АҚПАРАТТАР аєыны №215 (28693) 10 ҚАРАША СЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ
Кїн тəртібі белгіленді Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев пен палата бюросының мүшелері қабылдаған қаулыға сəйкес, алдағы жалпы отырыста жеті заң жобасын қарау жоспарланды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. Палата отырысында Қазақстан мен Бенилюкс мемлекеттері (Бельгия Корольдігі, Нидерланд Корольдігі жəне Люксембург Ұлы Герцогтігі) арасындағы реадмиссия туралы келісімді жəне оған ілеспе хаттаманы, Латвиямен адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді, 2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жарақтандыру үшін арнайы техника мен арнайы құралдарды жеткізудің жеңілдікті шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы екінші хаттаманы, сондайақ, Қазақстан Республикасы мен
Халықаралық Қайта құру жəне Даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Шағын жəне орта кəсіпорындардың бəсекеге қабілеттілігін арттыру жобасы) ратификациялау мəселелері талқыланады. Одан басқа, «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Конституциялық заң жобасы мен конституциялық заңдарға Жоғары Сот Кеңесі, сот жүйесі жəне судьялардың мəртебе сі мəселелері бойынша түзетулерді, сондай-ақ, кейбір заңна малық актілерге мүгедектердің құқықтарын қорғау мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар бірінші оқылымда қаралады.
Болгария парламентшілерініѕ алєашќы ресми сапары Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға болгар парламентшілерінің делегациясымен келген Болгария Республикасы Халық жиналысының төрайымы Цецка Цачевамен келіссөз жүргізді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Жүздесушілер Қазақстан мен Болгарияның өзара іс-қимылы төңірегіндегі ауқымды мəселелер бойынша пікір алмасты. Қ.Тоқаев Қазақстан Парламентінің Мəжілісі мен Болгария Халық жиналысының арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуына қолдау білдірді. Төрағаның айтуынша, Қазақстан Сенатында қызмет ететін Болгариямен ынтымақтастық тобы екі ел арасындағы көп жоспарлы ынтымақтастықты тереңдетуге ықпал ететін болады. Қазақстан Парламентіндегі
заң шығару ісіндегі басымдықтар туралы айта келіп, Қ.Тоқаев Сенат таяу уақытта Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институттық реформасын іске асыруға бағытталған «100 нақты қадам» ауқымды Ұлт жоспарын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету жөніндегі негізгі жұмыс кезеңін аяқтайтынын хабарлады. Осыған байланысты Сенат Төрағасы Қазақстандағы бизнес үшін ашылатын жаңа мүмкіндіктерге болгар тарапының назарын аударды. (Соңы 2-бетте).
Жылы жїзді жїздесу Кеше Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов алғаш рет ресми сапармен келген Болгария Халықтық жиналысының (Парламент) төрайымы Цецка Цачева бастаған делегация өкілдерімен кездесті, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі. Тараптар Қазақстан-Болгария екіжақты қарым-қатынасын дамытудың өзекті мəселелерін талқылады. Мəжіліс Спикері Болгария Қазақстанның Қара теңіз аймағы мен Балқан түбегіндегі сыртқы саяси жəне маңызды эконо микалық əріптесі екенін атап өтті. Дипломатиялық байланыс орнаған 23 жыл ішінде екі ел арасындағы өзара іс-қимыл айтар лық тай нығайып, сенімділік, теңқұқылық, өзара түсіністік сипатында дамуда. Ал бүгінгі кездесу – қос тараптың болашақта да барлық ба ғытта ынтымақтастықты одан əрі терең-
детуге деген талпынысының жарқын көрінісі, деді Мəжіліс Төрағасы. Қ.Жақыпов мəртебелі мейман алдында еліміздің қазіргі табыстарын сөз ете келіп, ел дамуындағы негізгі бағдарламаларға, соның ішінде, «Қазақстан-2050» Стратегиясына, Қазақстан Президентінің бес институттық реформасы мен оны орындаудың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына тоқталды. Қазақстан мүшесі болып табылатын Еуразиялық экономикалық одақ мəселесі де назарға алынды. (Соңы 2-бетте).
● Өмірдің өзегі – өндіріс
Уаќыт талабына лайыќ кəсіпорын «Бəсекеге қабілетті көшбасшылар – «Ұлттық чемпиондар» бағдарламасының қатысушысы қазақстандық «Масло-Дел» компаниясы 2018 жылы Қытайға өсімдік майының экспортын арттырады. Қанат ЕСКЕНДІР, Серік ПІРНАЗАР,
«Егемен Қазақстан».
