Бүгінгі нөмірде:
№271 (28210) 10 ЖЕЛТОҚСАН СЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ
Тараздаєы тамаша турнир ќазаќ кїресініѕ абыройын асќаќтатты Өткен сенбі күні «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қоры, Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы жəне Жамбыл облысының əкімдігі қазақ күресінен алғаш рет «Еуразия барысы» халықаралық турнирін өткізді. Сəулеті мен дəу леті жарасқан еліміздегі ең көне шаһар – Тараз қаласында жалау көтерген жарысқа Моңғолия, Түркия, Иран, Тəжікстан, Польша, Ресей жəне Қытай балуандары қатысты.
шеңбері, міне, енді «Еуразия барысы» сияқты ірі жобамен жарасымды жалғасын тауып отыр. Біз бұл жобаны сапалық тұрғыдан одан əрі дамыта бермекпіз. Мысалы, 2017 жылы елордамыз Астанада өтетін ЭКСПО халықаралық көрмесінің
аясында қазақ күресінен тағы бір үлкен жоба ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Ол жоба – «Əлем барысы» деп аталады. Бұл турнирге дүниежүзінің көптеген елдерінің балуандары шақырылатын болады. Ал биылғы «Еуразия барысы» сол
«Əлем барысының» алдындағы дайындық сияқты. Осы турнирді Тараз қаласында өткізейік деп, облыс əкімі Қанат Бозымбаевтың өзі ұсыныс айтты. Жаңадан ашылған «Тараз-Арена» спорт сарайындағы халықаралық жарыстарды ұялмай
өткізуге болатын мүмкіндіктер де көңілімізден шықты. Сондықтан біз келісімімізді бердік, – деген ол бізге бəсеке басталар алдында берген жедел-сұхбатында. (Соңы 7-бетте).
Қазақстан Парламенті Мəжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Ауғанстан Ислам Республикасы Парламенті Волеси Джир гасының вице-спикері Мохаммед Сальджук бастаған ауғанстандық парламент делегациясын қабылдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Тараптар парламентаралық өзара іс-қимыл басымдықтарын талқылай келіп, салалық комитеттер мен ынтымақтастық жөніндегі топтар арасындағы байланыс қарқынын арттыру екіжақты қарым-қатынастың одан əрі нығаюына жол ашатынын тілге тиек етті. (Соңы 2-бетте).
Заѕнамалыќ тўрєыдан дайындыќ
Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде болған дəстүрлі брифингте 2017 жылы өткізілетін ЭКСПО көрмесіне қатысты қабылданған заң жəне заңнамалық актілерге енгізілген түзетулер туралы əңгіме болды.
ОКҚ ресми өкілі Алтай Əбибуллаев «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ заңгерлік департаментінің директоры Майя Егімбаеваға микрофон ұсынып, еліміз елеңдеп күтіп отырған айтулы халықаралық шараларға заңнамалық тұрғыдан қандай дайындықтар жүргізілгенін айтып беруді сұрады. Қысқа мерзім ішінде мойынға алған міндетті абыроймен атқарудың негізі – оны алдымен заңнамалық тұрғыдан бекемдеп алу десек, осы ретте журналистерге сөзін арнаған М.Егімбаева ЭКСПО өткізуге байланысты бірқатар заң актілеріне өзгерістер енгізу қажет болғанын, алдымен ЭКСПО туралы заңмен сегіз заңнамалық актіге, оның ішінде бюджеттік жəне
Өнегелі құндылықтарды жəне отбасы мен некенің жағымды бейнесін санаға сіңіру, отбасы мəртебесін арттыру мақсатында: 1. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы (бұдан əрі – конкурс) жыл сайын өткізілетін болып белгіленсін. 2. Конкурстың лауреаты атағын беру жөніндегі комиссия (бұдан əрі – Комиссия) құрылсын. 3. Қоса беріліп отырған: 1) Комиссия туралы ереже; 2) Комиссияның лауазымдық құрамы бекітілсін. 4. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) Конкурсты өткізу қағидаларын бекітсін; 2) осы өкімді іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.
Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының бюро отырысы болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Ауєандыќ парламентшілермен əѕгіме
«Егемен Қазақстан».
«Мерейлі отбасы» ўлттыќ конкурсы туралы
Аймаќтарєа сапар ќорытындыланды
«Егемен Қазақстан».
Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ,
Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 6 желтоқсан. №250 ------------------------------------------(«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағын беру жөніндегі комиссия туралы ережені 2-беттен оқисыздар).
Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ, Дастан КЕНЖАЛИН,
Турнир өте жоғары деңгейде өтті. Ең бастысы, ол ата-бабаларымыздан аманат болып қалған қазақ күресі десе делебесі қозатын жанкүйерлердің көңілінен шықты. Турнир идеясының авторы, «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қорының төрағасы, республикалық Қазақ күресі федерациясының президенті Арман Шораевтың айтуынша, «Самұрық-Қазына» ұлттық əлауқат қоры «Еуразия барысын» өткізуге бас демеуші болып, жарысты өткіземіз деген күннен бастап барлық жағдайды жасаған. – Жалауын Тараз қаласында көтерген бұл халықаралық турнир халқымыздың ежелден келе жатқан ұлттық спорт түрлерінің бірі – қазақ күресін дамытуға қозғаушы күш болатын үлкен жарыс. Бұған дейін «Қазақстан барысы» бəсекесін өткізіп келсек, оның
Ұлттық білім беру саласы 2-бет Сын түзелмей, мін түзелмейді 3-бет Дүмше молда дін бұзар 6-бет Халел тұғыры 8-бет
салық кодекстеріне түзетулер қарастырылғанын тілге тиек етті. Оның айтуынша, ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге үміткер елдердің арасындағы конкурстың аясында қабылданған міндеттемелерді орындау мақсатында ЭКСПО көрмесін ұйымдастыруды жəне өткізуді жүзеге асыратын ұйымдар үшін салықтық жеңілдіктер, көрме нысандарына қатысты сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметін жүзеге асырудың оңайлатылған тəртібі, сондай-ақ, шетелдік стандарттарды қолдану мүмкіндігі секілді жеңілдіктер көзделіп, оған қоса, Бюджеттік кодексте «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясын мемлекеттік бюджеттен жедел мақсатты салым түрінде қаржыландыру мүмкіндігі де ескеріліпті. (Соңы 2-бетте).
АҚПАРАТТАР аєыны Қостанай облысы 35 елге астық экспортын жасайды. Бұл туралы мəлімдеген облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Федор Филиппов аймақтың 5 жылдағы астық экспорты 7,4 млн. тоннадан асқанын айтты. Ол республика жөнелтілімдері жалпы көлемінің 31 пайызын құрайды. Оңтүстік Қазақстан облысы тауарларын Мəскеуде өткізу келісіміне қол жеткізді. Бұл Ресей делегациясының Шымкентке қазақстандық тауарларды Мəскеу нарығында өткізудің мүмкіндіктерін талқылауға келген сапары барысында шешілді. Шығыс Қазақстан облысы биылғы жылыту маусымына 21 млрд. теңге бөлді. Облыс əкімі Бердібек Сапарбаевтың кеше Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божкомен кездесуі барысында анықталған бұл деректе сондай-ақ 10 млрд. теңгенің жылу беру нысандарына берілетіні де келтірілді. Алматы облысында 10 отбасы «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасы бойынша қоныс тойын тойлады. Қарасай ауданында пайдалануға берілген бұл үйлерге мемлекеттік қызметкерлер,
жас мамандар, тұрмыстары төмен жəне көп балалы отбасылары, мүмкіндігі шектеулі жандар орналасты. Павлодар облысының мал өсірушілері жаңартылатын энергия көздерін белсенді пайдалануға көшті. Оған Индустрияландыру картасы аясында ірі мал шаруашылығы кешенін салып жатқан Баянауыл ауданындағы «Жайма» МТС» серіктестігі бірінші болып қол жеткізіп отыр. Атырау облысы Құлсары ауданында жыл соңына дейін 3 нысан қатарға қосылады. Жылыой ауданының əкімі Максим Ізбасовтың айтуынша, жыл соңына дейін күніне 250 адамды қабылдай алатын емхана, 280 орынға шақталған балабақша мен 624 оқушыға арналған мектеп пайдалануға беріледі. Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы бір ферма сиырлары қазақтың күйлерімен сауылатын болды. Бұрын осы үдерістің кезінде Моцарт пен Бетховеннің музыкаларын тыңдап келген ірі қара тұқымы енді Құрманғазы мен Динаның дауылпаз күйлеріне де құлақ түре бастады. Мал дəрігері Дəурен Сүйіновтің айтуына қарағанда, осыдан кейін сүттің мөлшері көбейе түскен. «ҚазАқпарат», BNews.kz, Egemen.kz хабарлары бойынша дайындалды.
