11082015

Page 1

Назар аударыѕыз: грант иелерініѕ тізімі!

№151 (28629) 11 ТАМЫЗ СЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Бүгін «Егемен Қазақстан» газетінде жұртшылық асыға күткен білім беру гранттары иелерінің тізімі жарияланып отыр. Оны басылымның 6-32-беттерінен оқи аласыздар.

Таєы бір мўз айдыны ашылды

Їйлесімді жўмыс жїргізу ќажеттігіне назар аударды Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің Бюро отырысына қатысты. Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Отырыс барысында Елбасы үлкен жұмыс атқарғаны үшін Бауыржан Байбекке алғыс айтты жəне партия Төрағасының жаңа бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовті таныстырды.

Президент «Нұр Отан» партиясы мүшелерінің ынтымақты жұмысы арқасында оның сайлауалды тұғырнамасының 70 пайызы орындалғанын, басқа бағыттар бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Парламенттегі фракция біз жүзеге асырып жатқан барлық

бағдарламаларды заңнамалық тұрғыдан нығайтуды қамтамасыз етіп отыр. Партия азаматтық қоғам мен кең ауқымды диалогты жолға қойды. Оның бастамасымен құрылған «Қазақстан-2050» жалпыұлттық демократиялық күштер коалициясы біздің қоғамды ұйыс тыратын алаңға айналды, бұл жұмысты жалғастыру қажет. Пар тияның қоғамдық қабылдаулары халықпен байланысты

тиімді қамтамасыз етуде. Интернеттегі, соның ішінде, алғаш рет енгізілген «электронды партия» арқылы жұмыс кү шейді. Сондай-ақ, «Жас Отан» жастар қанатының жаңа бағдар ламасының қабылдануымен бірге жастармен жұмыс жаңа сапалы деңгейге шықты, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. (Соңы 2-бетте).

Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

– Бүгін біз тағы бір маңызды əлеуметтік нысанның іске қосылуының куəсі болдық. Оны шынымен де мұз сарайы деуге болады. Өйткені, мұнда 12 мың көрерменге есептелген əлемдік деңгейдегі арена, Хоккей

академиясы, олимпиадалық бассейн бар. Бұл ғимаратты елімізге, астанамызға үлкен сыйлық деп санауымыз керек. Астана қаласы солтүстікте орналасқандықтан, спорттың қысқы түрлерін көбірек дамытуға тиіспіз. Қысқы спорттық ойындардан алдыңғы қатарда болуымыз қажет. Ал бұл стадион

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Б.Б.Атамќўловты Оѕтїстік Ќазаќстан облысыныѕ əкімі ќызметіне таєайындау туралы Бейбіт Бəкірұлы Атамқұлов Оңтүстік Қазақстан облысының əкімі болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2015 жылғы 8 тамыз. № 62

Атамќўловќа – табыс, Мырзахметовке – алєыс

Бейбіт Бəкірұлы АТАМҚҰЛОВ 1964 жылы туған. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, Санкт-Петербург мемлекеттік экономика жəне қаржы университетін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын Норильск тау-кен металлургия комбинатының (КСРО) мыс қорытатын зауытында балқытушы болып бастады, 1985-1991 жылдары Шымкент қорғасын зауытында металл балқытушы, ауысым шебері, инженер-технолог, жетекші инженер болып жұмыс істеді. 1991-2006 жылдар аралығында коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарды. 2006-2012 жылдары дипломатиялық қызметте болды. Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше жəне өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы, БрунейДаруссаламдағы, Филиппин Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы болып тағайындалған. 2012 жылғы қазаннан Қазақстан Республикасы Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы болды. 2014 жылғы тамыздан – Қазақстан Республикасы Инвестициялар жəне даму министрлігінің жауапты хатшысы.

Оңтүстік Қазақстан облыстық мəслихатының кезектен тыс 41-сессиясының күн тəртібіне облыс əкімін тағайындау мəселесі қойылды. Сессия жұмысына Қазақстан Рес пуб ликасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев арна йы келіп қатысты. Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Жиында сөз алған Елбасы Оң түстік халқы атына, осында атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылығын білдірді. Кешегі өткен Президент сайлауында бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай ұйымшылдық танытқан, Қалекең, Қалтай Мұхамеджановтай сөз зергері ұлыстың ұйытқысы атаған Оңтүстікке жұмыс сапарымен жиі келетіндігін айтқан Елбасы: «Соңғы 6,5

Өткен сенбіде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы олимпиадалық ауқымдағы жа ңа мұз сарайында болды. Кешеннің ин фра құрылымымен та нысқан Мем лекет бас шысы оның елордада спорт кластерін дамыту жəне қысқы спорт түрлерін ілгерілету үшін маңызы зор болатынын атап өтті.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

жылдың ішінде өңір экономикасы 2,5 есеге артып, 300-ден астам мектеп пен 300 аурухана мен емханалар салынды, – деді. – Шуақты өлке диқандары 2,3 млн. тонна

көкөніс өнімдерін жинады. Менің тапсырмаммен облыс орталығы көркейіп, мұндағы тұрғындар саны бір миллионға жуықтады. Жүктелген міндеттерді Асқар

Мырзахметов орындады, оның атқарған жұмыстарына ризамын – деп атап өтті. (Соңы 2-бетте).

