Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Украина Президенті Петр Порошенкомен кездесті. Кездесу барысында мемлекеттер басшылары сан түрлі салалар бойынша уағдаластыққа қол жеткізіп, ынтымақтастықты жандандыру төңірегінде пікір алмасты.
№194 (28672) 10 ҚАЗАН СЕНБІ 2015 ЖЫЛ
Ґзара сенімге негізделген серіктестік Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Кездесу барысында тараптар сауда-экономика, кө мір өнеркəсібі, көлік-логис тика жəне агроөнеркəсіп кешені салаларындағы ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылады. Сонымен қатар, күн тəртібіндегі өзекті халықаралық мəселелер төңірегінде, соның ішінде Украинаның оңтүстікшығысында қалыптасқан ахуал мен Минск уағдаластықтарының жүзеге асырылу барысы туралы сөз қозғады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Петр По ро шен коның елімізге алғашқы ресми сапарына ілтипат білдіре отырып, бұл кездесу экономикалық ынтымақтастықты жақсартуға, өңірлік жəне халықаралық мəселелерге қатысты ұстанымдарды екшеуге ықпал ететінін айтты. Украина Президенті өз кезегінде Қазақстанға сапарлап келуге шақырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын білдіре келе, екі елдің арасында саяси, экономикалық, мəденигуманитарлық жəне əлеуметтік байланыстар орныққанын атап өтті. Украина басшысы, сонымен қатар, түрлі бағыт бойынша жан-жақты ынтымақтастықты жандандыруға мүдделі екеніне тоқтала келе, Қазақстан Президентінің Украинадағы тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтау бағытында жұмсап отырған күш-жігерін жоғары бағалады. Кездесуде Украина Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақ хандығының 550 жылдығымен құттықтап, еліміздің тарихи тамырының те реңдігін көрсететін мерейтойдың маңыздылығын атап өтті. Президенттердің екіжақты кездесуі кеңейтілген құрамдағы келіссөзбен жалғасты. Бұл жиын барысында Елбасы Қазақстан мен Украинаны достық жəне өзара құрметке негізделген тығыз тарихи қарымқатынастар байланыстыратынына тоқталды. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда бүгінде тегі украин 300 мыңнан астам азамат тұрып жатқанына, олар біздің қоғамның бөлінбес
бөлшегі ретінде еліміздің дамуына зор үлес қосып отырғанына тоқталды. Бұл ретте мейлінше өзекті саяси жəне экономикалық ынтымақтастық мəселелері талқыланған шағын құрамдағы кездесудің нəтижелі болғанын айтты. «Бізде көп мəселе бойынша толық түсіністік бар. Мемлекетаралық комиссияның алдағы отырысы барысында барлық негізгі бағыттар егжей-тегжейлі пысықталады. Бүгінгі бизнесфорум да іскер топтарымыздың арасындағы ынтымақтастыққа өз үлесін қосатын болады. Қазір объективті себептерге байланысты тауар айналымының төмендегеніне, басқа да қиындықтарға қарамастан, біз
ынтымақтастығымызды бұдан əрі де нығайта түсу үшін мүмкіндіктер тауып отырмыз», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Украина Президенті өзінің сөзінде тарихи оқиға – Қазақ хан дығының 550 жылдығы мерекеленіп жатқан кезде сапарлап келуге шақырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты. Осылай дей келе, ол бұл келіссөздер сауда-экономикалық, гуманитарлық, əлеуметтік жəне саяси серіктестікті жандандыруға септігін тигізетініне сенім білдірді. «Біз екеуара кездесуіміз барысында елдеріміз арасындағы барлық сала бойынша байланыстарымызды жан-жақты талқылауға мүмкіндік алдық. Мен сізге
елдеріміздің арасындағы сенімге, өзара құрметке негізделген саяси үнқатысуды дамытуға деген ниетіңіз үшін ризамын. Біз Қазақстан мен Украина қарым-қатынастарының əлеуетін іске асыра алатынымызға сенімдімін. Қазақстанның іргелі ха лықаралық құқық пен егемендікті жəне шекаралық тұтастықты құрметтеу қағидаттарын берік ұстанатындығы, сіздің елдің халықаралық ұйымдарда жоғары рөл атқарып отырғаны мен үшін жəне бүкіл украин халқы үшін аса маңызды. Қазақстанның БҰҰ, ЕҚЫҰ сынды ха лықаралық ұйымдардағы арнайы мониторингтік миссия құрамында жүріп, бейбітшілік
