11092013

Page 1

Дами жəне өркендей отырып, бейбітсүйгіш ел жəне сенімді əріптес болып қала отырып, Қазақстан əлемдегі жетекші елдер қатарынан табылатын болады. Бұған мен күмəнданбаймын!

№209 (28148) 11 ҚЫРКҮЙЕК СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Н.Ə.НАЗАРБАЕВ.

Еуразия XXI єасырда:

ЖАЅАРУ АРЌЫЛЫ КҐШБАСШЫЛЫЌ Астанада осындай таќырыппен Дамушы нарыќтардыѕ Еуразиялыќ форумы болып ґтті

Кеше Астанадағы Тəуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Дамушы нарықтардың Еуразиялық форумы болып өтті. Бұл форум əлемнің əртүрлі елдерінің қатысуымен 2005 жылдан бастап тұрақты өтіп келеді. Форум мəжілістеріне Азия, Еуропа, Африка, Латын Америкасындағы 35 елдің ұлттық банктерінің басшылары, қаржы, экономика, индустрия, сауда министрлері, сондай-ақ, Халықаралық валюта қорының, Бүкілəлемдік банктің, Азия даму банкінің, Африка даму банкінің, Еуропа қайта құру жəне даму банкінің, БҰҰ құрылымдарының басшылары қатысқан. Сөйтіп, форум осы уақыттан бері жаһандану жағдайындағы дамушы елдердің экономикалық жəне əлеуметтік дамуын жеделдету мəселелері талқыланатын негізгі алаңдардың біріне айналып үлгерді. Бұл жолы форум жұмысының Астанада өтуіне «Назарбаев университеті» АҚ пен «Ұлттық талдау орталығы» АҚ-тың жəне форумның АҚШ-тағы орталығының ұйытқы болғандығын айта кетсек, артық болмас. Астанадағы басқосу «Еуразия XXI ғасырда: жаңару арқылы көшбасшылық» деген тақырыпта өткенімен ол негізінде Елбасының Қазақстан дамуының 2050 жылға дейінгі Стратегиясын талқылау мəселесіне арналды. Оның пленарлық мəжілісін «Назарбаев университеті» АҚ президенті Шигео Катсу ашып, жүргізіп отырды. Алғашқы құттықтау сөзді Дамушы нарықтардың Еуразиялық форумының тең төрағаларының бірі Хариндер Коли сөйледі. Форумның дəстүрлі пішіні білікті сарапшылар алдын-ала жүргізетін зерттеулер нəтижесін еркін түрде талдау жағдайында өткізіліп келе жатқандығын атап көрсеткен Хариндер Коли оның осыған дейінгі қарастырған тақырыптарын да еске сала кетті. Солардың қатарында дамушы экономикалардың əртүрлі топтарына жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыстың тигізген əсерлері, сауда мен инвестицияларды дамыту, халықаралық қаржы ағымдарының бағыттары, инфрақұрылымдық жобаларға жеке сектордың қатысуы, климат өзгерісінің салдарлары мəселелері бар. Форумның жұмысына осы уақытқа дейін əлемнің 80 елінен мыңнан астам сарапшылар мен мамандар қатысты. Енді оның жұмысына əлемдегі қарқынды дамушы елдердің бірі Қазақстан да қосылып отыр. Біздің бүгінгі талқылайтын мəселеміз осыдан 5 жыл бұрын Оксфордта өткен форумның беташар басқосуының қағидаттары мен рухына сəйкес келеді. Мен Қазақстан бұдан кейінгі уақыттарда да форум жұмысына белсенді түрде атсалысады деп есептеймін, деген Дамушы нарықтардың Еуразиялық форумының тең төрағасы осы басқосуды ұйымдастырған Қазақстан тарапына үлкен алғысын білдірді. Мұнан кейін сөз кезегі баяндама жасап, Қазақстанның болашақ дамуына қатысты өз көзқарасы мен болжамдарын білдіру үшін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа құрметпен берілді.