Жаѕа əкімге жаѕа міндеттер жїктелді

Б.Ќ.Байбекті Алматы ќаласыныѕ əкімі ќызметіне таєайындау туралы Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек Алматы қаласының əкімі болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2015 жылғы 9 тамыз. № 64

Бауыржан Қыдырғалиұлы БАЙБЕК 1974 жылы туған. «Болашақ» Президенттік бағдарламасы шеңберінде Любек қаласының (ГФР) Жоғарғы мектебін, Орта Азиялық университетті бітірген. Саяси ғылымдар кандидаты ғылыми дəрежесі бар. Ағылшын, неміс тілдерін меңгерген. Еңбек жолын 1999 жылы Сыртқы істер министрлігі жүйесінде бастаған. 2002-2013 жылдар аралығында Президент Əкімшілігінде жұмыс істеді. Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бастығы, Президент Əкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымдарын атқарған. 2013 жылғы қаңтардан «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары.

біздің спортшыларымызды жаңа жеңістерге жігерлендіретініне, осы бір ғажайып спорт түрінің жанкүйерлерін қуантып, бірегей жарыстар өткізетінімізге сенімдімін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев нысанды аралап көргеннен кейінгі брифинг барысында. (Соңы 2-бетте).

Таєайындаулар

Мемлекет басшысының Жарлығымен Андриан Көпмағамбетұлы Елемесов Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды жəне ол Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Респуб ликасының Мальта Республикасындағы, Сан-Марино Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы қызметінен босатылды. * * * Мем лекет басшысының Өкі мімен Ахметжан Смағұлұлы Есімов «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы ның басқарма төр ағасы қызметіне тағайындалды.

Хроника

Мемлекет басшысының Жар лығымен Асқар Исабекұлы Мыр захметов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Оңтүстік Қазақстан облысының əкімі қызметінен босатылды. * * * Мемлекет басшысының Жарлығымен Ахметжан Смағұлұлы Есімов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Алматы қаласының əкімі қызметінен босатылды. * * * Мемлекет басшысының Өкімімен Астана қаласының əкімі Əділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметінен босатылды. * * * Мемлекет басшысының Өкі мімен Бейбіт Бəкірұлы Атамқұлов басқа жұмысқа ауы суына байланысты Қазақстан Республикасы Инвестициялар жəне даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

Кґші-ќон жайы ќаралды Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сапар аясында қалалық мəслихаттың сессиясына қатысты. Сессия барысында Алматы қаласының жаңа əкімі Бауыржан Байбектің кандидатурасы депутаттар тарапынан бірауыздан қолдау тапты. Мемлекет басшысы, сондай-ақ, қала активімен кездесіп, жаңа басшыны таныстырды жəне мегаполистің бұдан арғы даму бағыттарын айқындады.

Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Елбасы «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының басшылығына тағайындалған Ахметжан Есімов Алматы қаласының əкімі лауазымында үлкен жұмыс атқарғанын

атап өтті. Осы уақыт аралығында қала елеулі нəтижелерге қол жеткізді, келбеті өзгерді, барынша икемді əрі жайлы бола түсті. Баспана құрылысы қарқынды жүргізіліп, жаңадан екі аудан пайда болды. (Соңы 2-бетте).

Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Н.Ермекбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесі жанындағы Сараптамалық кеңестің «Қазақстан Республикасының көші-қон жəне демография саясаты» тақырыбына арналған отырысы өтті. Отырысқа Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрі Т.Дүйсенова, Президент Əкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің жəне орталық мемлекеттік органдардың, Қазақстанның

ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдардың сарапшылары қатысты. Шара барысында сыртқы жəне ішкі көші-қон, демографиялық саясат Қазақстанның тұрақты дамуының маңызды факторлары екендігі атап өтілді. Қатысушылар Қазақстанның көші-қон жəне демография саясатын қалыптастыру мен оны іске асырудың тиімділігін арттыруға ғылыми, сараптамалық қолдау көрсету мəселелерін

егжей-тегжейлі талқылады. Мемлекетіміздің эконо мика лық дамуын ескере отырып, сыртқы еңбек көші-қонын реттеу, ішкі көші-қонды оңтайландыру жө нінде арнайы ұсыныстар енгізілді. Жұмыс қорытындысы бойынша Сараптамалық кеңес тарапынан Қауіпсіздік Кеңесі мен мемлекеттік органдар жұмысында пайдаланылатын нақты ұсыныстар берілді. «Егемен-ақпарат».


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.