24 саєат №176 (28399) 10 ҚЫРКҮЙЕК СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Əлеуеті мол əріптестік Кеше Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханимен кездесті.
Бес мың жылдық тарихы бар Иран мемлекеті – əлемдік қатынастарда өзіндік рөл атқаратын, экономикасы дамыған қуатты елдердің бірі. Бұл елдің біздің ата-бабаларымызбен қарымқатынасы тым көне замандардан басталады. Біз көне тарихта Иран мен Тұран елдерінің қатар өмір сүргендігін білеміз. Мұнан кейінгі Парсы мемлекеттігі кезеңінде бұл халық əлемдік өркениет пен мəдениетте соңынан із қалдырған үлкен елге айналып, жан-жағына ықпалын жүргізіп тұрды. Ал енді қазіргі Иран жағдайына келсек, өзіндік ядролық бағдарламасына сəйкес, Батыс елдері, соның ішінде АҚШ-пен бірқатар кикілжіңді жағдайларды бастан кешіргенімен, көнеден келе жатқан қуатты ел əлемдік аренадағы өз орнын сақтап қалып отыр. Жалпы, Иран экономикасының дамуында мұнай мен газдың жəне елдің орналасқан географиялық орнының маңызы зор. Бұл ел өзінің мұнай қоры жөнінен əлемде үшінші орын алса, газ қорының көлемі жағынан бірінші орында тұр. Қазақстан мен Иран арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 29 қаңтарда орнатылған болатын. Иранның Қазақстандағы елшілігі 1992 жылы ашылса, Қазақстанның Ирандағы елшілігі 1993 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Екі ел Біріккен Ұлттар Ұйымы, Ислам ынтымақтастығы ұйымы, Азия дағы өзара іс-қимыл жəне сенім шаралары жөніндегі кеңес, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Эко номикалық ынтымақтастық ұйымы сияқты халықаралық жəне аймақтық ұйымдар, сондай-ақ, Каспий теңізінің құқықтық мəртебесін айқындайтын арнайы жұмыс тобының аясында өзара əрекеттес еді. Қазақстан мен Иран
сау да-экономикалық, ғылымитех никалық жəне мəдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөнін дегі бірлескен үкіметаралық комиссиясының отырыстары тұрақты түрде өткізіліп келеді. 2010 жылғы маусымнан бастап, ирандық «Махан Эйр» əуе компаниясы Тегеран – Алматы – Тегеран бағыты бойынша аптасына бір рет ұшақ қатынасын орнатып отыр. Ал Қазақстанның «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ, өзінің инвестициялық жобасына сəйкес, 2010 жылдың 19 маусымында Əмірабад портында бірлескен астық терминалы мен ұн дайындау диірменін іске қосты. Қазақстанның батыстағы облыстары Иранның Каспий теңізі жағалауындағы про винцияларымен тікелей сауда-экономикалық қатынастар орнатып, оны дамыту үстінде. Екі ел арасында 60-тан астам мемле кет аралық, үкіметаралық жəне ведомствоаралық құжаттарға қол қойылып, олар екіжақты қатынастардың дамуына өзіндік ықпалын тигізіп келеді. Қазақстанға мемлекеттік сапармен келіп отырған Хасан Руханиді таныстыра кететін болсақ, ол – Иран Ислам Республикасының жетінші Президенті. 1948 жылы елдің солтүстігіндегі Сорхе қаласында дүниеге келген. Əу баста діни білім алған ол кейін Тегеран уни верситетін сот құқығы саласы бойынша бітіріп шығады. 1995 жылы Шотландияның Глазго қаласындағы Календон университетінде «Иран тəжірибесіндегі исламдық заң билігі» тақырыбында магистрлық диссертация қорғайды. 1999 жылы мемлекеттік құқық саласында философия докторы ғылыми мəртебесіне ие болады. Орыс, араб, француз, неміс жəне ағылшын тілдерін біледі. Хасан Руханидің саяси қызметі елдегі сарапшылар кеңесінің мүшесі ретінде басталды. Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі төрағасы
қызметінде жүргенде Иран ның ядролық бағдарламасы жө нінде Еуропа мемлекеттерімен келіссөздер жүргізді. 2013 жылдың 15 маусымында сайлауда жеңіске жетіп, ел президенті қызметіне кірісті. Бір теңіздің жағалауында орна ласқан елдер болғандықтан, Қазақстан мен Иран арасында екіжақты қарым-қатынастардың əлеуеті үлкен. Соған сəйкес шешімін күткен мəселелер де баршылық. Кешегі күні осы мəселелер жоғары деңгейде талқыланды. Алдымен екі ел президенттерінің екеуара кездесуінде Қазақстан мен Иран өзара ынтымақтастығын нығайтып, оны одан əрі дамытудың негізгі жолдары мен тетіктері туралы сөз қозғалды. Соның ішінде экономика, энергетика,
Ынтымаќтастыќќа ыќыластылыќ Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан-Канада» парламенттік достық тобының тең төрағасы Леон Бенуа бастаған Канада Парламентінің делегациясымен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Жүздесушілер екіжақты негіздегі жəне ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының аясындағы ынтымақтастықты нығайту мүмкіндіктерін талқылады. «Канада Қазақ станмен ынты мақтастыққа зор мəн береді. Екі ел пар ламентшілерінің өзара бел сенді іс-қимылы екіжақты қатынастарға серпін қосады», деп атап өтті Л.Бенуа.
