11072015

Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№131 (28609) 11 ШІЛДЕ СЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Кəсібилікті жоєарылатудыѕ тиімді моделі 4-бет Алтын діѕгек 5-бет Батырдыѕ беймəлім ќырлары 8-бет Аєылшындарды мойындатќан ќазаќ 12-бет

Маѕызды мəселелер ќозєалєан кездесу

Ґѕірлік ынтымаќтастыќтыѕ орныќты ўйымы ШЫЎ-ныѕ 2025 жылєа дейінгі даму стратегиясы ќабылданды Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Башқұртстан астанасы – Уфада өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан» – Уфадан (Башқұртстан, Ресей).

2001 жылы құрылған Шанхай ынтымақтастық ұйымы соңғы жылдар ішінде аймақта ғана емес, дүниежүзіндегі ең беделді жəне серпінді дамыған көпсалалы ынтымақтастық ұйымдарының біріне айналды. Қазіргі таңда бұл ұйым өзінің саяси-дипломатиялық сипатына сəйкес, тұрақты түрде нығайып келе жатыр. Ол соңғы жылдар ішінде ұлттық-экономикалық көзқарастар мен өзінің жалпы көзқарасын бірбірімен шебер үйлестіре алды. ШЫҰ тек ұйымға мүше мемлекеттермен ғана емес, əлемдегі БҰҰ, АӨСШК, ҰҚШҰ секілді беделді ұйымдармен арадағы өзара ынтымақтастығын жандандыра отырып, өңірдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау мəсе-

лесін күн тəртібіне шығарып отыр. Əрине, ауқымды ұйым болғаннан кейін түрлі сипатта қиындықтар туындап, кедергілер де кездесуі мүмкін. Соған сəйкес, пікірталастар да орын алып жатады. Алайда, сарапшылар қандай да бір қарама-қайшылықтарға негізделген пікірталастар орын алғанымен, серіктес елдің ұстанымына құрметпен қарай отырып, əр ел өзінің ұлттық көзқарасын қорғайтын болса, бұл да белгілі бір деңгейде ұйым қызметін тиімді үйлестіруге ықпал ететінін, ал бұл ШЫҰ қызметі белсенді, шынайы жəне динамикаға толы болатынын алға тартуда. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы, ең алдымен, шағын құрамда өтті. Онда мемлекеттер басшыларының назарына негізгі əрі маң ыз ды құжат – 2025 жылға дейінгі стратегия жобасы ұсынылды.

Їйлестіру кеѕесініѕ отырысын ґткізді Кеше Үкімет үйінде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Экономикалық интеграция мəселесі бойынша Үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді. Шараға қатысушылар үстіміздегі жыл дың 15 шілдесінде Мəскеуде өтуі жоспарланған Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі отырысының күн тəртібін талқылады. Мұның сыртында Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен жəне Қырғыз Республикасымен шекарасы арқылы өтетін тауарларға бірлесіп бақылауды ұйымдастыру, Қазақстан Республикасы жəне Қырғыз Республикасы үкіметтері арасындағы Еуразиялық экономикалық интеграция жағдайындағы ынтымақтастықты дамыту туралы келісім аясындағы хаттамаларды келісудің барысы жөнінде мəселелер қаралды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

АҚПАРАТТАР аєыны

● Қазақстанның əскери жоғары оқу орындарына қабылдау ережелеріне өзгеріс енді. Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жаңа қағидаларға сəйкес тестілеуде талапкерлер таңдай алатын пəндердің тізімі кеңейді. Сондай-ақ, оқуға түсу үшін құжаттарды ресімдеу рəсімі қысқартылып, қабылдау мерзімі ұзартылды. ● Назарбаев Университетте əлемде баламасы жоқ күн электрстансасы сынақтан өтуде. Жоба жұмыстарын Total француз мұнай-газ компаниясы мен оған еншiлес SunPower кəсiпорны жүргізіп жатыр. Компания өкілі Данияр Сəлiмбаевтың айтуынша, технология күн энергетикасы саласындағы тың идеяның негiзiнде құрылған. ● «Шеврон» мұнай-газ компаниясы

