10102013

Page 1

Бүгінгі нөмірде: «Нұр Отанның» жаңа Доктринасы

– тың белестерге бастайтын ғасыр құжаты

№230 (28169) 10 ҚАЗАН БЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Ўлттыѕ ўлылыєын ўлыќтайтын тўс

Адамзат ақыл-ойының тамаша табыстарының бірі – Бүкілəлемдік жетістіктер көрмесін ұйымдастырудың 160 жылдан астам тарихында Орталық Азия аймағы, тіпті ТМД елдерінің ешқайсысында да халықаралық көрме жалауы желбіреп көрген жоқ. Арғы-бергі тарихта солардың ішінде тəуелсіз Қазақстан бұл жаһандық жауапкершілікті тұңғыш көтергелі отыр. Астанада өтетін ЭКСПО-2017-нің маңыздылығы да осында. Сондықтан

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен ЭКСПО-2017-ні ұйымдастыру жəне өткізудің Ұлттық жоспары жасалды. Бұл Ұлттық жоспарды іс-жүзіне асыру міндеті арнайы құрылған «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-қа жүктелді. Осыған орай біз ат қа рылып жатқан жұмыстар мен алда тұрған міндеттер хақында осы акционерлік қоғамның басқарма төрағасы Талғат ЕРМЕГИЯЕВТІ əңгімеге тарттық.

 Ел тынысы: мың бір мысал

1 миллион тонна Алтайдыѕ алтын астыєы Кенді Алтайдың ауылшаруашылық қызметкерлері, диқан-механизаторлары еңбек жеңісіне ие болды. Ауа райының жауынды-шашынды, қолайсыз болғанына қарамастан бүгінгі күні өңір дегі дəнді-дақылдар толығымен жиналып, тұңғыш рет 1 миллион 23 мың тонна алтын астық мемлекет қамбасына құйылды. Биылғы астықтың шығымы ерен – гектарынан 18 центнерден, Зырян, Глубокое, Шемонаиха, Бородулиха, Үржар, Ұлан аудандарында 20-25 центнерге дейін егін орылды. Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Шығыс Қазақстан облысының егін өсірумен шұғылданатын шаруа қожалықтары, диқанмеханизаторлар бұл табысқа жерге минералды тыңайтқыштарды сіңіру, прогрессивті технологияны батыл қолдану, жаңа техниканы сатып алу нəтижесінде қол жеткізді. Оның үстіне облыс əкімі Б. Сапарбаевтың бастамасымен соңғы үш-төрт жылда өңірде егістік көлемі 300 мың гектарға ұлғайды. Биыл 1293,7 мың гектарға дəнді-дақылдар егілді. Өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда, ол 77,6 мың гектарға артық. Сонымен бірге, облыстың ауылшаруашылық құрылымдарына 3465 миллион теңгеге жаңа техника сатып əперілді. – Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында ауыл шаруашылығын түбегейлі жетілдіру, экспортқа астық, көкөніс жөнелтуді дұрыс жолға қою мəселесі тапсырылғаны белгілі. Бұл орайда, өңір басшысының бастамасымен ауылшаруашылық құрылымдары ілкімділік пен ізденістер танытуда. Күнбағыс, ұн, өсімдік майы, ет өнімдері, бал жəне көкөніс дақылдарын экспортқа шығаруда жақсы нəтижелерге қол жеткіздік. Мəселен, өткен жылы

экспортқа 2,6 миллиард теңгенің, ал биылғы 8 айда 4,7 миллиард теңгенің ауылшаруашылық өнімдерін жөнелттік. Биылдың өзінде облыс орталығында барлық аудандар мен қалалардың ауылшаруашылық жəрмеңкелері өтіп, қала тұрғындары арзан ет, сүт, көкөніс өнімдерін сатып алды. 12-14 қазанда Алматы қаласында Шығыс Қазақстан облысы мəдениетінің күндері жəне жəрмеңкесі өтеді. Мұның алдында Астанада облыс жəрмеңкесі күндері жұрт есінде қалатындай мəнді де сəнді өткені белгілі. Сонымен бірге, өңір басшысының бастамасымен Шығыс Қазақстан облысының жəрмеңкесі бірқатар облыстарда атап өтілмек, – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Дүйсембай Селиханов. Облыс диқандарының еңбектегі ерен табыстары жалғаса бермек. Шығыс Қазақстан облысы.

