11012014

Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№6 (28230) 11 ҚАҢТАР СЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Тапсырмалар уаќытында орындалуы тиіс

 Ел тынысы: мың бір мысал

ОСЫНДАЙ ЗАУЫТ БАР

Кеше Премьер-Министр Серік Ахметов Мемлекет басшысының Үкіметтің 2013 жылғы 11 қазандағы кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру мəселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Жаркент крахмал-сірне кəсіпорны жылына əлемдік сапаєа сай 30 мыѕ тонна ґнім шыєарады Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Елбасының ауыл шаруашылығы саласын дамытып, шикізат өндірумен шектелмей қайта өңдеу жұмысын тереңдету туралы берген тапсырмасына сəйкес, Алматы облысында ашылған Жаркент крахмал-сірне зауыты бүгінде бір ғана жүгеріден əлемдік стандартқа сай 18 түрлі өнім шығаруда. Нақтылай түссек, азық-түлік өнеркəсібінде шырын түрінде, ал мал шаруашылығында азық ретінде пайдаланылады. Зауыттың техникалық жабдықтары Германия, Түркия, Франция мемлекеттерінен əкеліп орнатылғандықтан, əлемдік стандартқа сай келеді. 2007 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаев тың өз қолынан «Алтын сапа» сыйлығын алған кезде ұжым мүшелері алдарына əрдайым жоғары жетістіктермен көрініп, əлемдік сапаға сай өнім өндіріп, агроөндіріс кешені кəсіпорындарының туы іспетті болуға міндеттеме қойған-тын. Бүгінде сол уəде үдесінен шығып отыр. Жаңа зауыттың іске кірісуі өңірдегі əлеуметтік мəселелердің де оң шешімін табуына ықпал етіп, бүгінгі таңда 270 адамды жұмыспен қамтамасыз

етуде. Кəсіпорынның барлық жұмысшылары əлеуметтік кепілдікпен қамтамасыз етілген. Крахмал-сірне зауытының жазиралы Жаркент жерінен ашылуы бекер емес. Кеңестік дəуірдің ұжым дастыру кезеңінен бері қатар орналасқан Панфилов, Ұйғыр, Еңбекшіқазақ аудандары жұмысшылары жүгері өсіруді негізгі кəсібіне айналдырып, ерте көктемде құнарлы топыраққа егіп, ала жаздай дала аруын күтіп, баптап өсіріп алтын күзде таутау өнім жинап, нəпақаларын сол өнім берекелілігінен табуға əбден машықтанған. Дала аруы деп те əспеттелетін жүгерінің 60 мың тоннасын аталған зауыт алғашқы кезеңде екі жаққа да тиімді бағамен сатып алып өңдеуде. Негізі жүгеріден алынатын крахмал осы өсімдік бойындағы қосалқы көмірсуы глюкоза қалдықтарынан түзілетін амилоза мен амилопектиннен тұрады. Ұн тəрізді ақ ұнтақ картоп, бидай, жүгері крахмалы кулинариясы жəне кондитер фабрикаларында пайдаланылады. Ал сірне – крахмалдан толымсыз қышқыл гидролизі жолымен алынатын қою шəрбат тəрізді тəтті өнім. Сірне өндірісіне крахмал гидролизі, қышқылды бейтараптандыру, гидролизатты тазалау,

Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев хабарлағандай, 2013 жылы Іс-шаралар жоспарының белгіленген барлық пункттері мерзімінде орындалған. Ол сондай-ақ, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жасаудың кешенді жоспарын толықтыру жөнінде хабарлап, мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді одан əрі шектеу, жекеше лендірудің екінші толқыны шеңберінде кəсіпорындар мен нысандар санын ұлғайту, мемлекетжекеменшік əріптестігі жобаларына даму институттарының, зейнетақы қорларының, қаржы ұйымдарының қаржыларын

сірнені қайнатып қоюландыру, салқындатып, буып-түю кіреді. Крахмал-сірнелік өнеркəсіп глюкозалық қант пен тағамдық глюкозаны шығарады. Глюкоза өндірудегі шикізат – крахмал. Кристалдық глюкоза таза да тəтті, əрі тез сіңетін жоғары сапалы тамақ өнімі. Кондитерлік нан-тоқаш өнімдерін, жеміс консервілерін, қоюлатылған сүт, балмұздақ, ликер-арақ өнімдерін жəне кулинариялық өзге өнімдерді шығару үшін глюкоза пайдаланылады. Біле білсек, бұл Жаркент крахмалсірне зауытының құндылығын арттырады.

