Бїгінгі нґмірде:
№130 (28608) 10 ШІЛДЕ ЖҰМА 2015 ЖЫЛ
Нўрсўлтан НАЗАРБАЕВ:
Ґзара ыќпалдастыќ ґрісімізді кеѕейтеді
Кеше Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер басшыларының жəне Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай жəне Оңтүстік Африка Республикасының мемлекетаралық бірлестігіне (БРИКС) мүше елдер президенттерінің басын қосқан саммиттерге қатысу үшін Башқұртстан Республикасының астанасы Уфаға келді. «Уфа саммиттерінің» маңыздылығын оған əлемнің 14 елі президенттерінің, сонымен қатар, аккредиттеуден өткен 1 500-ге тарта журналистің арнайы келуінен-ақ аңғаруға болады. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан» – Уфадан (Башқұртстан, Ресей).
ШЫҰ мен БРИКС-тің бұл жолғы саммиттері бір мезгілде, бір қалада өтуімен де маңызды.
Жиынды ұйымдастырушылардың айтуынша, Ресей биылғы жылы қос ұйымға да төрағалық еткендік тен, бұл саммиттерді бірбірімен үйлестіре, қатар өткізу жөнінде ұйғарым жасаған. Бүгінде ШЫҰ да, БРИКС те – əлемде өз ор нын айқындап үлгерген
ұйымдар. Екеуі де дүниежүзінде қалыптасқан күрделі əрі шиеленісті жағдайларды тұрақтандыратындай, оларға белгілі бір деңгейде əсер ететіндей рөлге ие. Ал сарапшылар мұндай сипаттағы саммиттерді өткізу болашақта Уфаның «халықаралық
жиындар алаңына» айналуына сеп болуы мүмкін деген болжамдарын алға тартуда. Жалпы, мемлекеттер басшылары бұл ауқымды жиындар аясында əу бастан-ақ жаһанды алаңдатқан қауіпсіздік, Еуразия кеңістігіндегі көліктіккоммуникациялық əлеуетті дамыту, саяси, экономикалық жəне мəдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты жандандыру секілді маңызды мəселелерді талқылауды мақсат тұтқанын атап өткен жөн. (Соңы 2-бетте).
Сындарлы сырдастан 4-бет 100% мемлекеттік тілде хабар тарататын Ўлттыќ арна туралы 7-бет Екіжїзділік пен жемќорлыќ – ќоєам дерті 11-бет Автобус кґп, жїргізуші аз 16-бет
Ќазаќстан Президентіне – Александр Невский ордені Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті, деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин екіжақты өзара ықпалдастықтың кең ауқымды мəселелерін қарастырды. Сондай-ақ, екі мемлекеттің көшбасшылары өңірлік жəне халықаралық күн тəртібіндегі бірқатар өзекті мəселелерді талқылады. Кездесу барысында Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа көпжоспарлы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығын дамытуға сіңірген еңбегі, сондай-ақ, интеграциялық үдерістерді ілгерілету бағытындағы екіжақты өзара ықпалдастыққа қосқан белсенді үлесі үшін Александр Невский орденін тапсырды. – Бүкіл еліміз Сізге зор құрмет пен қарайды. Біздің халықтары мыздың алдындағы Сіздің еңбегіңіздің жəне интеграциялық үдерістер мəселесі бойынша Сіз көтерген, бүгінде аяғына жеткен бастамалардың белгісі ретінде Сізге осы награданы тапсыруға рұқсат етіңіз, – деді Ресей Президенті. Мемлекет басшысы өз кезегінде Владимир Путинге еңбегін жоғары бағалағаны үшін алғыс айтты.
Оймақтай ой Адамның өмірдегі ісі – алған тəжірибесінің жемісі.
