Бїгінгі нґмірде:
№173 (28651) 11 ҚЫРКҮЙЕК ЖҰМА 2015 ЖЫЛ
Ќазаќ хандыєы: тарихы, идеологиялыќ ґлшемдері 6-бет Орынбор мўраєатындаєы мўра 7-бет Еуропа мигранттарєа меймандостыќ таныта бастады 10-11-беттер Єарышкерлер онлайн-мəслихат ґткізді 12-бет
«ЌАЗАЌ ЕЛІ» АЛАЅЫ, ЖАЅЄЫРТТЫ БАЙТАЌ ДАЛАНЫ
Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.
Жобаларды ќолдау маѕызды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің бас хатшысы Рамиль Гасановты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Р.Гасанов Қазақстан Президентіне ұйымның қазіргі қызметі мен бүгінге жоспарланып отырған Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің V саммитіне дайындық туралы баяндады. Мемлекет басшысы алдағы саммиттің Түркі кеңесіне мүше елдер арасындағы өзара іс-қимылды нығайту тұрғысынан маңызды екенін атап өтті. Қазақстан Президенті ынтымақ, сондай-ақ,
жүзеге асырылатын жобаларға жан-жақты қолдау көрсету түркітілдес мемлекеттер алдына қойылған міндеттерді табысты іске асырудың кепілі екенін айтты. Р.Гасанов Нұрсұлтан Назарбаевты жəне Қазақстан халқын Қазақ хандығының 550 жылдығымен құттықтап, бұл мереке бүкіл түркі əлеміне ортақ екенін жеткізді.
----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Ќўќыќтыќ кґмек кґкжиегі кеѕ
Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысының күн тəртібіне сəйкес үш мəселе қаралды. Бұл жолы депутаттар назарына қылмыстық істерге қатысты өзара құқықтық көмек шарттарын ратификациялау ұсынылды. Сонымен қатар, осы мəселе бойынша америкааралық конвенцияны ратификациялау мəселесі де жанжақты талқыдан өтті. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Алдымен «Қазақстан Республикасы мен Румыния арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы»
заң жобасы қаралды. Ол бойынша Румыния қылмысқа жатқызылатын кез келген істерді қарау барысында елімізге мейлінше құқықтық көмектер ұсынатыны белгілі болды. (Соңы 6-бетте).
Кеѕестіѕ келешегі зор
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің бас хатшысы Рамиль Гасановты қабылдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. « Қ а з а қ с т а н П р е з и д е н т саммиті мен Қазақ хандығының 550 Нұрсұлтан Назарбаевтың бас- жылдығын мерекелеудің тұспа-тұс т а м а с ы б о й ы н ш а қ ұ р ы л ғ а н келгені маңызды тарихи оқиға Кеңес қызметіне ерекше маңыз болып табылады. Ол Түркітілдес береді. Біздің еліміз осы ұйымға, мемлекеттер ынтымақтастығы о н ы ң і ш і н д е п а р л а м е н т т і к кеңесін жəне басқа да көптеген деңгейдегі қолдауды одан əрі өзара байланысқа қызмет ететін жалғастыратын болады», – деді маңызды органдарды құрудағы Қ.Тоқаев. Осыған байланысты бастамашы ретінде Президент Астанада 11 қыркүйекте бола- Нұрсұлтан Назарбаевтың Астана тын Түркі кеңесінің V саммиті саммитінде Кеңеске төрағалықты маңызды болып отыр. Төраға қабылдайтынын жəне ұйымды бас хатшы жұмысының табысты нығайтуға зор үлес қосатынын болуына тілектестігін жеткізіп, атап өтті. Кеңестің халықаралық аренада Одан басқа, бас хатшы ынтыөзінің лайықты орнын алатынына мақтастықтың салалық жобасенім білдірді. лары, сондай-ақ, БҰҰ, ЕҚЫҰ, Р . Г а с а н о в т ы ң п і к і р і н ш е , ИЫҰ жəне басқа да ұйымдардың «біздің халықтарымыздың тарихы алаңдарындағы өзара ынтымақтасу мен тамыры ортақ» болғандықтан, туралы əңгімеледі. Бас хатшы ұйымға мүше мемлекеттер үшін Түркі академиясының қызметі туТүркі кеңесінің мерейтойлық ралы жоғары пікір білдірді.
