10092015

Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№172 (28650) 10 ҚЫРКҮЙЕК БЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Наќты тапсырмалар берілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысының əкімі Даниал Ахметовті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесуде Д.Ахметов Мем лекет басшысына əлеуметтікэкономикалық ахуал, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы, сондай-ақ, өңірдегі аграрлық сектордың дамуы жөнінде баяндады. Қазақстан Президенті əлемдік экономикадағы қиындықтар елдегі ахуалға əсерін тигізіп отырғанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев елдің ірі өнеркəсіптік орталығы болып саналатын Шығыс Қазақстан облысы үшін осы кезеңді жаңа жағдайда айтарлықтай ауыртпалықсыз өткеру маңызды екеніне тоқталды. Шығыс Қазақстан облысының əкімі өнеркəсіп саласындағы жағдайды баян етті. «Өнеркəсіп өнімінен басқа əлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің бəрі алдыңғы кезеңдегіден жоғары. Бұл бірінші кезекте валюта нарығындағы жағдайға

байланысты. Бірақ бүгінгі таңда ахуал оңалып келеді. Мысалы, «Қазмырыш» кəсіпорнында бірінші жартыжылдықта өнім өткізудегі іркіліс 10 миллиард теңге болған, қазір ол 3 миллиард теңгеге дейін қысқарды», – деді Д.Ахметов. Сонымен қатар, Д.Ахметов «АЗИЯ АВТО» зауытындағы жағдай туралы да айтты. «Рубльмен арадағы баға айырмасына байланысты зауыт сатылымнан 55 миллиард теңге зиян шекті, бұл шамамен 12 мың машина. Қазір бұл мəселе де шешіліп жатыр. Валюталық теңгерімді қалпына келтіру арқасында біздің автомобильдердің сатылымы өсіп келеді», – деп атап өтті облыс əкімі. Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Даму стратегиясыныѕ негізгі басымдыќтары

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазатомөнеркəсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасы Асқар Жұмағалиевті қабылдады, деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі. Кездесу барысында А.Жұмағалиев Елбасына ұлттық атом компаниясы – «Қазатомөнеркəсіп» ҰАК» акционерлік қоғамының негізгі мақсаттарын айқындайтын даму стратегиясы бекітілгенін баяндады. Қазақстан Президенті экономикалық көрсеткіштерін жақсарту үшін компанияның салалық емес активтерінен арылуы қажеттігін айтты. – Тəуелсіздігіміздің бас тапқы кезеңіндегідей, жекешелендіруді батыл жүргізу керек. Тікелей қызметке – уран өндірісіне ден қойып, қалған активтердің бəрін жеке меншікке беру қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. «Қазатомөнеркəсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасы өндірісті əртараптандыру

мен ядролық отын циклының барлық буынына ену, сондайақ, тиімділікті арттыру, компанияны, соның ішінде өндіру кəсіпорындарын трансформациялауды жүргізу даму стратегиясының негізгі басымдықтарына жататынын айтты. А.Жұмағалиев стратегияны жүзеге асыру «Қазатомөнеркəсіп» ҰАК» АҚ-тың құнын арттырып, оның əлемдік уран өндірісі нарығындағы көшбасшылық орнын сақтап қалуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді. ----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Зерттеу нəтижелері зор мəнге ие Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырəліні қабылдады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі. Кездесу барысында Д.Қыдырəлі Мемлекет басшысына академияның қазіргі қызметі, жеткен жетістіктері мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады. Қазақстан Президенті Түркі академиясының түркітілдес мемлекеттердің тарихы мен мəдениетін жан-жақты əрі терең зерттеу тұрғысындағы қызметі маңызды екеніне назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев жүргізілген зерттеулер нəтижесі түркі əлемінің

рухани-мəдени мұрасын сақтау жəне танымал ету үшін зор мəнге ие екенін айтты. Д.Қыдырəлі академия халықаралық мəртебе алып, ЮНЕСКО, ИСЕСКО сияқты жетекші халықаралық ұйымдармен байланыс орнатқанын мəлімдеді. Академия жыл бойы халықаралық конференциялар өткізіп, экспедициялар ұйымдастырды, сондай-ақ, ғылыми-зерттеу еңбектерін жариялап, жалпы түркі тарихы туралы оқулық əзірледі.

