24 саєат №114 (28338) 11 МАУСЫМ СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Өңір өмірі
АЛАКҐЛДІЅ Анталиядан несі кем?
Биыл ќўрылєан «Алакґл тазалыќ» мекемесі жаєалауды абаттандырып келеді Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
Барқытбел мен Барлық жоталарының арасын алып жатқан Үржар ауданының мақтанышы – əйгілі Алакөл. Теңіз құрамымен бірдей шипалы суы бар көлдің туристік тартымдылығы жыл өткен сайын ұлғайып келеді. Туристік кластерді дамыту жөніндегі маңызды жобалардың біріне саналатын Алакөл демалыс аймағын дамыту соңғы жылдары өңір басшылығының жіті қадағалауымен қарқынды жүргізіле бастады. Алакөлдің мың құбылған маржан суынан алқа таққан ауданға жолыңыз түссе, көлге соқпай кету күнə сияқты əсер қалдыратыны бар. Ауданды айтпағанда, Шығыс өңіріне атбасын бұрған адам алдымен Алтай мен Алакөлге сəлем береді, ұлы заңғар мен теңізге тəу етеді. Осы сапарымызда байқадық, Алакөл жағалауы əсемденіп, абаттанып келеді екен. Алдымыздан жарқ етіп көрінген айдынның жағасында бізді күнге тотыққан жігіт ағасы күтіп алды. Ныспысы – Ерлан Əділғазин. Көл көл болып жаратылғалы жағалауында алғаш рет құрылған «Алакөл тазалық» ЖШС-нің жетекшісі осы азамат екен. Үржарда аудан əкімі Серік Зайнулдин Алакөлдің жағасы адамдардың демалуына бұрындары қолайсыздау болып келгені, биылдан бастап өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың тікелей тапсырмасымен үлкен өзгерістер жүріп жатқаны жөнінде əңгіме өрбіткен. Ағымдағы жылы «Алакөл тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылғанын жеткізген. Аудан басшысының айтуынша, еліміздегі ірі туристік аймаққа енетін Алакөл жағалауында құрылған жаңа серіктестікке МТЗ-82 тракторы жəне бес
шағын трактор, қоқыс жинаушы екі көлік алыныпты. Жұмыстың нəтижесін Қабанбай ауылын қақ жарып, көл жағалауына бет алатын жолдан-ақ аңғардық. Бұрын
Кеше Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Əбдіқалықова бастаған Үкімет мүшелері Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізді. Онда Үкімет отырысында қаралған мəселелер сөз болды.
Мемлекеттік ќызметкерлерге ќазаќ тілін білу міндеттеледі Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».
Үкiмет отырысында Тiлдердi дамыту мен қолдану жөніндегі 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаның орындалу ба рысы мен бірқатар əлеуметтік мəсе лелер талқыланды, деді Премьер-Министрдің орынбасары. «Қазiргi уақытта сарапшылар айтып отырғандай, Қазақстан халқының 62-63 пайызы қазақ, 92 пайызы орыс, ал 16,6 пайызы ағылшын тiлiн меңгерген. Елбасының жүргізіп отырған саясаты – елiмiзде үш тұғырлы тiлдi дамыту. Осыған байланысты, бүгiн Үкiмет отырысында бағ дарламаның орындалу барысы талқыланды», дедi Г.Əбдiқалықова. Брифингке қатысқан Мəдениет министрi Арыстанбек Мұхамедиұлы бағдарлама аясында жасалған жұмыстардың нақты көрсеткiштерi туралы əңгімеледі. «Есептi кезеңде мемлекеттiк тiлдi дамыту мен қолдануға бағытталған бiрқатар жұмыс атқарылды. Атап айтқанда, ҚАЗТЕСТ жүйесiн жетiлдiру бойынша мемлекеттiк тiлдi оқытуға арналған 5 деңгейден тұратын оқуəдiстемелiк кешені əзiрлендi. Олар елiмiздiң барлық тiлдердi оқыту орталықтарына таратылды. Ендiгi кезекте мемлекеттiк қызметшiлерге қазақ тiлiн меңгерудi мiндеттеген дұрыс. Мұны 2015 жылдан бастап орталық жəне жергiлiктi атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларына сатылы түрде ҚАЗТЕСТ жүйесiн енгiзу арқылы шешемiз», деп нығыздады министр. Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова шетелге қарағанда Қазақстанда емделу 2 есе арзан екенін айтты. «Салада жоғары технологияларды енгізудің арқасында
