Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 69 жылдығына орай «Отан корғаушы» монументіне гүл қою рəсіміне қатысты.
№91 (28315) 10 МАМЫР СЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Ардагерлерімізді ардаќтап, ќарттарымызды ќўрметтеген халыќпыз
Елордада ґткен Ўлы Отан соєысындаєы Жеѕістіѕ 69 жылдыєына арналєан мерекелік гїл ќою рəсімінде Елбасы Нўрсўлтан Назарбаев осылай деді
Динара БІТІКОВА, Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Ұлы Жеңіс күні – тек соғыс ардагерлерінің ғана емес, барша қазақстандықтардың айрықша мерекесі. Бұл – сұрапыл соғыста жанқиярлықпен ерлік жасаған, елі үшін жанын құрбан еткен бабалар рухына тағзым етудің, қиянкескі ұрыстан аман келген ата-əжелерді
құрметтеудің нағыз үлгісі көрсетілетін күн. Биыл да Жеңіс күні еліміздің түкпір-түкпірінде ерекше аталып өтуде. Ал ел жүрегі Астанада мереке Мəңгі алау жанынан бастау алды. Алаңға халық таңсəріден көптеп жиналды. Кеуделері жарқыраған орден-медальға толы ардагерлерге биыл да жылдағы дəстүр бойынша сый-құрмет көрсетіліп, гүл шоқтары ұсынылып жатты. Мəңгілік алау жанында сап түзеген Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінің құрметті қарауылы, «Жас Ұлан» республикалық мектебінің оқушылары да мерекені айшықтай түсті. Көп ұзамай, алаңға Елбасы да келді. Президент Мəңгілік алауға Мемлекеттік күзет қызметінің үрлемелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен Атақ гирляндасын қойды. Бұдан кейін алаңға жиналған көпшілік соғыста қаза тапқан азаматтарды еске алды. Бір минут
Ынтымаќтастыќ жайын арќау еткен кездесу Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Уильям Бёрнспен кездесу өткізді, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасындағы саяси жəне сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жай-күйі мен болашағы, сондай-ақ, наурыз айында Гаага қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік саммиті шеңберіндегі Қазақстан Президенті Н.Назарбаев пен АҚШ Президенті Б.Обаманың уағдаластықтарын жүзеге асыру мəселелері талқыланды. Тараптар жаһандық қауіпсіздік, əсіресе, жаппай қырып-жою қаруын таратпау саласындағы екі елдің ынтымақтастығын зор қанағаттанғандықпен атап өтті. Америкалық дипломат Қазақстанның аталған салаға қосқан үлесі мен бастамалары үшін ризашылық білдірді. Осыған орай, 6 мамырда Нью-Йоркте «ядролық бестік» елдерінің Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақтың (ОАЯҚАА) қатысушы елдеріне кепілдіктер берілетін хаттамаға қол қоюдың маңызы ерекше атап өтілді. ОАЯҚАА-ның төрағасы
ретінде Қазақстан екі жыл бойы бұл мəселені ілге рілету бойынша жұмыс істеп, Орталық Азия өңірі елдерінің қауіпсіздігін елеулі түрде нығайтып, таратпаудың жаһандық жүйесіне зор үлес қосты. Сұхбаттасушылар, сондайақ, қазақстандық-америкалық екіжақты қатынастардың, соның ішінде Стратегиялық əріп тестік жөніндегі комиссия мен Энергетика саласындағы бірлескен комиссия жəне Ғылыми-техникалық ынтымақтастық комиссиясының жемісті қызметін атап өтті. Сауда-экономикалық жəне іскерлік ынтымақтастық ел деріміз арасындағы стратегиялық əріптестіктің маңызды құрамасы болып қала береді. ҚР СІМ басшысы жоғары технологиялар саласындағы АҚШ компанияларының Қазақстанда бірлескен жобаларды жасауға деген қызығушылығының артуын атап өтті. Сұхбаттасушылар арасында халықаралық саясат жəне
өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мəсе лелері, соның ішінде Украинадағы жағдай бойынша пікір алмасу өтті. Осыған орай, барлық мүдделі тараптардың 17 сəуірде Женевада қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау қажеттілігі баса айтылып, қақтығысқа тартылған тараптардың ұстамдылық танытып, одан арғы қантөгіске жол бермейтініне сенім білдірілді. У. Бёрнс еліміздің Ауғанстанды қалпына келтіру мен ондағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін Қазақстанға ерекше ри зашылық білдірді. Ол халықаралық коалиция əскерлерін АИРден шығару аясында АҚШ, Қазақстанды қоса алғанда, өз əріптестерімен Ауғанстанның, соның ішінде соңғы отырысы 2013 жылдың сəуірінде Алматыда өткен Ыстамбұл үдерісі шеңберіндегі тұрақты дамуын сақтайтынына сендірді. Дипломаттар барлық деңгейлердегі үнқатысуды жалғастырып, қазақстандық-америкалық стратегиялық əріптестікті нығайту мен кеңейтуге қо сым ша күш салуға уағдаласты.
