10122014

Page 1

24 саєат №242 (28465) 10 ЖЕЛТОҚСАН СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Əдебиет пен ґнер саласындаєы 2014 жылєы Ќазаќстан Республикасыныѕ Мемлекеттік сыйлыєын беру туралы Əдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарап, қаулы етемін: 1. Əдебиет пен өнер саласындағы 2014 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы: 1) Қажығали Мұханбетқалиұлына, жазушы – «Тар кезең» тарихи романы үшін; 2) Гүлнар Сейітжанқызы Салықбаеваға, ақын – «Кешіріңдер келгенімді өмірге» өлеңдер жинағы үшін; 3) Пантелей Константинович Кесоглуге, əнші – «Песня – душа моя» жеке концерті үшін; 4) Балнұр Балғабекқызы Қыдырбекке, композитор – «Реквием» вокалдысимфониялық шығармасы үшін; 5) авторлар ұжымына: Асқар Исабекұлы Мырзахметовке, Бақытжан Құдайбергенұлы Əшірбаевқа, Насир Ачилович Рустамовқа, Əмірхан Бекжанұлы Шүменовке, Нұрлыжан Маратбекұлы Бөкебаевқа – Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 20 жылдығына арналған тарихи-монументті саябақ кешені үшін берілсін. 2. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 9 желтоқсан. № 975

Елбасыныѕ апталыќ кестесі

Президенттің бас пасөз қызметі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қаты суымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы туралы хабарлады. 10 желтоқсанда Ақордада бірқатар шет мемлекеттердің төтенше жəне өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рəсімі өтеді. Мемлекет басшысы 11 желтоқсанда ҰҚШҰ Бас хатшысы Николай Бордюжаны қабылдайды. 14 желтоқсанға ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен жəне РФ Премьер-министрі Дмитрий Медведевпен кездесулер жоспарланған. 15 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаев ШЫҰ-ға мүше елдердің үкімет басшыларымен кездеседі. Сондай-ақ, осы күні Қазақстан Президенті Тəуелсіздік күніне арналған мерекелік шаралар аясында ел азаматтарына мемлекеттік наградалар тапсырады жəне салтанатты жиынға қатысады.

● Сенсация!

Жаѕаарќада мамонт мїйізі табылды Бұл ғажайып олжаны Жеңіс ауылына жақын жердегі «Арман 100» ЖШС-іне қарасты карьердегі қазу жұмыстары кезінде жұмысшылар кездестірді.

5,5 метрге жеткен зілдер қазіргі үнді пілдерінен едəуір үлкен болған. Бұған дейін Қазақстан аумағында Торғай, Жетісу өңірлерінен, Ертіс бойынан зіл сүйектері табылған еді. Енді Орталық Қазақстаннан кездесіп отыр.

Біздің қазақ аса ауыр нəрсені – зілдей дегенде осы алып мамонттардың салмағын айтқан болар, сірə. Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ.

ҚАРАҒАНДЫ.

Мəѕгіліктіѕ иесі – мəдениет

Шанхай ынтымаќтастыќ ўйымына мїше елдерді Ўлы Жібек жолы бойында біріктіретін мəдени жобалар ќарастырылуда «Егемен Қазақстан».

Кеше елордадағы Ұлттық музейде Қазақстан мен Қытайдың мəдениет министрліктері басшылығымен «ХХІ ғасырдағы «Ұлы Жібек жолы»: мəдени ынтымақтастық алаңын бірге құрамыз» атты Ұлы Жібек жолы халықаралық мəдени форумы өз жұмысын бастады. Оған Қытай, Қырғызстан, Тəжікстан, Ресей сияқты бірқатар мемлекеттерден арнайы делегациялар қатысып, Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің мəдени-гуманитарлық, достық қарым-қатынастары мəселелеріндегі өзекті ойларды ортаға салуда. Халықаралық форумда Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жиынның ашылу

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, сенатор Нұрлан Оразалиннен хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Автор өз хатында Қазақстан Жазушылар одағының жəне республикалық «Қазақ əдебиеті» газетінің 80 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде аталып өткенін, оған алыс-жақын шетелдерден отызға тарта қаламгер арнайы келгенін жазады. «Мұндай үлкен жиынның өтуі, ең алдымен, елдегі тыныштық пен қоғамдағы түсіністіктің, барша халықты бір мұратқа жұмылдырып отырған тұңғыш Президентіміз – Сіздің айрықша еңбегіңіз. Той төрінен көрінген шетелдік меймандар Қазақстандағы татулықты, бірлікті, рухани кеңістікке, сол санатта əдебиетке көрсетіліп жатқан қамқорлықты жоғары бағалады», – делінген хатта. Ол, сондай-ақ, Елбасының

