АҚПАРАТТАР аєыны
№112 (28336) 10 МАУСЫМ СЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
● Жағымды жаңалық
Сырдарияныѕ сол жаєалауында жаѕа ќала салынатын болады
Елбасыныѕ апталыќ кестесі 12 маусымда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің кезекті отырысы өтеді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Сол күні Қазақстанға ресми сапармен келетін Италия Премьер-министрі Маттео Ренцидің Мемлекет басшысымен кездесуі күтіледі. 19 маусымда Президент Н.Назарбаев пен Қазақстанға мемлекеттік сапармен келетін Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хенің екіжақты кездесуін өткізу жоспарланған.
Президент поштасынан
Еліміздіѕ дамуы мен ґркендеуіне ќуатты серпін Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылуына байланысты Елбасының атына хаттар мен жеделхаттар келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан».
Иə, Қызылордада қала салына ды. Сырдарияның сол жағалауы на. Бүгінде қала түсетін жердің асты-үсті толық зерттеуден өтті. 90 мыңға жуық халық сиятын жаңа шаһардың кескінкелбеті де ерекше болмақ. Оның архитектурасында шығыстың шырайлы келбеті де, қазақы нақыш та, заманауи технология да көрініс табады. Қаланы бастамас бұрын, Сырдарияның арғы беті мен бергі шетін жалғайтын көпір салу керек. Міне, бұрнағы күні сол көпірдің құрылысы басталды. Оған облыс əкімі Қырымбек Көшербаев жəне Сенат пен Мəжілістің бір топ депутаттары қатысты. Облыстық жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары басқармасының басшысы Марат Бəйімбетов тұсаукесер рəсімге арнайы келген меймандарды стенд арқылы көпір құрылысының
Ўлыќтау рəсіміне ќатысты
Өткен аптада Қазақстан Үкіметінің басшысы Кəрім Мəсімов Киевте Украинаның жаңа сай ланған президенті Петр Порошенконы ұлықтау рəсіміне қатысты, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Украинаға сапары аясында Кəрім Мəсімов сондай-ақ, бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Украинаның премьер-министрі Арсений Яценюкпен келіссөздер барысында қазақстандық-украиналық қарым-қатынастарды дамыту жағдайы мен перспективалары талқыланды. Ал, Еуропалық ке ңес төрағасы Херман Ван Ромпеймен кездесуде Қазақстан мен Еуропалық кеңестің екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан əрі нығайту жəне кеңейту мəселелері қаралды.
жобасымен таныстырып, оның жұмысын елімізге белгілі «Мостотряд-25» ЖШС секілді тəжірибелі компания жүргізгелі отырғанын жеткізді. Жиналғандар алдында сөз алған өңір басшысы Қырымбек Көшербаев Қызылорда қаласының 2009 жылы бекіген бас жоспарына сəйкес 2300 гектарды құрайтын Сырдария өзенінің сол жағалауын жоспарлы иге ру жұмыстары басталғалы отырғанын қуанышпен атап өтті. – Бүгінгі шараны жай ғана көпірдің құрылысы басталды деп қабылдамау керек. Мұны ұлы өзеннің сол жағалауында жаңа қаланың құрылысы басталатын тарихи сəт деп санауымыз қажет. Бас жоспарға сəйкес бұл аумақта əлеуметтік-əкімшілік, өндірістік, мəдени, орта жəне шағын бизнес нысандарын салу қаралған. Бұған қоса, біз 15 мың адамды жұ мыспен қамтитын боламыз, – деді. Жалпы құны 5,9 миллиард теңге тұратын көпір құрылысына
биыл республика бюджетінен 1 миллиард теңге қаралыпты. Өзге қаражат ел қазынасынан 2015 жылы бөлінеді. Ал, көпір құрылысы келер жылдың соңын ала аяқталады. Көпір салу, құдық қазу
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Сенат бюросының отырысы болды. Палатаның сəрсенбі, 11 маусымда болатын кезекті отырысының күн тəртібі талқыланды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Заѕнамаєа тїзетулерді ќарайды Сенат Үкіметтің жəне Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2013 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарайды. Мемлекет басшысы шұғыл деп жариялаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялық ахуалды жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қарау жоспарланды. Сенаторлар Қылмыстықпроцестік кодексінің, кейбір конституциялық заңдарға жəне басқа бірқатар заңнамалық актілерге қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің жобаларын, сондай-ақ, кейбір заңнамалық
актілерге əкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мəселелері бойынша түзетулерді талқылайды. Одан басқа, Сенат отырысына «Кəсіптік одақтар туралы» жəне заңнамаға кəсіптік одақтардың қызметі жəне еңбек қатынастарын реттеу мəселелері бойынша түзетулер жобалары (бірінші оқылымда) шығарылады. Бас комитеттердің төрағалары заң жобаларының Сенат отырысына əзірлік барысы туралы баяндады. Бюрода таяуда Мəжілісте мақұлданған заң жобалары бөлініп берілді. Бас комитеттерге Сенат комитеттерінің ұсыныстарын жи нақтау жəне қорытынды əзірлеу тапсырылды. Бюро қаулысымен Сенаттың 2014 жылғы негізгі шаралар жоспарына өзгерістер енгізілді.
