10092013

Page 1

СІЗ не дейсіз? Балыєы тайдай туласа ґзен-кґлдіѕ

№208 (28147) 10 ҚЫРКҮЙЕК СЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Соңғы жылдардағы қар суының жетімсіздігі, жаздағы қуаңшылық салдарынан өңірдегі өзен-көлдердің көбінің суы тартылып, кейбіреулерінің табаны мүлдем құрғап қалды. Бұл олардағы балықтың да құрып кетуіне соқтыруда. Өнеркəсіптік мақсатты былай қойғанда, əуесқой балықшылықпен айналысудың өзіне қауіп бұлты төне бастады. Облыста өзен-көлдерді балықтан дырудың қазіргі жайкүйі қандай? Бар балықты сақтауға қаншалықты көңіл бөлінуде?

 Əлем жəне Қазақстан

 Мемлекет мерейі

ЕЛУЛІККЕ ЕНУ

«Егемен Қазақстан» газетінің Ақтөбе облысындағы тілшісі Сатыбалды Сəуірбай Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы Ақтөбе облысы бойынша балық инспекциясы бөлімінің басшысы Мақсат Разбаевқа:

– Сіз бұған не дейсіз? – Қазір облыстағы су көздері толық есепке алынды. Облыс əкімдігінің 2008 жылғы 12 мамырдағы №167 қаулысымен бекітілген жергілікті маңызы бар су айдындары тізіміне 77 ірі су айдындары енгізілген. Оның ішінде 10 өзен салалары, 51 көл, 8 су қоймасы, 8 тоған бар. 2004-2011 жылдары 33 су айдындары, оның ішінде 8 өзен салалары, 13 көл, 5 су тоғаны, 6 су қоймасы шаруашылық құрылымдарына он жыл мерзімге жалға жəне бір тоғандар жүйесі «Ардағым» шаруа қожалығына жеке меншікке бекітіліп берілді. Соңғы бес-алты жыл бойы қар жəне жаңбыр суының тапшылығына байланысты өзен-көлдер, су қоймалары мен тоғандар қажетінше суға толмай, балықтың өсіп-өнуіне көп қиындық келтіргені рас. Оны айтасыз, Ырғыз ауданында –16, Алға ауданында бір көлдің табаны тартылып, кеуіп қалды. Осы себептерге байланысты өткен жылы жеті пайдаланушы 9 көлден жəне Ырғыз өзені жүйелерінен бас тартып, бекітілген су айдындарынан босатылды. Ауа райының күрделі жағдайына тап болған пайдаланушылардың балық шаруашылығын дамытуға бағытталған жоспарлы жұмыстарды жүргізуге мүмкін дігі жоқ. Көлдердегі судың кеуіп кетуіне байланысты ғылыми жұмыстарға, техникалық-технологиялық құралдармен жабдықтауға жəне ба лықтандыру жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлу тоқтап тұр. Сондықтан су көздерін пайдаланушылардың жалпы көрсеткіші төмендеуде. Биыл мамыр айында Ырғыз ауданындағы өзенкөлдерге тексеру жұмыстары жүргізілді.Тексеру барысында 15 көлдің толықтай кеуіп қалғаны, ал бірқатарының суы азайғаны анықталды. Өткен жылы облысқа бекітілген балық аулау лимиті 152,8 тонна болатын, бұл көрсеткіш толығымен орындалды. Облыс бойынша 2013 жылға 120,8 тонна балық аулауға лимит бөлінген. Осының өзінен-ақ, өзен-көлдердегі балықтың жыл өткен сайын азайып бара жатқанын аңғару қиын емес. Солай бола тұрса да, біз балық қорғау жұмыстарын жүйелі жүргізіп келеміз. Облыста өзен-көлдерді балықтандыру жұмыстары жалғасуда. Ақтөбе облысы.