құрметіне орай Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың форумға қатысушыларға жолдаған құттықтау лебізін жеткізді. Елбасы құттықтауында: « Ұлт пен ұлтты, ел мен елді жақындастыруда мəдениеттің атқаратын рөлі қашанда ерекше. Өйткені, бір халық екінші халықты ең алдымен оның мəдениеті, осы саладағы жетістіктері арқылы толығырақ танып біледі. Сол арқылы олардың өзара рухани жақындасуы мен бір-біріне деген сенімі артады. Ал мұның өзі экономикалық жəне саяси байланыстардың, сондай-ақ өңірдегі жəне əлемдегі бейбітшіліктің нығая түсуіне оң ықпал етеді. Көне «Жібек жолының» бойына орналасқан елдердің арасында сауда жəне мəдени байланыстар ежелден-ақ болып

келген. Қазіргі жаһандану заманында, оны жаңа жағдайда, уақыт талабына сай одан əрі дамыта түсу өте игілікті міндет. Себебі, біз өскелең ұрпаққа достық пен ізгіліктің рухын мұра етуге тиіспіз. Ал ол осы мəдениет, əдебиет пен өнер саласындағы байланыстар арқылы келеді. Сондықтан, Шанхай ынтымақтастық ұйымының аясында алғаш рет өткізіліп отырған бұл форумда ұйымға мүше елдер арасындағы мəдени-гуманитарлық саладағы өзара ықпалдастықты нығайтудың өзекті проблемалары ортаға салынып, жаңа ұсыныс-пікірлер айтылады деп сенемін. Форумның жұмысы жемісті болуын тілеймін» делінген.

Ұлытау төрінде берген сұхбатына тоқталып, қаламгерлер қауымы Жазушылар одағының 80 жылдық мерейтойын сол келелі əңгіменің жалғасындай қабылдағанын айтады. «Ұлытау сұхбаты бүгінгі Қазақ елінің тағдырын, тіліміздің, дініміздің, жеріміздің тұтастығына қатысты тереңнен толғап, ұлтты ұйытар, өзін өзі сақтауға жұмылдырар, мемлекет ретінде бағытбағдарымызды анықтауға жетелер тарихи толғаныс болды», – деп жазады Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы. Соңында Н.Оразалин ұлт руханиятының дамуын үнемі назарда ұстап келе жатқаны үшін Мемлекет басшысына алғысын білдірген.

Корпорация ўжымыныѕ алєысы

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС ұжымынан хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Корпорация жұмысшылары Қазақстан Президентіне Жезқазған жəне Сəтбаев қалаларын, сондай-ақ, Қарағанды облысының Ұлытау ауданын дамытуға бағытталған шаралар үшін алғыстарын білдірген. Авторлар өңірге көрсетілген қолдаудың арқасында айтарлықтай оң өзгерістер болғанын атап өткен. «Жезқазған – Бейнеу» теміржолын пайдалануға беру елеулі оқиға болды, соның арқасында біздің өңір индустриялық жəне коммерциялық тұрғыдан дамуға тың серпін алып отыр», – делінген хатта.

● Достық дəнекері

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ,

Ризашылыќќа толы хат

Корпорация жұмысшылары, сондай-ақ, Қазақстан Президентінің тапсырмасымен Жезқазған мыс қорыту зауыты жұмысын қайта жандандырғанын, онда металы аз кендерді алу үшін гидрометаллургия технологияларын енгізу үдерісі басталғанын атап өткен. Авторлардың айтуынша, мұндай өзгерістер өңір тұрғындарының табысты болашаққа деген сенімін арттырады. Соңында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС ұжымы Мемлекет басшысының көрсетіп отырған қолдауына тағы да алғыстарын айтып, денсаулық тілейді.

Ґзекті мəселелер ќозєалєан дґѕгелек їстел

Кеше Астанада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Əбдіқалықованың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия ұйымдастырған халықаралық Адам құқықтары күніне арналған дөңгелек үстел болып өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Өзінің құттықтау сөзінде Мемлекеттік хатшы дөңгелек үстелге қатысушыларды Адам құқықтары күнімен құттықтап, Қазақ стан Республикасының Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының рухы мен қағидаттарын жүйелі ұстанатынын, оның ұлттық заңнамада нақтылы көрсетілгенін атап өтті. Г.Əбдіқалықова

Оймақтай ой

республикада егеменді даму жылдарында адам құқықтарын қорғаудың қарқынды дамушы ұлттық жүйесінің құрылғанын, онда Мемлекет басшысы жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мен Омбудсмен институтының маңызды орынға ие екенін атап өтті.

Ақпарат агенттіктерінің материалдары негізінде əзірленді.

(Соңы 2-бетте).

Бүгінгі нөмірде:

Жан көріністерінің ең қымбаты – ой. Мағжан ЖҰМАБАЕВ.

