Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь астанасы Минск қаласында өткен ТМД-ға мүше Мемлекеттер басшылары кеңесінің, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық кеңесінің жəне Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мемлекет басшылары деңгейіндегі отырыстарына қатысты.
№199 (28422) 11 ҚАЗАН СЕНБІ 2014 ЖЫЛ
ЌОЄАМДАСТЫЌТЫЅ ОРНЫН ОДАЌ АЛМАСТЫРМАЌ Минскіде ґткен ЕурАзЭЌ-тіѕ Мемлекетаралыќ кеѕесініѕ отырысында осындай шешім ќабылданды Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан» – Минскіден.
Иə, үш бірдей алқалы жиын жоспарланған бұл күн қарбаласқа толы болғаны рас. Себебі, бірінен соң бірі жалғасқан келелі кездесулердің күн тəртібінде қамтылған мəселелердің ауқымы кең, маңызы зор. Оған қоса бұл күні Минскіге мемлекеттер басшылары атбасын тіреді. Олардың қатарында қабылдаушы елдің басшысы А.Лукашенко, Əзербайжан Республикасының Президенті И.Алиев, Арме ния Республикасының Прези денті С.Саргсян, Қазақстан Президенті Н.Назарбаев, Қыр ғыз Рес публикасының Президенті А.Атамбаев, Молдо ва Рес пуб ликасы ның Прези денті Н.Ти моф ти, Ресей Федерациясының Президенті В.Путин, Тəжікстан Республикасының Президенті Э.Рахмон, Өзбекстан Республикасының Прези денті И.Кари мов, Түрікменстан Республикасының Президенті Г.Бердымұхамедов, сондайақ, Украинаның Беларусь Республикасындағы елшісі М.Ежель бар. Сонымен, ТМД-ға мүше Мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы түске дейін өтті. ТМДға мүше мемлекеттердің басшылары төрт көзі түгел жиналуға тиісті жиынға Украина президенті ғана келмеді. Оның орнына өкілі ретінде Украинаның Беларусь Республикасындағы елшісі М.Ежель қатысты. Отырысты əдеттегідей «шаңырақ иесі» əрі ТМД-ның қазіргі төрағасы Беларусь Президенті Александр Лукашенко жүргізіп отырды. Жиын алдымен шағын құрамда
басталып, онда мемлекет басшылары талқыға түсер тақырыптар төңірегінде жеке-жеке қысқаша баяндап шықты. Достастыққа қатысушы мемлекеттердің өза ра іс-қимылына байланысты негізгі
Мəжілістіѕ бюросы ґтті
Кеше Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мəжіліс бюросы өтті. Онда палатаның алдағы жалпы отырысында қаралатын күн тəртібінің жобасы нақтыланды, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі. Депутаттар талқылауына бірінші оқылымда зияткерлік меншік саласын құқықтық реттеу; Халықаралық теңіз ұйымының аудитінен өту мəселелері бойынша заңнамалық түзетулер жобасы ұсынылады. Сондай-ақ, жалпы отырыста сотталған адамдарды беру туралы қазақстандық-италиялық шартты ратификациялау туралы заң жобасы қаралады. Одан əрі күн тəртібі жобасында бейінді комитеттер үшін қорытынды əзірлеу мерзімін тағайындауды қажет ететін Атом энергиясын
пайдалану туралы заң жобасы ілеспелі түзетулермен, сонымен қатар, білім беру мəселелеріне қатысты жаңа енгізілімдер жобасы, сондай-ақ, Салық істері бойынша өзара əкімшілік көмек туралы, Сот төрелігіне халықаралық қол жеткізу туралы конвенцияларды, Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру жəне Даму банкі арасындағы Қарыз туралы ирригациялық жəне дренаждық жүйелерді жетілдіруге байланысты келісімді ратификациялауға қатысты құжаттар бар.
жайттар талқыланды. Сондай-ақ өзара мүдделілік танытатын өзекті мəселелер мен ынтымақтастықты көп жақ ты пішімде дамыту бағыт тары жөнінде пікір алмасыл ды. Сонымен қатар, күн
тəр ті бінде жоспарланған гума нитарлық, қауіпсіздікті қамта масыз ету жəне өзге де сала лардағы мемлекетаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған құжаттар жайында айтылды.
Қорғаныс министрі Серік Ахметов Алматы гарнизонына жұмыс сапарымен барды. С.Ахметов Аэроұтқыр əскерлері қолбасшысының басқармасы мен Радиоэлектроника жəне байланыс əскери инженерлік институтында болды.
Алматы гарнизонында болды Алматы қаласының Жетісу аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқармасында министр əскерге шақыру нау қанының барысымен танысып, шақырылушылармен кездесті. Шақырылушылармен болған əңгімеде Қорғаныс министрі Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ə.Назарбаевтың мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайту мен Қазақстан əскерін дамытудағы рөлін айрықша атап өтті. С.Ахметов: «Мемлекет басшысының ұдайы қамқорлығының арқасында тəуелсіздік жылдарында қазіргі заманғы, кəсіби жəне
жауынгерлік қабілеті жоғары армия құрылды», деді. Шақырылушылармен болған емен-жарқын əңгімеде министр «əскерде қызмет ету – ер жігіттің азаматтық борышы. Сіздердің көпшілігіңіздің мерзімді қызметті өтеген соң келісімшарт негізінде əскерде қалатындарыңыз мəлім. Бұл, əрине, көңіл қуантарлық», деп атап өтті. Қорғаныс министрі болашақ Отан қорғаушыларға əскер мектебін абыроймен аяқтап, жауынгерлік борышты лайықты атқаруға тілектестігін білдірді. «Егемен-ақпарат».