– ел тарихындаєы ерекше оќиєа

Еліміздің елулікке енуі біздің тек экономикада қол жеткізген жетістіктерімізбен екшеліп отырған жоқ, мұндай халықаралық үлкен мəртебе Қазақстанның əлеуметтік жəне қоғамдық игі

соңғы жиырма жыл бойына атқарған тыңғылықты еңбегі мен болашаққа жасаған нақты бағдарламаларының да жемісі орасан зор. Əлемдік бəсекеге қабілетті елдер тізімінде Қазақстанның ал-

Халыќаралыќ аренадаєы сындарлы баєа Лəйлə МҰЗАПАРОВА,

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының бірінші орынбасары.

көрсеткіштерімен де сараланып отыр. Мəселен, мемлекеттің жүргізіп отырған ішкі-сыртқы саяси үдерістері мен қоғамды сауатты басқара білу, елдің білім мен ғылыми-техникалық əлеуеті жəне ақпараттық инфраструктураның даму деңгейі, сондай-ақ, қоғамның құқықтық мəдениеті мен жалпы адамзаттық құндылықтың қазақстандық қоғамдағы салиқалы жүйесіне де көп мəн берілуде. Қазақстанның ғаламдық бəсекелі көрсеткіштер бағанынан өз бағасын алуына, əрине, еліміздің

дында тұрған елдер кілең екпінді дамушы мемлекеттер. Алда, бізді дүние жүзінің ең дамушы отыз елінің қатарына кіру межесі күтіп тұр. Бұл жолда инновация мен бизнесті, сонымен қатар технологиялық ілгерілеуді арттыра түсіп, мемлекеттік институттардың қызметін, оның ішінде зияткерлік меншік құқығы, өкіметтің қызмет ету əсерлілігін арттыру секілді салаларда да көп жетістіктерге қол жеткізуіміз қажет. Əлемдік бəсекеге қабілеттілік – ең əуелі өз мемлекетіміздің азаматтарының сапалы өмір сүріп отырғандығының сырт көз берген сындарлы бағасы. Бұл жолда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен көптеген істер атқарылды, əлі де атқарыла бермек. АЛМАТЫ.

Бўл – заѕдылыќ! Сапар КОЛДЫБАЕВ,

Алматыны аралады

Бұрнағы күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен бірге Алматы қаласына келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Кїн тəртібі белгіленді

Кеше Қайрат Мəмидің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бюро отырысы болды. Онда Қазақстан Республикасы Президентінің Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық сотының судьясын босатуға жəне сайлауға ұсынуы туралы мəселені талқылау Конституциялық заңнама, сот жүйесі жəне құқық қорғау органдары комитетіне берілді.

Бюрода, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 2013 жылға арналған Негізгі шаралар жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Одан басқа, палатаның биылғы 12 қыркүйекте болатын отырысының күн тəртібіне ұсыныстар қаралды. Отырыста Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб

Мемлекеттер басшылары бірқатар нысандарды аралап, қала архитектурасымен танысты.

----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Əмірліктерінің Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау жəне салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны жəне оған Хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы талқыланатын болды. Бұдан былай Сенат отырыстарын он-лайн режімде трансляциялау көзделуде. Ал келешекте палата тұрақты комитеттерінің кеңейтілген отырыстарын да көрсету қолға алынады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Аќпараттыќ стандарттарєа ерекше назар

Кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тəжин Көлік жəне коммуникациялар министрі Асқар Жұмағалиевті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында А.Жұмағалиев азаматтық

АҚПАРАТТАР аєыны  Қазақстанда қазірге дейін астықтың 18,4 пайызы жиналып алынды. Бұл 2 898,8 мың га алқапты құрайды. Ал биыл жалпы 21,4 млн. га жерге астық алқабы орналасты.  Оңтүстік Қазақстанда V инвестициялық жобалар көрмесі өтіп, 30-ға жуық жұмыс таныстырылды. Шараның өтуіне мұрындық болған облыс əкімі Асқар Мырзахметов қазіргі таңда аймақта үдемелі индустриялы даму мемлекеттік бағдарламасына қатысуға ниет білдірген кəсіпкерлер саны 101-ге жеткенін айтты.  Өскемендегі театр маусымы жазушыдраматург Оралхан Бөкейді еске түсіруден басталды. «Маусымның тап осы мерейтойдан басталуының өзінде үлкен нышан бар», деді кеш соңында жазушы шығармашылығын зерттеп жүрген жергілікті ақын Мұрат Тастағанов.  Алматыда «Балауса» балалар орталығы ашылды. «Бұл жерде тəжірибелі педагогтар балалардың өз дарындары мен шығармашылық қырларын ашуға көмек береді», – деді жастар саясаты мəселесі бойынша басқарма басшысы Санжар Боқаев орталықтың ашылу салтанатында.

