11072013

Page 1

Бүгінгі нөмірде: Ертеңі ерен елорда 2-бет Инновациялық феномен 3-бет Кафедра қызметі «Мәңгілік Ел» мұратымен сабақтас 4-бет Отарлау ойраны 5-бет

№168 (28107) 11 ШІЛДЕ БЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Екінші бесжылдыќќа əзірлік мəселесі ќаралды

 Еркін елдің ертеңі

«Толаєайдыѕ» томпаќтары

Кеше Үкімет үйінде Премьер-Министр Серік Ахметов селекторлық режімде Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының екінші бесжылдыққа арналған тұжырымдама жобасын əзірлеу жөніндегі Басқарушы комитеттің бірінші отырысын өткізді. Елбасы тапсырмасына сəйкес тұжырымдама 2013 жылдың 1 қарашасына дейін əзір болуы керек.

Тараз қаласында 320 бүлдіршінге арналған «Толағай» балабақшасы ашылды. Ол – «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылған.

Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия жəне жаңа технологиялар министрі Əсет Исекешев тұжырымдама жобасын əзірлеу кезіндегі негізгі міндеттер мен əдістер жəне кезеңдер туралы баяндап берді. Баяндамада мəлім болғанындай, Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламасының негізгі нəтижелеріне бағалау жүргізіліп, өнеркəсіпті қолдаудың қолданыстағы əдістəсілдері мен əсер етуі мүмкін жаһандық құбылыстарға талдау жасалынуы тиіс. Сондай-ақ, индустриялық-инновациялық дамудың түрлі сценарийлері жасалынып, басым салалық секторлар мен кластерлерді таңдап алудың, өнеркəсіптік саясаттың халықаралық үздік тəжірибелерін енгізудің жолдары айқындалмақ. Сонымен қатар, еліміздің 2020 жылға дейінгі индустриялықинновациялық дамуының мақсаттары мен міндеттерін, негізгі ерекшеліктерін белгілеп, аталған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге

Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Балабақшадағы 16 топқа бөлінген балдырғандар қазақ жəне орыс тілінде тəрбиеленеді. Осыған сəйкес бүлдіршіндер ұясы қажетті материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етіліп, үр жаңа жиһаздармен жабдықталған. Құрылыс жұмысы өткен жылдың ортасында басталған балабақшаға 491 297,0 мың теңге жұмсалыпты. Бүгінде облыс орталығында 38 балабақша, 26 шағын орталық бар. Сондай-ақ, 6 жекеменшік балабақша мен 2 жекеменшік шағын орталық та сəбилерді саналы тəрбиемен сусындатуда. Жыл аяғына дейін «Бəйтерек» шағын ауданында 260 балаға арналған тағы бір жекеменшік балабақша ашылмақ. Ал «Жайлау» шағын ауданындағы 280 орындық балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның жұмысы үстіміздегі жылдың 10 қазанында аяқталып, балаларды бауырына тартатын болады.

 Сақтансаң – сақтайды

Ќауіпті ќўбылысќа ќарсы ќимыл

Жамбыл облысы.

 Алтын орақ – 2013

Оѕтїстікте егін ору басталды

Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Оңтүстік Қазақстан облысында егінге орақ түсті. Биыл

бұл өңірде ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда, 25,0 мың гектарға артып, 767,0 мың гектарды құрады. Дəл қазір 183,0 мың

 Жемқорлық – індет, жою – міндет

Жегені желкесінен шыќты Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Біздің қазақ адамның ерсі əрекетін астарлап болса да əдемі суреттейді. «Мың асқанға – бір тосқан» немесе, «жегені желкесінен шықты» демеуші ме еді? Атырауда облыстық мəдениет басқармасының бастығы А.Құлжановты 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыруға сот үкімі шыққанын естігенде, халқымыздың осы даналығы ойға сап ете түсті. Атырау облысы бойынша қаржы полициясы департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада: «Сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу негізінде Атырау облысы мəдениет басқармасының басшысы А.Құлжановқа қатысты қылмыстық іс тергеуі

асыруды басқару тетіктерін, оның нəтижелерін білдіретін көрсеткіштер жүйесін əзірлеу көзделініп отыр. Үкімет басшысы Серік Ахметов аталған мəселені қорытындылай келе, жаңа тұжырымдама жобасын əзірлеу барысында индустриялықинновациялық дамудың бірінші кезеңіндегі, яғни өткен жылдағы өзіндік тəжірибелерімізді ескере отырып, үздік халықаралық тəжірибелерге де назар аударуымыздың қажеттігін атап көрсетті. «Əлемдік экономиканың біздің алдымызға қоятын жаңа тəуекелдеріне жауап бере алатындай жағдайда жұмыс істеуіміз қажет. Бұл мəселелердің барлығы осы тұжырымдаманы əзірлеу барысында ескерілуі тиіс», деп түйіндеді сөзін Серік Ахметов. Сонымен қатар, Үкімет басшысы облыстар мен Астана жəне Алматы қалаларының əкімдеріне тұжырымдама жобасын əзірлеуге белсене қатысуды міндеттеді, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