сапалық дамуға деген тілек – ұлттың таяу онжылдықтардағы басты идеясы міне осы. Біз əлемдегі дамудың түрлі нұсқаларына дайын тұрып, неғұрлым дамыған отыздыққа ену жөніндегі мақсатқа жету үшін икемді саясат қалыптастыруымыз қажет, деді Елбасы. Беймəлім əлемде табысқа жетудің кілті болып жатқан өзгерістерге сай тез əрі дұрыс əрекет ету жəне əлем қалай тез өзгерсе, дəл солай өзгеру мүмкіндігінде жатыр. 2050 жылы əлемнің қандай боларын ешкім де дəл болжап айта алмайды. Кейбір елеусіз оқиғалардың трендтер күйінде қалыптасып, ал кейбір трендтердің күтпеген жерден, мүлде беймəлім жақтан шыға келуі мүмкін. 1970-ші жылдары ешкім де Қытай 40 жылдан кейін əлемнің екінші экономикасы болады деп ойлаған емес. Ешкім Кеңес Одағының күйреуі мен Жапонияның «жоғалған екі онжылдығын» білген де жоқ. Қазір де дəл солай. Əлемнің шынайы бейнесінің болашақта мүлде басқаша болып шығуы мүмкін. Неғұрлым дамыған елдердің тəжірибесі көрсетіп отырғандай, ғылымды қажет ететін экономикаға көшу ғана экономика өсімінің икемділігін, ырғақтылығы мен тұрақтылығын жəне бүтіндей елдің əл-ауқатын бір мезгілде қамтамасыз ете алады. Сондықтан Қазақстанның əлемнің дамыған елдерінің отыздығына енуі ғылымды қажет ететін экономика қалыптастыруға негізделуі тиіс.

Мїмкіндіктер кґкжиегі кеѕеюде

Дамушы нарықтардың Еуразиялық форумына қош келдіңіздер, деп бастады сөзін Нұрсұлтан Əбішұлы. Былтыр желтоқсан айында мен «Қазақстан-2050» Стратегиясын жария еттім. Ол Қазақстанның əлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің біріне айналуын көздейді. Бұл мақсатқа жетуге еліміздің толық мүмкіндігі бар. Біздің тəуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріміз бұған айқын дəлел бола алады. Кеңестік экономиканың күйреген дағдарысы біз үшін өзінің ауқымы жағынан Америкадағы Ұлы күйзеліспен бірдей болды. Республиканың тəуелсіз мемлекет ретіндегі өміршеңдігіне, оның шекараларын сақтау мен қауіпсіздігіне күмəн келтірілді. Бірақ біз бұл қиындықтарды еңсердік. Жаңа өңірлік жəне жаһандық дағдарыстарға қарамастан, біз өз елімізді жаңғырту жолымен сенімді алға бастық. Біз өз болашағымызды дербес, сындарлы жəне батыл түрде қалыптастыра бастадық. Енді, Қазақстанда жаңа жетістіктер үшін берік іргетас қаланған кезде, біз өз мүмкіндіктеріміздің көкжиектерін кеңейтудеміз. Біз өзіміздің бəсекелестік артықшылығымызды нақты сезінеміз жəне оларды экономикалық жəне əлеуметтік табыстарға қалай айналдыру керектігін білеміз. Біз зор аумаққа, бай табиғи ресурстарға, кең ауқымды ауылшаруашылық алқаптарына жəне жел мен күн энергиясын дамытудың айтарлықтай əлеуетіне иеміз. Біз макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз еттік, деп атап өтті Мемлекет басшысы. Жоғары экономикалық өсім тұрақты сипатқа ие болды. Біз мұнай табыстарын басқарудың тиімді саясатын жүзеге асырудамыз. Бүтіндей алғанда елдің алтын-валюта резервтері – 90 миллиард АҚШ доллары. Бұл – еліміз экономикасының 30 пайызға жуығы. Біз толыққанды нарық экономикасы мен

демократиялық қоғам қалыптастыру үшін қажетті арқаулық институттар құрдық. Біз инвестициялық жəне бизнес-ахуалдың көптеген қырлары бойынша өңірде көш басында келеміз. Қазақстанның халқы өсуде. Өмір сапасы мен азаматтар денсаулығының жағдайы жақсаруда, өмір сүру ұзақтығы 70 жасқа жетті. Елде жоғары білікті мамандар үлесі артуда. Біз арнаулы зияткерлік мектептер, кəсіптік-техникалық білім беруді дамыту жөніндегі холдинг жəне əлемдік деңгейдегі университет құрдық. Біз дамыған елдердің үздік білім беру үлгіқалыптарына қарай батыл бет алып келеміз. Бүгінде əлем Қазақстанды өзара тиімді ынтымақтастық пен интеграцияны жақтайтын бейбітсүйгіш ел ретінде біледі. Бізге елдің дамуы жолында ықтимал тосқауылдарға айналуы мүмкін кедергілер жақсы мəлім. Бізде халық тығыздығы төмен – қазақстандықтардың жартысына жуығы ауылдарда тұрады. Көптеген елді мекендер экономикалық өсу орталықтарынан тым шалғай орналасқан. Бұл сапалы білімге, білікті медициналық жəрдем алуға, өндіріспен айналысуға, инфрақұрылымға жаппай

қолжетімділік мүмкіндігін шектейді, деді Президент. Біз əлі де «голланд ауруының» даму тəуекелі аймағында тұрмыз. Ел экономикасы əлі де өндіріс пен экспортты əртараптандыру үдерісінде тұр. Тікелей шетел инвестицияларының негізгі көлемі экономиканың өндіруші секторына тиесілі. Біз еңбек өнімділігінің салыстырмалы түрде алғандағы төмен деңгейінде экономиканың жоғары энергия сыйымдылығын мұра етіп алдық. Көлік, тұрғын үй-коммуналдық жəне инфокоммуникациялық инфрақұрылым жаңғыртуды қажет етеді. Кедергілер – дамуды тежеуге себеп емес, бірақ өзіңді өзің жетілдіру үшін жақсы себеп.

«Дамыєан ел» – кїрделі жəне кґп ґлшемді ўєым Бүгінде «Дамыған ел дегеніміз не?» деген сауал барған сайын жиі қойылуда. Мен дамыған ел күрделі жəне көп өлшемді ұғым деп ойлаймын, деп жалғады сөзін Н.Назарбаев. Бүгінде отыздыққа кіретін дамыған елдер – жан басына шаққандағы

ІЖӨ көлемі неғұрлым жоғары елдер. Бірақ бұл бар болғаны, ел дамуының сапалық өзгерулерін бейнелемейтіні үшін көптеген сарапшылардың сынына ұшыраған сандық көрсеткіш қана. Дамыған елдердің бəрі де қызмет көрсету секторы басымдыққа ие, өнімділігі жоғары, ғылымы жетілген елдер болып табылады. Ғылыми білімдер мен өнеркəсіптің жоғары технологиялық секторы экономикалық өсімді қамтамасыз етуде негіз қалаушы рөл атқарады. Дамыған ел туралы бүгінгі түсінікті басшылыққа алар болсақ, Қазақстанның алдында дамуда тек сапалы серпіліс жасау міндеті ғана тұрған жоқ. Үдемелі жəне жанжақты қамтыған жаңғыртулар қажет. Сараптамалық бағалаулар бойынша, жаһандық трендтердің ықпалы таяудағы 15-20 жылда Қазақстан үшін қолайлы болмақ. Мұның өзі бізге қысқа мерзімде барынша үлкен нəтижелерге қол жеткізу үшін дəл 15-20 жылға «мүмкіндіктер терезесін» бермек. Дамыған елге деген қазақстандық жол əркімнің де өзін өзгертуге, Қазақстанды өзгертуге жəне оны жаһандық əлемнің бір бөлігі етуге деген тілегінен бастау алуы тиіс. Жаңа

Ішкі істер министрлерін ќабылдады Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанаға кезекті отырысқа қатысу үшін келген ТМДға мүше мемлекеттердің ішкі істер министрлерін қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

Өз сөзінде Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер ішкі істер министрлерінің алғашқы кеңесі Алматыда өткенін еске салып өтті. – ТМД-ның артықшылығы сол, мүше мемлекеттердің басшылары тұрақты кездесіп тұрады, түрлі мəселелер жөнінде пікірлесіп отырады. Мемлекеттердің барлығы бүгінде құқықтық тəртіпке мүдделі, онсыз ешқандай реформа да, елдердің дамуы да мүмкін емес. Сондықтан қылмыскерлер ешқайда бой тасалай алмайтынын түсінуі үшін өзара көмектің маңызы зор. Өйткені, сіздер бірлесе іс-қимыл жасап, бір-біріңізге қол ұшын беріп отырсыздар. Мұнда пайда да көп, қажеттілігі де сонда, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда үшінші жыл қатарынан құқық қорғау саласында үлкен реформалар жүргізіліп жатқанын да айтып өтті. – Кадрларды ауқымды аттестаттау өткізілді, құқық қорғау органдарының штат санын қысқарту маңызды рөл атқарды. Осыған байланысты біз полицейлердің əлеуметтік тұрғыда қамтамасыз етілу деңгейін күрт арттырдық. Олардың еңбекақысы мен өзге де төлемақылары