Канада депутаттарымен халықаралық мəселелерді талқылай келіп, Қазақстан Сенатының басшысы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше болу ұмтылысында Қазақстанның кандидатурасын Канаданың қолдайтынына сенім білдірді. «Қазақстанның ядролық қарусызданудағы, сондай-ақ, Азиядағы өзара іс-қимыл жəне
сенім шараларын нығайту мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі тəжірибелерін, əлем құрылысындағы дінаралық жəне ұлтаралық үнқатысуды ілгерілетудегі күш-жігерін ескере отырып, бейбітшілікті жəне қауіпсіздікті нығайту жөніндегі ортақ күш-жігерге біздің еліміз елеулі үлес қоса алады», деп атап өтті Қ.Тоқаев. Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының басшысы ретінде Қ.Тоқаев канадалық əріптестерін 2015 жылға жоспарланған бесінші Съезге əзірлік туралы хабардар етті.
инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ, көліктік-транзиттік ын ты мақтастықтың мəселелері қаралды. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Хасан Рухани өзекті халықаралық тақырыптар төңірегінде пікір алмасты. Елбасы Қазақстан мен Иран арасындағы қарым-қатынастар əрдайым тұрақты дамып келгенін жəне бүгінгі таңда бұл ынтымақтастықтың дамуына қажетті зор əлеует бар екенін айтты. Иран Президенті өз кезегінде Иран тарапынан Қазақстанмен қарымқатынасты дамытуға баса мəн берілетіндігіне тоқталып өтті. Тараптардың кеңейтілген құрамдағы кездесуі кезінде Елбасы Қазақстанның Иранды
əлемдегі ғана емес, Каспий өңірі бойынша да маңызды серіктес ретінде қарастыратынын жеткізді. Иранның ядролық мəселесінің де шешімін табатынына жəне осы елдің экономикасының дамуына септігін тигізетіндігіне сенімін білдірді. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Хасан Руханидің мемле кеттік сапары мен осы сапар аясында жоспарланған ҚазақстанИран бизнес-форумы екі ел дің арасындағы экономикалық ынтымақтастықты жаңа сапаға көтеруге мүмкіндік беретіндігін айтты. – Елдеріміздің арасындағы тауар айналымының шамалы төмендегеніне қарамастан, өзара экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі көрсеткіштері жаман емес.
Канада парламентшілерімен кездесті
Парламент Мəжілісінің Спикері Қабиболла Жақыпов «Канада – Қазақ стан» парламенттік достық тобының тең төрағасы, Қауымдар палатасының Табиғи ресурстар жөніндегі комитетінің төрағасы Леон Бенуа бастаған канадалық делегация өкілдерімен кездесті, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі. Бұл – канадалық парла ментшілердің екіжақты дипломатиялық қатынас тарихында біздің елімізге алғашқы сапары. Делегация құрамында Сенат пен Қауымдар палатасының, сондай-ақ, аталған елдің заңнамалық органына кіретін негізгі саяси партиялардың өкілдері бар. Тараптар сауда-экономикалық, мəдени-гуманитарлық ын тымақ тастық аясындағы ауқымды
мəселелерді талқылай келіп, табиғи ресурстар, ауыл шаруашылығы, уран индустриясы, денсаулық сақтау, білім жəне ғылым салаларында өзара іс-қимыл əлеуетінің зор екендігін атап көрсетті. Осы ретте Мəжіліс Төрағасы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласында ҚазақстанКанада қатынастарының стратегиялық маңызын атап өтті.
Самат МҰСА,
«Егемен Қазақстан».