аяқталды. Ол «Қазақстанның Халықаралық достық жəне ынтымақтастық күніне» арналған шараны өткізуге бөлінген 700 мың теңге ақша қаражатын ұрлаған деп айыпталған болатын. Құлжанов өз кінəсін мойындап жəне келтірілген залалды толықтай өтеді» делінген. Ағымдағы жылғы 6 маусымда Атырау қалалық №2 соты үкімімен А.Құлжанов ҚР ҚК 176-бабының 3 бөлігі «г» тармағы (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету) бойынша кінəлі деп танылып, оған шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айыру, 3 жыл мерзімге мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды. Атырау облысы.

гектар алқапқа егілген масақты дақылдарды ору науқаны басталды. Алғашқы 5,4 мың га-дан астам орылған масақты дақылдың түсімділігі 22 центнерді құрап отыр. Алдын-ала жасалынған болжам бойынша 183,0 мың гектар алқаптан 360,0 мың тоннадан аса өнім алынады деп күтілуде. Мысалға Қазығұрт ауданындағы «Айқожа» өндірістік кооперативі осы науқанда əр гектардан 2025 центнерден өнім аламыз деген үміттері бар. Шаруашылық басшысы Сағидулла Батырбай «Өткен жылы құрғақшылық болып, 18 центнерден өнім алдық. Соның өзінде ұжым мүшелерінің барлығын тегін ұнмен, басқа да азық-түліктермен қамтамасыз еттік. Егін оруды бастағанымызға бір апта болды. Түсім жаман емес» деп, биыл мол табысқа кенелетініне сеніммен қарап отыр. «Алла қаласа, 1-1,5 айдың ішінде астықты төкпейшашпай жиып аламыз» дейді оңтүстікқазақстандық шаруалар.

Ќысќа мерзімді демалыста

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қысқа мерзімді демалыста, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

 Көбеймесек көсегеміз көгермес

Тґрт кїнде 269 нəресте дїниеге келді Күні кеше барлық қазақстандықтар тəуелсіз Қазақстанның жаңа елордасы – Астананың 15 жылдық мерекесін зор өрлеу үстінде атап өтті. Мереке есте қалатын ерекше оқиғалармен де ерекшеленді. Осы күні Астана қаласында 79 нəресте дүние есігін ашты. Оның ішінде 42-сі қыз бала жəне 37-сі ұл бала. 6 шілде күні туған бұл сəбилердің барлығының туу туралы куəліктеріндегі «туған жері» деген графаға Астана қаласы деп жазылады. Бір қызығы, бұл күні елордада туған сəбилердің барлығы астаналық емес. Мəселен, 6 шілде күні мереке қызып жатқан орталық алаңда Қостанай облысынан Қала күні мерекесіне арнайы келген 34 жастағы Ақжамал Нұрғалиеваны толғақ қысып, жедел жəрдеммен №1 перзентханаға жеткізілгенде аман-есен босанып, торсықтай ұлды өмірге əкелді. Жалпы, мереке күндері Астана қаласында 269 нəресте дүниеге келді. Атап айтқанда: 5 шілдеде – 58, 6 шілдеде – 79, 7 шілдеде – 81, 8 шілдеде 51 сəби дүние есігін ашты.

Оңтүстік Қазақстан облысы.

АҚПАРАТТАР аєыны  Астанада 15 жылда өндірістік кəсіпорындар саны 1,7 есеге артты. Егер 1998 жылы құрылыс пен өнеркəсіптің үле сі сəйкесінше 19,2 жəне 14,7 пайызды көрсетсе, 2012 жылы бұл сектордағы экономиканың үлесі 10,3 жəне 3,6 пайызға жеткен.  Ауылдық округтер əкімдері сайланатын мерзім белгілі болды. Аудандық жəне қалалық аумақтық сайлау комиссияларының шешімдеріне сəйкес, бұл саяси науқан облыстарда тамыздың 5-інде басталып, бір ай бойы өтеді.  Жыл соңында қазақ тілін тегін үйрететін «Qazaqsha-online» интернетпорталы іске қосылады. Оқу бағдарламасы қазақ тілін тиімді əдіс-тəсілдер арқылы жедел меңгеруге жəне тіл үйренушілерге алынған білік-дағдыларын күнделікті өмірде еркін пайдалануға мүмкіндік береді.  Ал ұлттық-мəдени орталықтардың өкілдеріне қазақ тілін үйрететін жазғы мектеп ашылады. Оны Мəдениет жəне ақпарат министрлігінің қолдауымен Демократияны тарату орталығы ұйымдастырып отыр.  Оңтүстік Қазақстан облысындағы медицина орталығы еліміздегі озық кəсіпорын

Нияз ЖЫЛҚЫБАЕВ.

