Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Брюссельге сапары үлкен табыспен қорытындыланды. Қазақстан Республикасы Еуропалық одақпен екінші буын келісіміне қол қоятын Орталық Азиядағы бірден-бір мемлекетке айналды.
№198 (28421) 10 ҚАЗАН ЖҰМА 2014 ЖЫЛ
Серіктестіктіѕ серпінді кезеѕі
Ќазаќстан мен Еуропалыќ одаќ арасындаєы ќатынастар жаѕа деѕгейге кґтерілетін болады Сұңғат ƏЛІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан» – Брюссельден.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, кеше Брюссельде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуропалық комиссияның төрағасы Жозе Мануэль Баррозумен кездесті. Бұл кездесудің маңызын ашу үшін əңгімемізді ең алдымен негізгі атқарушы органы Еуропалық комиссия болып табылатын Еуропалық одақ атты алып ұйым мен оның басқару құрылымдарынан бастағанды жөн көріп отырмыз. Еуропалық одақ (ЕО) осы құрлықта орналасқан мемлекеттердің əлемдегі аса ірі саясиэкономикалық бірлестігі болып табылады. Бұл одақтың құрылуының басты жаңалығы – оған мүше мемлекеттер өздерінің ұлттық егемендіктерінің бір бөлігінен осы саяси бірлестіктің мүддесі жолында бас тартып, оны Одақтың өкілетті құрылымдарына беруі. Өйткені, Одаққа мүше елдер енді оған тəн бір басқару құрылымының аясында өмір сүретін болды. Одаққа бүгінде 28 мемлекет мүше болып табылады. Оның жалпы аумағы 4381 мың шаршы шақырымды алып жатыр. Халқының саны – 505 миллион адам. Еуропалық одақтың бірнеше басқару құрылымы бар. Соның бастыларының бірі Еуропалық кеңес – Одақтың басты саяси органы саналады. Оның құрамына Одаққа мүше мемлекеттер мен үкіметтердің басшылары, Еуропалық кеңес төрағасы мен Еурокомиссияның төрағасы енеді. Кеңес Еуропалық одақтың негізгі стратегиялық даму бағытын айқындайды. Кеңес отырысы жылына кем дегенде екі рет өткізіледі. Мұнан кейін Одаққа мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінен құрылатын тағы бір орган бар. Ол əрі атқарушы əрі заң шығарушы билік өкілі ретінде де əрекет етеді. Былайша айтқанда, Одақтың ортақ үкіметі секілді əрекет ететін Еуропалық комиссияның негізгі əкімші ретінде жеке-дара билеп-төстеп кетуіне жол бермейді. Бұл екі органның өкілеттіктері нақты айқындалған. Еуропалық комис сия негізінен алғанда таза атқарушы биліктің істерімен шұғылданса, Еуропалық
кеңес көбінесе істің саяси жағын қарастырады. Ал Еуропалық Парламент құрамы Одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары тікелей сайлайтын 751 депутаттан тұрады. Депутаттар бес жылға, Парламент төрағасы екі жарым жылға сайланады. Лиссабон шартының күшіне енуіне байланысты Еуропарламент үлкен өкілеттіктерге ие болды. Оның заң шығарудағы рөлі Еуропалық кеңеспен теңестірілген. Еуропалық кеңес өзінің кез келген шешімін Парламенттің мақұлдауымен қабылдайды. Парламент, сондайақ, Еурокомиссияның жұмысын да бақылап отырады. Енді Елбасының Брюссельге келіп, кездесу өткізуіне байланысты біздің бүгінгі мақаламыздың негізгі өзегіне айналып отырған Еуропалық комиссия өкілеттігіне келетін болсақ, ол – Еуропалық одақтың жоғары атқарушы билік органы болып табылады. Еурокомиссия мүшелері Одақ құрамындағы əрбір елден сайланған бір өкілден, яғни 28 адамнан тұрады. Өздерінің өкілетті міндетін атқарған кезде олардың əрқайсысы тəуелсіз болып табылады. Тек ЕО мүддесі жолында ғана əрекет етеді. Басқадай іспен шұғылдануларына жол берілмейді. Мəселен, Одаққа мүше мемлекеттің өзіміздің жіберген өкіліміз ғой деген ниетпен Еурокомиссия мүшесінің қызметіне ықпал етуіне болмайды. Еурокомиссияның құрамы əр бес жылда жаңадан жасақталады. Оның төрағасын Еуропалық кеңестің ұсынысымен Еуропарламент көпшілік дауыс пен сайлайды. Ал комиссия мүшелерін Еуропалық кеңес мүшелері дауыс беру жолымен тағайындайды. Комиссияның əрбір мүшесі Еуропалық одақ саясатының белгілі бір саласы үшін жауап береді. Жалпы, Еуропалық одаққа мүше мемлекеттер адамзат дамуының алдыңғы легіндегі, оның қазіргі өркениеттік жетістіктерінің көшбастаушысы есебіндегі елдерден құралғандықтан, бұл Одақтың даму барысы мен болашағы бүкіл адамзат қауымының назарында екендігі белгілі. Одақ құрамындағы елдер ауыр қаржы дағдарысына тап болған кезде «Одақ осымен құрыды, енді ол қайта ыдырайтын болады» деген əңгімелердің де көтерілгені белгілі. Бірақ қиын сəтте ол іргетасының берік
Елбасы Минскіге келді
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.
