11112014

Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№220 (28443) 11 ҚАРАША СЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Германия – Еуропадаєы негізгі серіктес елдердіѕ бірі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Германияның Федералдық сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайерді қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық, инвестициялық жəне отын-энергетикалық ынтымақтастықты одан əрі нығайту мəселелері талқы ланды. Сондай-ақ, өңірлік жəне халықаралық күн тəртібіндегі өзекті жайттар туралы сөз қозғалды. Қазақстан Президенті

өткен айда Федералдық канцлер А.Меркельмен Миланда жүргізілген келіссөздердің жемістілігін атап айтты. – Біз өзара іс-қимылдарымыздың барлық тармақтары бойынша тағы бір рет «сағаттарымызды түзеп», ынтымақтастықтың деңгейі жоғары жəне қарқыны жақсы екенін атап өттік. Біз

сіздің елді Қазақстанның Еуропадағы негізгі серіктесі санаймыз жəне барлық бағыттар бойынша əрі қарай да жұмыс істеуге дайынбыз, – деді Мемлекет басшысы. Өз кезегінде осы кездесу үшін алғысын білдірген Ф.Штайн майер бұл оның Қазақстанға Германия сыртқы істер министрі ретінде келген үшінші сапары екенін айтты. – Біздің талқылайтын тақырыптарымыз көп. Əлемдегі жағдай күрделенді, дегенмен, айналып өтілмеуге тиіс тамаша сəттер де бар, мəселен, Германияда кеше Берлин қабырғасының құлатылуының 25 жылдығы атап өтілді, – деді Германия Фе де ралдық сыртқы істер министрі. Тараптар, сондай-ақ, екіжақты ынтымақтастықтың дамуына тың серпін бере алатын бірқатар перспективалы бағыттарға да назар аударды.

----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Елбасыныѕ апталыќ кестесі

Президенттің баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы туралы хабарлады.

Бүгін Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысады деп жоспарлануда. Оның барысында партияның Сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру жайы қаралады, сондай-ақ, Сыбайлас жем қорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған партиялық іс-қи мыл бағдарламасы талқыланатын болады. 12 қарашада Қазақстан

Пре зиденті Астанада Грузия Прем ь ер-министрі Ираклий Гарибашвилиді қабылдайды.

14 қарашада Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Респуб ликасы Ұлттық ұланының жаңа үлгідегі əскери қалашығының ашылуына қатысады деп күтілуде. Қалашықтың заманауи инфрақұрылымы Астанадағы қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тəртібін қорғау жөніндегі əскериқызметтік міндетті сапалы атқа руға мүмкіндік береді. Бұл күні 50-ден астам ғимаратты бір мезгілде тапсыру жоспарланған.

Ресми сапармен Мароккода жїр Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев 10-13 қарашада ресми сапармен Мароккода болады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Сенат Төрағасы, Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының басшысы Қ.Тоқаев Марокко Королі Мохаммад VI-ға Президент

Н.Назарбаевтың 2015 жылы 1011 маусымда Астанада болатын V съезге шақыруын жеткізеді. Сапар аясында Марокко Парламенті Кеңесшілер

Іскерлік байланыс беки тїседі

Кеше Астанада «Италия – Қазақстанда» кəсіпкерлер сапары» қазақстандық-италиялық бизнес-форумы өз жұмысын бастады. Оның ашылу салтанатына Қазақстан ПремьерМинистрі Кəрім Мəсімов қатысты. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Форумның ашылуында сөйлеген сөзінде Кəрім Мəсімов ынтымақтастықтың келешектілі бағыттарын атап өтіп, сондайақ, осы бағыттағы жұмысты оң жолға қою керектігін жеткізді. «Қазақстан индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыруда, инновациялар тартып, технологиялар трансфертін оң жолға қоюда.

Біз Италияның көптеген саладағы жетістіктері мен тəжірибесін жоғары бағалаймыз. Солардың ішінде агроөнеркəсіптік кешен, жеңіл өнеркəсіп, құрылыс, энергетика салалары бар. Бірлескен жобаларды жүзеге асыру кезінде италиялық индустриялық-инновациялық технологиялар мен іскерліктің пайдаланылатынына үміттенеміз», деді К.Мəсімов. (Соңы 2-бетте).

