11072014

Page 1

СІЗ не дейсіз? Шалќар кґлініѕ суы неге лас? Қазіргі кезде демал ыс күндері облыс аумағындағы Шалқар көліне демалуға, шомылуға баратындардың санында есеп жоқ. Ал демалушылар соңғы жексен біде көл жағасына келген кезде күтпеген тосын құбылысқа тап болды. Жағадағы су қап-қара болып лайланған. Қоюланған. Оны одан əрі кешіп, алға қарай жүргенде шомылушылар ағаш үгінділеріне ұқсас уақ қалдықтарды көрді. Бұл нендей құбылыс? Мұны неге жоритынын білмей, бəрі де аң-таң болды.

№134 (28358) 11 ШІЛДЕ ЖҰМА 2014 ЖЫЛ

● Президент поштасынан

Дəуірлік маѕызы бар кґреген идея

«Егемен Қазақстан» газетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі Темір Құсайын Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Сырым Тілегеновке:

– Сіз бұған не дейсіз? – Біздің департаменттің зертханалық талдау бөлімінің мамандары көл суы құрамының сынамасын алды. Сол кезде мұнда фенол, тағы да басқа зиянды өлшеуіш заттардың шектен тыс көбейіп кеткені анықталды. Бұл – балдырлар мен судағы өзге де өсімдіктердің шіруінен пайда болатын құбылыс. Бұған əсер ететін фактор – күннің ысып кетуі. Сөйтіп, көл шеті мен оның іргесіндегі қамыс пен қоғаның түгі мен мамығы ұшып, біраз мөлшерде су беті мен айдынына таралып кеткен. Əрине, мұны бактериологиялық құбылыс деп қарастыруға болмайды. Негізінен, бұл – табиғи жайт. Шалқар көлінде орын алған мұндай өзгерісті мұнай қалдықтарының түсуімен байланыстырып жүрген тұрғындар да бар екен. Алынған су сынамасы құрамында мұндай деректер анықталған жоқ. Бұл сауалға Батыс Қазақстан облысы тұтынушылар құқы ғын қорғау жөніндегі департамент басшысы Серікбай Иманқұл былайша жауап қайтарды: – Біз Шалқар көлі айдынында пайда болған теріс өзгеріске байланысты оған арнайы бригада жіберген едік. Оның құрамында микробиолог, бактериолог жəне сараптама бөлімінің мамандары болды. Жүргізілген тексерулер мен зерттеулер су құрамында адам ағзасына тікелей қауіп төндіретін факторлардың жоқ екенін анықтады. Сəл иіс те, су құрамындағы оттегінің белгілі бір мөлшерде азаюы да байқалады. Осы сəтті пайдалана отырып, облыс тұрғындарына əзірге суға шомылуды тоқтата тұруға кеңес береміз. Батыс Қазақстан облысы.

Қазақстан Республикасы Президентінің туған күніне орай бірқатар мемлекет басшыларынан құттықтаулар келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Їкімет басшысы мен бас банкирдіѕ есебін тыѕдады Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы Резиденциясында Премьер-Министр Кəрім Мəсімов пен Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовті қабылдады. Алдымен Үкімет басшысы Елбасына елдегі алғашқы жартыжылдықтағы экономикалық дамудың негізгі қорытындылары туралы баяндап, келесі жартыжылдықтың жоспарлары жөнінде есеп берді. Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Нұрсұлтан Əбішұлы бірінші кезекте жауапты лауазым иелеріне негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер мен валюта нарығындағы жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз етуді тапсырды. Елбасы қазіргі əлемдік қаржы нарығында орын алған жағдайларға байланысты ұдайы болатын тəуекелдерді сараптап отыру қажеттігіне баса назар аудару керектігін атап көрсетті. Өз кезегінде Президентке Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов қаржы саласының жағдайы туралы мəлімдеп, елдегі банк жүйесінің жұмысына байланысты есеп берді. Сол сияқты бас банкир қаржылық сектордың жұмысын реттеп отырған тетіктердің қаржы-несие саясаты туралы баяндады.

