Грант иелерініѕ тізімі жарияланады
№187 (28126) 10 ТАМЫЗ СЕНБІ 2013 ЖЫЛ
Сайлау – 2013
САЯСИ БЕЛСЕНДІЛІКТІҢ АРТА ТҮСКЕНДІГІ АЙҚЫН КӨРІНДІ Ендігі міндет – білек сыбанып жўмыс істеу Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан».
Саяси маңызы зор шараға дайындық жəне оның өту барысында аймағымыздың бірсыпыра жеріндегі қатардағы жандардан бастап, шенеуніктерге де «Сайлаудың қорытындысына бірқатар тұрғынның көңілі толмауы мүмкін, осыған қатысты не айтар едіңіз?», деген сұрақты да көлденең тартқан едік. Бұл сайлаудың мəн-маңызын жете ұғына қоймаған қарапайым ағайынның аз емесі шындық жайт. Əрине, сол үшін оларды жазғыруға болмас. Өйткені, тəуелсіздігін күні кеше алған жас мемлекетті айтпағанда, азуын айға білеген алпауыт елдер үшін де демократия дегеніміз, инемен құдық қазғандай, ұңғыл-шұңғылы мол дүние емес пе? Кадр тəрбиелеу, іріктеу де бір кезеңдік іс емес, ондаған жылда «қабырғасы қатайып, буыны бекитін» саясат. Ауыл жетекшілерін ірік теу жөніндегі қам-қарекет, əлбетте, жетілдіріле береді. Интел лектуалдық əлеуетке байланысты ауқымды міндеттер тұр. Соның бəрінің өз уақытында сəті түсері сөзсіз. Міне, біз дидарласқан жерлестер толғамы осылай түйінделді. Бəрінен бұрын жұртымыз жаһанға үлгі болған тыныштығымызды аялап, Елбасымыздың «Əуелі – экономика, сосын – саясат» деген бекем мұратын шексіз бағалайды. «Бүгінгі жетістіктер əлі талай асуларымыздың кəміл кепілі», дейді біз сыр тартқан жамағат. Мұндай пікір-пайымға кеше Ақжайық ауданының тұр ғын дары нан да қанықтық. Бұл
– ау мағы Жайықтың қос қанатына созылып жатқан, оңтүсті гін де мұнайлы Атыраумен шектескен, нағыз тоғыз жолдың торабындағы өңір. Алдыңғы күні
мұнда аймақтың барлық ауданынан дене тəрбиесі мен спорт, еңбек ұжымдарының 1000-нан астам өкілінің қатысуымен V облыстық спорт ойындары басталған
Ќўрылыста тўрыс болмаќ емес Кеше Премьер-Министр Серік Ахметов Құрылысшылар күніне арналған салтанатты жиналысқа қатысты. Онда Үкімет басшысы құрылысшыларды кəсіби мерекелерімен құттықтап, құрылыс саласының бір топ қызметкерлеріне наградалар тапсырды. Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан».
Серік Ахметов жиналысқа қатысушыларға арнаған сөзінде Мемлекет басшысы алға қойған Қазақстанды əлемдегі ырғақты дамушы елдер қатарына шығарудағы міндеттерді табысты орындауға саланың қосқан үлесін атап көрсетті. Құрылыс саласы мемлекет экономикасының маңызды құрамдастарының бірі. Оның ішкі жалпы өнімдегі үлесі 6 пайыздан астамды құрайды. Көптеген жағдайда дəл осы құрылыс қарқынының
өсуі еліміздің дамуы мен əл-ауқатының индикаторы болып табылады, деді Премьер-Министр өз сөзінде. Бүгінде құрылысшылар жұмысы ырғақты алға басуымен жəне елдің бүкіл өңірлерінде құрылыс көлемінің артуымен сипатталады. «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы шеңберінде өткен жылы 6,7 миллион шаршы метрден астам, ал үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында 3 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. 2013 жылы арендалық тұрғын үй құрылысына 27,5 миллиард теңге, тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары жүйесі бойынша несиелік тұрғын үй құрылысына 30 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылған. Тұрғын үй құрылыстары жүріп жатқан аудандарда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға республикалық бюджеттен 40 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. (Соңы 5-бетте).
