10122015

Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№237 (28715) 10 ЖЕЛТОҚСАН БЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

«ОТАНЫМЫЗДЫЅ ЖЇРЕГІ ЕНДІ ОСЫ ЖЕРДЕ СОЄАДЫ»

Адам ќўќыќтары 2-бет Ќуатты елдіѕ ќолєанаты 6-бет Ќиындыќтар толастар емес 9-бет «Астананыѕ» абыройлы адымы 12-бет

Энергетика саясатыныѕ жай-кїйі ќаралды Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мұнай жəне газ саласын дамыту мəселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Бұдан былай жəне ғасырдан-ғасырға осында, ұлан-байтақ елдің кіндігінде халық тағдыры үшін өмірлік маңызы бар шешімдер қабылданатын болады. Отанымыздың жүрегі енді осы жерде соғады. Осы жерден Қазақстан үшінші мыңжылдықтың табалдырығында өзінің тарихи тағдырын айқындайтын болады. ХХ ғасырдың шиеленісті тарихында біз тұңғыш рет өз мемлекетіміздің астанасы туралы дербес шешім қабылдадық. Қайда өмір сүріп, кіммен достасып, кіммен араздасарымызды біз үшін əлдебіреулер айқындаған уақыт келмеске кетті. Бəлкім, ұлттық тарихымызда біз өз балаларымыздың болашағына алаңдамай, азаттық ауасымен тұңғыш рет тыныстап отырған шығармыз. Сондықтан ХХІ ғасыр табалдырығында біз өз таңдауымыз – көне Сарыарқаның киелі аспаны астында қоныс тепкен жаңа астанамыз туралы мəлімдейміз. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына Үндеуінен (1997 жылғы 10 желтоқсан).

Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Кеңеске Премьер-Министр К.Мəсімов, Президент Əкімшілігі нің Басшысы Н.Нығматулин, салаға жетекшілік ететін ведомстволар мен ұйымдардың басшылары қатысты. Кездесу барысында көмірсутегі шикізатының əлемдік бағасының тұрақсыздығы жағдайындағы мемлекеттің энергетика саясатының аспектілері қаралды. Сонымен қатар, Қазақстанның оңтүстік өңірлерін қысқы маусымда газбен қамтамасыз ету, энергия көздерін тасымалдау саласындағы қызметті оңтайландыру жəне инфрақұрылымын дамыту мəселелері талқыланды. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Кəсіпкерлерге зор жауапкершілік жїктеледі Кеше Премьер-Министр Кəрім Мəсімов «Атамекен» Ұлттық кəсіпкерлер палатасы төралқасының кеңейтілген отырысына қатысты. Жиынды «Атамекен» Ұлттық кəсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев жүргізіп отырды. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов Ұлттық палатаның 2015 жылы жасаған жұмысының қорытынды есебін мəлімдеп, 2016 жылға

арналған жоспарымен бөлісті. Басқарма төрағасы бизнес-ортаға ба рынша қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік қолдау көрсету шара ларының тиімділі гіне талдау жүргізу, қаржы ресурстарына бизнестің қолжетімділігін қамтамасыз ету, сатып алулар мен

Спортты дамытуєа мїмкіндік мол

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықова астананың ауыстырылған күнінің құрметіне арналған спорт жарысына барды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Ісшараға Мəдениет жəне спорт вице-министрі С.Мұсайбеков, Астана қаласы əкімінің орынбасары Е.Аманшаев қатысты.

Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі елорданы ауыстыру туралы шешімді 1994 жылғы 6 шілдеде қабылдады. Астана 1997 жылғы 10 желтоқсанда ресми түрде ауыстырылды. Биыл Астанаға 18 жыл толады. Осы уақыт ішінде Астана елді экономикалық жəне инфрақұрылымдық тұрғыда дамытушы локомотивтердің біріне айналды. Елорданы ауыстыру түрлі салалардағы мультипликативтік мəні бар көптеген жағымды өзгерістерге түрткі болды. Соның ішінде құрылыс, мəдениет, инновация, білім беру, туризм жəне спорт салаларын ерекше атап өткен жөн. Мемлекеттік хатшы жарыстың салтанатты ашылу рəсіміндегі сөзінде Қазақстан Президентінің қолдауымен республикамызда денешынықтырумен жəне спортпен айналысуға, спорттың бірнеше

түрінен, соның ішінде шайбалы хоккей, мəнерлеп сырғанау бойынша жоғары дəрежелі спортшыларды дайындауға барлық жағдай жасалғанын атап өтті. Г.Əбдіқалықова жарыс еліміздің ұлттық мейрамы – Тəуелсіздік күніне орай өтіп жатқанын, осы жылдар ішінде Қазақстан экономикалық жəне əлеуметтік жетістіктерімен бірге, əлемдік спорт ареналарында да айтулы жеңістерге жеткенін атап көрсетті. Аталған іс-шара аясында шайбалы хоккейден балалар мен жасөспірімдер командалары арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты, мəнерлеп сырғанаудан жəне жүзуден Астана қаласының біріншілігі өтті. Іс-шара соңында қатысушылар медальдармен жəне дипломдармен марапатталды.

жергілікті мазмұн жүйесі мен адами капиталды дамыту «Атамекен» Ұлттық кəсіпкерлер палатасының қызметіндегі басым бағыттар екенін атап өтті. «Ұлттық кəсіпкерлер палатасының қатысуымен «Қазақстанда кəсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мəселелері туралы» заң жобасы əзірленіп, Пар ламентте қабылданған соң жəне Елбасы қол қойып бекіт кеннен кейін, яғни 2015 жылдың қаңтарынан бастап

заңды күшіне енген болатын. Аталған заңның қабылдануынан осы жылы кəсіпкерлік субъектілеріне түскен жалпы экономикалық əсер 14 млрд. теңгені құрады. Бірқатар рұқсат беру рə сімдерінің алынып тасталуы мен жалпы рұқсат беру рəсімдерінің жеңілдетілуі арқылы əкімшілік кедергілер азайтылып, бизнестің операциялық шығындары кеміді. (Соңы 2-бетте).