Ұлттық банк басшысы өз есебінде еліміздің ішкі жалпы өнімінің нақты өсімі 2014 жылдың бірінші тоқсанында 3,8 пайыз болғанын жеткізді. Өткен жылдың алғашқы үш айымен салыстырғанда тауарлардың экспорты 10,8 пайызға көтеріліп, 22,7 миллиард долларға жеткен. Ал импорт 14,6 пайызға азайып, 8,7 миллиард долларды құраған. Алдын ала мəліметтер бойынша, Ұлттық қордағы қаржы көлемі 77 миллиард доллар болған. Оңтүстік астанадағы кездесуде Мемлекет басшысы Үкіметке де, Ұлттық банкке да нақты тапсырмалар берді. Ең бастысы, еліміздің қаржы жүйесінде тұрақтылықты қамтамасыз ету мен экономиканың даму ырғағын сақтау қажеттігін қадап айтты. Президент қабылдауынан кейін Қайрат Келімбетов журналистермен қысқа баспасөз

брифингін өткізіп, БАҚ өкілдеріне қорытынды ақпарат берді. – Алғашқы жартыжылдықтың макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша алдын ала есеп бердік. Ағымдағы көрсеткіштер Қазақстандағы макроэкономикалық жағдайдың тұрақты екендігін көрсетеді. Дəл қазіргі таңда инфляция жылға шаққанда 7 пайыз көлемінде тұр. Бұл Ұлттық банк бекіткен 6-8 пайыз аралығындағы болжамға сай келеді. Сондай-ақ, 1 қаңтардан бастап бүгінге дейін тұрғындардың депозиті 500 миллиард теңгеге көбейді. Ал ақпан айында орын алған ақшаның кері қайтуын қоса есептегенде, бұл көрсеткіш 10 пайыздан асты. Сол сияқты біздер валюта бағамының түзетілуі ел экономикасына оң нəтижесін бергенін атап өтуіміз керек. Оның ішінде биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша төлем балансының оң сальдосы қалыптасып, 6,3 миллиард доллардан асты. Толайым алғанда осы барлық кезеңде Ұлттық банктің алтын-валюта қоры өсіп отырды. 9 шілдедегі көрсеткіш бойынша ол 27,5 миллиард доллар болды. Ұлттық қордың резервтерінің өсуі есебінен еліміздің алтын-валюта

● Мəселенің мəнісі

Тез жиналмаєан ґнім саєат санап кеми береді Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Осы аптада жамбылдық шаруалар егінге орақ салды. Биыл Жамбыл облысы бойынша 237 мың гектар жерге дəн себілді. Яғни, өткен жылмен салыстырғанда 14 мың гектар жерге артық егін егілді. Оны жинап алу үшін 20 мың тоннадай жанар-жағармай қажет. Əйтсе де, биыл Жамбыл жерінде көктемнің кеш шығып, мамыр айының соңына дейін ызғардың кетпеуі егіннің бітік өсуіне кері əсер еткен сияқты.

Əйтеуір, биылғы егіннің шығымы төмен. Осы өңірдегі ең іргелі шаруашылықтардың бірі – Жамбыл ауданындағы «Пионер» шаруа қожалығы биыл 600 гектардай жерге арпа, бидай сепкен екен. Көктемде аздап жауын жауғанымен үздіксіз соққан аңызық жел жердің аңқасын кептіріп жіберіпті. Тамырына ылғал жетпеген егін өспей қалған. Содан шаруашылық гектарынан 9-10 центнерден ғана астық жинап жатыр. «Жау жағадан алғанда бөрі етектен тартады» деген, жамбылдық диқандарды егіннің төмен

түсімі есеңгіретіп отырғанда жеңілдетілген бағадағы жанармай дың жетіспеуі тағы да жағадан алуда. Əрине, өңірдегі ірі шаруашылықтар қолдағы қаражатын пайдаланып, егін орағын уақтылы бастап жіберді. Ал, қоры жоқтары амал жоқ тықтан, жоғарыдан келетін жеңілдікті күтіп жүр. Əйтеуір, ауа райының қолайсыздығы егіннен түсетін өнімді азайтып, диқанның несібесін ортайтып тастағалы тұр. Шаруашылық басшыларының айтуына қарағанда орта есеппен егістіктің əр гектарынан бар