 Президент поштасынан

Ўлт жоспары – ел ертеѕін еѕселендіретін ерекше ќўжат Елбасы Н.Назарбаевтың атына «Бес институттық реформаны жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспары – 100 нақты қадамды» қолдаған хаттар мен жеделхаттар келіп жатыр, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысының атына Қазақстанның одан əрі қарқынды

дамуына жəне халықтың əлауқатын арттыру ісіне қуатты

Ґзін ґзі реттеу дербес шешілгенде ўтымды

Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыповтың жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында депутаттар құрылыстағы баға белгілеу, өзін өзі реттеу, арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру, сауда қызметін реттеу мəселелеріне құрылған заң жобаларын қарады. Сондай-ақ, Мəжіліс екі халықаралық келісім мен бір хаттаманы қарап, мақұлдауды ұйғарды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан».

Күн тəртібіне шығарылған «Қазақстан Республикасы ның кейбір заңнамалық актілеріне құрылыстағы баға белгілеу, сəулет-құрылыс бақылауын, сондай-ақ, объектілерді

пайдалануға қабылдауды жүзеге асыру мəселелері бойынша өзгерістер мен толық тырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылым да қараған депутаттар оны қолдау керек деп шешті. (Соңы 7-бетте).

серпін беруі тиіс Ұлт жоспарын қабылдаудың маңыздылығы атап өтілген хат-хабарлар елдің барлық өңірінен келіп түсуде. Талдықорған қаласының жəне Алматы облысы аудандарының қоғамдық бірлестіктерінің

өкілдері, жұмысшылар мен жоғары оқу орындарының студенттері, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері Ұлт жоспарын табысты жүзеге асыру Қазақстанға əлемдік экономикадағы кез келген қиындықты еңсеруге жəне одан əрі дамуға қажетті қосымша қуат көзін алуға мүмкіндік беретінін атап өткен. (Соңы 7-бетте).

 Тəуелсіздік толғауы

Нўрсўлтан НАЗАРБАЕВ:

ТАРИХИ СЕНІМДІЛІК – БІЗДІЅ ЎЛЫ ТІРЕГІМІЗ Ертеңгі күн ел тарихындағы есте қалар күндердің бірі болмақ. Ертең, яғни 2015 жылғы 11 қыркүйекте биылғы аса мəнді мерекелердің бірегейі – Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ауқымды ісшаралардың ең маңыздысы өткізілмек: Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тəуелсіздік сарайында мемлекет тарихындағы осы ұлы белес туралы сөз сөйлейді, еліміздің кешегісі, бүгіні мен болашағы туралы ой толғайды, Отанымыздың тарихи тамыры терең екендігін, туған жердің қойнауынан нəр алған Бəйтеректің көкке өрлеп, жапырағы жайқала беретінін дүйім дүниеге əйгілейді. «Бүгінгі қазақ халқы – сонау есте жоқ ескі замандарда-ақ тұлпарлардың тұяғымен дүниені дүр сілкіндірген көне сақтардың, ежелгі ғұндардың, байырғы түркілердің ұрпағы, үлкен үйдің қара шаңырағын атажұртта сақтап қалған халық», деп сонау 1992 жылдың өзінде, тəуелсіздіктің таңсəрі шағында, Дүние жүзі қазақтарының бірінші құрылтайында айтқан Елбасымыз осы жылдардың өн бойында тарихқа құрметпен қараудың, өткенімізден өнеге алудың үйренерлік үлгісін көрсетумен келеді. Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын бүкіл халық болып мерекелеу Тəуелсіздіктің, тек қана Тəуелсіздіктің арқасы екендігі айдан анық. Бүкіл əлемде қабылданған мерейтойлық өлшем бойынша 550 жылдықпен салыстырғанда, мысалы, 500 жылдық, яғни жарты мыңжылдық əлдеқайда салмақты дата болып табылатыны белгілі. Ол дата 1965 жылға сəйкес келген еді. Сол жылы Қазақ хандығының 500 жылдығын атап өту тұрмақ, ондай мəселе атымен қозғалмаған, тіпті Ғылым академиясының өзінде не арнаулы мəжіліс, не конференция ұйымдастырылмаған. Қайран Қадыр ақынның: «Біздің тарих бұл да бір қалың тарих, оқулығы жұп-жұқа бірақ-тағы» деп астарлай айтатыны сол кезде еді. Одан бертінде, демократия желі есіп, жариялылық кең жайылып жатқан 1990 жылы да хандықтың 525 жылдығы аталған жоқ. Өйткені, тəуелсіздік тізгіні əлі қолымызға тимеген болатын. Тарихымыздың осынау абыройлы белесінің өз деңгейінде, лайықты аталуы халықтың өткенінен өнеге, тағылымынан сабақ алуды тəуелсіздіктің бір тірегі,