Жолдау міндеттерін халыќ толыќ тїсінуі тиіс Кеше Астанадағы Ұлттық музейде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын ақпараттық сүйемелдеу мəселелері жөнінде республикалық кеңес өтті. Оған Премьер-Министрдің орынбасары Дариға Назарбаева, Президент Əкімшілігі Басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов, Үкімет мүшелері, министрліктердің жауапты хатшылары, Парламент палаталары аппараттарының жетекшілері, Астана, Алматы қалалары мен облыс əкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат басқармаларының, республикалық БАҚ-тардың, қоғамдық бірлестіктердің жəне ЖОО-лардың басшылары қатысты. Жолдыбай БАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Алқалы жиынды Президент Əкімшілігі Басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев ашып, Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында көрсетілген мақсат-міндеттердің

өзектілігін атап өтті. Сондай-ақ, ол аталған құжаттағы көтерілген мəселелерді халыққа ұғындыру мақсатында ақпараттық қолдау қажеттігі уақыт талабынан туындап отырғанын жеткізе келіп, сөз кезегін Премьер-Министрдің орынбасары Дариға Назарбаеваға ұсынды. (Соңы 3-бетте).

Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.

 Заманмен үндес заңғар басылым

Кеѕестіѕ кезекті отырысы

Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігі Басшысының орынбасары Талғат Донақовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің кезекті мəжілісі болып өтті.

Мəжілісте 2015 жылы Қыл мыстық, Қылмыстық-про цессуалдық кодекстер мен Əкімшілік құқық бұзушылық кодексін қолдану нормаларының практикасы туралы, оның ішінде тергеу судьялары мен процессуалдық прокурорлар қызметіндегі ұйымдық-құқықтық проблемалар туралы мəселелер қаралды. Нормативтік қаулыларды жүзеге

асыру мəселесі жəне елдегі конституциялық заңдылықтың жағдайы мен Конституциялық Кеңестің Жолдауы туралы Конституциялық Кеңестің ақпараты тыңдалды. Сондай-ақ, мəжілісте Əділет министрлігінің 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңдердегі Құқықтық саясат тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі 2015 жылға арналған жоспарды

 Оймақтай ой Ерлік тайсалмас табандылық пен қа йыспас қайсар лықтан шығады. Бауыржан МОМЫШҰЛЫ.

орындау бойынша жұмыс қорытындылары туралы есебі тыңдалды. Сонымен қатар, мəжілісте Кеңестің үстіміздегі жылғы құ қықтық саясат жөніндегі жұмы сының қорытындылары шыға рылып, 2016 жылға арналған жоспарының жобасы мақұлданды. Кеңестің құқықтық саясат жөніндегі мəжілісінде мақұлданған ұсынымдамалар Қазақстан Республикасында заңнамаларды жəне құқық қолдану қызметін əрі қарай жетілдіру барысында назарға алынатын болады. Қазақстан Республикасының Президенті Əкімшілігінің Мемлекеттік-құқық бөлімі.

«Егемен» ет жаќыныма айналды Тоқсанның төрінен жүздің өріне ұмтылған басылыммен арадағы достығым жарты ғасырға жуықтапты. Осы жылдар аралығында ел газеті «Егемен Қазақстан» етжақын туысымдай, қимас досымдай болып кеткенін ерекше атап көрсеткім келеді. Бүгінгі технологияның қарыштап алға басқан заманында жұрттың бəрі интернет басылымдардың аты озды деп тұжырым жасап жүр. Ал мен болсам олай деуге əлі де болса асықпас едім. Интернет демекші, «Егемен Қазақстан» бүгінгі күнде оны да ұршықша иіріп, меңгеріп алды. Ол, əрине жақсы-ақ. Дегенмен, баспахана бояуының иісі бұрқыраған газетті қолға алып, дəмдіден дəмді іздеп, əрбір бетін сүзіп шыққанға не жетсін?! Құдды бір, бармағыңның басы дəуірдің күре тамырын сезіп тұрғандай! Биыл еліміз бойынша аса маңызды шаралар өтті. Соның ішіндегі шоқтығы биігі – Қазақ

хандығының 550 жылдық мерейтойы болды. Міне, «Егеменнің» арқасында өзім үшін қазақтың тың тарихын аштым. Басылым беттеріндегі бірінен соң бірі жарық көрген мағлұматқа бай, тарихтың қатпарына терең бойлаған, соны тақырыптарға түрен салған соқталы мақалалар мені ғана емес, қалың оқырманды да бейжай қалдырмады деп ойлаймын.

«Егемен Қазақстанмен» қарым-қатынасың жақсы болған сайын еліңді жаңа қырынан, тым жақыннан тани бастайсың, ұлтыңның ұлы қасиеттеріне қанығып, өзіңнің қандай тұмадан мейір қандырып жатқаныңды сезі неді екенсің. Біле-білген адамға бұл – мықты мектеп! Биыл газетіме тағы да жазылдым. Таңғы шайды ішіп алған нан кейін тағатсыздана күтетін, бояу иісі аңқыған əрбір бетінде елімнің кешегісі, бүгінгісі жəне болашағы жарастықпен үйлесім тапқан басылыммен аман-есен қауышудың өзі мен үшін бір бақыт! Темірғали КӨКЕТАЙ, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы, «Тіл жанашыры» құрмет белгісінің иегері, профессор.

ҚАРАҒАНДЫ.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.