Бїгінгі нґмірде: Əкімдер партаєа отырды
2-бет Елдердіѕ еѕсесін езген ереуілдер 3-бет Халыќ сенімінен шыєу – ќадірлі іс 7-бет Интеграция игілігі 10-бет
№28 (28252) 11 АҚПАН СЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Ел тынысы: мың бір мысал
Айбардыѕ аэроботы Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан».
Аэробот – көліктің қандай түрі екенін білесіз бе? Ə, сəл ойла нып қалдыңыз ба? Оқасы жоқ. Ендеше, өз сауалымызға өзіміз жауап қайтарсақ, аэробот – қардың немесе жұқа мұздың бетімен ағыны аз, суы таяз өзен-көлдерде емін-еркін қозғалатын жүрдек көлік түрі. Осынау ерекше қозғалыс құралы қыс кездерінде су айдындары мен ақ қар үстінде бейне бір қайық қызметін де атқара алады. Көршілес Ресейде аэробот шығаратын бес-алты шағын өндіріс орны болғанымен, Қа зақстанда бұған
дейін аэробот құрастырылып көрмепті. Міне, айрықша инновациялық мəні бар инноваторлық техниканың еліміздегі алғашқы құрастырушысы оралдық өнертапқыш Айбар Құспанов бол ғалы тұр. Ол Қазақстанда тұңғыш рет аэродинамикалық тартқышты аэроботтың бірнеше үлгісін жасап шығарды. Орал қаласындағы «Алгоритм» технопаркінде осы ерекше жобаның таныстырылу рəсімі өткізілді. Оның техникалық сипаттамасын сөз етсек, «Субару» қозғалтқышы қондырылған су көлігінің салмағы мейлінше жеңіл, 350 килограмнан аспайды. Айбардың
аэроботының судағы жылдамдығы сағатына 70 шақырым құраса, қар үстінде сағатына 100 шақырымдық жылдамдықпен жүйткиді. Құны – 2 миллион 600 мың теңге. Бұл баға ресейлік өндірісшілердің ұсынып отырған бағасынан біршама төмен. Оны сатып алушылар немесе тұтынушылар сервистік қызметке алаңдамауларына болады. Мұны əзірге оралдық өнертапқыштың өзі атқарады. Айбардың айтуынша, аэроботты құрастыруға емес, оған қажетті материалдарды алыс шетелдерден тапсырыспен алдыртуға көп уақыт кетеді екен. Айталық, аэробот жасауға қажетті тотықпайтын
алюминийді Санкт-Петербургтен, «Тойото», «Субару» қозғалтқыштарына Жапониядан, өзге қосалқы бөлшектерді ресейлік зауыттардан алуға тура келіп отыр, дейді ол. Мамандығы инженер-конструктор болып табылатын А.Құспанов сызбалармен қажетті құжаттарды өзі жасайды. Осы орайда Айбардың бизнес бастамасы, Елбасының биылғы Жолдауында айтылғандай, үде мелі индустрияландырудың екінші жəне одан кейінгі бесжылдықтарында атқарылатын жобалар мен салалар қатарынан орын ала алады демекпіз. Отандық жаңашыл Жолдау талабына сəйкес алдағы уақытта өз бизнесін кеңейтіп, оны сыртқы нарықтарға шығаруды көздейді. Айбардың бұдан өзге де бизнес-жоспарлары бар. Техниканы жетілдіру, автокөлік дөңгелектерін шешіп алып, оның орнына теміртабан орнату жолдарын іздестіріп тапты. Тауда да, тастың үстімен де, бұған қоса, жолсыз жерде жүруге арналған Айбар ойлап тапқан мұндай көлік түрлері геологтар мен мұнайшыларға аса қажет екені анық. Бұл ауыл шаруашылығы саласындағыларға да көктемгі-күзгі лайсаңдарда таптырмас көлік болмақ. А.Құспанов айрықша көлік түрлеріне тапсырыстарды жеке жəне заңды тұлғалардан, салалық министрліктерден күтеді. Бүгінгі күндері Орал қаласындағы арнайы цехта Төтенше жағдайлар министрлігіне арналған аэробот құрастырылу үстінде. Орал технопаркінің технологиялық бизнес-инкубациялау бөлімі мен коммерцияландыру аймақтық орталығы мамандары аэроботтың тəжірибелік үлгісі оны өндірістік негізде шығаруға əбден лайықты деген ұйғарымға келіп отыр. Егер бұл ұсыныс Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігіне қарасты Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік тарапынан қолдау тапса, Оралдағы технопарк арқылы өнімнің техникалық құжаттамаларын дайындап, сынақтан өткізуге мүмкіндік ашылары анық. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде «Даму» қорының аймақтық филиалы арқылы 3 миллион теңге көлемінде мемлекеттік грантқа ие болған Айбар Құспанов көп ойланбастан аэробот құрастыруға бекем бел буған екен. Оның инновациялық қадамы осылай басталыпты. Ендеше, іске сəт, дейміз де. ОРАЛ.
