СІЗ не дейсіз? Ќўтќару жўмыстарына дайынбыз Міне, жайраңдап жаз да шықты. Енді өзен-көлдерге, тоғандарға суға түсушілер қатары арта түседі. Мұндайда адамдардың суға кету оқиғалары да болып тұратыны жасырын емес. От пен су – тілсіз жау деп тегін айтылмаса керек. Əрине, қамданған қапы қалмайды. Ондай қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін қандай шаралар алынуда? Суға түсу маусымына дайындық қай деңгейде? «Егемен Қазақстан» газетінің Ақтөбе облысындағы тілшісі Сатыбалды Сəуірбай облыстық төтенше жағдайлар департаменті суда құтқару қызметі мемлекеттік мекемесінің бастығы Қасымжан Байсадақовқа: – Сіз бұған не дейсіз? – Өңірде суға түсу маусымы басталып та кетті. Бұл бізден мейлінше сақ болуды, сондайақ, төтенше жағдайларда жұмыс істеуге тиянақты əзірленуді қажет ететіні айтпаса да түсінікті. Жыл басынан бері облыстың су қоймаларында 13 төтенше жағдай орын алып, үш адам суға кетті, біздің қызмет төрт адамды құтқарып қалды. Бұған дейін біздің қызмет бөлімшелері белгіленген кесте бойынша кезекшілік атқарып келсе, енді суға түсу маусымының ашылуына байланысты күшейтілген кезекшілік бойынша жұмыс істейтін болады. Бес «УАЗ», бір «КамАЗ», бір «ГАЗель» жəне бір «Нива» маркалы автокөліктер төтенше оқиғаларға тұрақты дайын. Барлық техника қажетті қондырғылармен жəне құралдармен, медициналық жабдықтармен, дəрі-дəрмекпен жабдықталды. Жазғы кезеңде облыстың су қоймаларында 45 құтқарушы, 26 жүзу құралы жұмыс істейді. Тек Ақтөбе су қоймасында рейдтер жүргізу үшін екі ұшқыр гидроцикл, бір «Новая Ладога» катері пайдаланылады. 2011 жылы құтқарушылар Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде қысқа курста оқып, парамедик куəліктерін алғанды. Биыл тағы да 11 құтқарушы парамедик куəлігін алды. Бұл зардап шегушіге дəрігерге дей ін гі медициналық көмек көр сетуге мүмкіндік береді. Ақтөбе қаласы маңындағы суға түсуге рұқсат етілмеген жерлерге 50 ескерту жəне тыйым салу белгілері қойылды. Адамдардың өздерін суда қалай ұстауы керектігі туралы ережелер мен алғашқы дəрігерлік көмек көрсету бойынша 800 плакат дайындалды. Жалпы, суда құтқару қызметін жүргізуге облыстық бюджеттен 30,0 миллион теңге бөлінді. Бұл осы бағыттағы жұмыстарды талапқа сай атқаруға, төтенше жағдайлардың алдын алуға жұмылуға мүмкіндік береді. Ақтөбе облысы.
№145 (28084) 11 МАУСЫМ СЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ
Өңір өмірі
Жаѕа əуежай
Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
«Əулиеата» халықаралық əуежайы» АҚ жолаушылар терминалының жаңа жобасы қолға алынды. Соның нəтижесінде инвестициялық бағдарлама жасалып, тиісті қаржы көздері қарастырылды. «Ізденіс түбі – інжу», жақында жаңа ғимараттың алғашқы қазығы қағылды. Ол болашақта халықаралық талаптарға түгел жауап беріп, өзінің сапалы қызметі арқылы
Сенат Бюросыныѕ отырысы болды
Кеше Қайрат Мəмидің төрағалық етуімен Парламент Сенатының Бюро отырысы болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Бюрода Парламент Мə жілісінде мақұлданған заң жобалары Сенаттың тұрақты комитеттеріне жəне аппаратына берілді. Онда, бұдан басқа, палатаның биылғы 13 маусымда болатын отырысының күн тəртібі де қаралды. Ол бойынша, бірқатар заң жобаларын талқылау жоспарланып отыр.
АҚПАРАТТАР аєыны
«Бизнестің жол картасы-2020» аясында жобаларды субсидиялау 1,5 млрд. теңгеге дейін азайтылды. Бұл өз кезегінде бюджеттік шығынды оңтайландыруға, ірі жобаларды іске асыру бойынша тəуекелдерді төмендетуге жəне шағын жəне орта бизнесті қамту аясын кеңейтуге мүмкіндік береді. Астанада прокуратура қыз меткерлерін қайта даярлау курстары басталды. Курстар маусым айының 10-20-сы аралығында өтетін болады. Оған аудан прокуроры қызметіне үміткер ретінде резервте тұрған жəне соларға теңестірілген прокуратура қызметкерлері қатысады. 20-26 маусым аралығында Астанада ауыр атлетикадан ерлер мен əйелдер арасында Азия чемпионаты өтеді. Құрлық сайысына Қазақстаннан бөлек, Қытай, Оңтүстік Корея, Иран, Таиланд, Филиппин, Өзбекстан секілді тағы бірқатар елдердің зілтеміршілері қатысады. Биылғы жылы оқу гранттарының
жолаушылар тасымалының əдеттегіден көп болуына қызмет етеді. Сондай-ақ, əуежайдағы ұшу-қону жолағы да алып əуе кемелерін қабылдау үшін қайта жөнделіп, оның ұзындығы 3500 метр, ал ені 60 метр болмақшы. Мұндай ұшу-қону жолақтары, əдетте, Boeing 747 жəне Boeing 400 жолаушылар ұшақтарын қабылдауға арналған. Ұшу-қону жолағы Көлік жəне коммуникация министрлігінің қарамағына беріліп, мемлекет меншігіне өткізіледі.
Жолаушылар жаңа əуежайдан елдегі облыс орталықтарымен бірге Анталия, Мəскеу жəне Үрімші қалаларына да тікелей ұша алады. Ал келесі жаздан бастап Анталия мен Дубайға туристік бағыттағы чартерлік рейстер ашылмақшы. Жаңа əуежай өз жолаушыларына келесі жылдың алғашқы тоқсанынан бастап қызмет етпек. Жамбыл облысы.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ташкентке сапары барысында халқымыздың ұлы перзенті Абайға ескерткіштің ашылатыны туралы кеше Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің дəстүрлі брифингінде оның ресми өкілі Алтай Əбибуллаев мəлім етті.
«Ыммен тїсінушілік» жолы тыйылады Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».
Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сүйене отырып, журналистерге брифингте осы жəйтті мəлім еткен ресми өкіл 13-14 маусым күн дері Қазақстан Президенті Н.Назар баевтың Өзбекстанға ресми са пармен баратынын жеткізді. Сапар аясында экономикалық, мəдени-гуманитарлық қарымқатынастардың бүгіні мен ертеңі кеңінен талқыланумен қатар, аймақтағы қауіпсіздік мəселелері
саны 700 орынға артты. Енді мемлекеттік білім беру гранттарының саны 35 053 бірлікті құрайды. Сонымен қатар, жалпы гранттар санынан 34 553 орын күндізгі бөлімге, 500 орын сыртқы бөлімге бөлінген. Павлодар облысының Ертіс ауылында тəулігіне қуаты 10 тонналық шағын сүт зауыты іске қосылды. Мұнда заманауи орамада май, ірімшік жəне қаймақ шығаратын екі желі жұмыс істейді. Солтүстік Қазақстанда жолдарды жөндеуге жəне қайта қалпына келтіруге 7 млрд-қа жуық теңге бөлінді. Оның 6 миллиарды Астана–Петропавл тас жолының үш учаскесін қалпына келтіруге бағытталатын болады. Атырау облысында төгілген мұнайдың мөлшері 101 тоннаны құрады. «ЕмбіМұнайГаз» АҚ «ЖайықМұнайГаз» мұнай-газ өндіру басқармасына тиесілі мұнай құбыры жарылысынан жайылған мұнай 3200 шаршы метрді алды. «ҚазАқпарат», Tengrinews, «Қазақстан жаңалықтары» агенттіктерінің хабарлары бойынша дайындалды.
бойынша да екі əріптес ел басшылары өзара кеңесетін болады. Жəне брифингте Ташкенттегі келіссөздердің қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бірқатар үкіметаралық екіжақты келісімдерге қол қою қарастырылып отырғаны да мəлім болды. Сонымен қатар, Елба сы осы сапарында Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы елшілігінің жаңа ғимаратының ашылу рəсіміне қатысады деп күтілуде екен. (Соңы 4-бетте).
Бїгінгі нґмірде: Жаћанды алаѕдатќан жастар саясаты
4-бет
Ќўрылтайдан кейінгі ойлар 5-бет
Алты «аєасы» бар аудан 7-бет
Хроника
Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Сақ балдыұлы Əбденов Қазақстан Респуб ликасының Еңбек жəне ха лықты əлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылды. *** Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Рес публикасының Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау вице-министрі Тамара Бо сымбекқызы Дүйсеноваға Қазақстан Республикасының Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі міндетін уақытша атқару жүктелді.