Кґѕіл айту жеделхатын жолдады Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев даңқты ұшқыш, екі мəрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдиновтің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Талғат Жақыпбекұлының ел басына күн туған қиын шақта Отанды сүюдің, ерлік пен əскери шеберліктің таңғажайып үлгісін көрсете білгенін, сол арқылы өзін де, халқымызды да өшпес даңққа бөлегенін атап өткен. «Бейбіт өмірге оралғаннан кейін ол азаматтық авиация жəне құрылыс салаларында же місті еңбек етіп, жоғары ұйым дастырушылық жəне биік адамгершілік қасиеттерімен өзгелерге

үлгі бола білді. Халқымыз Талғат Бигелдиновті ерекше мақтан тұтты, дүние есігін ашқан мыңдаған сəбиге есімін берді. Олардың көбі батыр ағасына еліктеп, білікті маман, жақсы азамат болып өсті», – делінген жеделхатта. Елбасы қаһарман отанда сымыздың есімі мен еңбегі ешқашан ұмытылмайтынын, оның атындағы көшелер мен мектептер жəне ескерткіштер, кітаптар, фильмдер батыр есімін ұдайы есімізге салып отыратынын атап көрсетті.

палатасының төрағасы Мұхаммад Аш-Шейх Биядилламен, Парламенттің Депутаттар палатасының төрағасы Рашид Əл-Алямимен, Премьер-министр Əбде лиллах Бенкиранмен келіссөздер болады. Қ.Тоқаевтың Үлкен Каса б ланка облысының губернаторы Халид Сафирмен кездесуі жоспарланған.

 Оймақтай ой Асыл қасиет – адалдық, асыл мінез – адалдық. Максим ГОРЬКИЙ.

 Ел тынысы: мың бір мысал

Ґркениет ґзегін беретін ґѕір Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

ЖЕРДЕГІ КЕМПІРҚОСАҚ Қостанай өңірі даласының алуан түрлі сұлулығын Краснооктябрь боксит кен басқармасы тұрған тұс паш еткендей. Тастақты жазық дала. Қыраттың үстінде тұрғанда айнала алақандағыдай көз алдыңа келеді. Өткен ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап бұл өңірде кен іздестіріле бастады. Іргедегі Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігінде темір кені өндірілсе, Краснооктябрьден боксит алына бастады. Тарихы бай далада өркениеттің де экономикалық негізі жатыр екен. Бұл жерден өндірілген боксит Павлодар электролиз зауытының шикізаты болып табылады. «Қазақстан алюминийі» акционерлік қоғамына биыл жарты ғасыр толады. Соның ішінде Павлодар электролиз зауыты Қазақстанның жаңа тарихындағы іске асырылған алғашқы ірі индустриялық жобалардың бірі. Зауыт еліміздің алюминий өндіретін бірегей əрі ең ірі кəсіпорын. Онда 2010 жылдан бастап 20 келілік А8 жəне А85 маркалы құймаларды жылына 250 мың тонна көлемінде өндіреді. 2009 жылы Павлодар электролиз зауыты өндірген алюминий Лондондағы металдар биржасында тіркеліп, ол

«Аса маѕызды міндет – сыбайлас жемќорлыќќа ќарсы жаѕа стратегияны ќалыптастыру жəне іске асыруды жалєастыра беру керек». Нўрсўлтан НАЗАРБАЕВ.

«Ќазаќстан жолы – 2050: бір маќсат, бір мїдде, бір болашаќ» Жолдауынан.

