10072013

Page 1

Бүгінгі нөмірде: Ертеңі ерен елорда

№167 (28106) 10 ШІЛДЕ СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Владимир ПУТИН:

Сіз Ќазаќстан їшін ґте кґп нəрсе жасадыѕыз

2-бет Басты құрал – оқулық 5-бет Ел ЭКСПО деп елеңдейді 6-бет «Мехтер» әскери оркестрі 10-бет

15 жылдыќ ќўрметіне ќабылдау

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астананың 15 жылдығына арналған ресми қабылдауға қатысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы жаңа елорданың құрылысына бүкіл ел өз үлесін қосқанына тоқталып өтіп, Астананы салуға тікелей атсалысқан жəне қаланың табысына қатысы бар баршаға алғысын білдірді. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев елорданың, бүкіл елдің өсіпөркендеуін жəне Қазақстан халқына бақ-береке тіледі.

 Жалпыға ортақ еңбек қоғамы

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ ЌАЛАЙ ОРЫНДАЛУДА? Бұдан жарты жыл бұрын, «Əлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақалам жарияланған соң Кəсіподақтар жəне еңбектің реттелуі туралы заң əзірлене бастады. Біздің мақсатымыз – еңбеккерлер мүддесін ескерген кəсіпкерлік қолдауын қамтитын еңбек қатынастарының түбірімен жаңа үлгісін жасау. Күшіне еніп, барлық еңбеккерлердің мүддесін қорғауы үшін бұл заңның қабылдануын жеделдету қажет. Үкіметке еңбек төлеміне жəне ондағы сəйкессіздіктерді қысқартуға қатысты мүлде жаңа амалдар табу шараларын қабылдау қажет.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жексенбі күні Астанада Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Кездесуде екіжақты қарым-қатынастарды одан əрі дамытудың негізгі мəселелері, сондай-ақ, Астанада мамыр айында өткен Жоғары Еуразия экономикалық кеңесі отырысының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысы талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинге сапары үшін ризашылығын білдіріп, екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейде екенін атап өтті. – Біздің мемлекеттеріміз бен халықтарымыз арасындағы қарым-қатынас қарышты дамып келеді, жоғары деңгейдегі жиі кездесулер мен жүйелі пікір алмасулар соны көрсетеді. Экономикалық жəне саяси қатынастар өте тығыз, Кеден одағы, Біртұтас экономикалық кеңістік жəне құрылып жатқан Еуразия экономикалық одағы аясындағы үдерістер дамып келеді. Биыл күзде Екатеринбургте Өңіраралық

ынтымақтастық форумы аясында кездесу өтеді, оның барысында тату көршілестік жəне елдер арасындағы одақтастық туралы негіздемелік келісімге əзірленген өзгерістердің енгізілуі мүмкін. Мұның барлығы мемлекеттеріміз арасындағы өзара ықпалдастық тарапында шешілмейтін ешбір мəселе жоқ екенін білдіреді. Сіз Астанада біздер оның 15 жылдығын атап өтіп жатқан күндері болғаныңызға қуаныштымын, – деді Қазақстан Президенті. Өз кезегінде Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты өткен туған күнімен жəне Астана күнімен құттықтап, жұмысына табыс тіледі. – Сіз Қазақстан үшін өте көп нəрсе жасадыңыз, əлі де көп нəрсе жасайтыныңызға сенімдімін. Астана күні де Сіздің күніңіз. Өйткені, бұл Сіздің қалаңыз. Оған Сіз өз перзентіңіздей жан жылуыңызбен қарайтыныңызды білемін.