Шетелдерде оќитын ќазаќстандыќ жастар бас ќосты Кеше Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Білім жəне ғылым министрлігінің Жастар ісі комитеті, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ жəне «Болашақ» қауымдастығының, «Нұр Отан» ХДП Саяси менеджмент мектебінің жəне «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен шетелдегі Қазақстан студенттер ұйымдарының ІІ слеті болып өтті. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Оның жұмысына Қа зақстанның АҚШ, Ұлыбритания,
Австрия, Канада, Қытай, Ресей, Чехия, Испания, Малайзия, Корея жəне Түркиядағы 60 студенттік ұйымдардан 300ден астам делегат қатысуда.
Сонымен қатар, слетке жастар саясаты бойынша өңірлік басқармалар басшылары, жастар ұйымдарының көшбасшылары мен белсенділері, мемлекеттік құрылымдардың, білім беру, индустриялық-инновациялық даму, технологиялар саласындағы қазақстандық жəне халықаралық компаниялардың өкілдері мен студент жастар да келіп қосылды. (Соңы 3-бетте).
болатын. Ақжайықта мұндай айтулы жарыстарды айтпағанда, тір лік-тынысымызға қатысты облыс тық деңгейдегі басқа шараларды ұйымдастыруда бай
тəжірибе қалыптасқан. Бұл ортақ іске деген мүдде, жанашырлық, жауапкершіліктің бір жемісі екені сөзсіз. Осы ахуал биылғы сайлауға дайындықтан да айқын сезілді.
Осы жерде қысқа қайырсақ, 7 тамызда сайлаудың бірінші кезегі өткен басқа аудандардағы секілді, 18 ауылдық округтің əкімдігіне 3 үміткерден, яғни 54 кандидат ұсынылған Ақжайық ауданында да саяси дода тиісті деңгейінде мəреленді. Өңірлердегі, тіпті игі істері республикаға танымал мақтаулы рухани ордалардың бірі – орталықтан дырылған кітапхана жүйесі ғимаратындағы дауыс беру пунктіне жиналғандар бұл күннің Ораза айтпен тұстас келгенін жақсы жоралғыға балап жатты. Түгел келген 13 депутаттың жүзінен тарихымыздағы тұңғыш осындай рəсім үшін мақтаныш та, сонымен бірге, жауапкершілік сезімі де леп бергенін сезу қиын емес. Дауыс беру бір деммен, аптығусыз, ешқандай қарбалассыз өтті. Іле сайлау комиссиясының мүшелері дауыстарды мұқият санап шықты. – Бүгін, – деді БАҚ өкілдерімен əңгімесінде сайлау комиссиясының төрағасы Серікқали Бақманов, – би ліктің халыққа ең жақын буы ны – ауыл жетекшілерінің қалың жұртымыздың зор сенімін ақтауына алғашқы қадам жасалды деп есептейміз. Ендігі кезек, əрине, істе. Олар жұмысты жөңкілтіп ала жөнеледі деп үміттенеміз. Ешқандай сын-ескертпе болмауы да қуанышты жайт. Ал сайлау қорытындысы 13 əкімнің өз орнында қалғанын, 5 ауылдық округті бұдан былай жаңа жетекші басқаратынын əйгілеп берді. Жаңа əкімдер қатарында айталық, бұған дейін аудандық жұмыспен қамту орталығын басқарған Дəмелі Бекен бар, ол енді Ақсуат ауылдық округінің тізгінін ұстайды. Əкімшілікаумақтық өзгеріске сəйкес аудан орталығына қосылған бұрынғы Жайық ауылдық округін басқарған Нұртаза Нəбиденов Мерген ауылдық округінің əкімдігіне сайланды. Айта кетейік, ол екеуі де таңдаушы лардың 100 пайыз даусын иеленді. (Топтаманың соңы 2-3-беттерде).
Биыл тест сынағын тапсырғандарға берілетін мемлекеттік білім гранттарын бөлу мəселесін қараған республикалық комиссия өз жұмысын қорытындылап, грант иелерін анықтады. Еліміздің барлық өңіріндегі жұртшылық асыға күтіп отырған білім беру гранттары иелерінің тізімі газетіміздің 13 тамыз, сейсенбі күнгі нөмірінде жарияланатын болады.
