Ақордада өткен алқалы жиында Кəсіпкерлер кеңесін Ұлттық инвесторлар кеңесі ретінде қайта құру жөнінде шешім қабылданды.
№104 (28043) 11 СƏУІР БЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ
Отандыќ бизнес дамудыѕ жаѕа кезеѕінде
Елбасы Ќазаќстан кəсіпкерлерін ўлттыќ экономиканыѕ тўраќты ґсімін ќамтамасыз етуге шаќырды Кеңесті ашардағы сөзінде Мемлекет басшысы тəуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап-ақ өзінің кəсіпкерліктің дамуына ұдайы қолдау көрсетіп келе жатқандығын атап көрсетті. Соның нəтижесінде кəсіпкерліктің дамуына бөгет жасайтын көптеген əкімшілік кедергілер алынды. Бұл жұмыс одан əрі жалғасып келеді. Осы жылдардың ішінде Қазақстанға 300 млрд. доллардың инвестициясы тартылса, мұның 124 млрд. долларын еліміздің ішкі инвестициялары құрайды. Қалғаны шетелдік тікелей инвестициялар. Сұңғат ƏЛІПБАЙ, Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан».
Еліміздің 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясы əлемдегі ең дамыған 30 елдің ішіне кіру міндетін алға қойып отыр. Əрине, бұған қол жеткізу үшін кəсіпкерлік қозғалыс одан əрі жандана түсуі қажет. Қойылып отырған мерзімнің ішінде экономикадағы орта жəне шағын кəсіпкерліктің үлесі 40 пайыздан кем болмауы тиіс. Сондықтан да, «Қазақстан-2050» Стратегиясында кəсіпкерлікті дамыту мəселесіне ерекше мəн берілген. Өз сөзінде Елбасы жуық арада елімізде жекешелендірудің екінші толқыны жүргізілетіндігін атап өтті. Бұл өте маңызды мəселе болып табылады. Аталған шаруа тиімділік беруі үшін бизнестің белсенділігі кластерлік экономиканы құруға қарай бағытталуы керек. Біз алдымызға кең көлемді мақсат – əлемнің неғұрлым дамыған 30 экономикасының қатарына қосылу мақсатын қойдық. Қуатты экономика дегеніміз, бұл – күшті кəсіпкерлік, отандық кəсіпорындардың бəсекеге барынша қабілеттілігі мен олардың кооперациясы. Сондықтан да, мен отандық бизнеске қолдау көрсетуді жаңа саяси бағытымыздың екінші маңызды міндеті етіп қойдым, деген Елбасы бүгінгі басқосуда осы
мəселенің талқыланатындығын көлденең тартты. Елбасы отырысты ашып берген соң сөз кезегі ПремьерМинистрдің бірінші орынбасары – Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаевқа берілді. Б.Сағынтаев бүгінде қазақстандық бизнестің дамуы елдің бəсекелестік деңгейін арттырудың басты факторына айналғанын айта отырып, қазіргі таңда кəсіпкерлік саланы дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылғанын жеткізді. Кəсіпкерлік пен мемлекеттің арасында жүйелі байланыс қалыптасып, бұл салада көптеген мəселе шешімін тапқанын айтты. Елімізде бизнес ашамын деген азаматқа барлық жағдай бар екенін алға тарта отырып, бұл бағытта жасалып жатқан шаруалардың бірсыпырасына тоқталып өтті. Бірінші вице-премьердің мəліметіне сүйенсек, 2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайға сəйкес, ішкі жалпы өнімдегі шағын жəне орта кəсіпкерліктің үлесі 17,8 пайызды құрады. Ал шағын жəне орта кəсіпкерлікпен айналысатындар саны 2,5 млн. адамға жеткен. Сондай-ақ, олардың ішіндегі белсенді субъектілер саны 760 мыңнан астам адамды құрайды. Ал олардың шығарған өнімі 8,0 трлн. теңге болып отыр. Кəсіпкерлердің өткен жылғы басқосуында жəне халыққа