– Талғат Амангелдіұлы, Елбасының тапсырмасымен ЭКСПО-2017 көрмесін өткізудің Ұлттық жоспары жасалды. Осы жоспарға байланысты акционерлік қоғамға жүктелген міндеттерді саралап өтсеңіз. Акционерлік қоғамның бірінші кезекте атқаратын жұмыстары қандай? – Қазіргі кезде ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің Тіркеу құжаттамасы əзірленіп болды. Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) талаптарына сай көрмені қабылдайтын қала көрмені сəтті ұйымдастыруға бағытталған, негізгі ісəрекеттерді сипаттайтын, сонымен қатар, олардың орындалу мерзімін белгілеген көрме құжаттарының жинағын ұсыну керек. Тіркеу құжаттамасы бекітілмейінше, біз Халықаралық көрмелер бюросының туын ала алмаймыз. ХКБ-ның бүкілəлемдік көрмелер өткізу жөніндегі өзінің заңнамалары бар. Көрме өтетін елге келетін адамдар мен тасылатын жүктерді мемлекеттер арасындағы кеден салығынан босату жəне басқа тəртіптері бар. Осыған байланысты біз заң жобасын жасап жатырмыз. Тіркеу құжаттарының ішінде осының бəрі реттеледі. ХКБ-да тиісті тіркеуден өтіп, туды алғаннан кейін көрмеге қатысатын мемлекеттерді, компанияларды шақыру сияқты жұмыстар басталады. Тіркеу құжаттамасының соңғы нұсқасын Қазақстан ХКБ-ға биылғы жылдың күзінде тапсырмақ. Одан кейін көрмені тіркеу рəсімі бар, 2014 жылдың жазында бізге ресми түрде ХКБның туы тапсырылып, біз көрмені өткізуге белсенді түрде кірісеміз. Биылғы жазда қазақстандықтар белгілі Интернет ресурстар мен əлеуметтік желілер арқылы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің жаңа логотипі үшін дауыс берді. Халықтық дауыс беру қорытындысы бойынша жəне Мемлекеттік комиссияның шешімімен ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің жаңа фирмалық белгісі ретінде «Жел энергиясы» логотипі бекітілді. – Көрме өткізілетін кезеңде Астанаға қанша турист келеді деп күтілуде? Жалпы, Астана көрмесіне туристерді көптеп тарту үшін не істеу керек? Туристерді қызықтыратын қандай ұлттық бағыттар мен тақырыптар бар? – Жалпы, 2017 жылы ЭКСПО көрмесіне 2-3 млн. адам келеді деп жоспарлап отырмыз, оның 85 пайызын қазақстандық азаматтар құрайды. Сонымен қатар, Елбасымыз Қытайда ресми сапарымен болған кезде, 2017 жылды Қазақстандағы Қытай туризмі жылы деп жариялау туралы ҚХР Төрағасымен келісті. Сонда елімізге келуші туристер қатары артады жəне ҚХРдың арнаулы павильоны салынатын болады. Сөйтіп, ұлы көршіміз бізге өте ауқымды іс-шараны өткізуге көмектесетін болады.