сауапты істің қатарынан ғой. Ал дарияның екі шетін қосып, жаңа қаланың құрылысына жол ашатын бұл көпір үлкен сауапты істің бастамасы деп білеміз. ҚЫЗЫЛОРДА.
Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мемлекет басшылары деңгейіндегі отырысы өтуіне жəне Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылуына байланысты Қазақстан Президентінің атына құттықтаулар келіп түсуде. Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылуына байланысты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты С.Досанов өз құттықтауын жолдады. «Қазақстан, Ресей жəне Беларусь президенттерінің осы тарихи құжатқа қол қоюы біздің еліміздің одан əрі дамуы мен өркендеуі үшін қуатты серпін болады», деп атап өткен жазушы. Еуразиялық экономикалық одақты құруға Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің студенттері мен оқытушы-профессорлары атынан осы оқу орнының ректоры А.Ғазалиев қолдау білдірген. «Еуразиялық одақ құру идеясын Сіз тұңғыш рет осыдан 20 жыл бұрын ұсындыңыз. Бүгінде еуразиялық ықпалдастық іс жүзіне асуда жəне өзінің маңыздылығын дəлелдеуде», делінген хатта. «Alageum Electric» компаниясы бақылаушылар кеңесінің төрағасы С.Қожабаев өз кезегінде сауда байланыстары мен тауар өндірушілер ықпалдастығын дамыту үшін ЕАЭО құрудың тиімділігін атап өткен. «Ықпалдастық үдерістерін тереңдету біз үшін пайдалы жəне біздің мүдделерімізге сай. Электрлі
машина жасау саласында жұмыс істей жүріп, біз нарыққа бəсекеге қабілетті электр-техникалық өнімдерді шығару арқылы сыртқы сауда байланыстары қарқынын одан əрі арттыра түсетін боламыз», деп жазады автор. «Саутс-ойл» мұнай-газ компаниясының президенті С.Сейтжанов түрлі салалар үшін ықпалдастықтың маңыздылығын атай отырып, шартқа қол қоюды тəуелсіз Қазақстанның дамуындағы жаңа кезеңінің бастапқы нүктесі деп атаған. «Біздің кəсіпорындарымыздың бірі – «Стандарт Цемент» ЖШС 2013 жылы дайын өнім шығару бойынша өзінің жобалық қуатына жетті. Бұған Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістіктің жұмысы ықпал еткені сөзсіз, өйткені, біздің өнім көрші елдерде үлкен сұранысқа ие», дейді С.Сейтжанов. Алматының тұрғыны М.Жауаров өз хатында Мемлекет басшысын Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылуымен құттықтап, осы бірлестіктің сəтті дамуын тілеген. Оңтүстік Қазақстан облысының зиялы қауым өкілдері Еуразиялық экономикалық одақ құру отандық кəсіпкерлік үшін зор мүмкіндіктер ұсынатынын атап өткен. «Сіз бастамашылық еткен тарихи жобалардың бəрі бүгінде өміршеңдігін танытуда. Қазірдің өзінде елеулі нəтиже көрсетіп жатқан Кеден одағы сондай мысалдардың бірі болып саналады», дейді хат иелері.
● Солтүстік Қазақстанда көктемгі дала жұмыстары аяқталып келеді. Биыл аймақта 4 млн. 340 мың гектар алқапқа егіс орналасса, оның 99 пайызын дəнді дақылдар құрады. Облыс əкімі Ерік Сұлтановтың айтуынша, бұл жұмыстарды дер кезінде өткізуге сатып алынған жаңа жоғары өнімді техникалардың жəрдемі аз болмаған. ● Шығыс Қазақстан облысының орыс драма театры Ресейдегі халықаралық фестивальда үш дүркін лауреат атанды. Мəскеудің іргесінде 19-шы рет өткізілген байқау «Орыс классикасы» деп аталды. Онда Өскеменнен барған труппа Николай Гогольдің «Үйлену тойы» атты туындысы бойынша қойылыммен шықты. ● Павлодарлық конструкторлар бірегей жел қондырғысын жасады. Жаңа аппараттың ерекшелігі сонда, жел генераторы энергия өндіру жəне артезиан құдықтарынан су шығару секілді бірден екі міндетті орындайды. Қазір ол үлгі ретінде жасалып жатыр. Таяудағы уақыттарда жоба авторлары оның сериялық өндірісін жолға қоймақшы. ● Шымкентте қоқыс өңдейтін зауыт тəжірибелік сипатта іске қосылды. Құрылысы 2011 жылы қолға алынған бұл өндіріс орталығының жұмысы енді