Қазақстан Президенті Минск қаласына ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық кеңесінің жəне Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мемлекеттер басшылары деңгейіндегі отырыстарына қатысу үшін келіп отыр.
Шарт кедергілерді жоюдыѕ тетігі болуєа тиіс Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт талқыланды. Сондай-ақ депутаттар ветеринарлық-санитарлық жəне өсімдіктер карантині бойынша бақылау функцияларын кеден органдарына беру, экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мəселелерін қарады. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Палата Төрағасы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың тарихи сипатына назар аударта келіп, құжаттың ерекше маңызын атап көрсетті. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бастамасы бойынша қол қойылған шарт жаңа геосаяси жағдайда еуразиялық интеграцияны дамытуға бағытталған.
«Еуразиялық экономикалық одақ – бұл терең экономикалық ынтымақтастықты көздейтін аса үлкен жоба. Одақ шеңберінде ортақ нарық құрып, инвестициялар тартуда, жаңа өндіріс орындарын ашуда, ең бастысы, халықтың əл-ауқатын арттыруда тың мүмкіндіктер туындайтынына сенім мол», деді Қ.Тоқаев. (Соңы 2-бетте).
екендігін байқатты. Қайта бірлесіп күш-жігер жұмсауларының нəтижесінде дағдарыс тұңғиығына батуға айналған жекелеген елдерді тығырықтан алып шығып, адамзат қауымы үшін бірлесе отырып əрекет етудің пайдалы екендігі жөнінде үлгі көрсете білді. Бүкіл адамзат қауымын қызықтырып отырған бұл Одақтың тағы бір пайдалы жағы – оған мүше елдерде өмір сүретін адам дардың əлеуметтік жағынан жақсы қорғалуы. Бірқатар сарапшылар мұны, ең алдымен, АҚШ пен Еуро палық одақ елдерінің ұс танған əлеуметтік саясатынан анық байқалатындығын айтады. Мəселен, АҚШ-та əлеуметтік шығындарға ішкі жалпы өнімнің 11 пайызы ғана жұмсалса, Еуропада бұл көрсеткіш 26 пайызды құрайды. Осының нəтижесінде əрбір орташа америкалықтың дəулеті əрбір орташа еуропалықтан 28 пайыз артық болғанымен, өмірдің сапасы жағынан алғанда еуропалықтар америкалықтардың алдына түсіп отыр.