– Көрсетілген ықылас үшін бүкіл Ресей халқына, бұқаралық ақпарат құралдарына рахмет айтқым келеді. Біздің жасап жатқанымыздың барлығы барша Қазақстан мен Ресей халқы үшін жасалуда. Бүгін – тарихи күн, өйткені, əр құрлықтан келген түрлі елдердің көшбасшылары кездесіп отыр. Бұрынырақта мен түптің түбінде барлық ұйымдар болашағы зор ортақ бір интеграциялық
бірлестікке бірігетінін айтқан едім, – деді Қазақстан Президенті. *** Александр Невский орденімен Ресей Федерациясымен арадағы көпжақты ынтымақтастықты дамытуға қосқан еңбегі үшін көрнекті шетелдік саяси жəне қоғам қайраткерлері, шет мемлекеттердің іскерлік қоғамдастығының өкілдері марапатталады.
Ынтымаќтастыќ мəселелері талќыланды
Жүсіпбек АЙМАУЫТОВ.
Ауєанстан дамуында оѕ ґзгерістер бар Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мохаммад Ашраф Ганимен кездесті, деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Мохаммад Гани екіжақты ынтымақтастықтың саяси, сауда-экономикалық жəне мəдени-гуманитарлық, өзге де салалардағы қазіргі ахуалы мен келешегін талқылады. Сондай-ақ, тараптар екі елдің өңірлік жəне халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ісқимылының мəселелерін қарастырды. Бұдан бөлек, халықаралық күн тəртібіндегі мейлінше өзекті жайттар əңгімеге арқау болды. Қазақстан Президенті соңғы жылдары Ауғанстан күрделі жолдан өткеніне тоқталды. Көршілес əрі бауырлас ел ретінде сіздер үшін біз шын көңілмен алаңдаймыз. Біздің елдеріміз бір өңірде орналасқан жəне тарихи тұрғыдан халықтарымыз араласқұралас болып, сауда жасасқан,
саяси байланыстар орнатқан. Өкінішке қарай, соның барлығы тоқтап қалды, алайда, Ауғанстанда қазір қайтадан тыныштық орнай бастағаны қуантады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті Ауғанстанның дамуындағы оң өзгерістерге назар аударды. Барлық халықаралық саммиттерде мен Ауғанстанды қолдап сөйледім. Сіздің сайлануыңызбен бірге Ұлттық бірлік үкіметін құру аяқталды. Сондай-ақ, НАТО əскерін алып кету ісі де тəмамдалды, Сіз оппозициямен арада келіссөздерді бастадыңыз. Біз бұл қадамдарды құптаймыз жəне Сізді қолдауға əзірміз, – деді Қазақстан басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ станның Ауғанстанға мүмкіндігінше, əсіресе, гума ни-
Президент поштасынан
Аќ тілектер аєыны
Елбасының баспасөз қызметі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне байланысты Түрік Республикасының Президенті Реджеп Тайып Ердоғанның құттықтауы туралы хабарлады.
Р.Ердоған бауырластық, достық, ынтымақтастыққа негізделген, ортақ тіл, мəдениет жəне өзара сенімнен бастау алған екіжақты байланыстардың өрістеп, нығая түскенін атап өткен. «Біздің қарым-қатынастарымыздың стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілуіне Сіздің дана əрі көреген көшбасшылығыңыздың
үлесі зор болды. Сіздің басшылығыңызбен Қазақ стан экономикалық даму, саяси тұрақтылық жолына түсіп, халықаралық жəне өңірлік аренадағы ықпалды мемлекетке айналды. Біз Қазақстанның жетістіктерін мақтан тұтамыз», – делінген жеделхатта. (Соңы 3-бетте).
Кґѕіл айту жеделхатын жолдады Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевқа ағасы Қалыйбек Шаршеновтің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев БРИКС ұйымына мүше елдер лидерлерінің шақырылған мемлекеттер басшыларымен кездесуі аясында Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Джейкоб Зумамен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. тарлық көмек жіберу, мектептер, ауру ха налар жəне жолдар салу арқылы жəрдемдескенін еске салды. Мен ең бастысы жас мамандарды тəрбиелеу деп санаймын. Біз Ауғанстанның жас азаматтарын даярлауға, оларға мамандық беруге міндеттеме алдық.