Компания мұндай жоспарға «Бəйтерек» холдингімен жүзеге асырылып жатқан «Ұлттық чемпиондар» бағдарламасына қатысу нəтижесінде қол жетізіп отыр. Сондай-ақ, ұлттық тұтынушылар іріктеуінен нəтижелі өткен чемпион компания жоспарында ірімшік қайнататын өндірісті іске қосу, қойылтылған қышқыл сүт өнім дерінің жаңа топтамасын жандандыру, рапс майы секілді əлемдік сұранысқа ие бірегей өнімдердің айрықша ерекшеліктерін қолдана отырып, ішкі нарықтағы ұстанымдарды нығайту секілді нарық заңына ыңғайластырылған жобалар бар. Отандық өнім өндірушілерді қолдау мақсатында мемлекет тарапынан ұйымдастырылып отырған бағдарламаға қатысу 2018 жылы «МаслоДел» компаниясының түсім өсімін 16 миллиард теңгеге қамтамасыз етеді деп компания мамандары сенімді пайым жасауда. Былтыр Жапонияның астанасы Токиода өткен «FOODEX – 2014» Азия-Тынық мұхит аймағындағы
Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Қазақстан экономикасының дамуында агроөнеркəсіп кешен негізгі жетекші рөл атқарады. Осыған орай соңғы бес жылда ауыл шаруашылығын суб сидиялауға мемлекеттен бөлінген бюджет қаражатының кө лемі
2,6 есеге ұлғайып, 2014 жылы 146 миллиард 633 миллион тең гені құрады. Қаржы нарығында доллардың бағасы өсуіне байла нысты барлық несиелер, лизингтер теңге бағамында агроөнеркəсіп кешені саласында озық ғылыми-зерттеу жұмыстарына төмендетілген несиемен берілетін болды, деді Абай Бөлекбайұлы.
(Соңы 3-бетте).
● Мəселенің мəнісі
Баєаны нарыќ реттейтін болады Жаңа жылдан бастап əлеуметтік нанның бағасын нарық реттейтін болады. Бұған дейін нан бағасын Үкімет бақылауда ұстаған еді. Бірақ нарықтың талабы, қазіргі қаржылық жағдай нан бағасының да еркін айналымға түскенін дұрыс деп санайды. Əрине, қазіргідей дағдарыс кезінде нанның бағасы еркін айналымға түссе, бұрынғыға қарағанда, қымбаттамаса арзандамасы мəлім. Ал бұл ретте Үкімет əлеуметтік жағынан аз қамтылғандарға тиісті көмек көрсетпек. Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан».
Қазіргі күні нан бағасын тұрақты ұстап тұру үшін мемлекеттік бюджеттен арнайы субсидия бөлініп отыр. Мəселен, 2014 жылдан бері қарай бұл мақсатқа мемлекеттік бюджеттен 17 млрд. теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, қазіргі астық өндірушілерді
Пайдасыз жобаларєа ќаржы бґлінбейді Мемлекет басшысы агроөнеркəсіптік кешен субъектілерін субсидиялауды дамыту бойынша нақты тапсырмалар бергені белгілі. Осыған орай кеше Мəжілісте палата Төрағасының орынбасары Абай Тасболатовтың жетекшілігімен «Агроөнеркəсіп кешеніндегі субсидиялау жүйесінің тиімділігін арттыру» деген тақырыпта Үкімет сағаты болып, онда осы саладағы түйткілді мəселелер талқыланды.
азық-түлік өнімдері жəне сусындар көрмесінде қазақстандық «Сезам Эко», Sun Bee жəне «Маслодел» компаниялары май өнімдерін жəне қазақстандық бал сұрыптарын көрмеге шығарып, сарапшылар назарына ұсынған болатын. Сол көрмеде дамыған Шығыс елдері қазақстандық «Масло-Дел» компаниясы өндіретін зығыр, күнжіт, зере, жержаңғақ, асқабақ майларының өз сауда жəне тұтыныс нарығында үлкен сұранысқа ие бола алатындығын мəлімдеген.