«Еуропадағы қазіргі əлеуметтік жүйе мен саясат – бұл адамзат қауымының даму барысындағы ортақ жетістік жəне адамзат қауы мы баруға тиісті болашақ қоғамның белгісі. Сондықтан оны сақтау керек. Егер біз дағдарыстың басты себепкері ретінде Еуропа елдерінің əлеуметтік тұрғыдағы жеткен жетістіктерімен күресетін болсақ, онда қалыптасқан экономикалық қатынастың өзін құлатамыз. Себебі, халықтың əлеуметтік жағдайы мен тұрмысы нашарлап, ол кедейленетін болса, тауарлар мен қызметтерге деген сұраныс күрт төмендейді, гүл денген экономика мен өмір құлайды» деген болжам айтады осы жағдайға байланысты енді бірқатар ғалымдар мен сарапшылар. Қазақстанның, міне, осындай адамзат қауымының алдыңғы легіндегі алып ұйыммен қатынас орнатқанына біраз жылдың жүзі болды. Егер қарым-қатынас тарихына қысқаша шолу жасайтын болсақ, Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ арасында
дипломатиялық қарым-қатынастар 1993 жылғы 2 ақпанда орнатылды. Осы жылдың желтоқсанында Брюссель қаласында Қазақстанның Еуропалық одақ жанындағы өкілдігі ашылса, 1994 жылғы қазанда Алматы қаласында Еу ро палық комиссиясының өкілдігі іске кірісті. 2012 жылғы 8 маусымнан бастап ЕО-дағы Қазақстан Өкілдігінің бас шысы болып Бельгиядағы Төтенше жəне өкілетті елші Алмас Хамзаев тағайындалды. Ал Еуропалық одақтың Қазақстан Республикасындағы Өкілдігіне Төтенше жəне өкілетті елші Аурелиа Бушез басшылық етеді. Осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Брюссельге 6 сапары (1993 жылғы ақпан, 2000 жылғы маусым, 2002 жылғы қараша, 2006 жылғы желтоқсан, 2010 жылғы сəуір мен қазан) ұйымдастырылып, олардың барысында Еуропалық одақ басшылығымен екіжақты келіссөздер өткізілді. 2010 жылғы 1-2 желтоқсанда Еуропалық одақтың төрағасы Х.Ван
Ромпейдің Қазақстанға алғашқы ресми сапары өтіп, осы сапар барысында ол Астанадағы ЕҚЫҰ Саммитінің жұмысына қатысты. 2012 жылғы 2 мамырда Қазақстан Премьер-Министрі К.Мəсімов Брюссельде Еуропалық одақтың төрағасы Х.Ван Ромпеймен, Еуропалық комиссияның төрағасы Ж.М.Баррозумен жəне Сауда жөніндегі еурокомиссар К.Де Гюхтпен кездесулер өткізді. 2013 жылғы 2-3 маусымда Еуропалық комиссияның төрағасы Ж.М.Баррозу Қазақстанға алғашқы ресми сапарымен келіп кетті. Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастардың құқықтық негізі 1999 жылғы Əріптестік жəне ынтымақтастық туралы келісім арқылы қалыптасқан болатын. Мұнан кейін 2011 жылғы 11 маусымда Брюссель қаласында ынты мақтастық пен əріптестікті одан əрі кеңейтуге мүмкіндік беретін жаңа келісімді əзірлеу жөніндегі келіссөздер ресми түрде бастау алды. Сөйтіп, 2011 жылғы
● Заманмен үндес заңғар басылым
Байыпты басылымдаєы бетбўрыс Жаңа мыңжылдыққа қадам басқан тұста мемлекетімізде көптеген өзгерістер жасалды. Бұл бетбұрыс қазақ басылымдарына да тəн. Осы орайда, бас басылымның беттерінен қоғам тамырын дөп басатын өзекті мақалалармен бірге, уақыт ағымына ілескен жеделдікті, заманға сай нақтылық пен нанымдылықты көреміз. Ең бастысы, Елбасының елдік саясаты мен мемлекетшілдікті кеңінен насихаттайтын газет редакциясының ұжымы ұлт пен ұлысты ұйытуға елеулі еңбек етуде. Бүгінде күнделікті газет беттерінен «Сайт сөзі» сияқты айдарларды, газеттің электрондық сілтемесін байқауға болады. Бұл – байыпты басылымның бағытындағы жаңашылдық деп танимын. Қазіргі кезде еліміздің жастары өзге өркениетті елдердің өрендеріндей электронды оқу түріне көшті. Америкалық жəне батысеуропалық қоғам мерзімді баспасөзді электронды түрде оқуға дағдыланған. Əрине, газетке адалдық танытып келе жатқан дəстүрлі оқырмандары да бар. Осы үрдіс елімізде де қалыптасып келеді. Бү гінде баршамыздың қо лымызда гаджеттер, смартфондар бар. Ғаламтор желісіне қосылғандықтан осы құралдар арқылы дүниенің төрт тарабынан ақпарат алып отырамыз. Оның ішінде газеттер де өздерінің мобилдік