болғаны 8 центнерден ғана өнім жиналуда. Осыдан кейін биыл қамбаға астық жылдағыдан екі еседей аз құйылатын секілді. – Биылғы көктем салқын, жаз ыстық болды. Біздің шаруашылық ағын судың аяқ жағында орналасқан. Су жақсы келмейді. Суармалы жердің өзінен осындай төмен өнім алып жатырмыз, – дейді бұл жөнінде «Пионер» шаруа қожалығының төрағасы Алпысбай Жұмаханов. Ал, «Шəушен» шаруа қожалығының бригадирі Сағади Балғаев арзандатылған жанаржағармайға күні бұрын тапсырыс беріп қойғанымен əлі күнге қол жеткізе алмай келе жатқанын айтып ашынады. Бүгінге дейін облыс шаруашылықтарына қажетті 20 мың тоннадай жанармайдың 260 тоннасы ғана беріліпті. Жамбыл облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Зиятхан Өмірəлиев бұл кемшілікке ортадағы делдалдар кінəлі деп есептейді. «Мұнай зауытындағы бағаға байланысты жанармай жеткізу мəселесі сəл кешігіп отыр. Біздің операторлар зауыттан өнімді уақытында ала алмауда», дейді басқарма басшысының орынбасары. Астық жинау ерекше жинақылықты, ұйымшылдықты, білгірлікті керек етеді. Тез жиналмаған өнім сағат санап кеми береді. Торғай жейді. Жел қиып түсіреді. Қатты пісіп кеткендіктен орған кезде төгіледі. Мал аралайды, əйтеуір жауы көп. Жамбыл облысының əкімі Кəрім Көкірекбаев қайбір күнгі жиында піскен егінді уақтылы орып, босқа ысырап етпеуді қатаң талап етті. Шынында бұл науқан осы саланың жауапты басшыларына үлкен сын болғалы тұр. Жамбыл облысы.

қорының жиынтығы 103 миллиард доллардан асты. Бұл көрсеткіштердің барлығы да мемлекеттегі макроэкономикалық жағдайдың тұрақты екендігін сипаттап, Елбасының ұзақмерзімді стратегиясы мен жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауындағы тапсырмаларын орындауға мүмкіндік береді, – деді банкир. Брифинг барысында Қайрат Келімбетов тамыз айының басында Мемлекет басшысының төрағалық етуімен алғашқы жартыжылдықтың экспорт-импорт көрсеткіштеріне өндірістің барлық салалары бойынша алдын ала қоры тындылар жасалатынын жеткізді. Оған қоса, қаржы секторының да мəселелері талқыланып, Елбасының тапсырмасы бойынша қаржы саласын 2030 жылға дейін дамыту тұжырымдама сының жобасы бойынша жұмыстар жүргізілмек. Сол сияқты экономикалық өсімнің көрсеткіштері бойынша болжамдар, инфляциялар, қаржы секторы, несиелер мен депозиттер жағдайы талқыға түспек, деді Ұлттық банк төрағасы. ––––––––––––––––– Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің құттықтауында Қазақстан тарихындағы əлеуметтік, экономикалық жəне сыртқы саясат саласындағы айрықша табыстармен есте қалатын тұтас бір дəуірдің Нұрсұлтан Назарбаев есімімен тығыз байланысты екені айтылған. «Ресей-Қазақстан достық қарым-қатынасы дамуының табанды жақтаушысы ретінде Сіз елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайтуға жеке зор үлесіңізді қосып келесіз. Еуразиялық одақ жөніндегі Сіздің көреген идеяңыздың жүзеге асуының шын мəнінде дəуірлік маңызы бар», – делінген құттықтауда. Қытай Халық Респуб ликасы ның Төрағасы Си Цзиньпин өз құттықтауында Қазақстан Президентінің қолдауымен Шанхайда АӨСШК IV саммиті табысты өтіп, оның құрылым жұмысының жаңа кезеңге шығуына септігін тигізгенін атап өткен. «Қазақстан-Қытай қарымқатынасының дамуын жоғары бағалаймын, Сізбен арамызда орныққан іскерлік қарым-қатынас пен берік достықты қадірлеймін, тығыз байланысымызды одан əрі жалғастыру ниетіндемін», – делінген құттықтау хабарламасында. Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконың құттықтауында Қазақстанның игілігі мен өркендеуі жолындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың жан-жақты қызметі мен қажырлы еңбегі аса зор құрметке лайықты екені атап өтілген. «Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы Сіздің ұсыны сыңыз нақты жүзеге асты. Бұл қадам Беларусь-Қазақстан стратегиялық серіктестігін нығайтады жəне экономикалық əлеуе тімізді, азаматтардың əлауқа тын арттыру мақсатында

АҚПАРАТТАР аєыны ● Қазақстанда биылғы 5 айда экспортқа 765,4 мың тонна ұн шығарылды. Бұл – Кеден одағы елдерін есепке алмағандағы көрсеткіш. Мұның өзі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, мөлшердің 25,1 пайызға өскенін көрсетеді. Ал баға жағынан 11,3 пайызға артық. ● Алматы облысында қа раусыз қалған гидроэлектр стансалары қалпына келтірілуде. Мұның жайын сөз еткен Парламент Мəжілісінің депутаты Серік Үмбетов Жетісу өзендері бойында 2020 жылға дейін тағы 40 шағын станса салынатынын жеткізді. Аймақта жыл сайын 560 мегаватт қуат көзі пайдаланылса, оның 416 мегаваты оның өзінде өндіріледі. ● Шымкентте кеше шыны бұйымдарын шығаратын зау ыт қатарға қосылды. «Евро Кристалл» ЖШС-ның еншісіндегі құны 2,3 млрд. теңгелік жоба Индустрияландыру картасы шеңберінде жүзеге асты. Кəсіпорын жылына 70 млн. дана шыны ыдыстар шығара алады. ● Шығыс Қазақстанда салық жинау жұмыстары күшейтіле түседі. Облыс əкімі