Еуроодаќпен ыќпалдастыќтыѕ жаѕа кезеѕі

Қазақстан сыртқы саясат ведомствосының басшысы Ерлан Ыдырысовтың Еуропа Парламентінің депутаты, Еуропа Халықтық партиясының Вице-президенті Марио Дэвидпен кездесуі өтті, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. Əңгімелесуші тараптар Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақтың сауда-экономикалық, саяси ынтымақ тастығы, ғылым, технология, инновация жəне энергетика саласындағы жаңғыртулар, сонымен қатар, аймақтық жəне халықаралық қауіпсіздік мəселелерінде өзара əрекеттесу жайын талқылады. Е.Ыдырысов өткен маусым айында Еуропалық Комиссиясының төрағасы Жозе Мануэль Баррозудың Қазақстанға сапарының маңызды қорытындысы ретінде Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасында кеңейтілген əріптестік пен ынтымақтастықтың жаңартылған шартын дайындауды тездету туралы келісімге қол жеткізілгендігі жөнінде хабарлады. ҚР СІМ басшысы алдағы келіссөздер үдерісін ілгерілетуге жəне келісімдерге қол қоюға Қазақстанның мүдделілігін атап айтты. Əңгіме барысында қазақстандық сыртқы сауданың жартысына жуығы үлесіне тиесілі Еуропалық Одақтың Қазақстанмен ірі саудаэкономикалық əріптестігі туралы əңгіме қозғалды. ҚР-ЕО сыртқы сауда айналымы 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында шамамен 26 млрд. АҚШ долларын құрады.

(Соңы 3-бетте).

2-бет Жер иесіз болмауы тиіс 4-бет Эпос Эйфелі 5-бет Табысқан тамырлар 8-бет

Салыќ салмаєы

аса ауќатты адамдар иыєына тїседі Мəжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында депутаттар салық салу, бюджет заңнамасын жетілдіру мəселелеріне қатысты заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу заң жобаларын қарады. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Алдымен күн тəртібінде қаралған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Заң жобасы бойынша баяндама жасаған Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевтың мəлімдеуінше, заң жобасы салық саясаты жəне салықтық əкімшілендіру мəселелерін қозғайды. Соның ішінде темекі жəне алкоголь өнімдеріне акциздер мөлшерлемесін арттыру көзделсе, ол тек күшті алкоголь ішімдіктеріне қатысты. Ал алкоголі аз өнімдерге деген бағаны көтеру келесі жылға жоспарланған. Министр осы ретте жоғары технологиялық өнім өндіруді дамыту үшін жеке арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асырылатын қызметтің басым түрлерінің тізбесі кеңейтілетінінен де хабардар ете кетті. Оның айтуынша, қорғау шараларын қабылдау мақсатында

импортқа шығаратын елге салық салынатын акцизделетін тауарлардың қосымша тізбесін бекіту бойынша Үкіметтің құқығы заң жобасы шеңберінде бекітіледі. Бұл өз кезегінде еліміздің экспортына қатысты егер кемсітушілік шараларды саудадағы əріптес елдер қолданған жағдайда оларға барабар ден қоюға мүмкіндік береді. Мəжілісте «Нұр Отан» партиясының фракциясы жеке тұлғалардың мүлкі мен көлік құралдарына салықтың мөлшерлемелерін өзгерту ұсыныстары тұжырымдамалы қолданылғанын да министр ерекше атап кетті. Онда депутаттар қозғалтқыш көлемі 4 мың текше см-ден асатын көліктерге қатысты болуы қажеттігін айтқан-ды. (Соңы 2-бетте).

Сайлау барысын байќауєа ќатысты Қазақстан Республикасы Орта лық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Əзербайжан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мазахир Панаховтың шақыруымен 2013 жылғы 9 қазанда өткен Əзербайжан Республикасындағы президенттік сайлау барысын байқауға қатысты. ҚР ОСК төрағасы Баку қаласындағы бірнеше сайлау учаскелерін аралап өтті. Сапар барысында Қ.Тұрғанқұлов Қазақстан Республикасының Əзербайжан Республикасындағы

Төтенше жəне өкілетті елшісі Амангелді Жұмабаевпен бірге Əзербайжан ОСК-нің төр ағасы Мазахир Панаховпен, сондай-ақ, ТМД-дан байқаушылар миссиясының тобымен кездесті. Қазақстан Республикасынан Əзербайжандағы президенттік сайлауды байқауға ЕҚЫҰ, ТМД жəне Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің құрамында 49 қысқа мерзімді жəне бір ұзақ мерзімді байқаушы қатысуда. «Егемен-ақпарат».