Кґѕіл айту жеделхатын жолдады Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының президенті Алмазбек Атамбаевқа сол елдің көрнекті мемлекет қайраткері Тұрдақын Үсібəлиевтің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Жеделхатта Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстанның көрнекті басшыларының бірі, халқының ұлтжанды азаматы дүниеден озғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған. Мемлекет басшысы республикаға басшылық жасаған кезінде кəсіби біліктілігі мен адамгершілік қасиеттері арқылы көпшіліктің құрметіне бөленген Т.Үсібəлиевтің бауырлас елді нығайту мен өркендету ісіне мол үлес қосқанын атап өтті. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының жəне жеке өзінің атынан Т.Үсібəлиевтің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Жіп тағуы қиын бүгінгідей алмағайып заманда ұлысыңның ұпайын түгендеп, түп қазығыңды мықтап алмасаң: «Сен кім едің?» дейтін бір кеудемсоқтың көлбең ете түспейтініне кім кепілдік бере алар дейсің? Осы арада ойға қазақ жұртының арғы-бергі тарихын ой елегінен өткізе келіп: «Қазақ халқы – тамырын жеті қабат жер астына жіберген алып бəйтеректей, өзегін ғасырлар тереңінен тартып, осынау қасиетті Ұлы даласынан табан аудармай, дауылдармен алысып, тағдырымен қарысып, өсіп-өркендеп келе жатқан байырғы халық. Оның тарихы, кейбіреулер айтып жүргендей кешегі Қазақ хандығы шаңырақ көтерген ХV ғасырдан басталмайды. Халықтың құрылуы бір басқа, халықтың қалыптасуы бір басқа. Бүгінгі қазақ халқы – сонау ескі замандарда-ақ тұлпарларының тұяғымен дүниені дүр сілкіндірген көне сақтардың, ежелгі ғұндардың, байырғы түркілердің ұрпағы, үлкен
үйдің қара шаңырағын атажұртта сақтап қалған қазақ», деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі ойға оралады. Шындығында тəуелсіздігіне ие болған қазақ атақонысын мекен еткен қазақстандықтардың да ұйытқысына айналып отыр. Елбасы сонау 1992 жылы нақты айтқан осы ақиқатты өткен жылы киелі Ұлытауда тарата келіп, Қазақ хандығының 550 жылдығын елдік мерекесі ретінде атап өту қажеттігін еске салған еді. Міне, 2015 жылдың алғашқы айларынан бастап Қазақ хандығының бес жарым ғасырлық кезеңі кең көлемде айтылып, халықтық тарихымыз таразы басында теңшеліп, елдігімізді, сол елдің иесі болып саналатынымызды, киелі жерімізде өмір сүріп жатқан барлық ұлт пен ұлыстардың достығын, татулығын баянды етіп келе жатқанымызды, бұл мереке де бүкіл қазақстандықтарға ортақ екендігін де дəйектедік. Алтын тұғырды биіктету
Кїн тəртібінде – «жасыл экономика» Қазақстан Республикасы ПремьерМинистрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев кеше «жасыл экономикаға» көшу мəселелеріне арналған кеңес өткізді, деп хабарлады ПремьерМинистрдің баспасөз қызметі. БҰҰ-ның климаттың өзгеруі туралы конвенциясы жəне Киото хаттамасы мен «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдама бойынша Қазақстан өндірістің қуат тиімділігін жоғарылату мен парниктік газдардың шығарындыларын азайту бағытында жұмыстар жүргізуде. Алдағы желтоқсан айында Парижде Киото хаттамасының орнына қабылдануы жоспарланып отырған жаңа климаттық келісімде парниктік
газдарды шығаруды реттеуді халықаралық деңгейде қатаңдата түсу, көміртегі шығарындыларына стандарттар, технологиялық талаптар, квоталар енгізу мен халықаралық жобаларды орындау барысында шығарындыларды есепке алу көзделуде. Осымен байланысты елдер шектеу жəне/немесе парниктік газдар шығарындыларын 2021 – 2030 жылдар кезеңінде қысқарту бойынша ұлттық сандық үлесті регламенттейтін INDC (Intended nationally determined contributions) құжатын қабылдауы тиіс. Кеңеске қатысушылар 2021 – 2030 жылдар аралығында INDC жобасында парниктік газдар шығарындыларын 15% деңгейінде, 1990 базалық жылдан 2030 жылға дейін 25% шартты мақсат деңгейінде шектеу жəне/немесе қысқарту бойынша сөзсіз мақсат қойылатынын айқындады.
жолындағы ізденісте небір қилы кезеңдердің аққарасы анықталып, Қазақ хандығының орнауы барысында жеткен жетістіктеріміз алты алашқа айтылып, оны ел болып мақұлдап отырғанын еске сала кетсек дейміз. Алтын күздің алғашқы күндері ұлы мереке Арқадағы Астанада, яғни бүгін салтанатты түрде басталады. Тəуелсіздік сарайында алқалы жиын өтіп, ол Назарбаев Университетте халықаралық деңгейдегі «Мəңгілік Ел» атты ғылыми-тəжірибелік конференцияға жалғасады. Заманға сай бой көтерген «Барыс» мұз сарайында айтулы мерекеге арналған театрландырылған қойылым болады. Сонымен, Қазақ хандығының 550 жылдығы халықтық мерекеге айналмақ. ––––––––––––––––––– Осы тақырыпқа байланысты материалдарды газетіміздің 2-8-беттерінен оқисыздар.
