№107 (28585) 10 МАУСЫМ СƏРСЕНБІ 2015 ЖЫЛ
Бүгін Астанадағы Бейбітшілік жəне келісім сарайында Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің V съезі өз жұмысын бастайды.
Ґзекті мəселелер жґнінде пікір алмасты
Мемлекет басшысы Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің V съезіне қатысуға келген Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистёмен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында саудаэкономикалық, инвестициялық
жəне мəдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты
ынты мақтас тықтың бірқатар негізгі мəселелері талқыланды. Сонымен қатар, Мемлекеттер басшылары халықаралық күн тəр тібіндегі мейлінше өзекті жайттар жөнінде пікір алмасты. Елбасы Финляндия Президентіне Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің алдағы V съезіне қатысатыны үшін алғыс айтты. Нұрсұлтан Назарбаев сондайақ, мемлекетаралық қарымқатынастардың табысты дамып келе жатқанына назар аударып, Финляндия Президентінің елімізге 2013 жылғы сапары экономика мен басымдығы бар өзге де салалардағы ынтымақтастықтың жандана түсуіне септігін тигізгенін атап өтті. С.Ниинистё Мемлекет басшысына шақыруы үшін алғыс айта отырып, екіжақты байланысты нығайтудың маңыздылығына тоқталды. –––––––––––––––––– Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Елбасы марапатталды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Александр Невский орденімен марапатталды. Ресей Президентінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты Александр Невский орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. Жарлық мəтінінде: «Көп қырлы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығын дамытуға сіңірген үлкен еңбегі, еуразиялық
интеграциялық үдерістерді ілгерілетуге қосқан белсенді үлесі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев Александр Невский орденімен наградталсын», делінген. Мемлекеттік жоғары марапат болып саналатын Александр Невский
Бірќатар екіжаќты кездесулер ґткізді
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы V дінаралық форумға келген делегациялар басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
БҰҰ Өркениеттер альянсының Жоғары өкілі Нəсір Абд əл-Əзиз Ан-Насермен кездесуде қазіргі замандағы өте күрделі мəселелерді шешуге арналған діни жəне саяси көшбасшылардың үнқатысуы ерекше маңызды екені атап өтілді. Жоғары өкіл жауыққан экстремизмге қарсы іс-қимылда, оның ішінде ол құбылыстың түпкі себебін анықтау жəне жою арқылы халықаралық қоғамдастықтың ұжымдық күш-жігерін қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды. Ол бейбітшілік пен тыныштық жолында діни қайраткерлер мен беделді саясаткерлердің бірлескен іс-қимылын ұйымдастырудағы
ордені Ресей империясы кезінен келе жатқан награда. Патшалы Ресей кезінде 1725 жылдан 1917 жылға дейін қолданыста болды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде, яғни 1942 жылы қайта жаңғыртылып, ерлігімен көзге түскен Қызыл Армия командирлеріне берілді. Ал 2010 жылы Ресей билігі орденнің бұрынғы мəртебесі мен сипаттамасын қайта бекітті. «Егемен-ақпарат».
Оймақтай ой Адамгершілікке ұмтылмаған өмір ұйқымен өтеді. Лев ТОЛСТОЙ.
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Душанбеде «Өмірге арналған су» Халықаралық іс-қимыл онжылдығын жүзеге асыру қорытындылары бойынша жоғары деңгейдегі конференцияға қатысты, деп хабарлады ПремьерМинистрдің баспасөз қызметі. Оның жұмысына БҰҰ Бас Ирак, Иран, Сауд Арабиясы, Уганхатшысы Пан Ги Мун, Тəжікстан да елдерінен бейіндік министрпрезиденті Эмомали Рахмон, ліктер басшылары, ғалымдар, хаАуғанстан, Қырғызстан, Того лықаралық сарапшылар қатысты. премьер-министрлері, Ангола, Бангладеш, Мысыр, Индонезия, (Соңы 6-бетте).