нұсқасының үлгілерін ұсынып жатыр. Жаңа бағыттың бастамашыларының бірі – «Егемен Қазақстан» газеті. Бас басылым сағат сайын egemen.kz сайтын жаңартып, газет қызметінің ауқымынан тыс ақпараттың мол қорын ұсынуда. Бұл ақпараттың сонылығын, жеделдігін қалыптастырады. Сондайақ, басылымның еліміздегі ең үлкен таралыммен тарап отырғаны кез келген оқырманды қызықтырады. 200 мыңнан астам дана газет 200 мыңнан астам отбасы мен мекемеге барады деген сөз. Сондықтан, бас басылымның бетіне барлығы шыққысы келеді. Осы тұрғыдан алғанда басылым басшылығы
мен ұжымның өз оқырмандарына барлық қолайлы жағдайды ұсынып отырғаны қуантады. Əлбетте, газет оқырмандарының елеулі бөлігі жастар болуға тиіс. Биыл бас басылымның 95 жылдық мерейтойы Өскемендегі Қазақстан-Америка еркін университетінің 20 жылдық мерейтойымен қатар келді. Аталған жоғары оқу орны елімізде халықаралық əріптестік аясында ең алғаш рет құрылған жекеменшік университет ретінде белгілі. Университеттің тұсауын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кескен болатын. Бүгінде көптеген шет елдерде біздің түлектеріміз табысты еңбек етіп жатыр. Біз – Мемлекет басшысы үнемі айтып жүрген үштілділікті қалыптастыруға сүбелі үлес қосып келе жатқан оқу орны санатындамыз. Студенттеріміз – «Егемен Қазақстан» газетін тұрақты түрде оқып, оқу үдерісіне, ғылыми ізденістеріне пайдаланып тұрады.Университетіміздің барлық оқу залдарында газет тігінділері бар. Оқытушылар құрамы да газетке тұрақты жазылады. Ережеп МƏМБЕТҚАЗИЕВ, ҰҒА академигі, Қазақстан-Америка еркін университетінің президенті.
ӨСКЕМЕН.
маусымнан бастап осы уақытқа дейін жаңа келісімнің мəтінін əзірлеу бойынша келіссөздердің 8 ресми кезеңі өткізілді. Қорытынды кезең 2014 жылғы 9-11 қыркүйекте Ас тана қаласында болып, содан кейін оны дəйектеу, қол қою жəне ратификациялау бойынша рəсімдер өткен еді. Ал Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Еуропалық комиссияның төрағасы Жозе Мануэль Баррозудың Брюссельде өткен осы жолғы кездесуінде сол келіс сөздердің қорытындысы шыға рылып, үш жылдан астам уақыттан бері даярлану үстіндегі маңызды құжат мəтінінің толық əзір ленгендігі мəлім болды. Қазақстан Президенті мен Еуропалық комиссия төрағасы осы оқиғаға байланысты екіжақты қарым-қатынастың кең көлемді мəселелерін талқылады. Кездесуде алда қол қойылатын Қазақстан мен Еуропалық одақтың арасындағы кеңейтілген серіктестік жəне ынтымақтастық туралы келісім аясындағы өзара іс-қимылдың кең ауқымды мəселелері талқыланды. Тараптар сондай-ақ халықаралық күн тəртібіндегі өзекті мəселелерге қатысты да сөз қозғады. Нұрсұлтан Назарбаев пен Ж.М.Баррозу бірлесе жұмыс жүргізген жылдары ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне қол жеткізілгенін атап өтті. Қазақстан Президенті Еуропалық комиссия басшысына біздің еліміз бен Еуропалық одақ арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс айтып, оған табыс тіледі. Осы жерде Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы осындай маңызды келісімнің жасалуына мүдделілік танытып, достық ниетін танытқан Ж.М.Баррозудың саяси портретіне де қысқаша шолу жасай кетсек артық болмас. Жозе Мануэль Дуаро Баррозу 1956 жылдың 23 наурызында Лиссабон қаласында (Португалия) дүниеге келген. 1978 жылы Лиссабон университетін құқық бакалавры дəрежесінде үздік бітіреді. 19751976 жылдары уни вер ситеттің заң факультеті акаде миялық ассоциациясының президенті болып, өзінің қоғамдық жұмысқа деген бейімділігін танытады. (Соңы 2-бетте).
Оќырман назарына! Заман талабына орай жаңарған «Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу мүмкін болып отыр. Ол үшін, құрметті оқырман, мына көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз.