Бїгінгі нґмірде: Тіл тўтастыєы – ел тўтастыєы 5-бет Аєалар естен кетпейді 8-бет Экономика – жалпы еѕбек ќоєамыныѕ мыќты тўтќасы 9-бет Шетке кеткенше, ґзіміз ґсіріп, баєайыќ... 16-бет
№66 (28544) 11 СƏУІР СЕНБІ 2015 ЖЫЛ
Ўлттыќ музейде болды
«Елбасымен бірге – жаѕа жеѕістерге!» Астанада жастар форумы ґтті
Кеше Тəуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Елбасымен бірге – жаңа жеңістерге» атты жастар форумы өтті. Оған қатысу үшін еліміздің барлық өңірінен 2000-нан астам жас келді. Олардың арасында «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері, мəслихаттардағы жас депутаттар, кəсіпкерлер, ғалымдар, белгілі спортшылар мен жастардың ірі ұйымдарының жетекшілері бар. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Жастар үшін маңызға ие форум басталғаннан кейін алғашқы сөз Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа берілді. Баршаңызды жастар форумының басталуымен құттықтаймын, деп бастады сөзін Елбасы. Бүгінгі форумның мақсаты – жаңа жаһандық жағдайда елімізді дамыта түсу үшін жастардың жігер, қуатын біріктіру. Сендер – жаңа Қазақстанның алғашқы буынысыңдар. Тəуелсіздіктің құрдастары мектепті бітіріп, жоғары оқу орнын тəмамдап, маман болды, өмірге толығымен араласты. Жастың қуаты – білімі мен білігінде, бірлігі мен патриоттығында. Біз бабалардан мирас болған атамекенімізді тəуелсіз ел еттік. Тұрмысы шалқып, түтіні түзу ұшқан бақуатты мемлекетке айналдырдық. Татулықты – тұрақтылықтың жəне тұрақтылықты – дамудың тұғыры еттік. Біздің барша жетістіктеріміздің бастауы – бірлік. Бірлігімізді тұмардай сақтай білсек еліміз үшін алынбайтын белестер жоқ. Ол үшін əрқайсың өздеріңе жүктелген тарихи жауапкершілікті сезіне білулерің керек.
Мен ұлттың ұясы – Ұлытауда тарихымыз ғұндар заманынан тамыр тартатынын айтқан едім. Ол Еуразияны ен жайлап, еркін билеген Түркі бабалармен, кейін Алтын Орда дəуірімен жалғасады. Биыл ел болып 550 жылдығын атап өткелі отырған Қазақ хандығы да – ұлы дала шежіресінің жарқын беттері. Біз мыңжылдықтар тоғысында жаңа мемлекет құрдық. Батыр бабалардың арманын ақиқатқа айналдырдық. Тарихымыздың қай кезеңіне көз салсақ та, ол – бірліктің жылнамасы. Қазақ əлсіресе – алауыздықтан əлсіреген, күшейсе – бірліктен күшейген. Бірлігі бар қазақты ешкім жеңе алмаған, жеңсе бір-біріне айдап салып жеңген. Бұл – тарихтың бізге берген тағылымы. Мемлекет басшысы өзі еліміздің мəңгілік темірқазығы болатын идея төңірегінде азаттықтың алғашқы күндерінен толғанғанын атап көрсетті. Ол – терең тарихтан бастау алуы жəне бүгінгі күннің мұраттарына сай келуі тиіс, деді Президент. Неше ғасыр өтсе де ескірмейтін, мəңгілік болашақпен сабақтасатын идея болуы қажет. Кезінде бабаларымыз «Мың жылға, түмен күнге жететін ұрпаққа өсиетімді мəңгі тасқа бəдіздедім» деп жазған. Сол өсиеттердің бірі – Тоныкөк абыз айтқан «Түрік
Кїн тəртібі талќыланды Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мəжіліс бюросы өтіп, жалпы отырыстың күн тəртібі нақтыланды, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі. Жоба бойынша мəжіліс депутаттары назарына бірқатар заң жобаларын екінші оқылымда қарау ұсынылған. Онда ілеспелі түзетулермен «Ең төменгі əлеуметтік стандарттар мен кепілдіктер туралы» жəне «Бітімгершілік қызмет туралы» заң жобалары бар. Сондай-ақ, осы күні халық қалаулылары сумен жабдықтау жəне су бұру мəселелері бойынша түзетулерге қатысты заң жобасын қарайды. Мəжіліс депутаттары Болгария
жəне Румыниямен адамдарды ұстап беру туралы шарттарды, сондай-ақ, Румыниямен сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялауға қатысты заң жобалары бойынша қорытынды əзірлеу мерзімін тағайындамақ. Осы бағытта тағы да екі құжат, яғни «Төрелік туралы» жəне «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» заң жобалары ілеспелі түзетулермен ұсынылуда.