Бїгінгі нґмірде: Ржев иіні 3-бет
«Елім!» – деп келген ер 5-бет
Данагґй 6-бет
үнсіздіктен кейін еліміздің Əнұраны шырқалды. Бұдан соң Мемлекет басшысы ардагерлеріміз бен барша қазақстандықты Жеңіс күнімен құттықтады. «Құрметті, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, сіздерді бүгінгі Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Жеңіс күні Ұлы мереке! Біздің əкелеріміз бен аталарымыз Отан үшін қасық қаны қалғанша шайқасты. Өткен
соғыста 2 миллионға жуық қазақстандық майданға аттанып, жартысы майдан да ласынан оралмады. Бұдан басқа 700 мың, яғни шамамен миллионға жуық адам тылда еңбектенді. Біздің мыс, біздің қорғасын – бəрі де жауды жеңу үшін жұмсалды. Миллиондаған адам бəрін де майдан үшін, жеңіс үшін беріп, бел шешпей еңбек етті. Қазір біз аталарымыз бен əкелеріміздің арқасында бейбіт аспан астында өмір
сүрудеміз, қуатты мемлекет құрып, болашаққа сеніммен қарап отырмыз», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Президент ардагерлердің тек жауынгерлік ерлігімен ғана емес, өмірлік өнегесімен де қымбат екенін атап өтті. Мем лекет басшысы достық, ерлік жəне бауырластық тəрізді ұлағатты ұғымдармен байланысты Жеңіс күнін əрдайым есте сақтауға шақырды.
Ерлік лайыќты баєаланєан кїн Оралхан ДƏУІТ,
«Егемен Қазақстан».
Жамбыл топырағынан Ұлы Отан соғысына 120 мыңға жуық жауынгер аттанып, тағдыр соның 32 мыңына туған жерге қайта оралуды жазбапты. «Ер есімі – ел есінде» деген, кеуделерін оққа тосып, Отаны үшін жанын пида еткен бұл жауынгерлердің есімі, ерлігі əрдайым елдің есінде қалары сөзсіз. Тараз төрінде өткен Жеңіс мейрамы от пен оқтың ортасында
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
Даңқ мемориалы алаңы кеудесі орден мен медальға толы қариялар мен қып-қызыл гүл шоқтарын ұстаған нөпір халыққа толы болды. Өңір басшысы Б.Сапарбаев пен об лыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Г.Бердюгин бастаған облыс орталығының жұртшылығы, əскери бөлімдер, кəсіпорындар мен мекемелердің өкілдері бар тағзым етушілердің қалың қатары сұрапыл соғыста қан төккен майдангерлер рухын еске алып, Мəңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Бүгінде Өскеменде 240 ҰОС ардагері, 8051 тыл еңбеккері тұрады. Шығыс өңірінен майданға 170 мыңға тарта адам аттанса, олардың арасында соғыс даласында ажал құшып, хабарсыз кеткендердің өзі 96 мыңға жуық. Шығысқазақстандықтар аталған соғыста асқан ерлік көрсеткенін өңірден аттанған 109 жауынгердің Кеңес Одағының Батыры атағына ие болғанынан білуге болады. Сондайақ, 24 жерлесіміз «Даңқ» орденінің толық кавалері болды. Бұл – Батыр атағына теңестірілген жауынгерлік жоғары марапат. 30 мыңға жуық сарбаздар түрлі дəрежедегі ордендермен, медальдармен, 9 мың тыл еңбеккері «Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
арпалысқан батырларымыздың ерлігін ұлықтап, тағзым етуден басталды. Орталық «Достық» алаңында өткен мерекелік жиында облыс əкімі К.Көкірекбаев ардагерлерді Жеңіс мерекесімен құттықтап, жастар жағы келешек ұрпақтың бейбіт өмірі үшін қолына қару ұстаған, бүгінде көзі тірі майдангерлерге құрмет көрсетті. Соғыс жылдарынан түрлі театрландырылған көріністер қойылды. Бүгінгі тəуелсіз еліміздің əскер сапындағы үздік сарбаздар кəсіби шеберліктерін көрсетіп, соңы