Толғандырар тақырып
Елбасы – ел ќамќоры Үнемі осылай. Бұл жолы да солай болды. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың елдің ертеңін ойлап жа саған қадамдары қашанда мемлекеттің түпкі мүдделеріне қызмет етіп, пікірталас арқауына айнала бастаған күрмеулі мəселелер бойынша қабылдаған шешімдері қиын түйіндерді дер кезінде тарқатып келеді. «Өнер атаулының ішіндегі ең үздігі – мемлекет басқару өнері» деген екен гректің ежелгі ойшылы. Тəуелсіздік тарихының жиырма жылдан асқан белесі бұған көзімізді күн сайын жеткізуде. Қирандыдан, құландыдан мемлекет құру, ең бір қиын жылдардың тар жол, тайғақ кешуінен елді аман-есен алып шығу, бірте-бірте дүние танитын мемлекетке айналдыру, бара-бара əлемге мойындату, ЕҚЫҰ Саммиті, ЭКСПО көрмесі сияқты жаһандық ісшаралар өтетін ел ету – қиынның қиыны. Оның сыртында күнбекүнгі тіршіліктің бітпейтін де қоймайтын қым-қуыт шаруалары тағы бар. Мемлекеттің ішкі саяси тұрақтылығын қамта масыз ету керек, тілі көп, діні көп елді бір ділді етіп, ортақ шаңыраққа ұйыстыру керек, экономиканы өркендету, инновация енгізу, инвестиция тарту керек, шығарылған өнім өткізіліп, одан табыс түсіп, одан салық төленіп, бюджеттің бүйірін толтыру керек, содан жалақы, шəкіртақы, зейнетақы төленуі керек. Не керек, əйтеуір, керек нəрсе көп. Онсыз мемлекет мемлекет болып тұра алмайды. Тұра алса да, ондай мемлекет өз күнін өзі зорға көріп, жанбағыспен жүре тін мемлекет қана болады, ондай мемлекет əлемдегі озық отыздықтың қатарына қосылуды мақсат тұтатын өршіл жоспар құра алмайды. Ал Қазақстан 2050 жылға дейін алдына сондай мақсат қойып отырған мемлекет. Ол мақсаттың орындалуының бір шарты – əркімнің өз болашағын өзі қамдауы. «Өкімет өлтірмейді, үкімет үзілдірмейді» дейтін баяғы кеңбалақ қазақылықпен бей қам жүре беретін психология бірте-бірте келмеске кетуі керек. Еліміздегі зейнет ақы реформасы сол үшін ой лас тырылған. Зейнет ақы төлеудегі қаражаттың болжамды дефициті де, зейнеткерлердің негізгі бө лігін, 70 пайыздайын əйелдер құрайтыны да, тіпті зейнетақы төлеуге жұмсалатын бюджет шығыстары 2014-2024
жылдары 3 триллион теңгеге өсетіні де бұл реформаның қажеттігінің жалғыз себебі емес. Негізгі себебі, «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, ақылың мен қайратың екі жақтап» деп Абай атамыз айт қандай, адамның қамсыз қарттығын, ең алдымен, оның өзінің ойластыруына көше бастау. Президент жұма күні белді телеарналарда сөз сөйлеп, Қазақ стан халқына зейнетақы реформасының мəселелері жөнінде Үндеу арнады. Үндеуде Елбасымыз қазіргі ең өзекті тақы рыпқа айналған заңнаманы жақтаушылардың да, оған қарсылық білдірушілердің де дəлелдəйектерін таразыға тарта келіп, тоқтамды сөзін айтты. Нұрсұлтан Назарбаев зейнетақы заңнамасына өзгерістер енгізу керек екенін басын аша көрсетті. «Бұл – жаһандық үрдіс» – үш сөзден ғана тұратын сөйлем ге артық түсініктеменің қажеті жоқ. Біз жаһанда жоқ жолды бастап, ел тағдырына экспе ри мент жасап байқаған елде өмір сүріп көрген халықпыз. Президент реформа қажеттігін айтумен бірге, сол реформаның мəнін елге кеңінен насихаттау ісі дұрыс жүргізілмегеніне де назар аударды. Ең бастысы – Президент зейнетақы жүйесін реформалаудың барлық қырлары бірдей жете ойластырылмағанына байланысты заңды Парламентке қайтарып, бұл түйінді шешудің нақты-нақты жолдарын қолмен қойғандай белгілеп берді. Президенттің зейнетақы реформасына қатысты заң жобасы туралы Үндеуі еліміздегі қоғамдық ойды дүр сілкіндіретінін, пікірлер тасқынын туындататынын қазірден-ақ айта беруге болатынын «Егемен Қазақстан» сенбілік нөмірінің өзінде жазған еді. Иə, Елбасы Үндеуі халықтың қызу қолдауына ие болып отыр. Редакцияның өзіне, жер-жердегі меншікті тілшілер қосындарына телефонмен, электронды поштамен хабарласушылар, журналистерге пікір білдірушілер, сайтқа үн қосушылар – бəрі де Президентке алаңдарлық ахуалдың тамаша шешімін тапқаны үшін разылықтарын білдіруде. Үнемі осылай. Бұл жолы да солай болды. Елбасы – ел қамқоры. –––––––––––––––––
Газетіміздің 2-3-беттеріндегі материалдарда осы жөнінде жан-жақты айтылады.