еңселі ертеңіміздің сенімді кепілі санайтын Елбасымыздың ерен еңбегі екендігі тағы талассыз. Басқаны былай қойғанда, Нұрсұлтан Назарбаевтың осы тақырыпқа «Тарих толқынында» атты тұтас кітап шығаруының өзі Елбасымыздың тарихқа қандайлық мəн беретінін көрсетеді. Президенттің «Қазақ тарихында қазақ ұялатын ештеңе жоқ» деген бір ауыз сөзінің өзі бізді ата-бабаларымыз үшін мақтаныш сезіміне бөлейді, қазақтың ендігі тарихында да сондай ізгі із қалдыруға үндейді. Нұрсұлтан Назарбаевтың осы ширек ғасырға жуық уақыт аралығында сөйлеген сөздерін, жасаған баяндамаларын, берген сұхбаттарын зерделеп қарағанда біз Ұлы Дала елінің бүгінгі биігі тарих тағылымын ұғынудағы дара даналықтың да арқасы екенін анық көреміз. «Өткеннің өнегесі – бүгінгінің баға жетпес байлығы» екенін ескертетін, «Өткенге қарап ертеңіңді түзе» деп өрелі биікке шақыратын Елбасымыздың 2014 жылы жарық көрген тоғыз томдық «Таңдамалы сөздеріндегі» тарих туралы толғаныстарынан топтама түзіп, ел газетінің екі бірдей бетіне айқара жайып, ағайынға ұсынуды орынды көрдік. Оқыңыз. Ойланыңыз. Қиып алып, сақтап та қойыңыз. Тарих көшін алғы күндерге лайықты жеткізу жөніндегі жауапкершілік жүгін де салмақтап көріңіз. Дүн-дүние дүрлігіп, адамзат атаулы тағы бір жаһандық сынақпен бетпе-бет келіп жатқанда, дағдарыстың бұл толқыны бір емес, екі емес, бірнеше жылға созылғалы тұрғанда Президентіміздің: «Тəуелсіздіктің тайғақ кешулі жолында алдымыздан шығатын асу-асу белдер де болады. Ұлттың ұлан асуында ұйытқып соғатын желдер де болады. Сол асу-асу белдерде белімізді талдырмауымыз керек. Сол ұйытқи соғатын желдерде ұлы мұраттарымызды ұмыт қалдырмауымыз керек. Нағыз тəуелсіздікке қиын істе тəуекелге бара алатындардың ғана қолы жетеді» деген сөзі бүгінде қаншалықты көкейкесті екендігіне зер салыңыз. Сонда біз басымыздағы бүгінгі бақтың бағасын біле түсеміз, ертеңгі күнге сенімдірек бола түсеміз. Өйткені, біздің ұлы мұратымыз – Мəңгілік Ел!