АҚПАРАТТАР аєыны Тұрғын үй құрылысы бойынша жылдық жоспардың 45 пайызы орындалды. Биыл «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында 6,6 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй тапсыру көзделген. Астанада шілдеде 350ден астам жаңа кəсіпорын мен ұйым ашылды. Жаңадан тіркелген субъектілердің негізгі бөлігі Алматы жəне Сарыарқа аудандарында шоғырланған. Павлодар облысында «Жайлау» бағдарламасына 200 млн. теңге бөлінді. Оның аясында өңірдің ауыл тұрғындарына қайтару негізінде «Бір адамға – 100 бас қой» бастамасы бойынша қойлар беріледі. Бес жыл өткен соң бағдарламаның əрбір қатысушысы мемлекетке 1 басқа 2 қойдан қайтаруы керек. Жамбыл облысында Батыс Еуропа-Батыс Қытай көлік дəлізінің жаңа бөлігі іске қосылды. 48 шақырымдық аралыққа 2 көпір мен 50-ден астам су өткізетін құбыр салынды. Ораза айты күндері Қостанай облысында жаңа мешіт пайдалануға берілді. Қашар кентінде бой көтерген құтхананы мұсылман қауымына СоколовСарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі салып берді. Жыл басынан бері Алматыдағы «Медеу» саябағына 4460 ағаш отырғызылды. Оның 4160-ы қылқан жапырақты ағаш, 300-і қайың. Қазақстанда жер заңнамасы аясында 2 210 заң бұзушылық анықталды. Осыған орай 1895 оқиға бойынша жалпы сомасы 296 млн. теңге көлемінде айыппұл түрінде əкімшілік ықпал ету шаралары қолданылды. Ал 273 жағдайда ескерту жасалды. Сонымен қатар 2011 жылы салынған 569 айыппұлдың биыл 89,9 млн. теңгесі өтелді. Еліміздің үш аймағында орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету төменгі қал пында қалып тұр. Атап айтқанда, қазір Қызылорда облысында бұл көрсеткіш 55 пайызды, Жамбыл облысында 77 пайызды, БҚО-да 79 пайызды құрап отыр. Орал қаласында екі адам есірткімен қолға түсті. «Көкнəр» жедел алдын алу шарасы барысында полицейлер олардың қалталарынан 1,23 жəне 1,86 грамм героин тəркіледі. «ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.
● Индустрия игілігі
Ґркениет кґшіндегі ґндірістер Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».
Бұрын негізінен шикізат экспорттаушы ел едік. Бүгінде индустриялық-инновациялық мемлекетке айналу мақсаты алда тұр. Осы орайда инвестициялық бағытты дамыту мақсатымен «Астана – жаңа қала» арнайы эконо микалық аймағының қызметі күшейтілген. Сөйтіп, сол жағалаудағы жаңа əкімшілік-іскерлік орталығы мен өндіріс аймағындағы Индустриялық парк даму жолында. АЭА-ның негізгі мақсаты жаңа əкімшілік-іскерлік орталығының жылдамдатылған құрылысы мен шетелдік жəне отандық инвесторларды тарту арқылы жоғары технологиялық өндіріс құру екені мағлұм. Мұнда инвесторлар үшін қолайлы инвестициялық жағдай жасау мақсатында ерекше құқықтық жүйе қолданылады. Инвесторлар 10 жылға дейін жер телімін жалға алу ақысынан, мүлік, табыс салығынан босатылған. Мұнымен бірге, қосымша құн салығының құнын қайтару да қарастырылған. Кедендік баж салығы да төленбейді. Аймақта бүгінге дейін 1,2 трлн. теңгелік инвестиция игеріл ген. Оның 130 млрд. теңгесі 2012 жылдың үлесінде. АЭА міндеттерінің бірі Үдемелі
индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша жаңа өндірістер құрып, соның есебінен қаланы дамыту екені белгілі. Өткен жылы тікұшақтарды құрастыру зауыты салынды. Оны «Еврокоптер Казахстан инжиниринг» ЖШС жүзеге асырды. Жобаның құны 2,2
млрд. теңге болды. Француз технологиясы бойынша шығарылатын тікұшақтар ел авиациясының қажеттілігін өтейді. Негізінен, шұғыл медициналық көмек, табиғи апаттан құтқару, полиция жəне шекаралық қадағалау қызметтеріне пайдаланылады. Модульдік желі құрастыру
айқындамасы ЕС 145 тікұшағы аймақтық операторлардың қолайына бейімделген. Былтыр зауытта 8 тікұшақ құрастырылды. Олардың жалпы құны 13,5 млрд. теңгені құрады. (Соңы 7-бетте).