Онда комитет төрағалары 28 қараша мен 7 желтоқсан аралығындағы депутаттардың еліміздің аймақтарына кезекті сапарының қорытындыларын хабардар етті. Сенаторлар еліміздің барлық аймақтарындағы өнеркəсіп, ауыл шаруашылығы жəне əлеуметтік нысандарды аралап, еңбек ұжым дарымен кездесті, жергілікті жерлердегі азаматтарды қабылдады. Парламентшілер «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру жөніндегі заң шығару қызметі туралы əңгімелеп, жергілікті тұрғындармен əлеуметтік жəне экономикалық мемлекеттік бағдарламалар аясындағы еліміздің дамуындағы жəне жергілікті маңызы бар көкейкесті мəселелерді талқылады. Сенат Төрағасы депутаттардың аймақтарға баруы жəне жергілікті халықпен жүздесу Парламент қызметінің маңызды бөлігі екенін атап өтті. Бұл жұмыстардың нəтижелеріне заң шығару үдерістерін жетілдіру барысында зор мəн берілетін болады, деді Қ.Тоқаев. Төраға, сондай-ақ, Сенаттың алдағы жылғы шараларын сапалы
жоспарлау қажеттігіне назар аударды. «Жоспарға ұсынылатын іс-шаралар қоғамдағы аса маңыз ды мəселелерді талқылауға бағытталуы тиіс. Бас комитеттердің көшпелі отырыстары да өңірлердегі өзекті мəселелермен тығыз байланысты болғаны жөн деп санаймын», деп атап өтті ол. Қ.Тоқаевтың пікірінше, парламенттік тыңдауларда қаралатын мəселелер заңдардың іске асырылуымен жəне жалпыұлттық, өңірлік бағдарламалардың, сондайақ, мемлекеттің ішкі жəне сыртқы саясатының түйінді бағыттарымен тығыз байланыста болғаны абзал. «Халықаралық конференциялар елімізде атқарылуы тиіс маңызды мəселелермен жəне Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың стратегиялық жолдауларымен бағыттас болуы керек», деді Қ.Тоқаев. Бюрода Сенат комитеттеріне Мəжіліс мақұлдаған заң жобалары бөлініп берілді. Бюро мүшелері, сондай-ақ, биылғы 12 желтоқсандағы Сенат отырысының күн тəртібін де талқылады. Палата отырысында алты заң жобасын қарау көзделіп отыр.
Мемлекеттік ќызмет – мерейлі міндет
«Қазақстан-2050» Стратегиясында қазақстандық мемлекеттік қызметті дамытудың мынадай маңызды басымдықтары айқындалған: мемлекеттік қызметтің кадр құрамын сапа жағынан жақсарту, іріктеу мен кəсіби дайындық əдістемелерін жетілдіру; «А» корпусының білікті басқарушыларының қағидатты жаңа буынын қалыптастыру; меритократия принципін енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды күшейту. Еліміздің Президенті белгілеген əкімшілік реформаның екінші кезеңіндегі соңғы мақсат халыққа жəне мемлекетке қызмет етуді барлығынан жоғары қоятын кəсіби мемлекеттік аппарат құру. Марат ДƏУЕШОВ,
Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Мемлекеттік қызмет жəне кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі.
Аталған мақсатты іске асыруға бағытталған міндеттер қатарында мемлекеттік қызметшілердің мансаптық өсуінің қағидатты жаңа тетігін енгізуге маңызды орын белгіленіп отыр. Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауында: «Бұдан былай мемлекеттік қызметші лауазымдық сатымен кезең-кезеңмен, билік иерархиясының бір сатысынан келесісіне өзінің машығын жетілдіре жəне кəсіби деңгейін арттыра отырып көтерілетін болады», деп атап көрсетті. Əрбір мемлекеттік қызметші өзінің қысқа мерзімді жəне ұзақ мерзімді перспективаларын ғана біліп қоймай, қызметте тиісті түрде ілгерілеу үшін өзінің қандай көрсеткіштерге қол жеткізуі керек екендігін ұғынуы тиіс. Өйтпеген
жағдайда маман толық ынтамен жұмыс істеуге, өзінің біліктілігін арттыруға ұмтылмайтын болады. Бұл ретте, қызметші өзі еңбек ететін ұйымға ең алдымен едəуір перспективасы бар басқа жұмысқа ауысуға арналған трамплин ретінде қарайтын болады, мұндай жағдай, өкінішке қарай, тəжірибеде жиі байқалады. Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі мансапты жоспарлау маңыздылығын тиісті бағаламау басқарушылық аппараттың сапасына кері əсерін тигізеді. Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық өсуі үдерісінің бей-берекетсіздігі «өз командасы» деген құбылысқа əкеліп соғады, атап айтқанда, бұл –мемлекеттік органға жаңа басшыны тағайындаған кезде оның бұрынғы жұмыс орнынан өзімен бірге еріп келген əріптестері есебінен өзінің жеке қалауын басшылыққа ала отырып, аппаратты түбегейлі түрде жаңартуы. (Соңы 2-бетте).