Жолдауында Елбасы Үкіметке кəсіпкерлікті дамыту бағытында 31 тапсырма жүктеген екен. Бүгінде оның 20-сы орындалып, 11-і орындалу үстінде екендігі хабарланды. Бұдан əрі Б.Сағынтаев Үкіметтің елдегі бизнес-ахуалды жақсарту бағытында атқарған жұмыстарын баяндады. Сіз бизнестегі қоғамдық ұйымдарды институттандыру ісін күшейтуді тапсырғансыз. Біз «Атамекен» одағымен бірлесе отырып, бизнестің «Атамекен» ұлттық палатасына мүше болуын міндеттейтін заң жобасын əзірледік. Қазір заң жобасы тиісті мемлекеттік органдармен келісіліп жатыр. Келісу аяқталғаннан соң заң жобасын Парламентке енгіземіз, деді Б.Сағынтаев. Оның айтуынша,
заң жобасы шағын кəсіпкерлерге 54 қызмет түрін бекітіп береді. Қазір ол қызметтердің біразын мемлекеттік органдар атқарып отыр. Сондай-ақ, ол қызметтер арасында шағын жəне орта кəсіпкерлікке қызмет көрсету, экспортты қолдау бағдарламасының операциялары бар. Сонымен қатар, Б.Сағынтаев азаматтардың өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз етуге əсер етпейтін барлық рұқсат берулерді қысқарту мəселесіне тоқталып, биылғы жылы рұқсат берулер туралы заң жобасы əзірленетіндігін жеткізді. Онда бизнес үшін жəне жаңа іскерлік жобаларды бастау тəртібіне негізделген барлық рұқсат берудің бірыңғай тізімі қамтылмақ. Яғни, егер мемлекеттік орган
Мемлекет мерейі
Өзгеріс өлшемі – өндіріс
Ґз жерімізді єарыштан ґзіміз баќылайтын боламыз Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».
Қазақстан өзінің ұлан-ғайыр даласын, бүкіл территориясын ғарыштан өз жерсерігімен бақылайтын күнге де жетті. Бұл жобаны жүзеге асыру ісі 2006 жылы басталған-ды. Бұйыртса, 2014 жылы толық жүзеге асырылып болуы тиіс. Сонымен, Алаш баласы алақайлап қуанар күн жылдың төртінші тоқсанында келмек. Тұңғыш қазақстандық жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ)
жерсерігі 2013 жылдың төртінші тоқсанында ұшырылады деп жоспарланған. Бұл жөнінде кеше Ұлттық ғарыш агенттігінің баспасөз қызметі мəлім етті. Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігі Ресейдегі «Ясный» ғарыш алаңынан ұшырылады деп жоспарланып отыр. Екінші жерсерік 2014 жылы Францияның Куру ғарыш алаңынан ұшырылады екен. Осыған орай кеше Астанада бірінші қазақстандық ЖҚЗ жерсерігін ұшыруға арналған халықаралық семинар өтті.
Хроника
Мемлекет басшысының Өкімімен Қа зақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы Махмұт Базарқұлұлы Қасымбековке «Назарбаев орталығы» көпфункционалды ғылыми-талдау жəне гуманитарлық-ағарту мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін уақытша атқару жүктелді. *** Мемлекет басшысының Өкімімен Қанат Бекмырзаұлы Саудабаев «Назарбаев орталығы» көпфункционалды ғылыми-талдау жəне гуманитарлық-ағарту мемлекеттік мекемесінің директоры қызметінен босатылды.
Көңіл айту жеделхатын жолдады Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Иран Ислам Республикасының Президенті Махмұд Ахмадинежадқа Бушер провинциясында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның өмірі қиылғанына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқының жəне жеке өзінің атынан қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына, сондай-ақ Иран халқына ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты.