Бұл – ШЫҰ-ның тарихында ауқымды құжат дайындаудағы алғашқы қадам. Сарапшылардың пікірінше, бұл стратегия – алдағы 10 жылдағы қандай да бір абстрактілі міндеттерді айқындамайды, ол кəсіби сипатқа негізделген, жанжақты талқыланып, сараптамадан өткен мазмұнды құжат. Оны əзірлеуге ШЫҰға мүше мемлекеттердің барлық өкілі тегіс атсалысқан. Құжаттың арқаулық қағидаты «Шанхай рухы» деп аталатын формулаға негізделген. Яғни, бұл – құжаттың басты консенсусы. Бір атап өтерлігі, аталған құжаттағы əрбір мəселе ұйымға мүше мемлекеттердің келісімінсіз, қуаттауынсыз, талқылауынсыз жəне қолдауынсыз енгізілмеген. Сонымен қатар, ШЫҰ стратегиясы тек маңызды жəне ауқымды құжат, я болмаса, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың іс-жоспары ғана емес, ол, ең алдымен, «даму философиясы». ШЫҰ стратегиясы ұйымның өңірдегі халықаралық күн тəртібінде тұрған өзекті мəселелерді шешуге ықпал ететіндей жаңа сапалы биікке

көтерілуінің белгісі іспетті. Сондықтан, ол ШЫҰ көкжиегін кеңейту арқылы оған мүше мемлекеттердің өзара терең ықпалдасуының негізіне айналмақ. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының шағын құрамдағы кездесуі кеңейтілген құрамдағы отырыспен жалғасты. Бұл отырысқа Қазақстан Президенті Н.Назарбаев, Ауғанстан Президенті М.Гани, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Қырғызстан Президенті А.Атамбаев, Моңғолия Президенті Ц.Элбэгдорж, Ресей Президенті В.Путин, Тəжікстан Президенті Э.Рахмон, Өзбекстан Президенті И.Кəримов, Үндістан Премьер-министрі Н.Моди, Пəкістан Премьер-министрі Н.Шариф, сондайақ, ШЫҰ Бас хатшысы Д.Мезенцев, БҰҰ Бас хатшысының саяси мəселелер жөніндегі орынбасары Дж.Фелтман, АСЕАН-ның Бас хатшысы Ле Лыонг Мин, ШЫҰ-ның Террорға қарсы өңірлік құрылымы (РАТС) Атқару комитетінің директоры Чжан Синьфэн қатысты. (Соңы 2-бетте).

Толєандырєан сауалєа толымды жауап

Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде ПремьерМинистрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің əлеуметтік дамуына арналған баспасөз мəслихатын өткізді. Оған Білім жəне ғылым министрі Аслан Сəрінжіпов пен Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова қатысты. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Мемлекет басшысының Үкімет алдына қойған ең басты тапсырмасының бірі, экономиканың даму қарқынын бəсеңдетпеу болатын. Сөйтіп, халықтың əл-ауқатын арттырып тұрмысын жақсарту, жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы, жұмыссыздыққа жол бермеу,

Астанадағы 10 мекемеге медициналық жабдықтар сыйлады. Компания өкілі Жанар Қошпанованың мəлімдеуінше, бұл шараны олар «Аяла» қайырымдылық қорымен бірлесіп өткізген. Жаңа техникалар балаларға арналған медициналық, білім беру жəне əлеуметтік мекемелерге берілді. ● Кеше Алматыда Мұхаммед-Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» атты кітабының тұсаукесері болды. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай қайта басылған кітап Мəдениет жəне спорт министрлігінің мемлекеттік бағдарламасы аясында жарық көрді. ● Биыл Оңтүстік Қазақстанда екі спорт нысаны халық игілігіне ұсынылады. Облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының басшысы Əлібек Нұртаевтың сөзіне қарағанда, қазіргі таңда өңірде ескек есу спорт түрлерінің оқу-жаттығу базасы мен көркем гимнастика спорт кешені салынуда.