Сөйтіп, Жетісу жерінде Қазақстан ғана емес Орталық Азияда салынбаған, салынған күнде дəл осы өңірдегідей жүгеріні өздері өсіріп, өздері өңдеп əлемдік стандартқа сай сапамен рынокқа шығарған зауыт жүйелі жұмыс жүргізуде. Басты ұстанымы – əлемдік сапаға сай шығарған өнім сапасын төмендетпеу. Сөйтіп, сенім биігінен түспей өңір халқын тұрақты жұмыспен қамти отырып, əлеуметтік мəселелердің оң шешімін таба беруіне ықпал ете беретіндіктеріне нық сенімді. Жалпы, Жаркент крахмалсірне зауытын уақыт талабына сай салып, жөндеу жұмыстарын

«Мыѕжылдыќтыѕ проблемасын» шешті Оны жїзеге асырєан ќазаќтыѕ айтулы єалымы, академик Мўхтарбай Ґтелбаев «Егемен Қазақстан».

Елордадағы ЕҰУ-дың Еуразиялық математика институтының директоры Мұхтарбай Өтелбаев «Новье-Стокс теңдеулерінің мықты шешімінің болуы» атты еңбегін аяқтап, оны ғылыми басылымда жариялады. Онда ғалымның алтыншы математикалық «мыңжылдықтар проблемасының» екінші есебін шешкені жан-жақты дəйектелген.

Бұл еңбектің маңыздылығы, аталмыш мəселе «мыңжылдықтың проблемасы» делініп келген ең күрделі 7 математикалық есептердің қатарына енгендігінде жатыр. Атап өтетін жайт, осы проблемалардың əрқайсысын шешуде Клэй математикалық институты 2000 жылдың басында 1 миллион АҚШ долларын бəйгеге тіккен болатын. Қазіргі таңда мыңжылдықтың жеті проблемасының тек біреуі ғана (гипотеза Пуанкаре) шешімін тапқан. Оның иесі

 Жағымды жаңалық

Арман болєан газ – ауылда Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Осыдан он шақты жыл бұрын Талас ауданындағы Амангелді газ кен орнына бұрғы тісі алғаш рет батырылған кездегі қуаныш үстінде кежегесі кейін тартқан кейбіреулер «мұның қызығын көргенше кім бар, кім жоқ» деп уайым соғып еді. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» деген рас екен. Облыстың сол тұстағы əкімі Серік Үмбетовтің біліктілігімен жүзеге асқан жоба өткен он жылдың бедерінде өңір экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосты. Ауылдағы ағайындар үшін екі қолға бір жұмыс та табылды. Енді, міне, арман болған сол газ облыс орталығынан шалғайда жатқан ауыл тұрғындарының үйіне де кіргізіле бастады.

Жақында облыс əкімі Кəрім Көкірекбаев осы аудандағы Талапты, Бостандық, Аққұм, Тамабек жəне Сейілбек ауылдарындағы үйлерге қосылған табиғи газ қуанышына ортақтасып қайтты. Аталған ауылдардағы 2195 үйдің иелері енді табиғи газдың қызметін ауылда отырып-ақ пайдаланатын болады. Ол үшін бюджеттен өткен жылы 475, 3 миллион теңге жұмсалыпты. Биыл жұмыс жалғасын тауып, енді Сəду Шəкіров, Ойық жəне Тұрымқұл ауылдары тұрғындарының отбасыларына да табиғи газ жеткізіліп беріледі. Бұл игілікке мемлекет қаржысынан 464,7 миллион теңге бөлініпті. Жамбыл облысы, Талас ауданы, Талапты ауылы.

тарту мəселелері бойынша өз ұсыныстарын ортаға салды. Сол сияқты кеңесте жүзеге асырылған іс-шаралар бойынша мемлекеттік органдар басшыларының есептері тыңдалды. Мемлекет басшысының барлық тапсырмалары сапалы жəне уақытында орындалуы тиіс. Бұл жерде формальдылыққа жол беруге болмайды. Сондықтан əрбір мемлекеттік орган, əрбір басшы барлық тапсырмалардың жүзеге асу тетіктерін тағы бір рет қарап шығуы керек. Біз бұл мəселелерді тұ рақты негізде қарап тұруды одан əрі де жалғастыра беретін бо ламыз, деп түйіндеді сөзін С.Ахметов.

 Бəрекелді!

 Алаш абыройы

Сүлеймен МƏМЕТ,

Кїнімізді шуаќты ету – елімізді ќуатты ету 2-бет Берен талант Бердібек 4-бет Жапанєа біткен бəйтерек 5-6-беттер Дїние додасыныѕ дїбірі 8-бет

– Григорий Перельман еді. Ол осы жаңалық үшін Филдсовский сыйлығына ие болған. Мұхтарбай Өтелбаевтың толық мақаласы «Математика журналының» 2013 жылғы №4 санында (http://www.math. kz/index.php/ru/) жарық көрді. Еске сала кетейік, автордың ғылыми қызығушылық саласына функционалдық анализ жəне оның қолданыстары, дифференциалдық операторлардың спектрлік жəне функционалдық кеңістік теориясы, есептеу

Алматы облысы.