Еңбегімен еленген
БАЄБАН
Жетісу – инновациялыќ кластердіѕ ґзегі Алматы қаласына Инвестициялар жəне даму министрі Əсет Исекешев бастаған жұмыс тобы келді. Жетісу жеріне жасаған сапары аясында министр Алматы қаласы мен Алматы облысындағы бірқатар индустриялық кəсіпорындарда болды. Сондай-ақ, республикалық маңызы бар көлік жолдарын қайта жаңғырту барысымен жəне «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы құрылысының екінші кезеңімен танысты. Қанат ЕСКЕНДІР,
«Егемен Қазақстан».
Қала мен облыстағы нысандарды аралап көргеннен кейін Əсет Исекешев аса маңызды шараларды іске асыру мəселелері
бойынша Алматы қаласының əкімі Бауыржан Байбек жəне Алматы облысының əкі мі Амандық Баталовтың қатысуы мен жеке кеңес өткізді. Мəжіліс қорытындысы бойынша Инвестициялар жəне даму
ми нистрлігі мен əкімдіктер арасында өзара бірлескен іс-қимыл жөніндегі құжаттарға қол қойылды. Əсет Исекешев атап өткендей, бұл сапардың мақсаты – жобалардың құрылысы мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын қадағалау ғана емес, сонымен бірге, кəсіпорындардың жағдайына мониторинг жүргізіп, оларды қолдау бойынша қосымша шаралар əзірлеу. (Соңы 12-бетте).
Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,
«Егемен Қазақстан».
Əсілі əркім өзінің қолынан келетін, ең бастысы, көңілі қалап, жанымен беріле атқаратын жұмысты істегені лəзім. Сонда еткен еңбегі берекелі болып, табыстың қайнар көзі ашылары хақ. Тылсым күш – қуат беріп,
ЎЛЫ ДАЛА ЕЛІНІЅ ЎЛАН АСУЛАРЫ
Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту жөніндегі Елбасы Жарлығы елдік рухымызды дүр сілкіндірді, мемлекетіміздің тарихи тамырларын терең тануға мүмкіндік берді, өткеннің өнегесі бүгінгінің баға жетпес байлығы екенін ұғындырды, атабабаларымыздың азатшыл болмысын тəуелсіз ел жағдайында лайықты жалғастырудың жауапты жүгін сергек сезіндірді. Ірі істен ізгі із қалады. Бұл мереке мəдениетіміздің дамуына қосқан зор серпінімен де ерекшеленуде. Өнеріміздің
бір ғана саласын – бейнелеу өнерін сөз етсек те осыған көз жеткіземіз. Кейінгі кезде суретшілеріміздің тақырыптық аясы едəуір тарылғаны, елдік аядағы туындылардың күрт кемігені, оның үстіне қылқалам шеберлерінің барлығы дерлік шағын пішімді шығармаларға, нақтырақ айтқанда – офистер интерьеріне, пəтерлер қабырғаларына лайықталған, түрлі мерейтойларда сыйлық ретінде ұсынуға қолайлы көлемге көшкені көзге ұрып тұрған болатын. Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында бұл істе де қатып қалған
сеңді бұзғандай серпіліс сезілді. Оның ең жарқын көрінісі – əлемге əйгілі қылқалам шеберіміз Ерболат Төлепбай жетекшілік еткен Ағымсалы Дүзелханов, Қазақбай Əжібекұлы, Айдар Жамхан, Айдос Шахмардан сияқты талантты суретшілер тобы салған тарихи триптих. Ол Астана күні қарсаңында Ұлттық музейде таныстырылып, жиналған қауымға ерекше əсер етті. Триптихтің бірінші бөлігі Қазақ хандығын құрған Керей мен Жəнібек хандардың жаңа елді жария етіп тұрған салтанатты сəтін бейнелейді.
əрдайым алдыға, тек алдыға ұмтылтып отыратыны тағы бар. Ол үшін мамандық таңдарда жүрек үнін ұғыну, тыңдай білу қажет. Сөйтіп, адам баласы ішкі дүниесі мен сыртқы əлемді байланыстыра білсе нұр үстіне нұр болары анық. (Соңы 12-бетте).
Шығарманың екінші бөлігі – Тəуке хан мен əйгілі билер бейнеленген күрделі композиция. Туындының композициялық түйіні болып табылатын ортаңғы бөлігінде Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың портреті орналасқан. Президент портретін «Егемен Қазақстан» 6 шілде күні «Елбасы жəне Ұлы Дала елі» деген тақырыппен жариялаған еді. Біз бүгін қалың оқырман назарына тарихи триптихтің Ұлы Дала елінің ұлан асуларын – Қазақ хандығының құрылуы мен «Жеті Жарғының» қабылдануын бейнелеген бөліктерін ұсынып отырмыз. Олар газеттің 4-5-беттеріне орналастырылды.