жаңа рұқсатнаманы енгізгісі келсе, онда оның тиімділігі мен қажеттілігін дəлелдеуі тиіс. Тек осыдан кейін оны рұқсат берудің бірыңғай тізіміне енгізу мүмкін болады. Осы арқылы жаңа негізсіз рұқсатнамаларды енгізу жолында кедергілер қамтамасыз етіледі, деп атап көрсетті Б.Сағынтаев. Оның сөзіне қарағанда, жемқорлық тəуекелдеріне тосқауыл қоюға жəне рұқсат беру үдерістерін жеңілдету үшін 2015 жылға дейін барлық рұқсатнамалар автоматтандырылады. Бүгінде барша лицензияларды беру электронды пішінге көшірілді. Бизнеске қажетті 80-нен астам рұқсат беру рəсімдері автоматтандырылды. Биыл тағы 175 рұқсаттарды автоматтандыру жоспарланып отыр.
Үкіметке жүктелген тапсырманың бірі кəсіпкерлерге қаржылай жəне қаржылай емес қолдаулар көрсетуді жетілдіру болатын. Бұл тұрғыда бизнес тарапынан елеулі қолдауға ие болған кəсіпкерлерге қызмет көрсететін орталықтар ашу бойынша жұмыстар қызу жүргізілуде. Қазіргі таңда мұндай орталықтар Алматы, Шымкент қалаларында жұмыс істеуде. Ал осы жылдың соңына дейін барлық облыс орталықтарында, сондай-ақ, Семей қаласында ашылмақ. Мұнымен қоса, бүгінде барлық моноқалалардағы халыққа қызмет көрсету орталықтары негізінде құрылған осындай орталықтар бар. Енді мұндай орталықтарды аудан орталықтарында да ашу қолға алынуда. 1 мамырдан бастап мобильді кəсіпкерлікті қолдау орталықтары арнайы жабдықталған автобустар түрінде барлық облыстарда жұмыс істемек. Б.Сағынтаев Үкімет «Бизнес тің жол картасы-2020» бағдарламасы негізінде де кешенді жұмыстар атқарып, біраз мəселе шешімін тапқанын атап өтті. Бұл бағдарламаның аясында 3 мыңнан астам жоба қолға алынып отырғанын тілге тиек етті. Енді бұл бағдарлама негізінде жұмыс күшін көп тартқан, яғни халықты жұмыспен қамту жағына зор көңіл бөлген жобаларға басымдық берілмек. Сондайақ, жас кəсіпкерлерді қолдау, əйелдер мен мүмкіндігі шектеулі жандардың бизнесін қолдауға гранттар бөлу жағына да баса назар аударылмақ. Ал ауыл шаруашылығы саласындағы кəсіпкерлерге «Агробизнес-2020» бағ дарламасы аясында қолдау көрсетіліп, еліміздің аграрлық саласын дамытуға күш салынбақ.
«Қа зақстандағы ғарыш күні» атты халықаралық семинарды ұйымдастырушылар – Қазақстан Рес публикасының Ұлттық ғарыш агенттігі, Еуропалық EADS концернінің құрылымдық Astrium француз компаниясы жəне «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
Семинарда Қазақстан жерсерігі неге Байқоңырдан ұшырылмайды деген тілшілер сауалына «Қазғарыш» басшысы Тал ғат Мұсабаев «жерсерігінде құпия жабдықтар бар», деп жауап берген. Қазақстандық жерсерігі көк кеңістігіне сəтті шығып, орнығып алса: тө тен ше жағдайлардың зардабын анықтап, орын алу се беп те рін зерттеуге, жер астын да ғы қазба байлықтарын іздеуге, елдік мүліктер мен инфра құрылымдарды бақылауға, экология, далада жəне орманда орын алған өрттердің мони торингін назарда ұстауға, картография ісіне жағдай жасап, қазақ жерінің асты мен үстіндегі құндылықтардың бəрін тізіп, қалт жібермей қадағалайтын болады.
Айбын
Жауынгерлік парадќа дайындыќ – бїгіннен
Астанадан «Отар» 40-шы əскери базасына жауынгерлік парадқа дайындық мəселесін пысықтау үшін Қорғаныс министрлігінің жедел тобы жүріп кетті. Оған Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары, генерал-майор Мұқан Дүйсекеев басшылық жасайды.