əлемдік экономикалық дағдарысқа қара май қабылданған мемлекеттік бағдар ламаларды жүзеге асыру қажет болды. Қазіргі күні мемлекет халықтың алдында өзінің əлеуметтік міндеттемелерін толық орындап отыр деуге негіз бар, деп бастады сөзін Үкімет басшысының орынбасары. (Соңы 7-бетте).

● Қарағанды облысы Балқаш қаласындағы жалпы режімдегі АК-159/21 колониясында тігін цехы іске қосылды. Қылмыстық-атқару жүйесінің облыстық департаменті таратқан мəліметке сүйенсек, жазасын өтеушілердің алғашқы өнімі көлік қабы мен жиһаз қаптауышы болған. ● Маңғыстау облысының Жыңғылды жəне Ұштаған ауылдарында дəрігерлік амбулаториялар ашылды. Алғашқы жобаның құны 174 млн. теңгені құраса, Ұштағандағы дəрігерлік орталық құрылысына 126 млн. теңге жұмсалған. Облыс əкімі Алик Айдарбаев бұл игі жұмыстар «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқанын айтты. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин бірқатар маңызды салалардағы екіжақты өзара іс-қимылдың мəселелерін талқылады. Тараптар сауда-экономикалық, инвести циялық, транзит-көліктік, мəденигуманитарлық салаларда жəне өзге де

барлық бағыт бойынша өзара тиім ді ынтымақтастықтың жоғары қарқын алып отырғанын атап өтті. Бұдан бөлек, екі елдің көшбасшылары өңірлік жəне халықаралық күн тəртібіндегі бірқатар өзекті жайттар жөнінде пікір алмасты.

 Президент поштасынан

Аќ тілектер аєыны

Елбасының баспасөз қызметі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне байланысты Моңғолия Президенті Цахиагийн Элбэгдорждың құттықтауы туралы хабарлады.

Моңғолия Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың эрудициясы, білімі, біліктілігі, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтегі жəне саясаттағы тəжірибесі Қазақстанның дамуына орасан үлес қосқанын айтады. Ц.Элбэгдорж Мемлекет басшысының Моңғолия мен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынастарды екі ел халқының игілігі үшін көпқырлы серіктестік қағидаты негізінде нығайтуға бағытталған күш-жігерін айрықша атап өткен. Соңында Моңғолия Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық, бақыт жəне қызметіне табыс тіледі. *** Мемлекет басшысының баспасөз қызметі Қазақстан Президенті

Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне байланысты Израиль Президенті Реувен Ривлиннің құттықтауы туралы хабарлады. Р.Ривлин Нұрсұлтан Назарбаевқа жаһандық бейбітшілік пен өзара түсіністікті қамтамасыз етуге, сондайақ, Қазақстан мен Израиль арасындағы достық қарым-қатынасты дамытуға жұмсаған күш-жігері үшін алғыс айтты. Израиль Президенті ел халқының жəне жеке өзінің атынан Мемлекет басшысына бақуаттылық пен бақ-береке тіледі, сондай-ақ, Қазақстан халқының бұдан əрі дамуы мен өсіп-өркендеуіне ниеттестігін білдірді. (Соңы 4-бетте).