Бўќаралыќ спорт – саламаттылыќ бастауы

Кеше Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен селекторлық режімдегі Үкімет отырысында бұқаралық спортты дамыту мəселелері қаралды. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Бұқаралық спортты дамыту – саламатты өмір салтының негізі, ұлт саулығының кепілі. Осыны ескерген Елбасы өзінің Жолдауында Қазақстанда спортты барынша дамытып, оның бұқаралық түрімен айналысатындардың санын 2020 жылға қарай 30 пайызға жеткізуді тапсырған болатын. Міне, кешегі Үкімет отырысында осы ретте атқарылып жатқан іс-шаралар жайы қаралып, кейбір түйткілді мəселелер талқыланды. Күн тəртібіндегі тақырыпқа орай Спорт жəне дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапанов баяндама жасады. Оның айтуынша, бұқаралық спортты дамытуда жыл сайын саны өсіп келе жатқан кешенді спорттық шаралар маңызды орын алады. Мəселен, 2011 жылы 17 мың осындай шара ұйымдастырылса, 2012 жылы 3,6 млн.-нан астам адам қатысқан 18 мыңдай кешенді шаралар өткізіліпті. Ал елімізде жалпы спорт жəне дене шынықтырумен айналысатын адамдардың саны 21,6 пайызды құраған. «Сонымен қатар, олимпиадалық емес спорт түрлері де ырғақты дамып келеді. Қазақстанның спортшылары негізгі елеулі жарыстарға қатысты. Олар 2012 жылы спорттың осынау түрлері бойынша əртүрлі дəрежелі 316 медаль иеленді», деді агенттік басшысы.

Сондай-ақ, спорттың ұлттық түрлері де қарқынды бағыт алып келеді. Бұл спорт түрінен 2012 жылдың қорытындысы бойынша спортшыларымыз халықаралық жəне республикалық жарыстарда барлығы 226 медаль алыпты. «Президенттің қолдауы арқасында спорт жəне дене шынықтыру саласы дамуда. Бұған ұлттық құрама команданың Лондонда өткен жазғы Олимпия ойындарындағы жетістігі дəлел. Халықаралық аренадағы сүбелі жарыста еліміз спортшыларының 7 алтын, 1 күміс, 5 қола медаль иеленуі бірінші рет мүмкін болды. Ресми спорт додаларында алынған медальдардың жалпы саны бір мыңға жуықтады», деді Е.Қожағапанов. Спорт жəне дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы бұдан əрі мектептердегі спорттық шаралардың жағдайына да тоқталып өтті. Қазіргі мектептер дегі спорт секцияларымен қам тылған оқушылардың үлесі жалпы оқушылар санының 27,7 пайызын немесе 687 мыңнан астам баланы құрайды, деді Е.Қожағапанов. Десек те, бүгінде оқушылардың көпшілігі əлі де дене жаттығуларынан төмен көрсеткіш көрсетіп отыр. Оған қазіргі таңда балалардың күндіз-түні компьютер, теледидар алдында отыруы, жалпы қимыл-қозғалысы аз істерге бейімделіп кеткені себеп болуда. (Соңы 6-бетте).

Қазақстандықтар үшін, Астана тұрғындары үшін қуанбау мүмкін емес, олардың осындай қарыштап даму үстіндегі қалада өмір сүріп жатқаны сөзсіз сəттілік. Екіжақты қарым-қатынастарға келсек, ғарыштық қызметті қоса, біз бүкіл кешенді жайттарды талқылайтын боламыз. Өкінішке қарай, бұл – ешкім жоспарламайтын оқиғалар болып жатқан сала. Мəселелер шешілетін болады, біздің бірлескен дербес жұмыс бағдарламамыз бар. Негіздемелік келісім мен интеграция мəселелері де өте маңызды. Сіз шын мəнінде біздің Кеден одағымыздың негізін салушы – əкесісіз, бұл Сіздің идеяңыз болатын, біз оны жүйелі түрде дамытудамыз. Біз қазір оның нəтижесін сезіп отырмыз, бұл, əсіресе, əлемдік экономикадағы алмағайып үдерістер жағдайында ерекше маңызды. Интеграциялық сипаттағы қарым-қатынастар біздерге ықпал етіп отырған əлемдік шаруашылықтағы өткір мəселелердің тігісін жатқызуға мүмкіндік береді, – деді Ресей Федерациясының Президенті.