Британиялыќ парламентшімен кездесті Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания Парламенті Қауымдар палатасының депутаты, сыртқы істер министрінің парламенттік орынбасары Тобайас Элвудты қабылдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Сенат Төрағасы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы қарашада Біріккен Корольдікке сапары екі елдің стратегиялық əріптестігін саудаэкономикалық, инвестициялық жəне саяси саладағы өзара ісқи мылдың жаңа деңгейіне шығаруға бағытталатынын атап өтті. Қ.Тоқаевтың пікірінше, Ұлыбритания Премьер-министрі Дэвид Кэмеронның 2013 жылы Қа зақстанға сапары ауқымды
үнқатысуды қалыптастыруда зор рөл атқарды. Астана Қазақстан мен Британияның парламентаралық ынтымақтастығының жандануына үміт артады. Осыған байланысты Сенат Төрағасы Британия парламентшілерін Қазақстанға танысу сапарымен келуге шақыруын жеткізді. Қ.Тоқаев, сонымен қатар, британиялық дипломат əрі парламентшіге Н.Назарбаевтың эко но микалық стратегиясының басымдықтары,
Кїн тəртібі наќтыланды Палата спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мəжіліс бюросы өтіп, жалпы отырыстың күн тəртібі нақтыланды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Депутаттар назарына бірқатар ратификациялық заң жобалары ұсынылып отыр. Олар: 2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жарақтандыру үшін арнайы
техника мен арнайы құралдарды жеткізудің жеңілдікті шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы екінші хаттаманы ратификациялау. Осы хаттамаға сəйкес, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою кезінде авариялық-құтқару жұмыстарын
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету, сондай-ақ, Елбасының БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясындағы сөйлеген сөзі тұрғысындағы мемлекеттің сыртқы саясаты туралы таныстырды. Парламенттің жоғарғы палатасының басшысы Қазақстан ядролық қарудан жəне террористік қауіптерден азат əлем құруды табандылықпен ілгерілететінін атап өтті. Т.Элвуд Қазақстан Президентінің Лондонға ресми сапарына əзірлік барысы туралы айтып, Ұлыбританияның Орталық Азиядағы сыртқы саяси стратегиясындағы Қазақстанмен ынтымақтастықтың басымдығын атап өтті.
жүргізуге арналған құралдарды жеңілдікпен жеткізу тетігі жасалады. Сонымен қатар, Мəжіліс депутаттары Латвиямен адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді, сондай-ақ, Қазақстан мен Бенилюкс мемлекеттері (Бельгия Корольдігі, Люксембург Ұлы Герцогтігі жəне Нидерланд Корольдігі) арасындағы реадмиссия туралы келісімді жəне оны іске асыру хаттамасын ратификациялау туралы заң жобаларын талқылайды.
пен тұрақтылықты қал пына келтіру бағытындағы ұстанымдарын жоғары бағалаймыз. Бұл жұмыстар Минск уағдаластықтарын жүзеге асыруға сөзсіз ықпал етеді», – деп атап өтті Украина Президенті. Сонымен қатар, П.Порошенко Қазақстанның саудаэкономикалық, инвестициялық салалар бойынша екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге қатысты ынта-ниетін құптайтынын жеткізді. Бұдан кейін Қазақстан мен Украина президенттері келіссөздерінің қорытындысына арналған бірлескен баспасөз мəслихаты өтті. «Мен өткен жылдың желтоқсан айында Киевке арнайы сапармен барсам, ал бүгін Украина Президентін Астанада қабылдап отырмыз. Бұл – біздің екі ел арасындағы дəстүрлі достық қарым-қатынасымызды дамытуға деген ниетіміздің айғағы, – деді өз сөзінде Н.Назарбаев. – Біз бүгінгі келіссөздер барысында екіжақты қатынастардың қазіргі ахуалын талқыладық, егжейтегжейін қарастырдық. Бірқатар халықаралық өзекті мəселелер жөнінде пікір алмастық. Ынтымақтастықтың ықтимал бағыттары мен перс пек тиваларының жобалары жан-жақты талқыланды». Осылай дей келе, Елбасы Қазақстан Украинаның оңтүстік-шығысындағы жағдайды назарда ұстап отырғанын атап өтті. «Өздеріңіз білесіздер, мен қолымнан келгенше, Ресей мен Украина, басқа да елдермен келіссөздер жүргізіп, орын алған қарама-қайшылықтарды бей біт жолмен шешу бағытындағы жұмыстарды назарда ұстап келемін. Кез келген қақтығысты бейбіт реттеуді екі жақ та жақтайды. Оның басқа баламасы жоқ. Минск уағдаластықтары, жалпы алғанда, орындалып жатқаны бізді қанағаттандырады. Əсіресе, «норманд төрттігінің» кейінгі кезде суі үлкен үміт ұялатты. Украина үшін осындай күрделі кезеңде біз гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыратын боламыз. (Соңы 2-бетте).