математикасы, шекаралық есептердің жалпы теориясы кіреді. Академик – 2002-2003 пен 2004-2005 жылдары «Алтын адам» байқауында «Ғылым» номинациясы бойынша «Жыл адамы», «Жылдың ғылыми қайраткері» атақтарын иеленген. Ғылым мен техниканың дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның да, сонымен бірге, «Ғылым мен технологиялар» номинациясы бойынша Экономикалық ынтымақтастық ұйымы, Отанымыздың ең жоғары атағы саналатын ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығының да лауреаты.

АҚПАРАТТАР аєыны  Елімізде Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен «Тұран ТВ» телеарнасының тұсауы кесілді. Осы жылдың 1 ақпанынан бастап эфирге шығатын телеарна туризмді насихаттап, халқымызды саламатты өмірге баулитын хабарларды жəне салт-дəстүріміз туралы құнды деректерді жұртшылық назарына ұсынатын болады.  Қазақстандық спортшылар Сочи Олимпиадасына дайындалу үшін Еуропаға аттанды. Ұлттық құрама сапында Алексей Королев, Сабыржан Момынов, Константин Соколенко, Марат Жапаров, Радик Жапаров жəне Алексей Пчелинцев бар.  Астана қаласындағы көпқабатты 48 тұрғын үйдің лифтісі ауыстырылады. Жалпы, бас қалада 4 мыңнан астам лифт бар. Олар пайдалану мерзіміне қарай келешекте кезең-кезеңімен жаңартылады.  Алматы қаласы əлем туристері үшін тартымды 10 қаланың қатарына енді. «The Rough Guide» басылымы жариялаған сауалдамада саяхатшылардың қалауымен оңтүстік астана 7-орынға табан тіреген. Статистикалық дерекке жүгінсек, елімізге келетін шетелдік туристердің 80 пайызы Алматының əсем табиғатын тамашалағысы келеді.

жүргізуде «Универсал» өндірістік компаниясының президенті Зəкіржан Кузиевтің ерен еңбек сіңіргенін айта кету керек. Жылына 30 мың тонна өнім шығаратын зауыттың тек жобасын қаржыландыруға 1800,0 теңге жұмсалғаны көп нəрсені аңғартады. Ең бастысы, зауыт халық қажеттілігін толық өтеп отыр. Өңір жұртшылығы еш алаңсыз үйреншікті кəсібі – жүгерісін егіп, пісіп жетілген соң іргедегі зауытқа апарып өткізіп, еңбегінің өтеуін алатынына кəміл сенімді.

 Қарағанды облысы, Теміртау қаласындағы əлеуметтік бейімдеу орталығы базасы жанынан əлеуметтік патруль қызметі құрылды. Бұл жерде жұмыс істейтін қызметкерлер шақыру бойынша қала көшелеріне шығып, үй-күйі жоқ адамдарға көмек көрсетеді. Осы арқылы əлеу меттік түйінді түйткілді біртіндеп шешуге мүмкіндік жасалғалы отыр.  Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданында мұнай өнімдерін сақтайтын станса салынуда. Жобаның жалпы құны 1,3 млрд. теңгені құрайды. Станса іске қосылғанда мұнда 9300 тонна мұнай өнімі сақталады.  Кеше қарлы бұрқасынға байланысты «Астана – Қостанай» тас жолы жабыл ды. Мамандар бүгін де бұл жолға жолаушылардың сапарлап шықпауы керектігін ескертеді. Сондай-ақ, кеше «Ас тана – Петропавл» тас жолы да ішінара жабылған болатын.  Шымкент қаласында алдағы мерзімде муниципалды автопарк пайдалануға беріледі. Оның жалпы құны 2 млн. теңгені құрайды. Бұл қаржы жеке инвесторлар есебінен бөлінген. Bnews.kz, Egemen. kz хабарлары бойынша дайындалды.