Кітапта Елбасымен əр жылдарда өткен түрлі шараларда кездескен балалардың өмірінен алынған қызықты оқиғалар мен мектеп оқушыларының Мемлекет бас шысы туралы шығармалары топтас тырылған. Сонысыменақ оқыр манды қызықтыратын жинақтың мазмұны тартымды əрі тағылымды болып шыққан. Жобаның орындаушысы – журналист Бейсенбай Дəулетұлы. Жалпы, қазір Президент туралы жазылып жатқан шығармалар аз емес. Жазылған жанрына, көздеген мақсатына қарай Елбасының қайраткерлік,
көшбасшылық тұлғасын түрлі қырынан ашатын туындылардың əрқайсысының арқалаған жүгі, оқырманға айтар өзіндік ойы бар. Біз сөз етіп отырған, екі бөлімнен тұратын «Президент пен перзент» атты жинақ осы қатарды толықтырған дара басылым екенін оқырман бірден-ақ аңғарады. Бірінші бөлімде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен, аз-кем болса да тілдесу мүмкіндігіне ие болған жəне соның өзі кейінгі өміріне зор ықпал еткен жас өрендер туралы баяндалған. Бір кездегі жеткіншектер – бүгінде түрлі саланың жалына жармасып, өз кəсібіндегі биіктерді бағындырып жүрген жастар Елбасымен болған
сол бір жүздесулерді ықыласпен еске алады. Сондағы Президенттің ақ тілектері өмірлеріне ақ батадай əсер еткенін шын пейілдерімен əңгімелейді.
Расында да, кітап кейіп керлерінің өмірдегі жолдары да сəтті өрілген. Бүгінде экономиканың түр лі салаларында абыройлы жұмыс істеп жатқан немесе өнер əлемін де Қазақстанның атын дүниежүзіне паш етіп жүрген олардың қай-қайсысы да ел жастарына үлгі боларлық азаматтар. Кітаптың екінші бөлімінің тартымдылығы да біріншісінен кем түспейді. Өйткені, мұнда мектеп оқушыларының Президент туралы қызықты ой-толғамдары жинақталған. Өздері тұрып жатқан бүгінгі Қазақстан мен оның бет-бейнесін қалыптастырған Н.Назарбаевтың еңбегін балалардың қалай бағалайтыны, елдің болашағын қалай елестететіні қазқалпында берілген. Қорытып айтсақ, «Президент пен перзент» – Елбасының ел өміріндегі мəн-маңызын қазқалпында айшықтаған, шынайы мысалдармен əдемі өрнектеген, қалың көпшілікке арналған кітап.
Ебiней БҐКЕТОВ:
Жақында «Президент пен перзент» атты жаңа кітап жарық көрді. Бұл – Президенттің баспасөз қызметі мен «Айқын» газетінің бірлесіп жүзеге асырған жобасы.
Меймандар біздің еліміздің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына қызығушылық танытты. Халықаралық мəселелерге де айрықша назар аударылды. Тараптар Орталық Азияда тұ рақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде екі елдің ортақ қадамдарын тілге тиек етті. Сондай-ақ, келешекте де екіжақты қарым-қатынасты одан əрі сындарлы дамытуға ынта білдіре келіп, осы жолда заңнамалық органдар арасындағы парламенттік достық топтарының айрықша үлес қосатынына сенім білдірді.
Бүгінгі нөмірде:
● Жаңа кітап
Баєалы басылым
(Соңы 2-бетте).
5-бет
ЌАРЌАРАЛЫНЫЅ СОЅЄЫ ЌАБЫЛАНЫ
9-10-беттер
Ақпарат агенттіктері материалдарының негізінде əзірленді.
Стадиондаєы сўхбат 7-бет
«Егемен Қазақстан».