болып танылды. Ұлттық бизнес орталығы 2011-2012 жылдардың қорытындысы бойынша жасаған сараптамада ол «Активтер мен міндеттер көрсеткіштері», «Пайда көрсеткіштері» жəне «Өтімділік көрсеткіштері» аталымдарының үздігі атанған.  Алматыда 10 миллионыншы жолаушыға метрода жылдық тегін жол жүру сертификаты берілді. Қала əкімі Ахметжан Есімов осындай реттік өлшем еншілеген оңтүстік мегаполис тұрғыны Майгүл Əбдіəкімоваға жүлдемен қоса, плазмалы теледидар да сыйлады.  Қызылордалық ардагерлер Арыстанбаб кесенесінде зиярат етті. Бұл шараны Қасиетті Рамазан айының басталуына байланысты қала əкімдігі ұйымдастырып, облыс орталығында тұратын 30 ардагердің аталмыш мекенге барып-қайтуларына жағдай жасады.  Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласының полицейлері қаруланған қарақшылар тобын құрықтады. Олар біраздан бері жұртты тонаумен айналысып келген 23-24 жастағы қала тұрғындары болып шықты. «ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.

Елдің қауіпсіздігі қашанда қымбат. Қай мемлекетте болмасын адамдар амандығынан жоғары тұрған ештеңе жоқ. Бірақ қауіпсіздікке қатер төндіретін қауіп те аз емес. Соның бірі – терроризм. Ал терроризм əлемді шарлап барады. Ендеше, қамданған қапы қалмайды дегендей, оның алдын алу қажет. Міне, осыған орай кеше Ұлттық қауіпсіздік комитетінде Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының алғашқы отырысы ҰҚК Төрағасы Нұртай Əбіқаевтың жетекшілік етуімен кеңейтілген құрамда өтті. Александр ТАСБОЛАТОВ, атап өтті. Үстіміздегі жылдың 24 «Егемен Қазақстан». маусымында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Отырысқа қатысқандар терро- терроризмге қарсы орталығы туризм мен діни экстремизмге қарсы ралы ережені бекіту жөніндегі» тұрудың жалпы мемлекеттік жүйесі Жарлыққа қол қойды. Осылайша, мен ведомствоаралық əрекетті аталған Жарлықпен Терроризмге одан əрі нығайту бағыттарына сай қарсы орталықтың еліміздің шараларды пысықтады. Қазақстан іс жүзіндегі консультативтікРеспубликасының Терроризмге кеңесу органы ретінде мəртебесі қарсы орталығының жұмысына 23 жоғарылады. Ұлттық қауіпсіздік министрлік пен ведомстволардың комитетінің терроризмге қарсы жəне облыс орталықтарының, орталығының ведомствоаралық Астана мен Алматы қалаларының үйлестіру комиссиясына қарағанда, басшылары қатысты. бұл Қазақстан Республикасының О т ы р ы с т ы а ш қ а н Ұ Қ К Терроризмге қарсы орталығына Төрағасы Нұртай Əбіқаев баян- мемлекеттік жəне жергілікті дамасында елімізде терроризмнің атқарушы органдардың қызметін алдын алу, оны болдырмауға үйлестіру жүктеліп отыр. қатысты терроризмге қарсы бағытталып жатқан шараларды (Соңы 4-бетте).

Ќўќыќтыќ саясат жґніндегі кеѕестіѕ отырысы

Астанада 2013 жылғы 10 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігі Басшысының орынбасары Т.С. Донақовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің отырысы болып өтті. Отырыста Əкімшілік құқық бұ- кеңес отырысының ұсынымдары зушылық туралы Қазақстан Респуб- Əкімшілік құқық бұзушылық туралы ли касы кодексінің жəне Қазақстан Қазақстан Республикасының кодексі Р е с п у б л и к а с ы н ы ң Қ ы л м ы с т ы қ жəне Қазақстан Республикасының атқару кодексінің жаңа редакцияла- Қылмыстық атқару кодексінің жобалары жобаларының негізгі қағидалары рын пысықтау барысында ескерілетін қ а р а с т ы р ы л д ы . О с ы м ə с е л е л е р болады. бойынша Əділет жəне Ішкі істер Қазақстан Республикасы министрліктерінің ақпараты тыңдалды. Президентінің Əкімшілігі Құқықтық саясат жөніндегі Мемлекеттік құқық бөлімі.

Əкімдікке кандидаттарды ўсыну басталды

Кеше өткен Орталық сайлау комиссиясының брифингі шеңберінде баспасөз хатшысы Венера Жексембекова Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары əкімдерінің сайлауы бойынша сайлау науқанының барысы туралы айтып берді. Атап айтқанда, ол ауыл əкімдерін сайлауды ұйымдастыруға жəне өткізуге құрамында 1 316 мүшесі бар 14 облыстық, 28 қалалық жəне 160 аудандық аумақтық сайлау комиссиялары тартылғанын атап өтті. Сайлау

науқаны сайлау тағайындалғаннан бастап оның қорытындылары анықталғанға дейін əрбір өңірде бір ай бойы өтеді. (Соңы 4-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.