Вице-спикердің айтуынша, соңғы көрсеткіші бойынша пайда əкелетін жобаларға субсидия түрлерінің нормативтері көтеріліп, пайда əкелмейтін жобалардың суб сидияларына қаржы бөлінбейді. Мемлекеттік қолдау көлемін ұлғайту мақсатында 2008 жылы 41,4 млрд. теңге қаржы бөлінсе, 2015 жылы 177,4 млрд., теңге бөлінді, ал 2016 жылға – 266 млрд. жəне 2017 жылға 286 млрд. теңге қаржы қарастыру жоспарланып отыр. Бұдан кейін Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков сөйледі. Министр мемле кеттік қолдаудың жаңа құралдары енгізілуде екендігіне
субсидиялау жүйесі саладағы бəсекелестікті тежеуде. Өйткені, мемлекеттің көмегін əдетте ірі кəсіпорындар иеленеді. Олар өз кезегінде өндірісті жаңғыртуға асығар емес. Осылайша, нан бағасын жасанды ұстап тұру тиімсіз, дейді журналистермен кездесуінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Арман Евниев. Оның мəлімдеуінше, бидайдың өзіндік құны
тоқталды. Жəне де тиімді субсидия түрлерінің нормативтері жоғарылап, тиімсіздерінің нормативтері төмендеуде екенін айтты. Келтірілген мəліметке қарағанда, бірқатар облыстарда бидайға арналған субсидиялар нормативтері айтарлықтай қысқарып, тиісінше майлы, азықтық, дəндібұршақты, жеміс-көкөніс дақылдары мен картоп сияқты басымды дақылдарға ұлғайтылған. Жалпы, 2010-2014 жылдар аралығында азықтық дақылдар бойынша субсидия нормативтері гектарына 450-ден 6 630 теңгеге дейін, картоп бойынша – 2 420-дан 21 800 теңгеге дейін, ал көкөніс-бақша дақылдары бойынша 9 000-нан 34 607 теңгеге дейін өскені белгілі болды. (Соңы 2-бетте).
Бїгінгі нґмірде: Бўл – сындарлы тарихи сəт 3-бет
Миграция мəселесі жаѕа шешімдерді ќажет етеді 4-бет
Ќарашадаєы хат 5-бет
Шерлі шежіре шындыєы 8-бет
30 пайыздан көп емес. Қалғаны жанар-жағармай, электр энергиясы, көлік шығыны, тағы басқалар. «Біз бұл мəселені үнемі шаруалардың есебінен немесе бюджеттік субсидия арқылы шешіп отырдық. Енді алдағы жылдан бастап нанның бағасын нарық өзі реттейді. Əрине, əр қаладағы баға əртүрлі. Меніңше, бəсекелестік көп болса, тіпті баға төмендеуі де мүмкін. Саланы бəсекелестік құтқарады. Біз кəсіпкерлерге қолдау көрсетуіміз қажет. Мысалы, Еуропаны алып қарайық. Олар нанның түр-түрін өнді реді. Ал біз бидай өндіру бойынша əлемде жетінші орындамыз. Соған қарамастан, Кəрі құрлықтағыдай нанның түр-түрін өндіріп жатқанымыз шамалы», деді А.Евниев.
Бұл шешімді Астық өн дірушілер қауымдастығы да қолдап отыр. Бидай өндіруші елдер қатарында жетінші орында тұрсақ та, нан зауыттарын ашуға құлықты кəсіпкерлеріміз аз. Осының салдарынан сала тұралап тұр, дейді мамандар. «Нан бағасын еркін айналымға жіберсек, саланың жаңа тынысы ашылады. Бірнеше жылдық тəжірибесі бар адам ретінде айтамын, инвестиция тартуға, жоғары технологияларды енгізуге, өнім түрлерін арттыруға сеп болады», дейді Қазақстанның астық жəне нан өндірушілері одағының президенті Евгений Ган. Сондай-ақ, ол нан бағасының нендей мəселелерге сүйеніп түзетілетінін де айтты. (Соңы 2-бетте).