Ынтымаќтастыќты арттыруєа мїмкіндіктер мол
Өткен бейсенбі күні Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев бастаған Қазақстанның үкіметтік делегациясының Германия Федеративтік Республикасына жұмыс сапары басталды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Сапардың басты мақсаты Еуразиялық экономикалық одақ жағ дайындағы екіжақты саудаэкономикалық ынтымақтастықтың көкейкесті мəселелерін талқылау,
сон дай-ақ, мемлекеттік қаржы жүйесінің қызмет істеуі саласында тəжірибе алмасу болып табылады. (Соңы 4-бетте).
жұртының мұраты – Мəңгілік Ел» деген сөз. Осынау бір ғана сөйлемге барлығы сыйып тұр. Бабалардың арманы, бүгінгі еліміз бен болашақ ұрпақтың биік мақсаттары, бəрі үндеседі. Қазақстанның ұлттық идеясы – Мəңгілік Ел осыдан туындаған идея. Бабалардың тасқа басқан өсиеттерін іске асырып, Мəңгілік Ел болуға бет бұрдық. Ұлттық идеяны іске асыруға белсене атсалысатын жас ұрпақтың алғашқы легі сендер боласыңдар! Түмен күнге жететін тəуелсіз ұрпақтың көші сендермен басталады. Биыл – еліміз үшін мерейлі белестер жылы. Бір айдан соң Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Конституциямыздың 20 жылдығы – үлкен белес, оның арқасында ел болып, басқалармен терезелеріміз тең болып келе жатыр. Қазақстан халқы Ассамблеясы арқылы көп ұлт пен ұлыстың басын қосып, елімізде тыныштық орнатып, оның арқасында бүгінгі күнге жеттік. Бұл шаралардың ел тарихындағы орны ерекше. Ұлы құндылықтарды ұлықтай білу – əрбір жастың, баршамыздың жауапкершілігіміз. Біздің тарихымыз – бірігудің тарихы екенін əрдайым есте сақтау керек. Патриот болу дегеніміз – өзіңнің ұлы даланың ұрпағы екеніңді мақтан ете білу. Еліңнің жарқын болашағын жасауға өз үлесіңді қосу. Бұл ретте, біз тағы бір тағдырлы сəттің табалдырығында тұрмыз. Алда Президент сайлауы келеді. Əрбір азаматтың таңдауы – біріге келгенде тұтас елдің таңдауы. Мен қазақстандық жастар жарқын болашақ үшін дауыс беретініне сенемін. Біз Мəңгілік Елді бірге құрамыз. Биік
шыңдарға бірге жетеміз, оның алдында сіздер боласыздар. Мен сіздермен өз ойыммен бөлісіп, ашық əңгімелескім келеді, деп жалғады сөзін Н.Назарбаев. Сіздер əлемнің шын дығында қандай екенін білуге тиіссіздер. Оны бірде-бір университетте оқытпайды. Сіздер кеңестік экономика жүйесін жəне біздің дамуымыз бастау алған қиындықтарды білмейтін Тəуелсіздіктің алғашқы буынысыздар. Сіздер сондай-ақ жаһандық əлем жағдайында өмір сүріп жатқан алғашқы буынсыздар. Сондықтан, сіздер біздің өсу жағдайымызды мейлінше айқын түсінуге тиіссіздер. Кейде біреулер неліктен біз əлі Ба тыс Еуропадағыдай немесе Араб Əмірліктеріндей өмір сүрмейміз деген сұрақ қояды. Бəрі бірдей соншалықты ап-айқын емес. Біздің экономикамызға түбегейлі ықпал ететін нақтылы жəне қа рапайым факторлар бар. Ол климат, ол үлкен арақашықтық, ол теңізге шығу жолының жоқтығы, ол тарихи жəне мəдени мұралар. Іс жүзінде біз осы жылдар бойы көптеген объективті жағдайларға қарамай алға басудамыз. Мен бүгін осылар жайында айтқым келеді. Бүгінде Қазақстан көптеген өлшемдер бойынша дамыған мемлекеттердің алғашқы 30-дығына кіреді. Іс жүзінде біз осы елдер қатарында тұрмыз, соның ішінде экономиканы дамыту бойынша, бірқатар өнеркəсіп өндірістері, ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау жəне басқа аспектілер бойынша да. Ол үшін ІЖӨ көлемі əрбір қазақстандық үшін дамыған мемлекеттердегіден екі есе артық болуы керек. Бұл айырмашылыққа география мен климат себепкер. Бай мемлекеттердің белгілі бір бөлігі анағұрлым қолайлы климатта өмір сүреді. Олар Батыс Еуропа елдері, Австралия, АҚШ, Жапония, Сингапур, Оңтүстік Корея, Малайзия, Араб Əмірліктері. Біздегі сияқты нағыз аязды қыстар оларда жоқ. Бəрінде де теңізге немесе мұхитқа шығатын жолдар бар. (Соңы 2-бетте).
Шетелдік єалымдар аурухананы аралады Астанадағы Қазақстан Президенті Іс басқармасының жаңа медициналық орталығын аралап көрген шетел жəне ғылыми орталықтардың ғалымдары озық медициналық техникалармен жабдықталған көпсалалы аурухананың жұмысымен танысып, ұжым мүшелерімен кездесті. Шараға қатысқан Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев мемле кеттің денсаулық сақтау саласын одан əрі дамытуы ел игілігіне жарап, халық денсаулығына оң əсерін тигізетініне сенім білдірді. Сондай-ақ, ол биыл медицина саласын дамытуға 4,6 миллиард доллар көлемінде қаражат бөлінгенін айрықша атап өтті. Медициналық мекеменiң таныстырылымын орталық басшысы Валерий Бенберин жүргізіп отырды. Бір ауысымда 1 мың адамды қабылдай алатын медициналық кешен құрамына бірегей диагностикалық блок жəне ядро лық медицина бөлімшесі кіре ді. Ғимарат пен оның инфра құ ры лы мының жұ мы сын қамтамасыз ете тін не гізгі жүйелердің мониторингі
мен басқарылуы авто маттан ды рыл ған. Аталған мекемеде жо ғары санатқа ие білікті мамандар, соның ішінде медицина ғы лымдарының 11 докторы мен 24 кандидаты жұмыс істейді. Кездесу барысында шетелдік сарапшы мамандар орталықтың техникалық жарақталуын жəне ем алудың жаңа жүйесiн асқан қызығушылықпен аралап, орталыққа оң бағаларын берді. Сондай-ақ, қонақтар қазақстандық білікті мамандармен тəжірибе алмасу туралы да сөз қозғады. Шара соңында «Ұжым жұмысы жəне орталықтың жаңа ауруханасына жоғары баға бергендеріңізге алғысымызды айтамыз», – дедi В.Бенберин. Раушан СҮЛЕЙМЕНОВА, журналист.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне барды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысына Қазақстанның тарихи жəне мəдени мұрасын саралап, баға беретін осы заманғы интел лектуалдық орталық болуды көздеп отырған музейдің қызметі туралы баяндалды. Нұрсұлтан Назарбаев, сондай-ақ, Қазақстанның ежелгі заманнан бүгінге дейінгі археологиялық, этнографиялық, тарихи-мəдени ескерткіштері қойылған экспозициялық залдарды аралап көрді. *** Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі 2014 жылы ашылды. Жалпы алаңы 74 мың шаршы метр болатын музей кешені жеті блоктан тұрады. 14 мың шаршы метрден астам аумақта 11
тақырыптық зал орналасқан, олардың қатарында Астанаға, Тəуелсіз Қазақстанға арналған залдар, алтын залы, ежелгі жəне орта ғасыр тарихы, этнография жəне қазіргі заманғы өнер залдары бар. Мекеме əлемдік стандарттарға сай құралдармен жабдықталған, экспозициялар үшін заманауи көрме технологиялары қолданылады. Сонымен қатар, балалар музейіне, балалардың шығармашылық орталығына, көрме залдарына, қалпына келтіру шеберханаларына, зертханаларға, кəсіби қор сақтау қоймасына, оқу залы бар ғылыми кітапханаға, конференция залы мен кəдесыйлар дүңгіршектеріне арналған орынжайлар қарастырылған.