Жедел топтың құрамына Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштер түрлі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері енген. Офицерлердің алдында жауынгерлік парадқа дайындық жөніндегі барлық мəселелерді үйлестіру міндеті тұр. Бұрын хабарлағанымыздай, ол осы жылдың 7 мамырында Отан қорғаушылары күні өтеді. Қазіргі уақытта əскери база аймағында жауынгерлік парадқа қа тысатын жауынгерлік техникалар мен бөлімшелердің жеке құрамы шоғырланып жатыр. Жауынгерлік парадқа барлығы 7 мың əскери қыз метші, 400-ден астам бронды машина, автотехникалар, 80-нен астам ұшақ пен тікұшақтар қаты сады. Əскери бөлімшелер қазіргі таңда Құрлық əскерлері мен Əуе қорғанысы күштері
жарақтанған заманауи қарулар мен техникаларды іс жүзінде қолдануда тактикалық шеберліктерін көрсетеді. Кеше «Отар» 40-шы əскери базасына темір жолмен екі эшелон танк жəне мотоатқыштар бөлімшелері келіп жетті. Бүрсігүні Ақтаудан теңіз жаяу əскерінің батальоны мен «Батыс» өңірлік қолбасшылығының барлау бөлімшесі келеді. Отарға мұның алдында авиациялық материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімдері барлық қажетті құрал-жабдықтарымен жеткен болатын. Жауынгерлік парадқа алаңсыз, тыңғылықты дайындалу үшін əскери авиация ұшқыштарына арналып жеке лагерь тігілмек. «Егемен-ақпарат».
Шыны шынымен шыєарылады
«Қызылордада шыны зауыты салынады» деген əңгіменің шыққанына талай жыл болған. Біршама талпыныстар жасалған. Басында жұртшылық жағымды жаңалыққа елең ете қалғанмен, уақыт өте келе назар аудармайтындай жағдайға жетіп еді. Өйткені, Қызылордадан салынады деген зауыт Ақтөбеге қарай ауып кетіп бара жатқан еді. Облыстың жаңа басшылығы зауытты Сыр бойына қайтарып алды. Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан».
Бұрнағы күні Қызылорда облысының əкімдігі, «СамұрықҚазына Инвест» ЖШС, «Qinhuan gao Yaohua Glass Mac hi ne Manufacture Co., Ltd» компаниялары ның арасында үш жақты меморандумға қол қойылды. Ол бойынша Қызылордада қытайлық компания шыны зауытын салатын болып келісілді. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» əл-ауқат қоры төрағасының орынбасары Қуандық Бишімбаев былай дейді: – Зауыт тəулігіне 600 тоннаға жуық, яғни жылына 180 мың
тонна шыны шығаратын болады. Зауыт құрылысы елдегі шыныға деген сұранысты толық өтеп, өнімді экспорттауға да мүмкіндік алады. Қазіргі кезде шетелдік серіктестерімізбен экспорт бағытын ойластырып жатырмыз. Əсіресе, Ресей жəне Орталық Азия рыногына шығуды талқыладық. Айта кету керек, бұл жоба Үкі мет тапсырмасы шеңберінде жү зеге асырылады. Мұны біздің серіктестеріміз де толық қолдап отыр. Барлық шыны өнімдері ең жоғары еуропалық жəне əлемдік стандарттарға сай шығарылады. Оған қоса, өндірісте қуат көздерін үнемдейтін шыны да шығарады. Бұл дегеніңіз, ЭКСПО-2017
Баяндамасының қорытынды сында Б.Сағынтаев елімізде Елбасының қолдауымен жүзеге асып жатқан кəсіпкерлікті дамыту саласындағы реформа халықаралық дейгейде де жоғары бағаланып отырғандығын атап өтті. Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингінде Қазақстан кəсіпкерлікті дамыту бойынша 183 мемлекеттің ішінде 49-орын алады. Бұл, əрине, елімізде кəсіпкерліктің даму деңгейі жоғары екендігін көрсетеді. Бірақ еліміз өңірлерінде бизнес саласының дамуы əртүрлі деңгейде. Сондықтан əрбір өңірдің «іскерлік ахуалын» бағалау мақсатында біз ұлттық рейтинг əзірледік. Бұл əр өңірдің бизнес-ахуалды жақсарту мақсатында қаншалықты жұмыс жасап жатқандығын жəне қай өңір биз неске қолайлы екендігін анықтайды, дей келе, Б.Сағынтаев Елбасына осы жылдың аяғында бұл рейтингтің қорытындысын хабарлайтынын айтты. Елбасы бұдан əрі сөз кезегін «Атамекен» одағы» ұлттық экономикалық палатасының төрағасы Абылай Мырзахметовке берді. А.Мырзахметов бұл Елбасының кəсіпкерлермен өткізіп отырған екінші ірі басқосуы екендігін еске сала келіп, Мемлекет басшысына бизнесті дамытуға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіп отырғаны үшін алғысын білдірді. Сондайақ, іскерлік ахуалды жақсарту жөнінде Үкіметпен жəне өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп атқарған жұмыс туралы хабардар етті. Ол «Атамекен» міндетті мүшелікке өту институтын енгізу жөнінде Германияның, Австрияның озық тəжірибесін зерделегенін атап өтті. (Соңы 2-бетте).