Ілтипатты ынтымаќтастыќ Қазақ елінің елордасында Ресей Федерациясы Башқұртстан Республикасының күндері өтіп жатқанын бұдан бұрын да айтқан едік. Сол игілікті істің аясында Астана қаласының əкімі Иманғали Тасмағамбетов пен Уфа қаласының қалалық өңірі əкімшілігінің басшысы Ирек Ялалов екі қала арасындағы Достық жəне ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Сүлеймен МƏМЕТ,

«Егемен Қазақстан».

Бұл келісім сауда-экономикалық, мəдениет пен өнер, өзге де гуманитарлық салалар, басқа да құрылымдар бойынша өзара қарым-қатынастарды кеңейтуге бағытталған. Сол секілді, Астана мен Уфа қалаларындағы көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, байланыс жүйелеріндегі озық тəжірибелер бойынша ақпараттар алмасуға келісілді. Мұнымен қатар, халық Тағайындаулар Мемлекет бас шысының Жарлықтарымен: Қайрат Қайыр бек ұлы Лама Ша риф Қазақстан Респуб ли касының Біріккен Араб Əмірліктеріндегі Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметіне; Қазақстан Рес публикасының Венгриядағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Нұрбах Тұрарұлы Рүстемов Қазақстан Респуб ликасының Сербия Республикасындағы, бұрынғы Югославияның Македония Республикасын дағы Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

шоғыры мол қалаларды таза ауызсумен қамтамасыз етудің жаңа технологияларын енгізу, қоршаған ортаны қорғау, тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, табиғи немесе техногенді сипаттағы дүлей апаттар мен төтенше жағдайлар зардаптарын жою, экологиялық сақтандыру мен экологиялық сертификаттауды енгізуді жетілдіру бойынша жобаларды жүзеге асыру да жан-жақты ойластырылған. Ал ғылым жəне жоғары технологиялар, білім беру, денсаулық сақтау, мəдениет, жастар саясаты, денешынықтыру жəне спортты дамытудағы серіктестікті өрістету де келісімнен көрініс тапқан. (Соңы 2-бетте).

АҚПАРАТТАР аєыны  Өткен 9 айда ауыл шаруашы лығы өнімдерінің бағасы 3,4 пайызға төмендеді. Биылғы қыркүйекте былтырғы желтоқсанмен салыстырғанда, ауыл шаруашылығы құрылымдары өткізген өсімдік шаруашылығы өнімі 4,1, мал шаруашылығы өнімі 2,5 пайызға арзандады.  Кеше Астанада «Жас ұлан» əскери əндер фестивалі басталды. Финалға үшінші іріктеу турынан өткен əскер түрлерінің, тектерінің жəне өңірлік қолбасшылықтардың жеңімпаздары қатысады. Ал лауреаттар гала-концерті 12 қазанда астаналық «Конгресс-холл» концерт залында өткізіледі.  «Қазақстан» арнасы «Шетелдегі қазақ балалары» атты жобаны көрермен назарына ұсынады. Арнайы жоба 13 қазан күні сағат 17.20да жарыққа шығады. «Шетелдегі əрбір

қазақ баласы өзінің «Қазақстан» деген Отаны бар екенін біліп өсуі керек», – дейді жобаға қолдау көрсеткен корпорация басшылығы.  Оңтүстік Қазақстанда үздік ұстаздарға планшеттер сыйға тартылды. Шымкентте кəсіби мерекеге орай өткен салтанатты жиынға аймақтың барлық ауыл да рынан жүздеген оқытушы келді. Сонымен қатар, аймақтың үздік 10 мектебіне 14 млн. 928 теңге бөлінді.  «Жұмыспен қамту» бағдарлама сы аясында Оңтүстіктің 72 отбасы баспаналы болды. Оларды Бəйдібек, Қазығұрт, Мақтарал, Отырар, Сайрам, Сарыағаш, Созақ, Төлеби, Түлкібас аудандарынан, Арыс, Түркістан, Шымкент қалаларынан бағдарлама санатына жататын əулеттер алды. «ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.