Адами ресурстарды дамыту – табысты мемлекет құрудың тиімді тетіктері қатарында танылып отырған мəселелердің бірі. Елбасымыздың өркендеу жолындағы мемлекеттердің «ақылды экономикаға» арқа сүйегенін, адам капиталына инвестиция салудың Қазақстанды дамыту векторларының бірі екендігін атап көрсетуі бұл мəселенің маңыздылығын арттыра түсті. Адами капиталды дамыту халық денсаулығына, ұрпақтың өсуіне тікелей ықпал етумен бірге, білімді тарату, экономиканың инновациялық əлеуетін арттыру арқылы өндіріс көлемінің артуына, сол арқылы ұлттық табыстың молаюына əсер етеді. Белгілі америкалық экономист, Нобель сыйлығының лауреаты Теодор Шульц 1961 жылы

өндірісінің құрамына кіреді. Басқарманы Əйет, Шығыс Əйет жəне Краснооктябрь кеніштері құрайды. Алдымызда карьер жатыр. Алып қазан шұңқыр жар шетінен қарағанда алақаныңда тұрған секілді. Оның барлық бояу табылатын жолақтары көк, күрең, жасыл, сарғыш, ақ, қара, боз болып кете береді. Геологтар мұны «жердегі кемпірқосақ» деп атайды. Ал геологиядан алыс, сырттан келген адамға бояудың ішкі құпиясын білу де қызық. Топырақтың түсі оның құрамына байланысты екен. (Соңы 4-бетте).

Оќырман назарына!

Заман талабына орай жаңарған «Егемен Қазақ стан» газетінің сайтын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу мүмкін болып отыр.

Үстіміздегі жылы «Нұр Отан» партиясы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының жобасын əзірлеп, қалың бұқараның талқылауына ұсынған болатын. Аталған бағдарлама жобасы 6 мыңнан астам алаңда талқыланып, оған 800 мыңнан астам қазақстандық қатысқан. Барлығы миллионға жуық ұсыныстар мен толықтырулар түскен. Енді осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы партиялық бағдарлама бүгін өтетін «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің мəжілісінде кеңінен талқыланбақ. Оның жұмысына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады деп күтілуде. Осыған орай бүгін біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес барысын көрсететін мақалалардың бір тобын жариялап отырмыз.

Жегі ќўртты жою жолында Президент жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мəселелері жөніндегі комиссия – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатын

Адами капиталды дамыту – табысќа бастайтын жол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары.

ток өткізгіш сымдар жасауда қолданылады. Бұларсыз бүгінгі өркениетті көзге елестету қиын болар. Соның барлығы қойынқонышы байлыққа толы қазақ даласынан бастау алады. Краснооктябрь боксит кен басқармасы биыл 50-ге толып отырған «Қазақстан алюминийі»

ЖЕМЌОРЛЫЌ – ІНДЕТ, ЖОЮ – МІНДЕТ

 Мемлекеттік мəселе

Гүлшара ƏБДІҚАЛЫҚОВА,

халықаралық стандартқа толық сай келді. 2010 жылы зауыт əлемдік деңгейдегі «Еуропалық сапа» марапатына ие болды. Ал алюминий құймаларының өмірде пайдаланылмайтын саласы кем де кем. Ең бастысы, авиа, авто, кеме, ядролық реактор, химиялық аппараттар жасауда, таза металл түрінде

Елбасы жəне ќазаќ мемлекеттігі 3-бет Ел ертеѕі – тыныштыќта 5-бет Сыєанаќ ќаласы 9-бет Зїлфия Чиншанло – əлем чемпионы! Əлем рекордшысы! 14-бет

шыққан «Адам капиталына инвестициялар» атты еңбегінде адам капиталына жұмсалатын шығыстар əлеуметтік шығындар ретінде емес, табыс əкелетін инвестициялар ретінде қаралуы керектігі туралы ой айтқан. Бүгінде оның дəлелдеуді қажет етпейтін аксиома екендігін өркендеп дамыған елдердің тəжірибесінен көруге болады. Қазіргі кезде «ұлттың нағыз байлығы – оның адамдары» деген ұғым берік орнығып, елдерді дамытудың шешуші факторы ретінде бұрынғыдай материалдық-техникалық база ғана емес, адами ресурстар танылып отыр. Адами дамудың деңгейін айқындайтын өлшем ретінде адамдардың сапалы білімге, сол біліміне сəйкес жұмыс істеуіне, еңбегінің лайықты бағалануына қолжетімділігі, сондай-ақ, білікті медициналық қызметпен пайдалану мүмкіндігі алынған. (Соңы 4-бетте).