Инновацияны дамытуєа əлеует жетерлік АҚПАРАТТАР аєыны Елімізде осы жылдың 1 сəуірінде салымшылардың жеке есепшоттары мен зейнетақы жинақтары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылады. Бұл іс арнайы кесте бойынша қолға алынғалы отыр. Республикамызда биыл 60 мың жеңіл көлік шығарылады. Осының негізінде жоспарды 112 пайызға жеткізуге мүмкіндік жасалмақ. «ҚазТрансГаз» АҚ-тың былтырғы таза табысы 51 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте экспортқа газ өткізу жөніндегі жоспар 115 пайызға орындалған. Алматы қаласы алдағы бес жылда инновациялық даму орталығына айналады. Оны жүзеге асыру үшін жоба əзірленді. Ақтөбе облысындағы кəсіпкерлер палатасы жанынан «Жаңа дəуір кəсіпкерлері» клубы ашылды. Онда жаңа жобаларды рəсімдеу жəне қаржыландыру бойынша жұмыс жүргізіледі. Солтүстік Қазақстан облысы өткен жылы қамбаға 5,2 млн. тонна астық құйды. Енді жергілікті өңір өсім көлемінің артуына байланысты 120 мың тонна астық сақтайтын элеваторды іске қосуды көздеп отыр. Атырау облыстық ауруханасының дəрігерлері алғаш рет лапараскопиялық əдіспен бүйрекке ота жасады. Арнайы есепке алынған науқастарға да осы тəсіл қолданылады. Маңғыстау облысында жас отбасыларға пəтер кілті табыс етілді. Ал жақын арада тағы 200 жас отбасы жаңа пəтерлерге қоныстанады. Egemen.kz хабарлары мен облыстық əкімдіктер сайттарының материалдары бойынша дайындалды.
Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия жəне жаңа технологиялар министрі Əсет Исекешев бастаған жұмыс тобы Алматыда болды. Қанат ЕСКЕНДІР,
«Егемен Қазақстан».
Вице-премьер бірқатар өндіріс орындарын аралап, өңірде үдемелі индустриялықинновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру жəне Алматы қаласында инновациялық кластерді қалыптастыру мəселелері бойынша кеңес өткізді. Жұмыс тобының сапары Инфекцияға қарсы препараттардың ғылыми орталығы қызметімен танысудан басталды. Орталық өткен жылы құрт ауруына қарсы жаңа дəрілік өнімнің клиникалық
сынауларының үшінші кезеңін бастаған болатын. Индустрия жəне жаңа технологиялар министрі аралаған екінші нысан «Нобель» фармацевтикалық фабрикасы болды. 2011 жылы Индустрияландыру карта сы аясында компания фармацевтикалық өндірісін халықаралық стандарттарға сəйкестендіріп жаңартқан болатын. Соның арқасында өндіріс қуаттылығы 50 пайызға артып, өнім түрлері көбейе түскен. Сондай-ақ, Əсет Исекешев «Рахат» кондитерлік фабрикасының жұмысымен де танысты. Өткен жылы компанияның басшылығы
ауысып, кəсіпорынның басқару тізгіні кореялық инвесторларға өткені белгілі. Вице-премьер өндіріс технологиясын өз көзімен көріп, еліміздегі бірден-бір бренд өнім шығарып отырған кəсіпорынның жұмысымен етене танысты. «Рахат» фабрикасының өнімдері ТМД көлемінде де, алыс шетелдерде де, мəселен, Германия, Ауғанстан секілді елдерде де танымалдығы жəне өтімділігі жағынан алдыңғы лекте. Бұдан өзге вице-премьер бастаған топ əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде болып, ол жерде жас ғалымдармен кездесті. Ə.Исекешев басқосу барысында Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігінің
қатысуымен өңірлерде инновациялық кластерді қалыптастыру ісі қолға алынғандығын айтып өтті. Түстен кейін қалалық əкімдікте министрдің қатысуымен үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру мəселелері бойынша кеңейтілген кеңес өтті. Алматылық бизнес өкілдері қатысқан кеңес нəтижесі бойынша қала əкімі Ахметжан Есімов пен вице-премьер – Индустрия жəне жаңа технологиялар министрі Əсет Исекешев 2014 жылға арналған келісілген іс-əрекеттер жоспарына жəне туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. АЛМАТЫ.