● Министр мінбері Инвестициялар жəне даму министрі Əсет ИСЕКЕШЕВ:

Жаєдай ширыќќан сайын шыныєуєа тиіспіз Дүние дүрлігіңкіреп тұр. Əлемдік экономика қайтадан саясилана бастаған сыңайлы. Кеше ғана Уфада сөйлеген сөзінде Елбасымыз: «Көпполярлы əлемнің қалыптасуы, жаһандық сын-қатерлер мен қауіптер, сондай-ақ, елдер мен өңірлердің өзара тəуелділігінің артуы бүгінде жаңа күн тəртібін түзіп отыр», деп атап өтті. Мұндайда экономикалық мəселелердің жеті рет өлшеніп, бір рет кесілгені жақсы. Солай болып та келеді. Мемлекеттік биліктегі жауапты тұлғалар əр сөзін санап сөйлеуде. Бұл сұхбат ойластырылғалы біраз болды. Инвестициялар жə не даму министрі Əсет Исекешевпен əуелде жыл басында, қаңтарда жолыққанбыз. Үдемелі индустриялықинновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның өткен жылғы қоры тындылары, екінші бесжылдық бағдарламасын орындау жөніндегі жұмыстың жайы туралы сөйлеспек болғанбыз. Сонда Əсет Өрентайұлы бізге біраз əңгі ме айтқанымен, нақты, мəті ні газетке шығатындай сұхбатты кейінірек жасасақ деген ұсыныс білдірген еді. «Қазір индустрияландырудың екінші бесжылдығына əр қилы индикаторлар бойынша түрліше сценарийлер дайындалған. Бірақ бұл оқиғалар тіпті ең нашар сценарий бойынша өрбіген күнде де біз индустрияландыру саясатынан, яғни сапалық тұрғыдан жаңа экономика жасау жөніндегі жұмыстан бас тартамыз дегенді білдірмейді. Мұнайдың бағасы əлі талайға дейін төмен күйде тұра беруі мүмкін. Тіпті, бұдан да төмен түсуі мүмкін. Парадокс болса да айтайын, қайта мұның өзі индустрияландыру үшін ашылатын жаңа мүмкіндік», деген еді сонда министр. Əсет Өрентайұлының сақтана сөйлейтін жөні бар екен. 2009 жылғыдай, бағдарламаның сөреден аттануы əлемдік қаржы дағдарысы күшейе бастаған тұс қа тап келді де, Үкімет əлем дік

экономикадағы ахуалдың өзгеруіне байланысты бірнеше сценарийді ескеріп, жұмыс жоспарын қайта қарады. Бірақ басты бағыт өзгерген жоқ. Жақында, Астанадағы «Көрме» орталығында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар баевтың қатысуымен еліміз дегі «Нұрлы Жол» жəне индустриялық-инновациялық даму бағдарламаларын жүзеге асыруға арналған дəстүрлі телекөпірде Елбасымыз индус трияланудың екінші бесжыл дығы бұрынғыдан да нақты рақ көрініске ие екенін айтты. «Басымдығы бар алты сала анықталды, олар – мұнай өңдеу жəне металлургия кешені, тамақ жəне химия өнеркəсібі, өнеркəсіптік жабдықтар жəне құрылыс материалдары өндірісі. Бəрінің негізінде кластерлік тəжірибе жатыр. Жаңа бағдарламада біз бірінші бесжылдықтың сабақтарын барынша ескеріп, жинақталған тəжірибені қолдануға тырыстық», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті бүгінде өңдеу өнеркəсібінде шетелдік инвесторлардың қатысуымен 22 жаңа жобаны жүзеге асыруға дайындалып жатқанын атап айтты. Қысқасы, мемлекеттің бүкіл экономикалық саясатының өзегі индустрияландыру болып қала береді. Бұл қағидатты мəні бар қорытынды. Демек, біз шикізат бағасына, əлемдік конъюнктураға тəуелділіктен, түптің-түбінде бір таусылмай қоймайтын жерасты байлығына байланудан құтылуға біржолата бет алған елміз. Мемлекеттік бағдарламаның екінші бесжылдығының қалай басталғаны, Үкіметтің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру барысында қандай мəселелермен бетпе-бет келіп отыр ғаны – Инвестициялар жəне даму ми нистрі Əсет ИСЕКЕШЕВПЕН əңгімеміздің басты арқауы. (Соңы 3-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.