авиация саласында ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Марат Тəжин министрге əуежайлар мен əуе компанияларында жолаушыларға қызмет көрсетудің ақпараттық стандарттарын сақтау мəселелеріне ерекше назар аударуды тапсырды.

 Қызылорда қаласына қарасты Иіркөл ауылының ауыз су проблемасы өз шешімін тапты. Кеше осында болған қала əкімі Нұрлыбек Нəлібаев мұнымен қатар, елді мекен тұрғындарының жолға, медициналық қызметке жəне бастауыш мектепке қатысты өтініштілектерін де орындаудың орайын келтірді.  Қарағандыда апатқа ұшыраған ұшқыш отбасына Астанадан пəтер берілді. Авиация апатынан қаза тапқан полковник Марат Едігеевтің отбасына кеше елордадағы үш бөлмелі пəтердің кілті табыс етілді.  Каспий теңізі айдынындағы ыққан катамаран жағаға шығарылды. Осы арқылы жел айдаған су көлігінде болған 1991, 1994 жəне 1997 жылдарғы төрт ер бала құтқарылды.  Қостанай қалалық сотының судьяларына қатысты жаңа қылмыстық істер қозғалды. Атап айтқанда, қалалық сот төрағасы С. Мұхтаров пен судья С.Қашқынбаевқа тұрғындардан пара алды деген айып тағылып отыр. «ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.

Бїгінгі нґмірде:

Рухы биік ел 2-бет

Алуан-алуан аѕ-ќўс бар ґр Алтайда 4-бет

Ќазаќ туралы жыр 5-бет

Жаћандыќ форумныѕ жайжапсары неде?

Кеше Президент жанындағы Орталық комму никациялар қызметінде бүгін басталатын «Дамушы нарықтардың екінші Еуразиялық форумына» қатысты брифинг болып өтті. Оны əдеттегідей аталған қызметтің ресми өкілі Алтай Əбибуллаев жүргізді. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Брифингтің бірінші бөлімінде А.Əбибуллаев елімізде жəне шетелдерде болатын маңызды шаралар туралы айтты. Қазақстан өңірлік ынтымақтастық пен қауіпсіздікті Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында нығайтуға зор мəн береді. Біздің елімізге Си Цзиньпиннің мемлекеттік сапары аясында екі елдің көшбасшылары бұл мəселелерді кеңінен талқылағанына тоқталды. Осы айдың 13-де ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бішкекте өтетін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 13-ші отырысына қатысады. Басқосуда Ұйым дамуының болашағы, мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі іс-шаралар талқыланады, деді А.Əбибуллаев. Сондай-ақ, елімізге Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров ресми сапармен келмек. Оны Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қабылдайды. Сондай-ақ, Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен Сергей Лавров арасында өтетін келіссөзде саяси, сауда-экономикалық, мəденигуманитарлық салалардағы жəне халықаралық деңгейдегі түйткілді мəселелер сөз болады. (Соңы 3-бетте).

философия ғылымдарының докторы, профессор.