аяқталды. Ол ресейлік мамандардың араласуымен қатарға тұрды. ● Жамбыл облысында мү гедек балаларды бейімдеу орталығы ашылды. Облыстық мекеменің филиалы мүмкіндігі шектеулі 30 балаға дейін қабылдай алады. Жаңа ғи маратты салу бюджетке 8 млн. теңгеге түсті. Енді ауыл балаларының арнайы са бақтарға баруы үшін қалаға сабылуының жөні жоқ. ● Қызылордада жазушы Қази Данабаевты еске алуға арналған турнир болды. Онда мектеп оқушылары шағын футболдан, журналистер шахмат пен дойбыдан өзара сайысқа түсті. Жарыстың ашылу рəсімінде «Мен болмасам болмайын, Сен аман бол, Жаһандағы жалғызым, Қазақстан!» деп жырлап, өмірден өткен қаламгер туралы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры Мұстафа Матаев жақсы естелік айтты. ● Ақтөбелік зейнеткер ауа қысымымен жүретін қозғалтқыш ойлап тапты. Өзінің жаңалығын ЕХРО-2017 көрмесіне ұсынбақшы болып отырған Бақберген Таханов ұзақ жылдар құрылыс саласында еңбек еткен. Ол өз авторлық идеяларына 27 жыл ішінде 4 патент алған. ● Атырауда балықтар қырылғаннан кейін аймақтағы барлық су қоймалары тексерілуде. Атылмыш жұмысқа табиғатты қорғау прокуратурасы белсене кірісті. Бірінші кезекте Жайық өзенінен шығатын каналдар, сосын одан оқшауланған су қоймалары тексеруден өткізіледі. «ҚазАқпарат», BNews.kz, Abai.kz 24KZ, Otyrar.kz, Аltaynews.kz, Egemen.kz агенттіктерінің сайттары деректері бойынша дайындалды.
Өнеге
10 000-шы операция
Осыншама адам жанарына микрохирургиялыќ отаны сəтті жасаєан алтын ќолды хирург туралы мґлтек сыр Бикен АХМЕТОВА, журналист.
Тірлікте айтып келмейтін аурулардан ешкім аулақ емес. Қай-қайсысы да ауыр. Ал ойламаған тұстан көз жанары мұнарланып, бұған дейінгі жап-жарық дүние тас түнек болып қалса ше? Ондай жағдайға тап келетін адамдардың əлемде аз кездеспеуі өмір шындығы. Бұл жайт біздің еліміз азаматтары басында да бар екені мəлім. Тəубе дерсің, бір тəуірі осы сырқаттың алдын алып, дер кезінде емдеуде отандық медицина əлеуеті ешкімнен кем еместігі көңіл өсіреді. Ауруына шипа іздеушілердің алысқа ат сабылтпай-ақ, өңірлердің өзінде сауыға алуына мүмкіндік жеткілікті десек, соның бірі жəне бірегейі тұрғысында Қарағандыдағы «Глазалик» клиникасын атауға болар еді. Көзді емдеудің сан түрлі технологиясымен жарақтанып, оны біліктілікпен қолданатын осы мекеменің қызметі туралы айтылғанда алдымен бас дəрігер Елена Бақтиярқызы Баймұқанованың орны бөлек деуге болады. Өзі де дəрігерлер отбасында өскен, бүкіл ерік-жігерін көз дерті тауқыметін тартушыларға көмекке сарп еткен ол адамның ең нəзік мүшесіне 10 мыңнан астам микрохирургиялық ота жасаған. Израиль, Франция, Швеция, Италия, Түркия елдерінің
офтальмалогиялық орталықтарында шеберлік шыңдаған ол бүгінде рефлакциялық хирургияны жүргізуші аймақтағы некен-саяқ маман ретінде осынау дертке ұшыраушылардың қайтадан өмірдің шаттығы мен қызығына бөленуіне сауабын тигізіп келеді. Өз ісінің хас шеберлігіне қоса мамандығына байланысты медициналық зерттеулермен шұғылданып, 30ға тарта еңбектің авторы ретінде ғылыми ортаға да танылған. Елена Бақтиярқызының сараптауы бойынша еліміздегі əрбір 10-шы адам көз дертіне ұшыраушылардан екен. Өкінішке қарай, біразы ақ шел түсіп, асқынған шақта ғана емделуге келетін көрінеді. «Мұндай немқұрайдылықтың алдын алу керек. Біз өз тарапымыздан медициналық көмекке тілек білдірушілердің ешқайсысын назардан тыс қалдырмауға тырысамыз. Клиникамыздың қызметі соған лайықталған. Ультрадыбысты факоэмильсификатор, витреоретинальды микрохирургиялық, компьютерлік жүйе, лазерлік технология тəрізді ең озық қондырғыларды пайдалану арқылы жанарды қалпына келтіреміз. Офтальмологтерге қателесуге болмайды. Міндетіміздің қиындығы да, жауапкершілігі де сонда», дейді ол. ҚАРАҒАНДЫ.