Кґѕіл айту жеделхатын жолдады Елбасы Янцзы өзенінде «Шығыс жұлдызы» паромының апатқа ұшырауына байланысты Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айтты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Көңіл айту жеделхатында көптеген қытай азаматтарын қазаға ұшыратқан апат туралы суыт хабарды Мемлекет басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген. «Достас Қытай халқының орны толмас қайғысына ортақтаса отырып, қаза болғандардың отбасыларына барша қазақстандықтар жəне жеке өз атымнан көңіл айтамын. Осы қайғылы оқиғадан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігімді білдіремін», – делінген жеделхатта.
Кеше Астанада Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының XIV отырысы өтті. Оған Парламент Сенатының Төрағасы, Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық етті. Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан».
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өмірге келген Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің съезі Хатшылығының кезекті, яғни XIV отырысы V съезге дайындық жұ мыстарын қорытындылауға арналды. Ал жиынға ислам, христиан, иудаизм, буддизм жəне индуизм сынды бірқатар діндердің өкілдері мен халықаралық ұйымдардан шақырылған тұлғалар қатысты. Отырыста терроризм мен экстремизмнің зардаптары, ұлтаралық жəне конфессияаралық татулық пен келісімді нығайту мəселелері кеңінен сөз болды. Жиынды ашқан ҚасымЖомарт Тоқаев қатысушы мəртебелі қонақтарды таныс тыра келіп: – «Бүгінгі жиын Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің V съезі алдындағы дайындық жұ мыс тарын пысықтап, қорытындылауды мақсат етеді. Осы сəтті пайдалана отырып,
Əлем дік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің съезіне лайықты əрі жан-жақты қолдау білдіріп келе жатқан баршаңызға шын жүректен алғысымды білдіремін», – деді. Сондай-ақ, ол съезд барысында дін лидерлері əлемнің бірқатар мемлекет басшыларымен, беделді халықаралық ұйым жетекшілерімен, саясат жəне қоғам қайраткерлерімен жəне түрлі қауымдастық өкілдерімен үнқатысу алаңында еркін пікір алмасатынына назар аударды. Бұдан бөлек, Қ.Тоқаев съездің мəн-маңызына, əлем үшін аса қажетті ізгілікті істердің жүзеге асырылуына тың серпін беретініне сенім білдіретінін жеткізді.
«Əлем өмірінде болып жатқан түрлі үдерістер қазіргі таңдағы өркениеттің ілгерілей түскенін көрсетуде. Бұл əлем сипаты мен əлемдік экономикалық жүйені қайта құруды, қоғамды əлеуметтік тұрғыда ұйымдастыруды жəне олардың идеологиялық негіздерін тереңінен өзгертуді талап етеді. Осы тұрғыда діни жəне саяси көшбасшыларға халықтардың бейбіт өмір сүруі мен қауіпсіздігі жолында ерекше жауапкершілік артылады. Олар бірлесе əрекет ете отырып, мемлекеттер мен халықтардың қауіпсіздігін, тұрақтылығын жəне ынтымақтастығын дамытуға ықпал етіп, бейбітшілік пен келісім үнін еселей түсетіні даусыз. Алдағы дінаралық саммит
əлем үшін аса қажетті, ізгі ниетті жүзеге асыру ісіне жаңаша серпін береді деп сенеміз», – деді Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының Басшысы. Қ.Тоқаевтың сөзіне қарағанда, бүгінгі күрделі де алмағайып заманда жетекші саяси қайраткерлер мен Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің тікелей үнқатысуынсыз қандай да бір міндет терді ойдағыдай жүзеге асыру қиын. Өйткені, егер біз қордаланған проблемаларды шешудегі қандай да бір үлес туралы айтатын болсақ, онда ол істің оңай болмайтынын да түсінеміз. (Соңы 2-бетте).