«Бесоба» орнына «Шапаєат» бой кґтерді Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Бұдан бір жыл бұрын Қарағандыдағы « Бесоба» тұрғын үй кешенінде орын алған жайсыз жағдай бүгінде ұмытылуға айналды. Осындағы құлап қалған бес қабатты үйдің орнына жаңадан тұрғызылған мекенжай бой көтеріп үлгерді. Бұрынғысынан апат алдында амалсыздан уақытша жатақханаларға қоныстан дырылған тұрғындардың бірқатары бұл күнде қайта оралып, баспаналы болып жатыр. Алғаш келіп қоныс тепкен Қалкен Ержановтың, Айнұр Тəжібаеваның отбасыларына берілгендей 294 пəтер дайын тұр. Ащы оқиға сабақсыз қалған жоқ. Үйдің сапалы салынуына баса көңіл бөлінді. Табаны мен іргетасы берік қаланып,

монолиттік каркастан құйылды. Құрылыс барысында жұмыстың барлық ережелері сақталуы ұдайы назарда ұсталды. Үйді пайдалануға алуға мемлекеттік қабылдау комиссиясы тарапынан да талап жоғары болды. Қазір «Шапағат» аталатын осы шағын ауданда жаңа тұрғын үй кешені күннен-күнге сап түзей түсуде. Қаланың бас көшесі – Республика даңғылы бойындағы қыратта қанат жайған үйлер тұрғындарына барлық əлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасалған ол өз алдына бөлек қалашыққа айналғалы тұр. «Мейірім барда мұң жоқ» дейді халық даналығы. Осы бір сөз мəніне қоныстанушылар тікелей көз жеткізіп, көңілдеріне қуаныш нұры құйылуда. ҚАРАҒАНДЫ.

 Оймақтай ой

Адам – барлық нəрсенің өлшемі.

ПРОТОГОР.

 Бір ауыз сөз

Жоќтыѕ тїбі жоєалу емес пе? Сүлеймен НҮСІП.

«Егемен Қазақстан» газетінің таяудағы нөмірінде (8 қаңтар, 2013 ж.) «Айна айна емес, халық – айна» деген шағын мақала жарық көрді. Шынында, халықтың айна екені анық. Бəрін көріп-біліп отыр. Бірақ ой түбіндегі алтын жауһары – елдің жайы, Елбасы айтқан тəуелсіздіктің мəңгілігі, жұрттың бірлігі, ұрпақтың келешегі. Осындай ұлы мақсаттың орындалатынына сеніп, жеңіл желпінуге бой алдырмай, ой-санаға кір түсірмей, төзімділікпен қазыналығын танытып келеді. Ал біздің шенді шенеуніктер, əкім-қаралар, халық қалаулысы делінетін депутаттар, сол халықтың айна екенін, бəрін көріп-біліп отырғанын естен шығарып алып, кейде санаңа сыймайтын уəждер айтатыны бар. Соның бір парасы – олардың, яғни атқамінерлердің «кедейлігі». Сөздеріне сенсек, декларация

өткізгендегі айтқандарына ұйысақ, сұхбат бергендегі мысалдарына қарасақ, «үйлері» жоқ, «күйлері» кемшін. Алатын айлықтары шайлығына жете бермейді-мыс. Қызыл коммунист депутаттың бірі əр айдағы еңбекақысының жарты миллион екенін, көлікті несиеге алуға ұмтылып жүргенін алға тартқаны бар. Тіпті, халық екі тізгін, бір шылбырды қолдарына ұстатып, қадір тұтып, қарап отырған кейбір азаматтар арзандатылған 20-30 мыңның костюм шалбарын киетінін «жария» ететінін қайтерсің? Сонда олар осы сөздерді қауым қабылдайды деп ойлай ма екен? «Жұрттың көз алдында жүргендер солай жұпыны өмір сүріп жатса, былайғы елдің халі қалай? Бір үзім нанға зар болып жүрген жоқ па? Төрт керегеге қолы жетіп, ұл-қызын асырауға шамасы бар ма?» демеске шарамыз жоқ. Сөйтесің де, ірі

қалалардың іші-сыртындағы салтанатты сарайлар кімдікі екен, артынан Сұлтанмахмұт Торайғыровша сөз саптап: «Біздерде мынандай бар, мынандай бар», деп байлығымыздың барына тəуба дейміз. Артынан осы байлық барда «кедей» шенеуніктердің жағдайы онша құрдымға кете қоймайтынын ойша түсініп, əлгі сарайларды көз алдымызға елестеткенде, тағы да Сұлтанмахмұттың: «Кесені қолыма алып қарай бердім, Ішінде нақақ көзден жас бар ма деп» келетін өлеңі ойға оралады. Артынан атам қазақтың «жоқтың түбі жоғалады» деген сөзі еске түсіп, сол шіркіндер, айна халықтың алдында жалған ақталмай-ақ, үнсіз жүре берсе қайтер еді дейсің. Бүгін олардың дəулеті «кем» болғанмен, ертең мол екені айдай əлем алдында ақиқатқа айналарын кім жоққа шығара алады?


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.