Бїгінгі нґмірде: Мəншїк Мəметова. Кґне дерекке жаѕа кґзќарас 5-бет Студенттік ассамблея – ел жастары бірлігініѕ мызєымас ўйытќысы 6-бет Ќазаќстандыќ дипломатия: кеше жəне бїгін 7-бет
№70 (28294) 11 СƏУІР ЖҰМА 2014 ЖЫЛ
● Айбын
Əскери парад ґтеді
Бўл ауќымды шара 7 мамырда Астанада Отан ќорєаушылар кїніне орай ўйымдастырылады
Озон ќабатын ќорєаудыѕ заѕдыќ тетігі Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында озон қабатын бұзатын заттар, Қорғас өзенінде «Достық» бірлескен су торабын салу жəне Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгеріс енгізу мəселелеріне қатысты заң жобалары қаралды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Мəжіліс мақұлдаған «Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына 1999 жылғы 3 желтоқсанда Бейжіңде қабыл данған Түзетуді ратификациялау туралы» заң жобасы бірауыздан қабылданды. Қоршаған орта жəне су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров Монреаль хаттамасы 1987 жылы қабылданып, оған төрт түзету (Лондонда, Копенгагенде, Монреальда жəне Бейжі ңде) енгізілгенінен хабардар ете кетті. Негізінен еліміз соның үшеуіне қосылыпты. Ал 1999 жылы енгізілген Бейжің түзетуінде гидрохлор, фтор жəне көміртектер тұтынуды азайтудың мерзімдері қарастырылған. Негізінен бұл заттар суыту жəне тоңазыту жүйесінде жеке немесе коммерциялық құрылымдар тарапынан жиі қолданылады. Қазіргі таңда Бейжің түзетуі 194 ел тарапынан ратификацияланыпты. Əзірге Қазақстан, Ливия жəне
Мавритания ғана заңдық тұрғыдан бекіте қоймаған. Ал Сауд Арабиясы жақында ғана аталған түзетуді ратификациядан өткізгені мəлім болды. Министрдің айтуынша, Кеден одағына кіретін елдер ішінде Қазақстан ғана Бейжің түзетуіне енбегендіктен, Ресей мен Беларусь елімізбен озонды құртатын заттармен сауда жасауға шектеу қойып отыр. Келісімді ратификациялау өзімізде өндірілмейтін гидрохлор, фтор мен көміртектерді еліміз аумағына заңды түрде əкелумен байланысты. Қазақстанда кеңінен қолданылатын заттар мыналар – 22, 41, 142 фреондары. Кондиционер мен тоңазытқыштардың басым бөлігі Қытайдан, Үндістаннан, Түркиядан, Кореядан, БАƏ, Белоруссия мен Ресейден жəне аз болса да Еуропа елдерінен əкелінеді. Сондықтан озонды құртатын заттардың экспорты мен импортын реттеу үшін 2004 жылдан бастап елімізде рұқсат беру қолға алынған. (Соңы 4-бетте).
● Жағымды жаңалық
Қазақстан Рес пуб ликасының Пре зиденті – Қарулы Күш тердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 19 наурыздағы Отан қорғаушылар күнін мерекелеу жөніндегі № 1362 нұсқауы бойынша Астана қаласында Əскери парад өткізіледі. Əскери парад 2014 жылғы 7 мамырда Астана қаласындағы «Қазақ елі» алаңында өтеді. Парадқа Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, Төтенше
жағ дайлар министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің жəне Республикалық ұланның парадтық есептоптары, сондай-ақ, Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігінің əскери техникалары мен авиациясы тартылады. Əскери парадтың салтанатты маршының жаяу легіне 2 мыңға жуық əскери қызметші, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамынан 1500 адам қатысады. Механикаландырылған колоннадағы
əскери техника саны 250 бірлікті жəне жеке құрамда 566 адамды құрайды (механикжүргізушілер, экипаждар, десанттар). Сондай-ақ, парадқа 56-ға жуық ұшу аппараттары қатыстырылады. 2014 жылғы 14 сəуірден бастап парад есептоптары мен механикаландырылған колонналардың жаттығулары күн сайын өткізілетін болады. Елдік рухты көтеретін мұндай шаралар жастардың бойында патриоттық сезім қалыптастырып, отан сүйгіштікке тəрбиелейтіні айт паса да түсінікті. Сондықтан да əскери парад əскерилер тарапынан да жоғары
жауапкершілікті, алға қойған мақсатты бір демде бір кісідей атқарып шығуды талап етеді. Жаттығуларды парадқа дейін күн сайын өткізу қажеттілігі де алдағы міндет үдесінен көрінуді діттейді. Іс-шара Қорғаныс министрлігіне қарастырылған 2014 жылғы бюджеттік бағдарламаның ақшалай қаражаты көлемінде қамтамасыз етіледі, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. -----------------------------------------
Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.
Оймақтай ой Ақыл деген – өлшеусіз бір жарық нұр. Шəкəрім ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ.
Ўлыќтауєа лайыќ ўлттыќ ќўндылыќ Сүлеймен МƏМЕТ,
«Егемен Қазақстан».