Кен барлауєа кемел кґзќарас
Сенбі күні Премьер-Министр Серік Ахметов Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігінің Геология жəне жер қойнауын пайдалану комитетінде көшпелі кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Кездесуде геология мен жер қойнауын пайдалану саласын дамытудың бірқатар көкейкесті жайлары, соның ішінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған, салаға инвестициялар тарту бойынша тапсырмаларын орындау мəселелері талқыланды. Индустрия жəне жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, Президент алға қойған мақ саттарға жету үшін бірқатар, оның ішінде жүйелілік сипаттағы нақты шешімдер қабылдау қажет. Атап айтқанда, алда геологияға қаржылық жəне технологиялық салымдар тартуды жəне инвестициялық ахуалды жақсартуды барынша оңайлатуға мүмкіндік беретін заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыстар күтіп тұр. Жыл сайын геология саласын қаржыландыру көлемі артып келеді. Салалық бағдарлама бойынша, 2015-2019 жылдары барлығы республикалық бюджеттен 160 млрд. теңгеден астам көлемде қаржы жұмсау көзделіп отыр. ИЖТМ Геология жəне жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев өз сөзінде кен барлау жұмыстарын жүргізудің негізі өткен жылдарда ғы қолда бар материалдарды зерделеу болып табылатынын атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Геологиялық мəліметтердің бағасын анықтау мерзімін 240 күннен 1 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік беретін, тарихи шығындарды есептеудің бонитеттік жүйесін енгізу жоспарлануда, – деді ол. Алдағы 105 табиғат пайдалану нысандары бойынша жүргізілетін конкурстар тарихи шығындарды есептеудің бонитеттік жүйесіне сəйкес өтеді. Сондай-ақ, Б.Нұрабаев 14 ақпаннан бастап одан əрі пайдалы қазбалар анықтамалығын шығарумен жалғасатын, «пайдалы қазбалар апталығын» өткізуді жоспарлап отырғандарын хабарлады. Оның сөзіне қарағанда, алдымен «алтын апталығы» өтеді. Оған табиғат пайдаланушылар, геологтар жəне ғалымдар жиналады.
Биыл пайдалы қазбалар бойынша 8 анықтамалық шығару көзделіп отыр. «Қазгеология» АҚ басқарма төрағасы Ғалым Нұржановтың айтуынша, геологиялық барлау жұмыстарына шетел инвестицияларын тарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Олардың ішінде «Rio Tinto», «Kores», «Iluka», «JOGMEC» сияқты ірі инвесторлар бар. Бұдан басқа, осы кезде Германия мен Канада инвесторларымен əріптестік жөніндегі мəселе пысықталуда. Жезқазған аймағын дамыту мақсатында үстіміздегі жылы «Қазгеология» АҚ-қа 162 млн. теңге жобалау жұмыстарына бөлінді, жалпы 2020 жылға дейін 25 млрд. теңге бағыттау жоспарланған. Өз баяндамасында, Жер туралы ғылымдар орталығының директоры Асқар Мұнара, «Назарбаев Университеті» БАҰ-мен бірлесіп геологиялық зерттеу орталығын құру бойынша жұмыстардың жалғасып жатқанын атап өтті. Шеберлікжоспар дайындалды, қазір ТЭН жасалуда. Орталық құрылысы 2014 жылдың қыркүйегінде басталатын болады. ГЗО құрылысын қаржыландыру Назарбаев Университеті есебінен атқарылса, жабдықтар «Қазгеология» АҚ-тан. Кеңес қорытындысында, Премьер-Министр Мемлекет басшысының биылғы халыққа Жолдауында алға қойған мақсаттарға тиімділікпен қол жеткізу жөніндегі ИЖТМ-нің атқаратын түйінді міндетін атап көрсетті. Серік Ахметов кен барлау жұмысы Қазақстан индустриясын дамыту басымдықтарының бірі болып табылатынын айтты.