БЕЛГІЛІ ЖАЙДЫЅ БЕЛГІСІЗ БЕТТЕРІ
Сұңғат ƏЛІПБАЙ,
Екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Қазақстан-Иран сауда үйін ашуды ұсынамын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Хасан Рухани Иран Қазақстан мен қарым-қатынастарын дамытуға мүдделі екенін, мұны Иран делегациясының құрамында жеке бизнес өкілдерінің болуы айғақтай түсетінін жеткізді. Екіжақты келіссөздердің нəтижесінде бірқатар келісімдерге қол жеткізілді. Ел басшыларының Бірлескен мəлімдемесі қабылданды. Сондай-ақ, Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мен Иран Сыртқы істер министрлігі арасында ынтымақтастық туралы бес жылдық бағдарлама қабылданды. Оған екі елдің сыртқы істер министрлері қол қойды. Қазақстан Үкіметі мен Иран Үкіметі арасында жолаушылар мен жүктердің халықаралық автокөлік тасымалы туралы да келісім жасалды. Екі ел арасындағы саудаэкономикалық жəне инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың жол картасы бекітілді. Мұнан кейін екі ел Президенті журналистермен бірлескен баспасөз мəслихатын өткізді. Нұрсұлтан Назарбаев елімізге алғашқы сапары үшін Х.Руханиге ризашылығын білдірді. – Екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту үшін Сіздің бұл сапарыңыздың маңызы өте зор. Иран – əлемдегі аса ірі жəне маңызды əріптесіміз əрі Каспий жағалауындағы тату көршіміз, – деді Қазақстан басшысы. Қазақстан Президенті жүргізілген келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар нақты мəселелері талқыланғанын айтты. – Біз жол картасына қатысты басымдықтарды айқындап, тиісті тапсырмалар бердік. Сапар аясында қол қойылған құжаттар тау-кен өндірісі, мұнай-газ, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ, ғылыми зерттеулер мен жаңа технологиялар саласындағы екіжақты қарымқатынастарды қамтиды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Иракта жаңа премьерминистр сайланды. Хайдер Абадидің кандидатурасын ел парламенті қолдап дауыс берді. БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Х.Абадиге Ирактың күш құрылымдары ведомстволарының басшыларын тезірек тағайындауды тапсырды. Енді жаңа үкімет басшысы исламшылармен күреске бел шеше кіріседі деген үміт бар. Чили астанасы Сантьяго қаласындағы шағын сауда орталықтарының бірінде жарылыс болды. Сегіз адам түрлі деңгейде жарақат алды. Жергілікті билік мұны террорлық акт деп танып отыр. Лаңкестікке жауапкершілікті əзірше ешқандай ұйым өз мойнына ала қойған жоқ. 2015 жылы Біріккен Араб Əмірліктеріндегі Дубай қаласында аумағы жөнінен əлемдегі ең үлкен сауда орталығы салына бастайды. Ол «Шатыр астындағы қала» ауқымды жобасының бір бөлшегі болып табылады. Құрылыс аяқталғанда сауда орталығына жылына 180 миллион адам келеді деп жоспарланған. Қазіргі ең үлкен сауда орталығы да Дубайда орналасса, өткен жылы оған 75 миллион адам барыпты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мəлімдемесінде Либерияда Эбола безгегінің таралуы күшейе түсетіні атап көрсетілді. Кеше ДДҰ қауіпті вирусты жұқтырғандардың санын жариялады. Қазірге дейін Эболадан көз жұмғандар саны 2105 адам делініп отыр. Оны жалпы жұқтырғандар саны 3944 адамды құрайды. Нидерланд Малайзия əуе компаниясының үстіміздегі жылдың 17 шілдесінде Украинаның Донецк қаласы маңында апатқа ұшыраған «Боинг-777» жолаушылар ұшағы туралы тексерулердің алдын ала нəтижелерін жария етті. Құжатқа сəйкес, ұшақ сыртқы əсердің салдарынан жерге құлаған. Сауалнама нəтижесі Шотландияның Біріккен Корольдік құрамынан шығуын жақтайтындар саны алғаш рет көпшілікті құрағанын көрсеткен. Енді Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон 300 жылдан бері келе жатқан одақты сақтап қалу үшін осы мəселе бойынша жақында өтетін референдум алдында Шотландияға қосымша жеңілдіктер ұсынуы ықтимал. Ресей мен Қытай бірлесіп жаңа жолаушылар ұшағын жасау жөнінде уағдаласпақ. Бұл туралы келісімге ал дағы қазан айын да қол қойы лып қалуы мүмкін. Сөйтіп, екі держава бүгінде басымдыққа ие Еуропаның «Аэробус» жəне Американың «Боинг» ұшақтарын өз рыноктарынан ысырып шығармақ. Польша премьер-министрі Дональд Туск Еуропа Кеңесі төрағалығына сайланды. Енді елге үкімет басшысы болып екінші рет əйел адам келуі мүмкін. Польша парламентінің спикері Эва Копач қазірдің өзінде қажет деп табылған жағдайда үкімет басына келуге дайын екенін мəлімдеп үлгерді. «Польшаның игілігі үшін кез келген қызметке əзірмін», деп мəлімдеді ол.
л ө к к ө К 14-бет