11102013

Page 1

Бүгінгі нөмірде: Елімізде баламасы жоқ даңғыл 2-бет Тасада тұрып тас атқан 5-бет Жосықсыз əрекет жалғаса бере ме? 11-бет Қыпшақ тіліндегі «Шаһнаме» эпосы 12-бет

№231 (28170) 11 ҚАЗАН ЖҰМА 2013 ЖЫЛ

Алматыны дамытудыѕ маѕызы зор

Ќўттыќтау жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Əзербайжан Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануына орай Ильхам Əлиевке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

Жеделхатта Нұрсұлтан Назарбаев И.Əлиевтің ел Президенті лауазымындағы қызметі Əзербайжанды одан

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының əкімі Ах мет жан Есімовті қабыл дады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

А.Есімов Алматының тоғыз айдағы əлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Кездесу барысында Қазақстан Президенті қала инфрақұрылымын жетілдіру жөніндегі қызметті жалғастыру қажеттігін атап өтті. – Қала экологиялық ахуалды жақсарту, қоғамдық көлікті газға көшіру, жолдарды жөндеу, көлік жолайрықтары құрылысы жұмыстарын жүргізуде. Сондайақ, мен Алматы төңірегінде айналма жолдар салуды тапсырдым. Мұның бəрі халықтың тұрмысы мен қала экономикасын жақсартуға септігін тигізеді. А л ма т ы ел іміз дің ө ң ір л ер і арасында алда келеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы Алматыда қала экономикасының негізгі саласының бірі болуға тиіс туризм индустриясын дамытуға баса назар аударды. – Менің тапсырмам бойынша туризмді дамыту жөнінде біраз жұмыс жүргізілуде, соның ішінде Алматы тауларының əлеуетін пайдаланып, шаңғы спортын дамыту маңызды орын алады. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға да мүмкіндік береді, – деді Елбасы. Қазақстан Президенті Велосипедшілердің халықаралық одағы бастамасымен жақында болып өткен бірінші велосипедшілер жарысының Алматының халықаралық таныстырылымы үшін

 Президент поштасынан

Ауыл еѕбеккерлері кїшжігер жўмсауєа дайын

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Шығыс Қазақстан облысының əкімі Бердібек Сапарбаевтан хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Өз хатында Б.Сапарбаев ауыл шаруашылығын жаңғырту мəселесіне баса назар аудара келіп, «Қазақстан-2050» Стратегиясында белгіленген міндеттердің өңірде іске асырылуы туралы баяндаған. Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысының əкімі өсімдік өнімдері өндірісін ұлғайту жөніндегі шаралардан хабардар еткен. Мысалы, ауыл шаруашылығы

маңызы зор болғанын атап өтті. Сон дай-ақ, қазіргі кезде 2017 жылы Бүкілəлемдік қысқы универсиада өткізуге дайындық жасалуда. – Біз 2022 жылы Алматыда Қысқы Олимпия ойындарын өткізу үшін өтініш бердік. Мұндай маңызды жарысты өткізу қалада спортты дамытуға оң əсер етіп, Алматы арқылы күллі əлемнің еліміз туралы көбірек білуіне мүмкіндік беруге тиіс, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Кездесуде А.Есімов 9 айдың қорытындысы бойынша қала тіршілігінің барлық саласында оң қарқын бар екенін мəлімдеді.

– Өткен жылдар ішінде барлығы 40 білім беру нысаны, 18 ден саулық сақтау нысаны салынды, 1000 шақырымнан астам жолға жөндеу жұмысы жүргізілді, жаңадан 214 шақырымдық жол салынды. Спорттық жəне мəдени іс-шаралар өткізу үшін пайдаланылатын спорт нысандары да қайта жөнделді, – деді Алматы қаласының əкімі. А.Есімов Мемлекет басшысының тапсырмасына сəйкес Алматыны ірі туристік орталық ретінде дамыту жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатқанына тоқталды. – Біз Бүкілəлемдік туристік орталық басшылығымен кеңес

өткіздік. Бізге əлемнің барлық елінен қысқы спорт түрлері бойынша мамандар келді, пайдалы келіссөздер өтті жəне олардың қолдауымен бірқатар іс-шаралар өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, – деді Алматы қаласының əкімі. Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы Алматының инфрақұрылымын одан əрі дамыту жəне қала тұрғындарының əл-ауқатын арттыру жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Ақордада Мемлекеттік хатшы Марат Тəжиннің төрағалығымен Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті. «Егемен Қазақстан».

Ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтар ғылым мен техника қайраткерлерінің еңбегін қоғам мен мемлекет алдында жоғары бағалау болып саналады. Ал Қазақстан Президенті Мемлекеттік сыйлықты Қазақстанның азаматтарына еліміздің экономикалық жəне əлеуметтік дамуын айтарлықтай жеделдетуге, қазақстандық ғылым мен техниканың əлемдегі озық жетістіктер деңгейіне шығуына əкелетін іргелі жəне қолданбалы зерттеулер саласындағы аса үздік нəтижелері, қоғамға кеңінен танылған бір саладағы ғылыми жаңалықтар, монографиялар мен ғылыми жұмыстары, сондай-ақ, техниканың, материалдар мен технологиялардың əлемдік аналогтары немесе одан жоғары деңгейдегі жаңа түрлерін əзірлегені жəне өндіруді ұйымдастырғаны үшін беріледі. Осыған орай, Мемлекеттік хатшы Марат Тəжин бұл отырыста

ережеге сəйкес, еңбектерді тағы да сараптап, қорытынды шешім қабылдау қажеттігін атап өтті. «Бұған дейін Білім жəне ғылым министрлігі ұсынған жұмыстарға алдын ала мемлекеттік ғылымитехникалық сараптама жасады. Қоғамдық талқылаудан өткізді. Комиссия ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтарын беру туралы Президентке өз ұсынысын береді», деді Марат Тəжин. Мемлекеттік хатшының айтуынша, Комиссияның шешімі құпия дауыс беру үдерісі арқылы жүргізіледі. Сəйкесінше, Мемлекеттік сыйлықтар комиссия мүшелерінің 50 пайыздан төмен емес дауысын жинаған еңбектерге беріледі. Бұл күнгі отырыстың күн тəртібінде екі мəселе қаралды. Олардың біріншісі, 2013 жылғы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі конкурсқа ұсынылған Ғылым мен техника саласындағы еңбектерді сараптан өткізу болса, екіншісі, 2013 жылғы Ғылым мен

техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөнінде шешім шығару. Бір атап өтерлігі, 2013 жылғы Ғылым мен техника саласындағы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлықтарын алуға барлығы 19 жұмыс түсіпті. Биылғы жылдың 12 маусымында бұл жұмыстарға мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жəне сараптамалықталдау бағалау жүргізу жөнінде отырыс өткізіліп, отырыстың қорытындысы бойынша конкурсқа одан əрі қатысатын жұмыстар тізімі іріктелген екен. Ал аталған жұмыстар жөніндегі мəліметтер қоғамдық талқылау үшін БАҚ-та жарияланыпты. Талқылау кезінде 300-ге жуық пікір (рецензиялар, хаттар, басылымдағы жарияланымдар), сонымен қатар шетел ғалымдарынан 116 пікір келіп түсіпті. Осыған орай, конкурстық жұмыстар ұсынылған пікірлер мен рецензияларды ескере отырып, секциялық-сараптамалық отырыстарда қаралыпты. Комиссияның қорытынды отырысында Мемлекет басшысының қарауына ұсынылатын 3 жұмыс бекітілді. Ал Мемлекеттік сыйлық лауреаттарын марапаттау рəсімі Тəуелсіздік күні қарсаңында өтеді.

Доктрина жобасы съезге ўсынылады

Кеше «Нұр Отан» ХДП-ның Орталық кеңсесінде партия Доктринасы жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобының қорытынды отырысы болып өтті. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Оны партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек ашып, жүргізіп отырды. Отырысқа жұмыс тобының мүшелері, Парламент Мəжілісінің де путаттары, орталық жəне жер гілікті мемлекеттік орган

басшылары, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Мəжіліс барысында аймақтарда өткен талқылаулардан кейін келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып, Доктрина жобасының түзетілген нұсқасы талқыланды. Доктрина бойынша келіп түскен барлық ұсыныстар негізгі бес бағыт бойынша топтастырылды:

жастармен жұмысты күшейту, мемлекеттік тілді дамыту, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру, аймақтарды дамыту, қоғамдық бақылау мен азаматтық бастама. Мəжіліс барысында Б.Байбек партияның Тұғырнама, Бағдарлама жəне Доктрина сияқты негізгі үш құжаты болатынын айтты. Тұғырнама – партияның бір сайлау мерзіміне арналған қысқа басымдықтары айқындалған негізгі құжат. (Соңы 2-бетте).