Кеѕестіѕ кезекті отырысы
Кеше Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Б.Ə.Бекназаровтың басшылығымен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыста судьяға үміткерлермен тағылымдаманы өту мəселелері, Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясының 2013 жылғы жұмысының нəтижелері жəне сот жүйесінің басқа ұйымдастырукадрлық мəселелері қарастырылды. Отырыс қорытындысы бойынша Жоғары Сот Кеңесінің тиісті шешімдері қабылданды жəне ұсынымдары берілді. Қазақстан Республикасының Президенті Əкімшілігінің Мемлекеттік-құқық бөлімі.
Бəрекелді!
Бас ўйым баєдарламасыныѕ їздігі Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан».
Қазақстанның ірі университеті – əлФараби атындағы ҚазҰУ-ге тұрақты даму бойынша «United Nation Academic Impact» (БҰҰ Академиялық ықпал) жаһандық хабын басқару сеніп тапсырылып отыр. Бұл ресми шешім БҰҰ штаб-пəтерінен келіп түсті. Абыройлы халықаралық құрылым ҚазҰУ-дің білім мен ғылымның көшбасшысы екенін дəлелдей түсті. Елбасы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Мəңгілік Ел» ұлттық идеясының басты құндылықтарын нығайту керектігін айтты. Оның ішінде ұлттық қауіпсіздік жəне жалпыбейбітшілік пен аймақтық мəселелерді шешуде біздің еліміздің жаһандық қатысуы маңызды орынға ие. БҰҰ бастамасымен ҚазҰУ-де UNAI хабын құру Елбасы идеясын іске асыруға, Алматы қаласын көпжақты
дипломатиялық аймақтық орталығына айналдыруға, Қазақстанның əлемдік үдерістегі жаһандық мəселелерді шешу ісінде рөлі мен беделінің өсуіне өз септігін тигізеді.
БҰҰ таңдауы кездейсоқ емес: БҰҰ-ның əлемдік мойындалған он принциптерін адам құқығы, сауаттылығы, тұрақты даму жəне қақтығыстарды шешуге негізделген
«Академиялық ықпал» бағдарламасына ҚазҰУ Орталық Азия университеттері ішінде бірінші болып қосылды. Аталған бағдарлама аясында университет өзін жетекші ғылыми-академиялық орталық ретінде байқатып, ғалымдарды белсенді түрде осыған баулыған жəне ғылыми-білім беру ортасын жаһандық мəселелерді шешу құралы ретінде пайдалана білді. Қазақстандағы БҰҰ өкілдігінің жəне Алматыдағы АҚШтың бас елшілігінің қолдауымен ҚазҰУ «БҰҰ моделі – Жаңа Жібек жолы» əлемдік студенттік бағдарламаойынының көптен бері бір бөлшегі болып келеді. Бұл болашақ мамандарды БҰҰ қағидаттарына жəне қауіпсіздік мəселелерін шешуге жаңа қабілеттерді қалыптастыруға тарту болып табылады. Үш жылдан астам тұрақты даму бойынша «Global Classroom» бағдарламасы қарқынды жұмыс істеп келеді. 2011 жылы ҚазҰУ БҰҰ қолдауымен «ХХІ ғасырдағы қақтығыстардың құбылмалы табиғаты» халықаралық ғылымитеориялық конференциясын өткізді. 2012 жылы ТМД елдерінің жоғары оқу орындары арасында бірден-бір білім ордасы – ҚазҰУ Бразилияда өткен «РИО+20»
ғаламдық саммиті БҰҰ-ның Əлемдік форумында Елбасының «Энергияэкологиялық дамудың жаһандық дамуы» жəне «Жасыл көпір» идеяларын қолдауға негізделген «Жасыл көпір: ұрпақтан – ұрпаққа» атты жобасына жеке секциясын ашты. Өткен жылы университет ректоры Ғалымқайыр Мұтанов ЮНЕСКО-ның білім беру саласы бойынша бас директорының орынбасары Цянь Танмен Париждегі кездесуінде ЮНЕСКО – UNITWIN бағдарламасына сəйкес ҚазҰУ-де тұрақты даму бойынша аймақтық хабын құру туралы шешім қабылданды. Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де UNAI хабының ашылуы адамзат қоғамы дамуында жаһандану тренді болып табылатын университеттің тұрақты даму бойынша көшбасшылық рөлін айғақтайды. Осы жылдың мамыр айының басында ҚазҰУ-де əлемдік деңгейдегі үлкен іс-шара – ІІІ Азия университеттері ректорларының форумы өтеді. Ол Азиялық аумақтағы қауіпсіздік пен жарқын болашақ үшін интеграциялық үдерістің мықты қозғаушы күші болмақ. АЛМАТЫ.