нарықтағы алпауыт компаниялардың қызығушылығы артып келеді. Жыл сайын қазыналы қиырға қаржы құйғысы келетіндер қатары молая түсуде. Əлемнің 50-ден аса елімен

сауда байланысын орнатып үлгерген өңір əсіресе, АҚШ, Ұлыбритания, Италия, Франция, Қытай, Канада секілді елдерді ерекше қызықтырып отыр. Соның ішінде Ұлыбритания, Италия, Германия елдері Атырауда саудаинвестициялық өкілдіктерін ашып қойды. Ал Кеден одағы аясындағы Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы арасындағы байланыс сенімді əріптестіктен іскер лік белсенділікке бет түзеді. Əсіресе, Беларусь елі тарапы нан қызығушылықтың артқаны байқалады. Осы орайда Гомель облысы атқарушы комитеті төрағасының орынбасары Болеслав Пирштуктың сөзімен айтқанда, Кеден Одағы құрамындағы елдер, соның ішінде, Атырау мен Гомель облыстары арасында шешілмеген мəселе қалмаған. – Гомель өндірісі қарқынды дамыған облыс болғанмен, соңғы жылдары ауыл шаруашылығы

саласында да кешенді бағ дарламалар іске асырылып жатыр. Бұл салаға қажетті тырмадан тракторға дейін шығарылады. Мал шаруашылығында ілгерілеушілік бар, – деп кеңінен əңгімеледі Б.Пирштук. Қазыналы өңірде екінші рет өткізілген инвестициялық форум аясында жалпы сомасы 19 миллиард теңгені құраған оннан астам меморандумға қол қойылды. Соның ішінде бір ғасырдан астам мерзімнен бері «қара алтын» өндірумен өндірісі өрге басқан Атырауда өзге салаларға, əсіресе, құс шаруашылығын дамытуға бет бұрғызатын жобалар да бар. «Атырау» ƏКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Абат Тасымовтың мəлім етуінше, өңірде қуаттылығы шамамен 2 мың тоннаға жететін құс фабрикасы салынбақ. Мұндағы бір ерекшелік, өңірде алғаш рет қаз етін өндіру қолға алынады. (Соңы 2-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.