РУХАНИ ТАЗАРУДЫЅ КЕЅІСТІГІ Осыдан тұп-тура он екі жыл бұрын тəуелсіздік жарияланғанына он екі жыл тола қоймаған Елдің бас қаласы – Астана төрінде, дəлірек айтсақ, 2003 жылдың 23-25 қыркүйегі аралығында Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының бірінші съезі болғаны жадымызда. Нұрлан ОРАЗАЛИН,
сенатор, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы.
Əлем руханиятының тарихына айрықша із қалдырған, адамзат баласының ойы мен
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекші рөлін атап өтті. Дүниежүзілік буддистер қоғамдастығының Бас хатшысы Фаллоп Тайиаримен кездесудегі əңгіме барысында дінаралық форум жұмысының мəселелері талқыланды. Мейман Дүниежүзілік буддистер қоғамдастығының ұйымдық құрылымы мен қызметі туралы əңгімеледі. Оның айтуынша, Президент Н.Ə.Назарбаевтың Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің съезін шақыру туралы бастамасына Қоғамдастық ерекше маңыз береді жəне оның жұмысына белсенді түрде қатысуға əзір.
Су ресурстарын реттеу мəселелері бойынша конференцияєа ќатысты
Ґзара їнќатысудыѕ ќажеттілігін ґткен уаќыт дəлелдеді
санасын бірлікке шақырудың соны сипатты еуразиялық үлгісін көрсеткен осынау əлем дін бас шыларының алғашқы құрыл тайы дүйім дүние назарын өзіне бірден бұрғаны, сөзі жа рас пайтындардың сөзін жарастыруға, қабағы келіспейтіндердің қабағын
келістіруге ұмтылған Қазақ Президентінің қадамына əлемнің əр түкпірінен алуан-алуан бағаның берілгені есімізде. Жасыратыны жоқ, жұмыр Жердің арғы-бергі тарихында алғаш өтіп отырған айтулы басқосуға үмітін желкен етіп, сеніммен қарағандар қатары қалай мол болса, күдікпен қарап, əлемдік шараның ертеңіне күмəн тудырғандар да болды... (Соңы 3-бетте).
ҰЛТ ЖОСПАРЫ – 100 НАҚТЫ ҚАДАМ БАРШАҒА ОРТАҚ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ МЕМЛЕКЕТ ҚОҒАМДЫҚ ПІКІРГЕ САУАЛДАМА Көптеген қазақстандықтардың пікірінше 100 нақты қадамды жүзеге асыру төмендегілерге жағдай жасайды:
Мемлекеттің өз азаматтарына есептілігін қамтамасыз етуге Сұрау салынған қазақстандықтар қандай да бір дəрежеде Ұлт жоспары – 5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам мазмұнынан хабардар
Ұлт жоспарын халық арасында қолдау деңгейі
Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға
Ұлт жоспары – бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадамның рөлі мен маңызын қоғамның қабылдауы
қазақстандықтар Ұлт жоспарының елді дамыту мəселелерін жүйелі шешуге жағдай жасайтынымен келіседі
сұрау салынған қазақстандықтар Ұлт жоспарын қазіргі заманғы жаһандық сын-қатерлерге лайықты жəне сəйкесті жауап деп есептейді
қазақстандықтар Ұлт жоспарын жүзеге асыру қазақстандық біртектілікті нығайтуға жағдай жасайды деп есептейді
Елдің экономикалық дамуына қуатты серпін беруге
Мемлекеттің жаһандық қауіп-қатерлер алдындағы беріктік қорын жасауға
Заң үстемдігін қамтамасыз етуге
Кəсіби мемлекеттік аппарат құруға
Қазақстанның əлемнің дамыған мемлекеттерінің 30-дығына енуіне
Қоғамдық пікірге сауалдаманы 2015 жылғы маусымның 3-і мен 8-і аралығында Еуразиялық интеграция институты жүргізді. Халыққа сауалдама телефондық сұхбат тəсілімен жүзеге асырылды. Қалалық жəне жергілікті жерлерде тұратын 18 жастан асқан Қазақстанның 1250 азаматына сауалдама жүргізілді. Іріктеу географиясы: 14 облыс жəне Астана мен Алматы қалалары.