Шағын құрамдағы кездесуде сөйлеген сөзінде Қазақстан Пре зиденті ТМД 2016 жылы 25 жылдығын атап өтетін ді гіне тоқталып, бұдан əрі қа рай ғы қызметінің бағыт тары
анықталатын Достастықты дамытудың жаңа тұжы рымдамасын əзірлеу мəселесін талқылауды ұсынды. Мемлекет басшысы сондай-ақ, ТМД-ға төрағалық 2015 жылы Қазақстанға өтетінін,
біздің еліміз белгіленген жоспарларды сабақтастық негізде жүзеге асыратынын айтты. – Бірлесе шешкеніміздей, төрағалық Қазақстанға өтетін болды. Біз бұл жұмыстарды одан əрі жалғастырамыз. Мүмкін мемлекет басшыларымен кеңесіп, ТМД-ны дамытудың жаңа тұжырымдасын дайындау жөнінде уағдаласып, одан əрі қалай жұмыс істейтінімізді айқындап алармыз. Бұл құжат ТМД-ның құрылғанына 25 жыл толуына орай əзірленеді, Қазақстан оны дайындап, сіздермен кеңесетін болады. Сауда қатынастарын, еркін сауда аймағын дамыту ба ғытындағы жұмыстарды тоқтатпаймыз. Біз енді көлік, агроөнеркəсіптік кешен, азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға күш саламыз жəне біздің төрағалық осы мəселелерді, гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы қауіпсіздік мəселелерін қамтиды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Ал Беларусь Президенті А.Лукашенко өз кезегінде отырыста қабылдау жоспарланған шешімдер елдердің арасындағы байланыстарды нақты кеңейтуге жəне тереңдетуге септігін тигізетініне қабылдаушы тараптың басшысы ретінде сенім білдірді. – Бұрынғы кеңестік кеңістіктегі ықпалдастық үрдістердің тарихы нақ осы ТМД-дан басталды. Ол мемлекетаралық байланыстардың қалпына келуі мен дамуында негізгі рөл ойнады. Сауда-экономикалық қа рымқатынастар негізінен Дос тастықтың арқасында жаңа серпін алды, – деді А.Лукашенко. (Жалғасы 2-бетте).
Даму мїмкіндігі жоєары Жұма күні Орталық коммуникациялар қызметінде Жамбыл облысының əкімі Кəрім Көкірекбаев баспасөз мəслихатын өткізді. Ол журналистерге аймақтың əлеуметтік-экономикалық дамуы мен мемлекеттік жəне салалық бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы туралы əңгімеледі. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».
Жамбыл облысында Ел басы Нұрсұлтан Назар баев тың «Қазақстан-2050» Стратегиясында көрсетілген нақты тапсырмаларды орындау бойынша Үкіметпен бірлескен жүйелі жұ мыстар атқарылып келеді. Өңірді қарқынды дамып келе жатқан аймақ деп айтуға толық негіз бар, деген аймақ басшысы өңірдің дамуы 2011-2015 жылдарға арналған аймақты дамыту бағдарламасында айқындалған мақсаттар мен іс-шараларға сəйкес жүргізіліп жатқандығына тоқталды. «Ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша облыстың даму үрдісі айтарлықтай табыстарға жетті. Өңірдің өндірісі өркендеп, ауыл шаруашылығы мен əлеуметтік салалар қарқынды даму үстінде. Шағын жəне орта бизнес қанат жайып келеді. Атап айтқанда, биылғы бірінші тоқсанда жалпы өңірлік өнім көлемі 182 млрд. теңгені құрап,
бұл көрсеткіш 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,4 пайызға ұлғайып отыр», деді К.Көкірекбаев. Облыс есепті кезеңде, аграрлық сектордан басқа, негізгі салалар бойынша алға қойған мақсатты нəтижелерге қол жеткізіпті. Тек қана өңдеу өнеркəсібі саласы бойынша
жоспарлаған көрсеткіштерге өз деңгейіне жете алмаған. Оның басты себебі, химия өнімдеріне əлемдік нарықта сұраныс тым төмендеп кетіпті. Əйткенмен, сыртқы нарықтағы теріс факторларға қарамастан, облысқа өнеркəсіп өндірісі көлемінің өсімін 1,7 пайызға артығымен қамту мүмкін болыпты. Осы мəселелер жөнінде айтқан əкім, өңірде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік жəне салалық бағдарламалардың жүзеге асырылуы туралы əңгімеледі. (Соңы 4-бетте).
Бїгінгі нґмірде: Жолаушыларєа арналєан керуен-сарайлар
5-бет
Оралмандарєа ќолдан кедергі жасамайыќ
7-бет
Ауыл кітапханасы ќолдауєа мўќтаж
8-бет