ТЕРІС АЄЫМ

(Соңы 2-бетте).

«ЕГЕМЕН»-95

«ЕЅБЕКШІ ЌАЗАЌ» ƏНДЕРІ 7-бет

11-бет

СТАЛИННІҢ БУНКЕРІ: аңыз бен ақиқат 10-бет

, е л й 14-бет Сө ет, сурле!.. Билер тек қана сот болған ба? сөй

6-бет

Алдыңғы күні мамонт мүйіздері облыстық мұражайға жеткізілді. Салтанатты таныстыру рəсімінен түйгеніміз, қос мүйіз алты метр тереңдіктен табылған. Бірінің ұзындығы – 2 метр 10 сантиметр, екіншісінікі – 1 метр 80 сантиметр. Алдын ала болжам бойынша, бұл палеолиттің соңғы кезеңі, яғни, б.д.д. 12-6 мың жылдары өмір сүрген жануар. Ересек мамонттардың мүйізі 4 метрге дейін жететінін ескерген мұражай қызметкерлері: «Бұл – 4-5 жасар зіл болуы мүмкін», деп отыр. Ғалымдардың пайымынша, зілдердің басым бөлігі осыдан он мың жыл бұрын шамасында қырылып қалған. Олардың жойылу себебін əлі күнге ешкім дөп басып айта алмай келеді. Бір тарап «адамдар ұйымдастырған қанды қасаптан жойылды» десе, екіншілері «ауа райының жылынуынан өмір сүру ареалы тарылып, аштықтан қырылып қалды» деген пікірде. Бүгінде алып жануарлардың Азия, Еуропа, Африка жəне Солтүстік Америкада өмір сүргендігі мəлім. Биіктігі – 3,1 метр, ұзындығы

● Президент поштасынан

 Еуроодақты кеңейту жөніндегі Жоғарғы комиссар Йоханнес Хан Түркияның ЕО-ға өтуі туралы келіссөздер Одаққа Латвияның төрағалығы басталатын қаңтар айында жалғасуы ықтимал екенін хабарлады.  Израиль авиациясы Сирияның астанасы – Дамаскінің халықаралық аэропорты маңына жəне Сирия-Ливан шекарасына жақын орналасқан Ад-Димас қаласына соққы берді. Сирия басшылығы Израильдің бұл əрекетін егемен елдің ішкі ісіне қол сұғу деп айыптады. Біріккен Ұлттар Ұйымы əлемдік қоғамдастыққа 2015 жылы бүкіл əлем бойынша гуманитарлық операциялар жүргізу үшін 16,4 миллиард доллар жинау өтінішімен қайырылды. Осы қаржының 7,2 миллиард долларын Сириядағы жанжалдардан зардап шеккендерге көмек ретінде жұмсау жоспарланған.  Израиль парламенті соңғы оқылымында өзін өзі тарату жəне алдағы жылдың 17 наурызында кезектен тыс сайлау өткізу туралы заңды қабылдады. Сайлаудың нəтижесі бойынша жаңа үкімет жасақталып, жаңа премьер-министр тағайындалатын болады.  Калашниковтың жаңа автоматының экспорттық нұсқасының (АК-12) құны шамамен 1000 АҚШ доллары тұратын болады. Бұл туралы «Калашников» концернінің бас директоры Алексей Криворучко хабарлады.  Сириямен шекарада əскери борышын өтеп жүрген түрік солдаты екі қызметтесін атып өлтіргеннен кейін өзіне өзі оқ жұмсаған. Түркия билігінің пікірінше, осындай қадамға барған əскеридің жүйкесі сыр берген болуы мүмкін.  Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Косовоның Ұлттық олимпиада комитетін ХОК-тың толыққанды мүшесі деп таныды. Мұндай шешім ХОК-тың Монокада өтіп жатқан 127ші кезектен тыс сессиясында қабылданған.  Қытайдың Хуайбэй қаласындағы орта мектептің спорт алаңымен шектесетін қабырғасы құлап түскен. Төтенше оқиға салдарынан баскетбол ойнап жүрген 5 қыз бала қаза тапса, 2-уі жараланған.  АҚШ-тың Мэриленд штатында шағын ұшақ апатқа ұшырады. Ол тұрғын үйдің үстіне құлаған. 10 адамдық ұшақтың ішінде 3 адам болса, бəрі де қаза тапқан. Үй ішіндегі əйел мен оның екі баласы да көз жұмған.  Жапонияның Тарихи фактілерді тарату жөніндегі ұлттық қоғамының белсенділері америкалық актриса жəне кинорежиссер Анджелина Джолиді нəсілшіл қадамдарға барды деп айыптады. Жапондық белсенділерге Джолидің екінші дүниежүзілік соғыс туралы түсірген «Қайсар» фильмінің кейбір эпизодтары ұнамаса керек.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.