Сонымен қатар, мемлекет басшылары халықаралық күн тəртібіндегі өзекті мəселелерді, соның ішінде келесі жылы коалиция əскерлерін алып кету жоспарланып отырған Ауғанстандағы ахуалды талқылады. Қазақстан Президенті Египет пен Сириядағы үдерістердің өзге елдер үшін сабақ екенін атап өтті. – Бұл – нағыз теріс үлгінің дəл өзі, қоғамға ондай қадамға баруға болмайды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Владимир Путин бұған қоса Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы жайттар тақырыбын да қозғап өтті. – Сирияны қазірдің өзінде азамат соғысы шарпып тұр, қанша өкінішті болғанымен, Египет те сол бағытқа беттеп бара жатқан сияқты. Египет халқының ондай ықтимал келеңсіз оқиғалардың өрбуінен аулақ болғанын қалар едім, – деді Ресей Президенті.

-----------------------------------------

Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Кеше Үкіметте Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық режімдегі отырысы болып өтті.

Баєдарламаны жїзеге асырудыѕ жаѕа ґлшемдері Отырыс барысында Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова бағдарламаның инфрақұрылымдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы еңбекпен қамтуды жақсарту жөніндегі бірінші бағытын жүзеге асыруға арналған қаржы лимитін бөлудің жəне жобаларды таңдаудың өлшемдерімен таныстырды. Оның айтуынша, бірінші бағытқа бөлінген 20 млрд. теңге республикалық

меншік нысандарына қаржының 5 пайызын, жергілікті маңыздағы нысандарға 95 пайызын бөлу арқылы таратылады. Өз кезегінде өңірлер арасына қаржының 80 пайызы олардағы халықтың санын ескеру жолымен, 20 пайызы жұмыспен қамтудағы бұрынғы бағдарламаның орындалу нəтижелерін ескеру жолымен бөлінеді. Үстіміздегі жылы бірінші бағытта жүзеге асырылатын жобаларды таңдаған кезде ондағы

жұмыс орындарының саны ескерілуі тиіс. Сондай-ақ, айлық жалақы көлемі 35 мың теңгеден кем болмауы керек. Сөйтіп, үстіміздегі жылы бірінші бағыт бойынша 14 облыста 718 жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Олардың жал пы құны – 19 млрд. теңге. Жобалар жүзеге асқан жағдайда 8415 жұмыс орны құрылады. Бұлардың 4926-сы бағдарламаларға қатысушылар үшін əзірленеді. Сонымен қатар, Өңірлік даму министрлігімен келісіле отырып, «Жұмыспен қам ту-2020» жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты аясында үстіміздегі жылы кешенді дамытылатын ауылдық тірек пункттерінің тізімі əзірленді. Осы мақсатта «қанатқақты» жобалар ретінде еліміздің 6 өңіріндегі 11 ауыл таңдап алынды, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауынан.

«Жўмыс жоќ» деген тек сылтау єана...»

Бір қарағанда, бұйығы көрінгенімен, Гордей Трищенков – ерекше қуатты, жігерлі жан. Тілін таба білген кісіге ашылып сөйлеп, ішіндегісін ақтарып салатын мінезі бар. Арманшыл, алдына қойған мақсатына жетпей қоймайтын табанды жігіт. Оның бұл қасиеті екеуара əңгіме барысында аңғарылып тұрды. – Жарық дүниеге аяқ-қолсыз келдім. Неге бұлай болғанын ешкім түсіндіре алмайды, – деп бастады əңгімесін Гордей. – Адам өмірге сынақ үшін келеді дейді ғой. Құдай біреуге бақ-дəулет, енді біреуге қиыншылық беріп сынайды. Қандай жағдайда да төзімділік керек. Адам баласы жарық дүниеге келгеніне қуанып, адамша өмір сүруге ұмтылуы тиіс. Меніңше, адамды уайым-қайғыдан, басқа да қиын жағдайлардан құтқаратын бір-ақ нəрсе бар. Ол – еңбек. Мүгедек болғаныммен, жұмыс таба алмай үйде отырып қалған кезім жоқ. Мен алғашқы еңбек жолымды ҚазИТЖУ-дың 4-курсында оқып жүрген кезімде бастадым. 2010 жылы еңбекақы табу мақсатында қаладағы №1 емханада