Пасха мерекесімен ќўттыќтады Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Қымбатты отандастар! Сіздерді Пасха ме ре кесімен шын жү ректен құттықтаймын! Ол – адамдардың жүрегі не сенім мен үмітті, игілік пен бейбітшілікке ұмтылысты ұялататын терең адамгершілік мағынасы бар мейрам. Пасха – игі істерге, қайырымды амалдарға, мейірімділік, өзара құрмет, отбасы мен өз халқына деген сүйіспеншілік сияқты шынайы рухани құндылықтарға бет бұратын мезет, дейді Президент өзінің құттықтауында. Елбасы, сонымен қатар, елімізде мақсатты мемлекеттік саясаттың арқасында татулық пен тыныштық орнағанын, діни сенім бостандығына кепілдік беріліп, Қазақстан атты үлкен отбасында өмір сүріп жатқан этностардың тілдері мен дəстүрлерін дамытуға барлық жағдайлар жасалғанын атап көрсетеді.
Елордамыз Астана жаһандық дінаралық жəне мəдениетаралық үнқатысу орталықтарының біріне айналды. Астанада 2015 жылғы маусымда Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының V съезі өтеді. Бейбітшілік пен тыныштықты қолдауға, тұрақтылықты сақтауға Қазақстандағы Орыс Православие Шіркеуінің Митрополиттік аймағы, сондай-ақ, басқа христиандық қауымдар салмақты үлес қосуда. Біздің халқымыз біртұтас, біз бəріміз қуатты да тұрақты Отанымызды бірге құрамыз, делінген Елбасының құттықтауында. Президент құттықтауының соңында осы жарқын мерекеде барша қазақстандықтарға өркендеу, жан тыныштығын, амандық жəне бүгіні мен ертеңіне деген сенімділік тілеген.
Кїрделі мəселелерге мəн берілді Кеше «Атамекен» ұлттық кəсіпкерлер палатасында Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төрағалық етуімен Əлеуметтік əріптестік жəне əлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның отырысы өтті. Онда əлеуметтік жауапкершілікпен бірге өзге де бірқатар мəселелер талқыланды. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, бір қатар вице-министрлер мен «Егемен Қазақстан». Ұлттық кəсіпкерлер палатасының басшылығы, кəсіподақ ұйымОтырысқа Денсаулық сақ- дарының өкілдері қатысты. Жертау жəне əлеуметтік даму ми- гілікті əкімдіктер мен аталған нис трі Тамара Дүйсенова жəне ұ й ы м д а р д ы ң а й м а қ т а р д а ғ ы
АҚПАРАТТАР аєыны
● Еліміз Еуроодақтың сенімді сауда жəне инвестициялық серіктесі болып табылады. Ұлттық экономика министрлігінің мəліметінше, мемлекетіміздің ЕО елдерімен өзара сауда көлемі 2014 жылы 53,07 млрд. АҚШ долларын құраған. Бұл – Қазақстанға тиесілі жалпы тауар айналымының 44,4 пайызы. ● «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» шаруаларға өз қаржысынан 1 980,0 млн. теңге бөледі. Қордың басқарма төрағасы Нармұқан Сарыбаевтың сөзіне қарағанда, көрсетілген соманың 500,0 млн. теңгесі шағын қаржы ұйымдары арқылы беріледі. Жалпы, биыл «ҚазАгро» ҰБХ» компаниялар
тобы көктемгі дала жəне күзгі жиын-терім жұмыстарына барлық қаржыландыру көздерін есептегенде 97 млрд. теңге бағыттайды. ● Астанада барлық ардагерлер баспанамен қамтылды. Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрінің орынбасары Светлана Жакупованың айтуынша, Жеңістің 70 жылдығына орай елордада өтетін шараларға басқа өңірлерден 270 ардагер келетін көрінеді. Соның ішінде 6 ардагер Мəскеуде болатын шеруге қатыспақ. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 61 млн. теңге бөлінген. ● Қызылордада деректерді өңдеу орталығы ашылды. Облыстық əкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталмыш
жетекшілері комиссия жиынына онлайн режімінде қатысып, өңір лер дегі кəсіпкерлер мен жұмысшылардың жағдайы жөнінде əңгімелеп отырды. Үкімет басшысының орынбасары министр мен өзге де мекеме басшыларының есебін тыңдап, туындаған мəселелерді шешу жолдарын назарға алды. (Соңы 4-бетте).
мекеме «Мемлекеттік органдарға хостинг қызметтерін көрсету үшін серверлік интернет-платформа құру» жобасы негізінде пайдалануға берілген. ● Атырау облысында мал шаруашылығын субсидиялау үшін 500 млн. теңге қаралды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сырым Рысқалиев бөлінген бұл қаражат асыл тұқымды ірі қара мал сатып алуға, селекцияға, асыл тұқымды мал өсіруге жұмсалатынын жеткізді. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі мен «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.