концерттік бағдарламаға ұласты. Биыл 90 жасқа толып отырған қарт майдангер Жұманəлі Пазылбаев əскерге 1942 жылы шақырылып, Волхов, Ленинград, Смоленск бағытында қан майданға қатысыпты. Кейіннен Минск, Кишинев қалаларында, Украина, Эстония, Латвия, Литва елдерін азат ету үшін аянбай шайқасқан. 1948 жылы елге оралған ол ішкі істер органдарында басшылық қызметтер атқарды. Тіпті, зейнетке шыққаннан кейін де қол қусырып қарап отырмай,
(Соңы 2-бетте). қаладағы қарттар үйінде қызмет етті. Жеңіс мейрамы қарсаңында облыс əкімі К.Көкірекбаев ел басына күн туғанда қолына қару ұстап қорғап, бейбіт күнде еселі еңбегімен үлес қосқан қарт ардагерді арнайы барып құттықтап, сый-сияпат жасады. Сондай-ақ, бұл күні облыс басшылығы тағы да бірқатар ардагерлердің үйінде болды. Бұл күні облыс орталығында концерттік бағдарлама, солдат ботқасын тарату, ескерткіштерге гүл шоқтарын қою рəсімі өтіп, əскери техника көрмесі ұйымдастырылды. Жамбыл облысы.
Шеру Жеңіс рухын айшықтаған салтанатты мереке Республика алаңында əскери шерумен жалғасты. Шеруді ішкі істер министрлігі ұлттық ұланының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Бауыржан Əбжанов басқарды. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының офицерлері, 5518 əскери бөлімінің қызметкерлері, төтенше жағдайлар департаментінің офицерлері мен Ауған соғысының ардагерлері, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ əскери кафедрасының студенттері жəне Өскемен қаласындағы «Қаһарман», «Тұлпар», «Жұлдыз-Звезда», «Айбын» əскерипатриоттық клубтарының мүшелері бар 15 колонна сап түзеген салтанатты шеру барысында əртүрлі тақырыпта безендірілген жүк көліктері Ұлы Отан соғысындағы шешуші ұрыстарды бейнелеген көріністер ұсынды. Мəселен, «Брест қорғаны», «Мəскеу үшін шайқас», «Курск шайқасы», «Ленинград қоршауы», «Берлинді алу» жəне бүгінгі бейбіт өмірді бейнелеген «Мəңгілік Ел» көріністері алапат соғыс пен ата-бабаларымыздың бекер қан төкпегенін ұтымды көрсете білді. Салтанатты шеруді ұлттық ұланның
5518 əскери бөлімінің оркестрі марштық əуендермен сүйемелдеді. – Бүгінгі заман өкілдері ел егемендігінің, бейбіт өмірдің қалай келгенін ұмытпауы керек. Біз, ата-əжелеріміз, əке-аналарымыз, ағаларымыз алдында борыштармыз. Соғыстың қайғысы, қасіреті көп болады. Сондықтан Отан үшін жанын қиған аға буын ерлігі, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін еткен өлшеусіз еңбек еш уақытта ұмытылмайды, – деді өңір басшысы Б.Сапарбаев. Сонымен қатар, Жамбыл атындағы саябақта ҰОС ардагерлері мен тыл
еңбеккерлері сарбаз ботқасынан дəм татып, əскери-патриоттық əндерді шырқады. Ал Ертіс жағасындағы амфитеатрда «Жеңіс рекорды» спорттық акциясы өтті. Онда Ұлы Отан соғысынан бері өткен 25203 бейбіт күннің құрметіне аталған сандық көрсеткішпен сай келетін дене күшін сынаудан, белтемірде ойнаудан жəне гір тасын көтеруден спорттық жарыстар өтті. Жеңіс мерекесі Ертіс жағасындағы барқыт аспанды сансыз жұлдыздарға бөлеген отшашумен аяқталды. ӨСКЕМЕН.