Беделді басылымєа берілген сўхбат Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Францияның «Ле Фигаро» газетіне сұхбат бергенін хабарлады. Қазақстан Президенті Францияның ірі басылымының бірі – «Ле Фигаро» газетінің тілшісі Рено Жираруға сұхбат берді. Мемлекет басшысы еліміздің ядролық қаруды таратпау саласындағы іс-қимылы туралы əңгімелеп, Украинадағы қазіргі ахуал туралы жəне соның төңірегіндегі оқиғаларға қатысты, сондай-ақ, Сирия түйткілін шешу жолдары жөнінде пікірін білдірді. Атап айтқанда, Қазақстанның атом энергиясын бейбіт мақсатқа пайдалану бағытындағы бастамаларына қатысты Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қарудан бас тарту республикамызға айтарлықтай көлемде шетелдік инвестициялар əкелуге жəне экономиканы жаңғырту үшін жағдай туғызуға септігін тигізгенін атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстанда Аз байытылған уранның халықаралық қорын құру түрлі елдердің атом электр стансалары үшін сенімді отын көзін қамтамасыз ететінін, осылайша аса байытылған уран алу мүмкіндігін жəне оның əскери мақсатта қолданылу қаупін азайтатынын айтты. Осы орайда, Қазақстан Президенті бұл жобаның коммерциялық пайда табуға арналмағанына назар аударды. «Ең бастысы, бұл – Қазақстанның ядролық қаруды таратпау ісіне қосқан кезекті үлесі», – деді Мемлекет басшысы. Минск үдерісі аясындағы түрлі тараптардың əрекеттеріне түсініктеме бере отырып, Нұрсұлтан Назарбаев Франция Пре зиденті Ф.Олландпен кездесудің негіз гі тақырыбының бірі екіжақты ынты мақ тастық мəселелерімен қатар, Украина дағдарысы болғанын еске салды. Қазақстан Президенті француз басшысының сапары алдында Украинадағы қақтығыс өрши түскенін, бірақ бұл кезде оны реттеу үшін нақты дипломатиялық қадамдар жасалмағанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев Минскіде өткен бірлескен кездесуді ұйымдастыру мүмкіндігін талқылау үшін кезегімен Германия,
Елбасы елін ерлетті!
Ўлт тарихын тїгендеу – їлкен міндет
Кеше Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықова Астанадағы Ұлттық архив пен Археография жəне деректану ұлттық орталығының қазіргі материалдық-техникалық жағдайымен, тарихи-мəдени құжаттық мұралардың сақталу жай-күйімен танысты əрі аталған мекемелердің ұжымдарымен кездесті. Сондай-ақ, ол «Қазақ хандығына – 550 жыл» атты көрмені аралап көрді. Жолдыбай БАЗАР,
«Егемен Қазақстан».
Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, тарихшы ғалымдар, мұрағатшылар қатысқан бұл шарада Мемлекеттік хатшы алдымен Ұлттық мұрағат қорында сақтаулы құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері, «Мəдени мұра» бағдарламасын іске асыру барысында Қытай, АҚШ, Ресей, Түркия, Франция жəне басқа да елдердің мұрағаттары мен ғылыми мекемелерінен табылған Қазақ хандығының тарихына қатысты құжаттар жəне еліміздің белгілі қоғам қайраткерлерінің жеке қорлары қойылған көрмені аралады. (Соңы 3-бетте).