дақылдарының егістік алқабы 77,6 мың гектарға, негізгі майлы жəне жемшөп дақылдарының егістік алқабы 62,8 мың гектарға ұлғайтылған. 370 мың гектар алқапта ылғал сақтау технология сы енгізілген, құны 3,5 млрд. теңге болатын 340-тан астам ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынған. Мемлекеттік қолдау шаралары арқасында өңірде 1 миллион тоннадан астам астық жиналды, бұл ұн,

нан жəне нан өнімдеріне деген облыс тұрғындары сұранысын толық өтеуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстанда майлы дақылдардың жиын-терін жұмысы жүріп жатыр, оның түсімі гектарына 11,4 центнерді құрайды. Б.Сапарбаев өңірдегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты биылғы 8 айда 4,7 миллиард теңгеге жеткенін, ал бұл көрсеткіш 2012 жылы 2,6 миллиард теңге болғанын атап өткен. Хат соңында Шығыс Қазақстан облысының əкімі өңірдің ауыл шаруашылығы саласының еңбеккерлері еліміздің агроөнеркə сіп кешенін жеделдете дамыту үшін барлық күш-жігерін жұмсайтынына сенім білдірген.

Кґмірдіѕ ґѕірге əсері ќандай?

Сенат Төрағасы Қайрат Мəмидің жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысының күн тəртібі бойынша төрт мəселе қаралды. Депутаттар бұл жолы Балқаш жылу электр стансасы мен еңбек көші-қоны мəселелеріне қатысты заң жобаларын қызу талқыдан өткізді. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Күн тəртібінде алдымен палата Қазақстан Президентінің Ұлттық Банк төрағасын тағайындауына келісімін беру мəселесін қарап, ол бойынша тиісті қаулыға қолдау

білдірді. Елбасының Қайрат Келімбетовті тағайындауға келісім беру өтінішін Президент Əкімшілігінің Басшысы Кəрім Мəсімов жеткізді. Бұдан кейін депутаттар Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы үкіметтері

арасындағы Балқаш жылу электр стансасын дамыту, қаржыландыру, жобалау, салу, пайдалану жəне оған техникалық қызмет көрсету саласындағы келісімге өзгерістер енгізу хаттамасын ратификациядан өткізді. Балқаш жылу электр стансасына қатысты келісімге 2 жыл бұрын қол қойылған. Енгізілген өзгерістер Үкіметтің электр энергиясы бағасын белгілейтін құқыққа ие болуын қарастырады. (Соңы 2-бетте).

АҚПАРАТТАР Жасампаз істер аєыны жалєасын табады

Єылыми сараптаудан ґткізілді Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

əрі жан-жақты дамытуға жəне өркендетуге мүмкіндік беретініне сенім білдірген. – Достық пен өзара құрмет

дəстүрлеріне негізделген Қазақстан мен Əзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестіктің аясы алдағы уақытта да кеңейіп, халықтарымыздың игілігі жолында нығая түсетін болады, – деп атап өткен Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті И.Əлиевке зор денсаулық, қызметінде жаңа биіктер, ал бауырлас əзербайжан халқына бейбітшілік пен бақбереке тілеген.

Орталық коммуникация қызметінің дəстүрлі шарасына айналған апта сайын өткізілетін баспасөз брифингіне кеше Жамбыл облысының əкімі Қанат Бозымбаев келді. Ол өңірдің əлеуметтік-экономикалық дамуы мен мемлекеттік жəне салалық бағдарламалардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ басқа да өзекті мəселелер жөнінде баяндады.