Мемлекет басшысыныѕ тапсырмасын орындау їшін 8 маусым күні Премьер-Министр Серік Ахметов Президенттің 2013 жылғы 7 маусымдағы Үндеуінде айтылған тапсырмаларды іске асыру мəселелері бойынша отырыс өткізді, деп хабарлады ПремьерМинистрдің баспасөз қызметі. «Мемлекет басшысы заң жобасын əйелдердің зейнет жасын өсіру туралы норма ны енгізу мерзімі бөлігін қай тадан талқылап, дауыс беру үшін Парламентке қайтарды. Президент əйелдердің зейнет жасын кезең-кезеңмен ұзартуды 2014 жылғы 1 қаңтардан емес, 2018 жыл ғы 1 қаңтардан бастауды ұсынды», деді С.Ахметов. С.Ахметов жаңа заң күшіне енгізілгеніне дейін, Президент Үкіметке бірқатар ұсыныстарды заңнамалық тұрғыдан пысықтап, қарауды тапсырғанын атап көрсетті. Атап айтқанда, бала күтімі демалысы кезінде жұмыс істеуші əйелдердің міндетті зейнеткерлік салымына мемлекет есебінен қосымша төлемақы қамтамасыз етіледі. Жинақтаушы зейнетақы қорына төлемнің жалпы көлемі оның бұрынғы табысының 10 пайызына дейін жеткізіледі. Азаматтардың міндетті 10 пайыз зейнетақы шығысына жұмыс берушінің міндетті шығарылымы
есе бінен қосымша 5 пайыз енгізілетін болады. Міндетті кəсіби зейнетақы салымы кезеңкезеңмен тағы да 5 пайызға көбейтіледі. Бұдан басқа, Үкіметке 2030 жылға дейін зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жаңғыртуды одан əрі жалғастыру жөнінде кешенді іс-шаралар дайындау, сондай-ақ зейнетақы активтерін экономиканың мейлінше перспективалы салалары жобаларына тиімді инвестициялау тетіктерін əзірлеу тапсырылды. «Біз Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға жедел кірісуіміз керек», деп түйіндеді С.Ахметов. Осыған орай Үкімет басшысы Премьер-Министрдің орынбасары Қ.Келімбетовтің басшылығымен ұсыныстар мен тиісті есептер дайындайтын, сондай-ақ 2030 жылға дейін зейнеткерлікпен қамтамасыз ету жүйесін жаңғыртуды одан əрі жалғастыру тұжырымдамасы жобасын əзірлейтін жұмыс
тобын құруды тапсырды. «Мемлекет басшысының тапсырмасына сəйкес, тұжырымдама қазақстандықтардың əлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету деңгейі үшін мемлекет, жұмыс беруші жəне жұмысшының ынтымақты жауапкершілігін қарастыруы тиіс», деді Премьер-Министр. С.Ахметов «Мемлекет басшысы Үкіметті осы заң жобасын ха лыққа түсіндіру жұмыстары бойынша əділ сынға алғанын», атап өтті. Осыған байланысты ол Мəдениет жəне ақпарат, Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрліктеріне Мемлекет басшысының ескертпелерін есепке ала отырып, зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша алдымен халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. «Біздің алдымызда зейнетақы жүйесін одан əрі жетілдіру бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр. Бұл саланың еліміздің əрбір азаматына қатысы бар, сондықтан, біздің əрбір іс-қимылымыз мұқият үйлестірілген болуы керек. Еліміздің зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің болашағы, тұтастай алғанда, осыған байланысты», деп атап көрсетті С.Ахметов.