Студенттердің алғашқы тобы оралып та үлгерді, Сіздің еліңізде жұмыс жасап жатыр. Біз Кабулдан елшілік аштық жəне экономика мен саясатта мүмкіндігінше ынтымақтастығымызды арттыруға əзірміз, – деді Қазақстан Президенті. М.Гани өз кезегінде еліміздің
ауған студенттерін оқытуға көрсетіп отырған көмегі, сондайақ, Ауғанстандағы табиғи апаттар кезінде жасалған елеулі қолдау үшін алғыс айтты. Бұдан бөлек, М.Гани кездесу барысында Қазақстан Президентіне «Гази Аманулла Хан» медалін тапсырды.
Ќазаќстанныѕ їздік жоєары оќу орындарыныѕ ўлттыќ рейтингі – 2015 Шолпан ҚАЛАНОВА,
Білім беру сапасын қамсыздандыру тəуелсіз қазақстандық агенттігінің президенті, педагогика ғылымдарының докторы, профессор.
Білім беру сапасын қамсыздандыру тəуелсіз қазақстандық агенттігі сегізінші рет бүгінгі мақалада ұсынылып отырған жыл сайынғы еліміздің үздік жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингін жасады. БСҚА ЖОО ұлттық рейтингі қазақстандық ЖОО-ның əр алуандығын ескереді, оқу орындары келесі бағыттар бойынша ұсынылған: көпсалалы, техникалық, гуманитарлық-экономикалық, медициналық, педагогикалық жəне өнер. Мұндай жіктеуді біз бір-біріне ұқсас ЖОО-ны салыстыру мен ранжирлеу үшін өзіміз енгізген болатынбыз, өйткені алманы апельсинмен
емес, алманы алмамен салыстыру керек. Агенттік рейтингінің негізгі əдіснамасы 2008 жылы құрастырылған, сол кездің өзінде-ақ əдіснаманың негізіне 2006 жылы Берлинде сарапшылармен қабылданған ранжирлеудің Берлиндік принциптері алынған болатын. Сонымен қатар, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Польша, Қытай жəне т.б. сияқты рейтингті əзірлеу мен жариялауда мол тəжірибесі бар мемлекеттердің жоғары оқу орындарына рейтинг жүргізу əдістері ескерілді. Кейінірек əдіснамаға аздап өзгерістер енгізілді, яғни, рейтингті есептеуде жүргізілетін индикаторлар саны азайтылды, сонымен қатар, кейбір индикаторлардың критерийлері үшін баллдық (пайыздық) үлесін тағайындау өзгертілді. (Соңы 6-бетте).
Кездесу барысында Н.Назарбаев пен Д.Зума саясат, сауда-экономика жəне инвестиция салаларындағы өзара ісқимыл мəселелерін талқылады. Тараптар бірқатар перспективалы бағыттар бойынша, сондайақ, халықаралық ұйымдар аясында ынтымақтастықты
арттырудың қажеттілігін атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстан мен ОАР президенттері халықаралық күн тəртібіндегі өзекті мəселелерді əңгімеге арқау етті. Соңында Д.Зума Нұрсұлтан Назарбаевты Оңтүстік Африка Республикасына сапармен келуге шақырды.
Ќарым-ќатынасты ґрістету жайы ќаралды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бразилия Президенті Дилма Руссеффпен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Дилма Руссефф екіжақты саудаэкономикалық ынтымақтастықтың мəселелерін жəне оны бұдан əрі арттырудың перспективаларын қарастырды. Сонымен қатар, халықаралық
күн тəртібіндегі өзекті мəселелер жөнінде пікір алмасылды. Нұрсұлтан Назарбаев екіжақты өзара ықпалдастықты арттыра түсу мақсатында Д.Руссеффті Қазақстанға сапармен келуге шақырды.
Əѕгіме арќауы – ґзекті мəселелер
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Моңғолия Президенті Цахиагийн Элбэгдоржбен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық, ин вес тициялық жəне мəдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты өзара ықпалдастықтың қазіргі ахуалы мен
перспективаларын тал қылады. Сондай-ақ, екі ел көшбасшылары халықаралық күн тəртібіндегі мейлінше өзекті мəселелер жөнінде пікір алмасты.