 Биылғы 9 айда өнеркəсіп өнімдерінің нақты көлем индексі 102,1 пайызды құрады. Статистика агенттігінің мəліметі бойынша, бұл уақыт аралығында шикі мұнай, табиғи газ жəне түсті металдар кендерін өндіру артқан. Төмендеу Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда жəне Павлодар облыстарында байқалған.  Елімізде денешынықтыру-сауықтыру кешендерін салуға 4,7 млрд. теңге бөлінді. Спорт жəне дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапановтың айтуынша, қазір спорт кешендеріне сұраныс 1 млн. шаршы метр көлемнен асады.

 Бүгін Алматыда Шығыс Қазақстанның бал жəне ауылшаруашылық өнімдері жəрмеңкесі басталады. Облыс күндері аясында өтетін шара үш күнге созылып, екі өңір кəсіпкерлерінің кездесуіне ұласады.  Кеше Қызылордада республикалық ақындар айтысы мəреге жетті. Қаланың 195 жылдығы мен «Қазгермұнай» БК» АҚтың 20 жылдығы құрметіне өткізілген жыр сайысының бас бəйгесін Дидар Қалиев жеңіп алып, 2 млн. теңгенің сыйлығына қол жеткізді.  Жамбыл облысында ондаған су электр стансалары салынады. Осы туралы мəлімдеген облыс əкімі Қанат Бозымбаев алғашқы мұндай нысанның таяу аралықта Меркі ауданы жерінде пайда болатынын хабарлады. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Жамбыл облысының орталығы – Тараз қаласы Қазақстандағы ең ежелгі қалалардың бірі болып саналатыны белгілі. Содан да болар, ол өңірдің қазақ əдебиеті мен мəдениетінің өрлеп өсуіне қосқан үлесі ұшан-теңіз. Сондайақ, Жамбылдан шыққан спорт саңлақтары қазақ туын əлемнің талай жарыстарында ту биіктен желбіретті. Бұлармен бірге, Жамбыл облысы соңғы үш-төрт жыл көлемінде экономикасы қарыштап дами бастаған өңір. Облыста ауыл шаруашылығы мен жеңіл өнеркəсіп жəне өңдеу саласы қарқынды дамып келеді. Əсіресе, химиялық өнім өндіруші «Қазфосфат» компаниясы күкірт қышқылын жүз пайыз өңдеп, өз елімізбен қатар алысжақын шетелдерге экспорттап жатыр. Дəл бүгінгі күнде аталған кəсіпорынның сары

фосфоры Еуропа елдеріне де жөнелтілуде. Шындығын айтқанда, əкімнің баяндамасынан байқағанымыз, Жамбыл өңірі жасампаз істерімен жаңғыруда. Негізі «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік автодəлізінің 495 шақырымы Жамбыл облысының жерімен өтеді. Сондай-ақ, Аманкелді газы еліміздің оңтүстік өңірін көгілдір отынмен қамтамасыз етіп отыр. Осы жылдың мамыр айында, Отан қорғаушылар күні қарсаңында еліміздің тарихында тұңғыш рет Отар əскери базасында Елбасының қатысуымен əскери шеру ұйымдастырылған. Десек те, Жамбыл облысында соңғы уақытта жер сілкіністері орын алып, алапат дауылдар соққаны белгілі. Мұнымен қатар, көршілес Қырғызстан шекарасында да келеңсіз оқиғалар болып тұрды.

----------------------------------------------------Жамбыл облысына арналған айқарма бет материалдарын 6-7-беттерден оқисыздар.

 Ақтауда тағы бір сəулет композициясы қатарға қосылды. Маяк түрінде бой көтерген ол қала мен теңіз портының 50 жылдығына арналып жасалды. Салтанатты ашылу рəсіміне жергілікті атқарушы билік өкілдері, порттың ардагерлері мен қызметкерлері, сонымен бірге, қала тұрғындары қатысты.  Республика кеденшілері 52 млн. теңгені құрайтын контрабандалық тауарды тоқтатты. Дерекке қарағанда, тұтыным тауарлары Түркиядан Қазақстан азаматының атына əкелініп, Жамбыл облысындағы кедендік бақылау департаментінің қызмет аймағында ресімделген. «ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
11102013 by Egemen - Issuu