Қазақ жұртында ұлықтауға тұрарлық ұлы мəдениет те, ұшантеңіз құндылықтар да молынан. Оны елдігімізді алып, еңсемізді тіктегеннен бері көріп, біліп, танып жатырмыз. Өркениетті 30 елдің қатарына осы бір материалдық емес мұраларымызды жаңғыртып, жасартып барып қосылу үрдісі қазір кең қанат жайып келеді. Соның бір дəлел дəйегіндей тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 2014 жылы шығарылған «Абайтану əліппесі», «Даналық əліппесі», «Электронды қазақ үй» жəне басқа да интерактивті өнімдердің тұсаукесер рəсімі кеше елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада өтті. Шара шеңберінде министрлік тарапынан шығарылған оқу-əдістемелік құралдардың, көркем жəне аударма кітаптардың, балаларға арналған əдебиеттердің, сөздіктердің көрмесі ұйымдастырылғанын да айта кетсек дейміз.
АҚПАРАТТАР аєыны
Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХІ сессиясының қарсаңына орай əзірленген материалдарды 6-беттен оқисыздар.
● «Қазақ күріш шаруашылығы» ғылымизерттеу институтының мамандары арпаның жаңа сұрыбын ойлап тапты. Оған «Шахристан» деген атау берілген. Қазір аталмыш институт иелігіндегі 1200 гектар аумақта ғылыми-зерттеу жұмыстарына негізделген дəнді-дақылдар өсіру қолға алынды. ● Каспий теңізіндегі бағалы балықты қорғау мақсатымен «Бекіре» операциясы өз жұмысын бастап кетті. Оның құрамындағы мамандар мамыр айының соңына дейін теңіз балығының уылдырық шашуына мүмкіндік жасайды. Қазір анықталған құқық бұзушылық бойынша тиісті шаралар көрілуде. ● Алматы қаласында биылғы бірінші тоқсанда шоғырландырылған бюджетке 295,2 млрд. теңге түскен. Мұны өткен жылмен салыстырсақ, өсу көрсеткіші 9 млрд. теңгеге артқан. Ал алдағы мерзімде өңірдің үдемелі индустриялықинновациялық бағ дар ламасын одан əрі сəтті жүргізу үшін Ұлттық қордан қаржы бөлу қарастырылуда. ● Ақмола облысында «Алтын жас» деп аталатын клуб ашылды. Оның мүшелері -70 пен 90 жас аралығындағы ардагерлер. Оларға арналған арнайы жаттығу залы мен жүзу алаңы бар.
Айтулы шараны таяуда ғана Мəдениет министрі болып тағайындалған Арыстанбек Мұхамедиұлы ашты. Ол министрліктің ел игілігі, Қазақ елінің келешегі, өзге этностардың айрандай ұйыған тыныс-тіршілігі туралы алға қойып отырған басты міндеттерін айтып, негізінен қоғамымыздың рухани дамуына ерекше мəн берілетіндігін жеткізді. «Ана тілге жете мəн берген бұл игілікті істі мереке десек те жарасатын секілді», деп осындай шараға Астанадағы зиялы қауым өкілдерінің бір кісідей жиналуын ерекше атап өтті. «Біз кейде зиялы қауым бар ма, жоқ па?», дегенді айтамыз. Шынына келгенде, ұлт руханияты деп жүрген зиялы жұрт бар. Соның бір дəлелі халықтық іске қаумалай келген бүгінгі алдыңғы толқынға ерекше ілтипатымды білдіремін», деген министр Елбасының тапсырмасына сəйкес 2020 жылға қарай қазақ тілін меңгеруді ел көлемінде 95 пайызға жеткізу жайына жанжақты тоқталды. (Соңы 12-бетте).
● Оңтүстік Қазақстан облысын да ширек ғасырдан бері алғаш рет «Оңтүстік самалы-2014» фести валі өткізілгелі отыр. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, бұл шара 25-27 сəуір аралығында Арыс пен Бəйдібек өзендерінің түйіскен жерінде өтеді. Думанды кешке республикамыздың жер-жерінен белгілі өнер иелері қатысады. ● Келер жылы Қарағанды облысында бие сүтінен құрғақ ұнтақ өндіріледі. Неміс технологиясы негізінде өндірілетін бұл өнімді «Евразия Инвест Ltd» ЖШС нарыққа шығарады. Мамандар оның сапалы болатынына сенім білдіріп отыр. ● Павлодар облысында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің пəтерін жөндеуге 60 млн. теңге бөлінді. Осы ған байланысты жуық арада 70 пəтерге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен бірге, Жеңіс мерекесі күні соғыс ардагерлеріне жəне тыл еңбеккерлеріне материалдық көмек беру жоспарланған. ● Батыс Қазақстанда Атырау облысының мəдени күндері өтуде. Онда Атырау өңірінің құнды жəдігерлері келушілердің назарына ұсынылды. Сондай-ақ, жұртшылық ортағасырлық Сарайшық қалашығынан табылған археологиялық бұйымдармен танысты. BNews.kz, Nur.kz, Egemen.kz хабарлары бойынша дайындалды.