азаматтарымызды шетелге емделуге аз жібере бастадық. Айталық, бүйрек алмастыру шетелде 4,5 млн. теңге тұрса, Қазақстанда мұндай операцияны өзіміздің клиникаларда жасап, оған 2,1 млн. теңге төлейміз. Яғни, ешқайда барудың қажеті жоқ. Бір адамды шетелге жіберіп емдеткеннен гөрі, сол қаржыға Қазақстанда бірнеше адамды емдеуге болады», деді министр. Мұнымен қатар, ведомство жұмысына жаңа əдістер енгізіліп, нəтижесінде ағымдағы жылы бюджет қаражаты айтарлықтай үнемделіпті. Бұрындары салада көп қаржы стационарларға, қымбат емдеу шараларына жұмсалады екен. Бүгіндері стационарлардың ақша пайдалану деңгейін төмендете алған министрлік күндізгі стационарлар қызметін кеңейтудің арқасында 76 млрд. теңге үнемдепті. Брифингте Білім жəне ғылым министрлігінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы Р.Кəріпжанова Жастар саясатын жүзеге асырудың барысы туралы, Өңірлік даму министрі Б.Жəмішев Өңірлерді дамытудың бірыңғай бағдарламасы жөнінде, Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Волков Оңтүстік Корея прези дентінің мемлекеттік сапарына дайындықтың барысы туралы, Индустрия жəне жаңа технологиялар вице-министрі А.Рау энергия үнемдеуді дамыту жəне энергия тиімділігін арттыру мен шикізаттық емес экспортты дамыту жəне ілгерілету мəселелері тақырыбында, Қар жы вице-министрі А.Теңгебаев қылмыстық жолмен алынған табысты тазартуға жəне терроризмді қаржыландыруға қарсы тұрудың халықаралық стандарттарына сəйкестікті қамтамасыз ету жөнінде қабылданған жəне қосымша шаралар туралы əңгімелеп, журналистердің қойған сұрақтарына жауап берді.
қалың жиде ұйысып тұратын жолдың шеті жарықтандырылып, қосалқы асфальт жолдың құрылысы жүргізіліп жатыр екен. «Алакөл» ЖШС директоры Ерлан Əділғазин көл жағасында
жасалып жатқан жұмыстармен таныстырды. – Біздің мекемеміз биыл қаңтар айында Алакөлдің жағалауын қалпына келтіру, санитарлық тазалықты сақтау, туризмді дамыту мақсатында құрылды. Серіктестік
құрылған сəттен бастап жұмысқа кірісіп кеттік. Мекемеге облыстық бюджеттен 50 миллион, аудандық бюджеттен 15 миллион теңге бөлінді. (Соңы 4-бетте).
Ґзара іс-ќимыл мен ынтымаќтастыќ негізінде Кеше Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Серік Ахметов Мəскеуде өтіп жатқан ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері кеңесі отырысының шеңберінде Беларусь қорғаныс ведомствосының басшысы Юрий Жадобинмен кездесті. Тараптар əскери жəне əскери-техникалық ынтымақтастықты бұдан əрі нығайту, Қарулы күштерді қару-жарақпен жəне əскери техниканың қазіргі заманғы жүйелерімен қамтамасыз ету, əскери білім беру жəне кадрлар даярлау сала ларындағы бірлескен жобаларды іске асыру мəселелерін талқылады. Кездесу барысында ҰҚШҰға қатысушы мемлекеттердің қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы тұрудағы,
● Оймақтай ой
сыртқы саясат, қорғаныс жəне қауіпсіздік салаларындағы ҰҚШҰ консультативтік қызмет терін іске асырудағы ынты мақтастығының өзекті мəселелері бойынша пікір алмасу өтті. Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тəжікстан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдер болып табылады. «Егемен-ақпарат».
Бүгінгі нөмірде:
Бїгінгі йыны балалѕапрайодасы
Сөз – ғасырдың, ал ой – ғасырлардың еншісі. Николай КАРАМЗИН.