Ќажетті ќаєидаттар – ынталандырушы кїш Ашық нарықтық экономика, меритократия, əріптестік пен прагматизм, құқықтың үстемдігі, инклюзивтілік, сол сияқты инновациялар арқылы үнемі құрылымдық өзгерістер жасау ғылымды қажет ететін экономика қалыптастырудың қағидаттарына айналуы тиіс, деп атап өтті Президент. Бұл қағидаттар азаматтардың өз мүмкіндіктерін жүзеге асырулары үшін жəне кəсіпкерлік бастама үшін қажетті ынталандырулар жасайды. Олар əркімге тең құқықтар мен тең мүмкіндіктер береді. Олар барша үшін де бірдей ойын ережелерін қалыптастырады, еркіндік, адал бəсекелестік пен əділеттілік ахуалын туғызады. Олар үнемі жаңа білімдерге ұмтылу үшін, кəсібиліктің өсуі үшін ынталандырулар жасайды. Біздің бүкіл саясатымыз бен барлық шараларымыз соларға бағынып, солармен нақты келісілген болуы тиіс. (Жалғасы 2-3-беттерде).

Кеше Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен селекторлық режімде өткен Үкімет отырысында 2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мəселелері қаралды.

Даму даѕєылындаєы 27 ќала ґѕірлер ґндірісін ґрістетпек Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

əскери қызметшілермен теңестірілді. Қазір Қылмыстық, Қылмыстық-іс жүргізу жəне Қылмыстық-атқару кодекстерінің жобалары қаралу үстінде. Оның түпкі мəн-мақсаты – қылмыссыздандыру жəне түрмедегілер санын азайту, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы құқық тəртібін сақтау күштерінің жұмыс сапасын бағалауға деген көзқарастағы өзгерістер туралы да хабардар етті. – Құқық қорғау органдарының өзге елдердің тиісті ведомстволарымен өзара ісқимылының зор мəні бар. Сіздер қабылдайтын

құжаттар, келісімдер – елдеріміздің əрқайсысы үшін маңызды жұмыс. Сондықтан мен ТМДда Интерполдың өзіміздегі баламасын құруды ұсындым. Бұл мəселе талқыланады, егер сіздер қолдасаңыздар, біз мемлекеттеріміздің аумағында қылмысқа қарсы бірлесіп күресу үшін сондай бір құрылым құрылатын болады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Ішкі істер министрі Қ.Қасымов Кеңес отырысы барысында Достастық елдерінің полиция құрылымының жетекшілері 2020 жылға дейінгі ынтымақтастық тұжырымдамасы

жобасын, сондай-ақ бұған дейін қабылданған қылмысқа қарсы күрестің мемлекетаралық бағдарламаларының іске асырылу барысын талқылайтынын мəлімдеді. – Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы ішкі істер министрлерімен бірлесіп біз өзара іс-қимыл проблемасын бөлек талқылаймыз жəне Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік аумағында министрліктеріміздің бірлескен жұмысының одан арғы бағыттарын айқындаймыз, – деді Қ.Қасымов.

Жиынды аша отырып, С.Ахметов Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау барысында бұл бағдарламаның былтыр қанатқақты жоба ретінде іске қосылып, биыл толық көлемде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Одан соң алғашқы болып сөз алған Өңірлік даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев 2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасын жүзеге асырудың барысы туралы баян дады. Оның айтуынша, 27 моноқалада 1,53 млн. адам, яғни республика қалалары тұрғындарының 16,8 пайызы тұрады. 6 қала жоғары, 19 қала орташа əлеуетке ие. Бірінші вице-министрдің сөзіне қарағанда, шағын қалалардың проблемалық мəселелерін жүйелі шешуді

көздейтін бағдарлама өткен жылы басталған болатын. Бұл мақсатқа 6 млрд. теңге бағытталып, 170 жоба орындалды. Ағымдағы жылға қарастырылған 18,8 млрд. теңгенің 10 миллиарды немесе қарастырылған қаржының 54 пайызы бөлінген. Мақсат моноқалалар экономикасын əртараптандыру, халықты жұмыспен қамту мəселелерін шешу, жаңа өндірістер құру екенін атаған Қ.Өскенбаев бағдарламаның бағыттарына да тоқталды. Оның айтуынша, мұның қатарына тұрақты жұмыс істейтін кəсіпорындардың өндірістік мүмкіндігіне қарай моноқалаларды оңтайландыру, ШОБ-ты дамыту, еңбек ресурстары оңтайлылығын арттыру, əлеуметтік жəне инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту мəселелері енеді. (Соңы 4-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.