Украина жəне Ресей басшыларымен кездесті. Қазақстан Президенті түйткілдің түйіні бүгінгі таңда əлі шешілмегенін, бірақ «Минск-2» келісімінде Ресей мен Украина тарапының барлық іс-қимылдары айқын жазылғанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ, Ресейге қатысты санкциялар айтарлықтай нəтиже бермегенін атап өтті. «Бұл санкциялардан Украина дағдарысына еш қатысы жоқ адамдар – ресейлік шағын жəне орта бизнес өкілдері, француз фермерлері жапа шегуде. Саясатты экономикадан бөлектеген жөн. Франция қақтығыс аумағындағы шиеленістің ушығуына жол бермеу жəне санкциялар қатаймауы үшін бəрін жасауға тиіс. Осы дағдарысты шешу үшін дипломатиялық қадамдарды жалғастыру қажет», – деді Қазақстан Президенті. Сириядағы ахуалға қатысты Мемлекет басшысы босқындарға байланысты бүгінгі дағдарыс осы елдің ісіне өзге мемлекеттердің барлық халықаралық уағдаластықтарға қайшы келе отырып, орынсыз араласуынан туындағанын атап айтты. Нұрсұлтан Назарбаев осындай əрекеттерді доғару бұл мəселелерді шешуге мүмкіндік береді деген пікір білдірді. Бұл ретте, Елбасы Астана біздің өңірде дипломатиялық хаб болу үшін барлық мүмкіндікке ие болып отырғанына назар аударды. Мысалы, Қазақстан Азиядағы өзара іс-қимыл жəне сенім шаралары жөніндегі кеңес шақыруға бастамашы болды, ол Қытай, Үндістан жəне Пəкістанды қосқанда, Азияның 30 елін біріктіреді. Сондай-ақ, Қазақстанның елордасында еліміз бастамашылық еткен Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің съездері тұрақты өтеді. Мұнда ЕҚЫҰ жəне ИЫҰ саммиттері де ұйымдастырылды. «Иə, біз осы Батыс пен Шығыстың арасындағы шекарада, мазасыз өңірде дип ломатиялық хабқа айналғымыз келеді», – деді Мемлекет басшысы.
Жабал ЕРҒАЛИЕВ,
жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Парламент Сенатының депутаты.
Қазақстан Респуб ликасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Тараз қаласындағы «Қазақ хандығы» монументінің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінен қазақ тарихы мен руханиятына Елбасындай қамқорлық жасап, жанашыр болған абзал деген ой түйдік. Бəрі де қайырымен, бəрі де өзінің ретімен болып жатыр. Ширек ғасырға жетер-жетпес кезеңдерде өз тəуелсіздігімізді алғанымызда аптыққан да, асыққан да көңілімізбен қазақтың жоқ-жітігін, соның ішінде тіліміз де бар, айтылмай да, жазылмай келген тарихымызды да бірден орнына келтірмек үшін талпындық. Кейде сол талпынысымыз бос даурығуға ұласқандығын да жасырмайық. Сондай сəтте Елбасы
«асықпайық, аптықпайық, бізге уақыт керек, бəрі де өзінің орнына келеді» деп қалың елін сабырға шақырғаны да əлі есте. Иə, бəрі де Елбасы айтқандай өзінің орнына келіп жатыр. Қазақтың тілі дейсіз бе, ол да күні кеше Назарбаевтың сөзімен Біріккен Ұлттар Ұйымының мінберінен əлем аспанында жаңғырды. Жəне де тұңғыш рет! Қазақ қазақ болып жаралғалы біздің ұлт өзінің ана тілімен əлемдік сахнада тұңғыш рет жарқылдаса, сол мəр тебеге туған елін де, туған тілін де Елбасы жеткізді! Енді, міне, көне Тараз жерінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ісшараларға қатысып, осы бір ұлы тарихи оқиғаны көруге, тамашалауға ынтыққан халықтың көлдей болып тасыған қуанышты жүздерімен сол көне Тараздың көше-көшелеріне сыймай толқыған халықтың ақжарқын көңілдері мен біріне бірі құтты болсын айтысқан
ақжарма тілектерін естігенде, көңілдің толқығаны тағы рас. Бұл бір қайырлы шара болды. Бұл бір қазақ болып қалыптасқан кезеңдердің ұлы жиындарының бірі еді. Бұл біздің Қазақ елінің өзінің аңсарлы азаттығы мен тəу етер тəуелсіздігінің қайырлы көшінің əлемдік өркениет көшінің алдыңғы қатарына түскендігін айдай əлемге паш еткен ел жасампаздығының жарқын сəті болатын. Қазақ хандығының 550 жылдығына арналып əуелі Астанада өткізілген жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бүгінгі той, ең алдымен, Қазақ хандығының 550 жылдық тойы. Атақты Мұхаммед Хайдар Дулатидің деректері бойынша, 1465 жылы Қозыбасы тауының етегінде тарихи оқиға болды. Бұл – біздің елдігіміздің тамыры тереңде жатқанын танытатын аса маңызды тарихи дерек. (Соңы 5-бетте).