уақытша жүйелік əкімгер қызметін атқардым. Осы жерде бір жылдай жұмыс істеп тəжірибе жинақтаған соң, «Жайық-Пресс» ЖШС-іне дизайнерлік жұмысқа келдім. Содан соң «Дизайнер Реклама» ЖК-не ауыстым. Қазіргі таңда «ЖайықПресс» ЖШС-іне қайтадан келіп, «Жайық-Пресс» сайтының əкімгері міндетін атқарудамын. Ынтымағы жарасқан ұжымда жұмыс істегеніме қуанамын. Бүгінгі мүмкіндікті пайдаланып, мүгедектігіме қарамастан, маған жауапты жұмысты сеніп тапсырған №1 емхана ұжымының басшылары мен «Жайық-Пресс» ЖШС бас директоры Жантас Сафуллинге алғысымды айтқым келеді. (Соңы 3-бетте).

 Бəрекелді!

Ќазаќстандыќ 7 боксшы – Азия чемпионы!

Қазақ мерейінің тағы бір арнасынан аса тасыған, қазақ спортының тағы бір абыройы айдындана түскен, қазақ боксының тағы бір жұлдызы жарқырап жайнаған ақжарылқап күн туды. Күллі Қазақ елінің жұрты ел мақтанышы, ұлт ұстыны, мемлекет – Астана қаласының елорда атанғанына 15 жыл толуын дүбірлете тойлап жатқан Серік ПІРНАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Мұның өзі соңғы жылдары Қазақстанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей басшылық

күндердің соңын ала бокстан Қазақстан құрамасы Иорданияның бас қаласы – Амманда мəреге жеткен Азия чемпионатында 7 алтын, 1 күміс медальді жеңіп алып, айды аспанға бір-ақ шығарды. Бұл – еліміз былғары қолғап шеберлерінің өз тарихында бұрын-соңды қол жеткізбеген ғаламат табысы.

етуімен жалпы спортқа, соның ішінде боксқа айрықша назар аударылып, мемлекеттік деңгейде қамқорлық жасалып келе жатқанымен тығыз байланысты болды. Осындай əкелік

қамқорлықтың, орасан зор қолдаудың арқасында өткен жылы ғана еліміздің құрамасы Лондон Олимпия ойындарынан 7 бірдей алтын медаль əкеліп, командалық бейресми есеп

бойынша Жер шарының 12ші жасағы атанды. Осы аламан жарыста ел намысын көкке көтерген ерлердің бəрі де жоғары мемлекеттік наградаларға ие болып, өздерінің материалдық жағдайларын айтарлықтай жақсартып алды. Олимпиада қаһармандарына жер-жерде спорт сарайлары салына бастады. Кейінгі кездері дəл осындай қанатты қолдауды отандық бокс майталмандары да молынан көріп келеді. Жасыратыны жоқ, еліміз былғары қолғап шеберлеріне

деген ерекше ықылас көрсету мен жақсы жағдай жасау республика бокс федерациясының басына Тимур Құлыбаев келгелі бері тіпті жоғары деңгейге жетті. Обалы не керек, саңлақтарымыз да осыған сай ірі халықаралық жарыстарда ұдайы ел намысын абыроймен қорғап жүр. Бұған тағы да Лондон Олимпиадасы бірден-бір дəлел. Онда боксшыларымыз 1 алтын, 1 күміс жəне 1 қола медальді жеңіп алумен бірге, турнирдегі ең үздік боксшыға табыс етілетін Вэл Баркер Кубогын да алып қайтты. (Соңы 8-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
10072013 by Egemen - Issuu