жүзеге асыратын, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ететін маңызды құралдардың бірі.

«Қазақстан-2050» Стра тегия сында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекет пен қоғам күштері бірігуінің маңыздылығын атап өтті. (Соңы 6-бетте).

● Заманмен үндес заңғар басылым

Баєалы ўсыныстар ескерілсе

Біздің қоғам, мемлекет жəне ха лық үшін «Егемен Қазақ стан» газетінің рөлі айрықша. Бас басылым мыңдаған оқырмандарына байсалды, салмақты, салиқалы ойларды ұсынып келеді. Сондықтан да қазақ аудиториясы «Егеменнің» əр нөмірін асыға күтеді. Бұл газетті бала күнімізден білеміз, ол кезде «Социалистік Қазақстан» болып елге тараған еді. Бүкіл халық жаппай оқитын-ды. Қазір де ел тұрғындарын жағымды жаңалықтармен жəне рухани азықпен қамтамасыз етіп отыр. Бұл – нағыз халықтың газеті, билік пен халықтың ортасындағы алтын көпір. Ең бастысы, басылым бетінде халқымызға жа қын тақырыптар бойынша көкей кесті мəселелер көтеріледі. Бір ғасырлық тарихы бар басылым. Халқымыз қандай кезеңдерді бастан кешкен болса, бұл газет те, онда қызмет жасаған азаматтар да сондай тар жол, тайғақ кешулерден өтті. Газеттің атауының өзі қандай! «Егемен Қазақстан»! Бұл біздің қазіргі мемлекетіміздің саяси еркіндігін, толық бет-бейнесін анық көрсетіп тұр. Мені қызықтыратыны – бұл газет қоғамдық, мемлекеттік маңызды мəселелерді терең талдап,

жан-жақты түсіндіріп, сараптап бере алатыны. Тарихи материалдарды жиі береді. Оқырмандар соның бəрін қызыға оқиды. Яғни, осыданақ газеттің халыққа не қажет екенін білетіні көрініп тұр. Əсіресе, филология, саясат, тарих саласын таңдаған жас ғалымдар да осы басылымдағы мақалаларды оқып, өздерінің ғылыми еңбектеріне пайдаланып, сілтеме жасайтыны белгілі. Өзім өмір бойы осы газетті қолдап келе жатқан оқырмандардың бірімін. Өйткені, университетте ректор болып қызмет жасаған кезімде оқытушылар құрамы мен студенттерге біздің елімізде «Егемен Қазақстан»

ең бірінші газетіміз деп айтып, оқу орнының барлық факультеттері мен кафедраларына, жатақханаларына жаздыртып алу қажеттігін айтатын едім. Бұл бастаманы ұстаздар да, студенттер де қолдап, «Егемен» арқылы елдің тыныс-тіршілігін біліп отырды. Сонымен қатар, ғалымдар мен жастардың арасында болғанымда, осы газетке өздері нің де мақала жазуын көп насихаттайтын едім. Еліміздің əр өңірінде қол жеткізіліп жатқан ғылыми жетістіктерді де осы газеттен оқимыз. Газет бетінде көптеген тың ұсыныстар айтылады. Соның бəрі бір жүйеге келтіріліп, зерттеліп, мемлекет пен халыққа пайдасын тигізетін жаңа бастамалар іске асырылса, тамаша болар еді. БАҚ-тағы озық ойларды елеп-екшеп отыру үшін арнайы бір орталық не бір мемлекеттік орган жанынан бөлім құрылуы қажет деп есептеймін. Газеттің ұжымы мен оқырмандарын «Егемен Қазақ стан ның» 95 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Игілікті істерінің арқасында ізгі мақсаттары орындала берсін деп тілеймін! Уəлихан БИШІМБАЕВ, академик, Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің депутаты.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.