Кездейсоқ ешнəрсе болмайды. Табиғатта да, қоғамда да болған оқиғаның алғышарты, заңдылығы болады. Міне, Қазақстан дүниежүзіндегі дамыған елу елдің қатарынан көрініп отыр. Мен мұны біздің дамуымыздың заңды нəтижесі, біздің шыққан құтты биігіміз деп білемін. Соңғы жылдары əлемдегі беделді халықаралық ұйымдар мен аузы дуалы саясаткерлер еліміздің жетістіктеріне лайықты бағасын бере бастаған. Қазақстанның Орталық Азиядағы жетекші елге айналғанын да сырт көз бірінші айтқан еді. Тəжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттеріне қарағанда біздің республикадағы экономикалық жəне əлеуметтік даму қарқыны оқ бойы алда келе жатқаны айдай əлемге анық. Бұл өзімізге де белгілі. Халықтың əлеуметтік тұрмыс жағдайы көтерілген. Жылдан жылға жұмыссыздар қатары азайып келеді, біздің отандастарымыз күнкөріс үшін үйін тастап, өзге елге жұмыс іздеп тентіреп кетпейді. Гастарбайтер деген түсінік қазақстандықтар үшін жат ұғым. Сонау 90-шы жылдардың аяғынан бастап біздегі жалпы ішкі өнім жыл сайын 5-7 пайызға өсіп отырды. Осы қарқын кері кеткен жоқ, алға дамып келеді.

Дамудың тағы бір жəне негізгі көрсеткіші əлеуметтік саланың реформалануы дер едім. Мысалы, ден саулық сақтау, білім беру жəне зейнетақы жүйесін реформалау жөнінен Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағы құрамында болған ел дердің, оның ішінде Ресейді қосқанда, барлығынан озып кетті. Соңғы жылдары үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламаларын жүзеге асыра бастадық. Экономиканы жаңа технологиялар, үздік жобалар арқылы дамыту мақсаты қойылып отыр. Сонымен қатар, Қазақстан табиғи қазба байлықтарға бай болса да, шикізатқа тəуелділіктен арылуға талпыныс жасай бастады. Экономиканың негізін мұнай мен газ құрайды. Алдағы уақыттарда өндіріске енгізетін жаңа технологиялар жəне «жасыл экономика» табиғи байлықты барынша сақтауды қамтамасыз етеді деп ойлаймын. Болашақтағы дамудың өлшемі де осы болар. Біздің экономикалық дамуымыз – елдегі ішкі əлеуметтік жəне саяси жағдай тұрақтылығының кепілі. Сонымен қатар, қазақтармен татутəтті тұрып жатқан түрлі ұлттар өкілінен тұратын елдің бірлігі – өсіп-өркендеу кілті екені анық. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы, дана саясаты осы жетістіктердің барлығының басында тұр. Бұл – заңдылық! ҚОСТАНАЙ.

Ел ырысын арттырады Мансұр КАНТУРЕЕВ,

экономика ғылымдарының докторы.

Санкт-Петербург қаласында өтіп жатқан Бүкілəлемдік экономикалық форумда Қазақстан 148 елдің арасында елуінші орынды иеленгені ресми түрде жарияланды. Бұл қуанарлық жайт. Қуана құптарлығымыз сол – халықаралық ұйымдар мен рей тингтік агенттіктер қалыптастыратын əлемдік бағалау көрсеткіші нəтижесі мен кейбір сəуегейлердің кертартпа сөздерінің арасы жер мен көктей. Сондықтан осынау қуанышты экономистер жан-жақтылы талқылап, мерзімдік басылымдар арқылы елге егжей-тегжейлі түсіндірулері Отан алдындағы перзенттік парызы. Ондағы мақсат қарапайым

халық уақыт талабына ілесіп, ешнəрседен қаймықпай алға басуына мұрындық болу керек. Сонда еліміз өркениетке ұмтылған үстіне ұмтылып, Елбасының сарабдал саясатымен алға басары хақ. Есте ұстайтын мəселе қай салада болмасын шикізат шығарумен шектелмей əр ұжым өзі өндірген өнімін өзі өңдеп сатуға ұмтылуы, соған билік тарапынан қолдау көрсетіліп, жарқын жол ашылуы керек. Отандық оқымыстылар тарапынан электр қуатының балама көздерін ашу қалыптасып келеді. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша өнімдерді экспортқа шығару дұрыс жолға қойылса құба-құп. Сонда қолы қысқа фермерлерге көп мүмкіндіктер туатыны анық. ТАЛДЫҚОРҒАН.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.