––––––––––––––––

Елбасымыздың тарих туралы толғаныстарынан алынған үзік үзінділер «Егемен Қазақстанның» 2-3-беттеріне беріліп отыр.

 Тілшіге тығыз тапсырма

БАЄА БАЄЫНУЛЫ МА? Жекелеген облыс орталықтарындағы азықтүлік бағаларының қозғалысынан хабар дайындау жөнінде газеттің өңірлердегі меншікті тілшілеріне тығыз тапсырма берілген еді. Олардан келіп түскен хабарлар теңге бағамының еркін айналымға шығарылғанына қарамастан жалпылай алғанда халық үшін маңызды азықтүлік тауарларының бағасы тұрақты деңгейде сақталынып отырғандығын көрсетіп берді. Əрине, мұның өзі ел кəсіпкерлерінің мемлекеттің теңгеге қатысты саясатын дұрыс түсініп, қолдап отыр ғандығын білдіреді. Сонымен қатар, жергілікті билік органдарының осынау

 Бəрекелді!

Єарыштаєы ќымыз

Ќазаќ таєамтану институтыныѕ жылќы еті мен сїтінен жасаєан ґнімдері ўлттыќ брендке айналады Тоқтар, Талғат ағаларының ізін жалғастырып, Көк байрағымызды желбіретіп үшінші кезекте ғарышқа жол салған Айдынымыздың қазақтың атын төрткүл дүниеге мəшһүр еткені ел мерейін асыра түсті. Рас, ғарыш – адамзат баласы үшін тылсым дүние. Өйткені, оны бағындырудың біз біле бермейтін өз заңдылықтары, жұмбағы бар. Мəселен, ғарышта ұшып жүрген кезеңдегі салмақсыздық жағдайындағы тамақтанудың өзіндік қыр-сыры, құпиясын алайық. Жалпы əлемде көк жүзіне лайықталған тамақтану мəселесі жолға қойылған. Ал бірақ қазақ ғарышкерлері үшін арнайы жасалған ұлттық ас мəзірінің жөні де, мəні де өзгеше. Əсіресе, ғарыш эпопеясы қызып

Тараптар тайталасы тоќырау толќынын тудырып тўр 4-5-беттер Бензин тапшылыєы азаяды 7-бет Топыраќ тозып барады 8-бет «Тəтті алма» – сəтті жоба 10-бет

тұрған тұста Қазақ тағамтану академиясының арнап сəйкестендірілген құрамы күрделі, қауіпсіз тамақ жасап шығаруы – отандық ғылымымыздың жетістігі, ұлттың мақтанышы. Қырық жылдан астам тарихы бар Қазақ тағамтану академиясын басқарып, бүгінде отандық ғылым – нутрициологияны қалыптастырумен бірге, оны халықаралық деңгейге көтеруге өзіндік үлес қосып отырған аталмыш мекеменің президенті Төрегелді ШАРМАНОВҚА жолығып, бүгінде көкті тіліп ғарышта жүрген ғарышкерлерге арналған қазақтың ұлттық тағамдары жайлы сұраған едік. (Соңы 7-бетте).

аумалы-төкпелі уақытта жедел қимылдап, қажет ті шараларды жүйелі түрде жүргізіп отырғандығын аңғарамыз. Меншікті тілшілер өз ақпараттарында тек қант баға сының көтерілгендігін жарыса атап көрсетіпті. Соған қарағанда, бұл нарық заңдылығынан туындап отырған маусымдық өзгеріс пе деп қалдық. Қалай алып қарағанда да мұның себебін іске қатысы бар орталық органдар анықтай жатар деген ойдамыз. ––––––––––––––––

(Осы тақырыптағы топтаманың соңын 8-беттен оқисыздар).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.