көрмесін ұйымдастыру қарсаңында заманауи нысандарды салуға үлкен қолдау болмақ. Қызылорда облысының əкімі Қырымбек Көшербаев Елбасына, Үкіметке, «Самұрық-Қазына» қорына, инвес тор компанияға алғысын білдірді. Сондайақ, үдемелі индустриялықинновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру барысында аталған зауыттың маңызды жоба екенін атап көрсетті. «Келешекте рынок сұранысына сəйкес өнім көлемін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, бұл өңір экономикасын əртараптандыруға мол мүмкіндік беретін зауыт», деді Қырымбек Елеуұлы. Ал зауыттың құрылысы күзде басталады. Бүгінде планшет, Ipad пен Iphone əркімнің қолында бар. Айтайын дегеніміз, зауыт қарапайым шыныдан бастап, осындай соңғы үлгідегі техникалардың бетіне қолданатын əйнектерге дейін өндіреді. Ал бұл үлкен мүмкіндік. Оның сыртында қызылордалық талай ағайын жұмыспен қамтылады. Қысқасы, табысы көл-көсір, елді ырысқа бөлей тін, аймақ экономикасына жаңа серпін беретін тың жоба болмақ. ҚЫЗЫЛОРДА.
Ұрлық түбі – қорлық
Ќанаєатсыздар ќўрыќталды Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».
Астыққа ауыз салғандардың ауыздары күйді. Ауыл шаруашы лығы министрлігі 10 ас тық қабылдау кəсіпорнында сақтауға қойылған бидайдың жетіспеушілігін анықтаған. Белгілі болғаны, ас атасы дəннің соңғы жылдары айтарлықтай қымбаттауы қойма қожаларының тəбетін ашқан. Қоймадағы астық жетіспеушілігін тексеруге дейін қайта толтырып, қылмысты ісін қайта
түзетіп қоямыз деген олардың арам пиғылдары орындалмай қалды. Расын айту керек, олардың қылмысты əрекетке іркіліссіз бой ұруына заңның шикі тұсы да сеп болған. Əйткенмен, ар сотының алдында тоқтамағандарға қандай да қатаң заң тосқауыл бола алмайтыны тағы белгілі. Десек те, министрлік тиісті заңның осал тұстарын ширатып, толықтырылған нұсқасын Парла мент Мəжілісіне жолдаған. Жаңарған заң жобасы халық қалаулыларының құп көңілін
тапса, таяу уақытта өмірге келеді. Сонда ширығып жетілген заң саладағы алаяқтарға құрсаулы тұсау болар деген үміт бар. «Мың асқанға – бір тосқан» болғанымен, ел ырыздығын қанағатсыз құлқынына қотарғандар 2012 жылы 57 272 тонна астықты жымқырып, 2,3 млрд. теңге шығын əкелсе, 2013 жылдың бір тоқсанының өзінде мемлекеттің сақтауға қойған астығынан 84 923 тонна ұрлап, 3,4 млрд. теңге шығынға батырған. Бүгінде, бұл шығынның бəрі анықталып, зерттеліп, жіктеліп, алаяқтық жасағандар жауапқа тартылып жатыр.