СТРАТЕГИЯЛЫҚ РЕСУРС
Сəкеннен жауап алєан тергеуші
Оны ы неде? мен зиян
5-бет
з е к н а ћ и Ж
8-бет
6-бет
10-бет
Ауғанстанның оңтүстігінде НАТО-ның 5 əскери қыз меткері қаза тапқан. Альянс тың баспасөз қызметі хабар ла ғандай, олар қарулы жасақ шабуылының құрбандары болған. Солдаттардың ұлты мен олардың қандай жағдайда қаза тапқаны туралы нақты мəлімет жоқ. Тұтастай алғанда, жыл ба сы нан бері НАТОның 41 əскери қыз меткері құрбандыққа айналған. Ресейде 2013 жылы капиталы 1 миллион АҚШ долларынан асатын отбасылар саны 213 мыңға жеткен. Жалпы дүниежүзі бойынша долларлы миллионер отбасылар саны 16,3 миллионды құрайды екен. Миллионерлері ең көп ел – АҚШ-та ондай отбасылар саны 7,1 миллионды құрайтын көрінеді. Ал Қытайда 2,4 миллионер отбасы бар екені анықталған. Үшінші орында 1,5 миллионер отбасы бар Жапония тұр. НАТО-ның екі барлаушы кораблі Ресейдің Қара теңіз флотының əскери нысандарына радиоэлектронды барлау жүргізу үшін жақында Қара теңізге енетіні белгілі болып отыр. Монтре конвенциясына сəйкес Қара теңізге жатпайтын елдердің əскери корабльдері Қара теңізде тек 21 күнге дейінгі аралықта ғана бола алады. Жапонияда үшінші бала туған отбасына мате риалдық көмек айтарлықтай қомақтандырыла түсетін болды. Əйтпесе енді 50 жылдан кейін ел халқы ның саны қазіргі 127 миллион адамнан 86 миллион адамға дейін азайып кетуі ықтимал екен. Бүгінде Жапонияда орташа есеппен бір əйел өмірге 1,43 баладан ғана əкелетін көрінеді. Американың Оклахома штатындағы жаңашылдар оқ өтпейтін жамылғы жасап шығарды. Жұмсақтығына қарамастан, мұндай жамылғылар өзі нің қорғаныш қабілеті жөнінен бронды жилеттерден кем түспейді екен. Енді мұндай жамылғыларды мектептерде торнадо кезінде немесе атыс болған жағдайда қолдану көзделіп отыр. Сүнниттердің қарулы жасағы Ирактың солтүстігіндегі Мосул қаласының батыс бөлігін басып алған. Исламшылардың аталған тобы Ирак пен Сирия аумағының белгілі бір бөлігін бақылауында ұстайды. Олар шиитерге, Бағдат пен Дамаск үкіметтеріне жəне басқа исламистерге қарсы күрес жүргізеді. Бішкектегі Ақ үй жанында тезек жағып, флэшмоб ұйымдастырмақ болған жастар ұсталды. Олар «Қырғызгазды» Қырғызстан ның газ үшін Ре сейге қарызы тым өсіп кеткен соң сол елге беруге байланысты өз дерінің наразылықтарын осылай білдірмекші болыпты. Ал келісімшарт мерзімі біткендіктен «Узтрансгаз» Қырғызстанның оңтүстігіне газ беруін тоқтатса керек. Ресейдің Иркутск облысындағы Усолье-Сибирское қала сында мект еп б і т ір уш і қ ыз бала мем лекеттік қоры тын ды аттестаттаудан жаман баға алған нан кейін өзіне өзі қол салған. Емтиханнан соң оқушы қыз орманға кетіп, қайтып оралмаған. Із деу нəти жесінде оның ағаш қа асылып қалғаны бел гілі болған. Өлерінің алдында ата-анасына мынадай қолхат жазып қалдырыпты: «Сіздердің үміттеріңізді ақтамағаным үшін кешірім өтінемін». Дағыстанда жергілікті тұрғындардан заңсыз сақталып келген атыс қаруларын ерікті түрде сатып алу науқаны басталды. Жергілікті биліктің пікірінше, сатып алу құны тұрғындарды ынталандыруы тиіс. Мəселен, Драгуновтың мергендік винтовкасы мен пулеметі 25 мың рубльге бағаланбақ екен. Ақпарат агенттіктері материалдарының негізінде əзірленді.