достас елдеріміздің тиімді өзара ықпалдастығы үшін бұдан да қолайлы жағдайлар туғызатынына күмəн жоқ», – дейді А.Лукашенко. Мемлекет басшысына Өзбекстан Республи касының Президенті Ислам Каримов өз құттықтауын жолдады, онда мемлекет жəне қоғам құру саласындағы Қа зақстанның қол жеткізген табыстары, сондай-ақ, халықтың бақуат тұрмысын қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды əлеуметтік-экономикалық реформалар Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты екені айтылған. «Ғасырлардан тамыр тартатын достыққа, тату көршілестікке жəне өзара құрметке негізделген Өзбекстан-Қазақстан ұзақ мерзімді стратегиялық қа рым- қа тынасының аясы халық тарымыздың мүддесі, өңір дегі бейбітшілік пен тұрақтылық жолында алдағы уақытта да барған сайын кеңейіп, тереңдей беретініне сенімдімін», – делінген құттықтау мəтінінде. Қазақстан Президентінің атына, сондай-ақ, Украина Президенті Петр Порошенкодан құттықтау келіп түсті, онда Қазақстан мен Украина бірлескен күш-жігер арқылы екіжақты ынтымақтастықтың ілгері қарай дамуын, сондай-ақ, халықаралық аренадағы өзара тиімді ықпалдастықты қамтамасыз ететіні айтылған. «Украинада біздің мемлекеттеріміздің халқын біріктіретін байырғы тарихи, мəдени жəне экономикалық байланыстар жоғары бағаланады. Украина мен Қазақстан арасындағы серіктестік қарым-қатынастарды одан əрі тереңдету достас екі елдің мүддесіне сай келеді», – делінген құттықтауда. –––––––––––––– (Өзге де құттықтауларды 2-беттен оқи аласыздар).

Бердібек Сапарбаев салық департаментінің жиынында сөйлеген сөзінде тиісті мамандарға осы жұмысқа қатысты нақтылы тапсырмалар берді. ● Қызылорда қаласында «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасына 25 маман тартылды. Бұл туралы əңгімелеген қала əкімі Нұрлыбек Нəлібаев олардың бəрінің көтермеақы алғандарын, тағы 6 маманға тұрғын үй берілгенін мəлімдеді. Жалпы, қалада соңғы 4 жылда 110 маманға бір жолғы көтерме жəрдемақы мен тұрғын үй сатып алу үшін 80 млн. 845 мың теңге қаржы берілген. ● Атырауда мұнай компаниясына 2,3 млрд. теңге айыппұл салынды. Об лыстық про куратураның араласуымен жүзеге асқан бұл шара «ЕмбіМұнайГаз» кəсіпорнының аймақ экологиясына келтірген залалы үшін қолданылып отыр. «Облыстық прокуратураның ұсынысы бойынша 1 млрд. 900 млн. теңге айыппұл салынды. Бұған қоса, 512 млн. теңге салық төлемі өндірілді», – деді прокуратура өкілі Аслан Құрағалиев осыған орай. Хабарлар «ҚазАқпарат», 24KZ, Egemen.kz агенттіктері мен облыстық əкімдіктер сайттарының деректері бойынша дайындалды.

Оќырман назарына!

Заман талабына орай жаңарған «Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу мүмкін болып отыр. Ол үшін, құрметті оқырман, мына төменде көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз. Сонымен қатар, аталмыш желілер арқылы «Егемен Қазақстан» газетінің бай сурет қорымен танысуға да тікелей мүмкіндік алатындықтарыңызды естеріңізге сала кетпекпіз.

Бїгінгі нґмірде: ТОПЖАРЄАНДАР Ќазаќстанныѕ еѕ їздік 50 жоєары оќу орныныѕ 2014 жылєы ўлттыќ рейтингі

5-бет

ЌОРЄАНЫСТЫЅ ЌУАТТЫ ЌАЙНАР КҐЗІ 6-бет


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.