● Елімізде 3 500 борышкердің ипотекалық қарыздары қайта қаржыландырылды. Ұлттық банктің баспасөз қызметі таратқан мəліметке сүйенсек, банктерге арнайы бағдарлама шеңберінде 11 мың өтінім түскен. Соның 6 мыңы бойынша қайта қаржыландыру туралы оң шешім қабылданды. ● Астананың су қоймаларына жыл басынан бері 57 мыңнан астам балық жіберілді. Қалалық табиғи рес урстар жəне табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының хабарлауынша, бұл шара биологиялық алуан түрлілікті сақтау, сондай-ақ, бекітілген табиғи аумақтарда оларды тиімді пайдалану мақсатында жүзеге асырылып отыр. ● Павлодарда «BB NURA» бірегей нефрология жəне эфферентті терапия медициналық орталығы ашыл ды. Жеке инвестордың қолдауымен жүзеге асқан жобаға 30 млн. теңгеден астам қаржы жұмсалған. «BB NURA» ЖШС аймақтық филиалының директоры Амангелді Қасе новтің мəлімдеуінше, орта лық тəулігіне 100-ге жуық келушіні қабылдай алады. ● Ақтөбеде бір күнде екі ба лабақша пайдалануға берілді. Елбасының тікелей тапсырмасымен ашылып отырған нысандарда 400-ге жуық бала тəрбиеленеді. Құрылыс жұмыс тарына жергілікті бюджеттен 600 млн. теңгеден астам қаржы бөлінген. ● Ақмола облысында 24 отбасына жаңа пəтердің кілті тапсырылды. Қоныс тойын тойлағандардың барлығы ұйқы дертіне душар болған Калачи мен Красногор кентінің тұрғындары. Облыс əкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жаңа баспанаға ауыз су, орталықтандырылған жылу жүйесі сынды инфрақұрылымдар тартылған. ● Атырау облысында халықты тұмаудан сақтау үшін жергілікті бюджеттен 18 млн. теңге бөлінді. Бұл қаржыға алдағы эпиде миологиялық маусымда тұрғындардың əлеуметтік осал топтарын тегін вакциналау үшін 16 мың доза вакцина сатып алынған. Облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің инфекциялық аурулар бойынша эпи демиологиялық бөлімінің басшысы Гүлназ Ибатырованың сөзіне қарағанда, көп ұзамай аймаққа тағы 7 600 доза вакцина жеткізіледі. ● Батыс Қазақстан облысында «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру кезінде 24 денсаулық сақтау нысаны бой көтерді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мəлімдегендей, бағдарлама шеңберінде 2011-2015 жылдарға арналған қаржы көлемі 12,7 млрд. теңгені құрады. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.
● Заманмен үндес заңғар басылым
Тўраќтылыќ пен дəстїршілдік белгісі «Егемен Қазақстан» – елдің газеті. Қазақтың əр шаңырағына саясат пен қоғам тынысын жеткізіп отырған мұндай басылымның орны қашанда бөлекше. Тіпті, ақпарат тарату əдісі қарыштап дамыған мына заманда тұрақтылық пен дəстүршілдіктің белгісі болып отырған аға басылымның өмір көшінде жүрісінен танбай, жолынан таймай келе жатуының өзі білген кісіге көп ғибрат берсе керек. Əр кезеңде оқырманына құнды мəлімет бере білген бас басылым сол қалың оқырманының үнін, жанайғайын, жүрек дүрсілін күллі қазақпен бөлісіп келеді. Əуелден ел ішіндегі оқиғаларға ғана емес, əлемде болып жатқан жағдайлардың баршасына назар аудартып, адамзаттың бүгінгі аяқалысын, бағдары мен əлеуетін сауатты саралайтыны ұнайды. Басылымның əр жаңа саны алдыңғысынан өзгешеленіп, онда қозғалған тақырып қоғам қалауы мен уақыт талабын ұғындыра түседі. «Егеменнің» етжеңдісін асыға күтетіндер, газет
бетінде жарық көрген мақалаға сүйеніп сөз қозғайтындар жетерлік. Түйіні тасқа айналған түйткіл мəселелер мен кейбір жандардың тағдыры да бас басылым араласқаннан кейін оң шешіліп жатады. Мен əрдайым бұл газеттегі мақалаларға көңіл аударып отырамын. Өзімнің тұстастарым, өнердегі, өмірдегі замандастарым туралы мөлтек сыр мен азаматтық үнді осы басылымнан табамын. Қазір ақпараттың алысқа кеткен, жаңа технологияның алға озған заманы. Осындай өмірдің зулап жатқан ағысында əдет пен ғұрыпты сақтап, тұрақтылықты сездіріп келе жатқан «Егемен Қазақстан» газеті ғой деймін. Əр шаңырақтан осы басылымды кездестіргенде көңіліңе керемет ыстық сезім ұялағандай. Асанəлі ƏШІМОВ, КСРО халық əртісі.
АЛМАТЫ.