11122013

Page 1

Бүгінгі нөмірде:

№272 (28211) 11 ЖЕЛТОҚСАН СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Ұлттық рухты асқақтатты 2-бет Ауғанстан ахуалы 3-бет Ұсақ-түйекке неге үйір? 4-бет Мәриям ана мен Ілияс дана 12-бет

Ыќпалдастыќ жайы ќаралєан ќабылдау

Серіктестік келешегіне кедергі жоќ Кеше Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозинмен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев Д.Рогозиннің сапарының нақтылы маңыздылығын жəне екіжақты сипаттағы түрлі мəселелерді уақтылы шешудің қажеттілігін атап өтті.

Кездесу барысында əскери-техникалық ынтымақтастық, бірлескен өнеркəсіп кооперациясы, сондай-ақ, екі елдің ғарыш саласындағы өзара ықпалдастығы мəселелері қаралды.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түрік Республикасының Қорғаныс министрі Исмет Йылмазды қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Кездесуде əскери-техникалық саладағы екіжақты ынтымақтастық мəселелері талқыланды. Атап айтқанда, таяуда ашылған электронды-оптикалық құрылғылар шығаратын қазақ-түрік бірлескен кəсіпорны аясындағы серіктестік перспективалары қаралды.

Мемлекет басшысы екі елдің қорғаныс өнеркəсібіндегі өзара ықпалдастығын одан əрі дамыту үшін бұл кəсіпорынның мəн-маңызын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев зауытты білікті жергілікті кадрлармен қамтамасыз етудің маңыздылығына да назар аударды.

Өз кезегінде И.Йылмаз кəсіпорын құрылысы əскери-техникалық саладағы екіжақты қарқынды ынтымақтастықтың нəтижесі екенін айтты. Бұған қоса, ол бұл салада жақсы перспектива барын атап өтіп, серіктестіктің одан əрі дами түсетініне сенімін білдірді.

-----------------------------------------

АҚПАРАТТАР аєыны

Елшілермен жїздесті

Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Германия елшісі Гидо Херцті жəне Франция елшісі Франсис Этьенді олардың өтініштері бойынша қабылдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қазақстан мен Германияның жəне Қазақстан мен Францияның қазіргі кезеңдегі жəне келешектегі ынтымақтастығының өзекті мəселелері, оның ішінде парламентаралық қатынастар тақырыбы қозғалды. Тараптар Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы əріптестікті, БҰҰ жəне ЕҚЫҰ аясындағы өзара іс-қимылды дамыту жайын талқылады. Бұл əріптестіктің алдағы кезде де жемісті жалғасатындығына, өркениетті үрдістерге сай өрістейтіндігіне негіз мол екендігі айтылды. Сенат Төрағасы Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің маңызына назар аударып, Орталық Азиядағы осынау ерекше оқиғаға ГФР мен Францияның белсенді қатысатынына сенім білдірді.

Байланыс беки тїсті

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Серік Ахметов Оңтүстік Кореяға екі күндік ресми сапармен барды. Сапары аясында ол Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хенің қабылдауында болды. Кездесуде Серік Ахметов Пак Кын Хеға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2014 жылы елімізге ресми сапармен келіп қайтуға шақыруын табыс етті. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан» – Сеулден.

Кездесудің басты тақырыбы екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастық мəселелері болды. Біз бұл бағытта едəуір табыстарға қол жеткіздік. Үстіміздегі жылдың тоғыз айында екі жақты сауда айналымының 1 миллиард доллардан асып түсуі соның бір жақсы дəлелі. Біз сауда айналымы қарқынын одан əрі арттыруға ынталымыз, деді өз сөзінде С.Ахметов. Ол, сондай-ақ, Қазақстан мен Корея Балқаш жылу электр стансасын, Атырау облысында газ-химия кешенін салу, «Жамбыл» кен орнын игеру секілді бірқатар бірлескен ірі жобаларды жүзеге асырып жатқандығын атап көрсетті. Пак Кын Хе өз кезегінде Қазақ стан Президенті Нұрсұлтан

Назарбаевқа ыстық ықыласты сəлемін жолдады. Корея Президенті екі жақты іс-əрекеттер деңгейін жоғары бағалап, мемлекетаралық қатынастардың барлық қырлары бойынша байланыс тарды одан əрі тереңдете түсуге ынталы екендіктерін білдірді. Қазақстан Корея үшін Еуразия кеңістігіндегі ең басты əріптестердің бірі болып табылады, деп атап көрсетті кездесу барысында Пак Кын Хе. Мұнымен қатар, ол ЭКСПО көрмесін өткізуде Кореяның үлкен тəжірибе жинақтағанын айта келе, өздерінің бұл тəжірибелерін Қазақстанмен бөлісуге дайын екендіктерін мəлімдеді. Осы күні Қазақстан Үкіметінің басшысы Корея Республикасы Пре мьер-министрінің орынбасары – жоспарлау жəне қаржы министрі О Сок Хёнмен кездесу өткізді. Кездесу барысында

Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

екі жақты іс-əрекеттердің кең көлемі талқыланды. Соның ішінде машина жасау, қайта жаңғыртылатын энергия көздерін өндіру, жеңіл өнеркəсіп жəне басқа да салалардағы тиімді бизнестік жобалар жайында əңгіме қозғалды. Қазақстан үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру арқылы тұрақты өсімді қамтамасыз етуге ұмтылыс танытуда. Осы бағытта біз Кореямен өзара тиімді инвестициялық жəне технологиялық ынтымақтастықты одан əрі дамытуға мүдделіміз, деп атап көрсетті Қазақстан Үкіметінің басшысы. Сонымен қатар, Серік Ахметов осы елдің Ёсу қаласында 2012 жылы өткізілген ЭКСПО халықаралық көрмесінің тəжірибесін зерттеуге ықылас танытып, корейлік компанияларды Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға шақырды. Кездесу соңында бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойылды. Соның ішінде екі ел үкіметтерінің арасында Кеден ісінде өзара əкімшілік көмек көрсету жəне ынтымақтастық туралы келісімге, қазақстандық «Самұрық-Энерго» АҚ пен кореялық «Hyundai» корпорациясы арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. (Соңы 2-бетте).

Ортаќ мїдде орайындаєы кездесу Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Əділбек Жақсыбеков Қазақстанға ресми сапармен келген Түрік Республикасының Ұлттық қорғаныс министрі Исмет Йылмазбен кездесті. – Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастық қазіргі таңда бауырлас елде ріміз басшыларының арқасында белсенді түрде дамып келеді. Түркия – Қазақстанның тəуелсіздігін таныған тұңғыш мемлекет. Алғашқылардың бірі болып, Қарулы Күштерді дамытудың əртүрлі аспектілері бойынша өз тəжірибелерін бөлісуге əзірлігін білдірген болатын, деп атап өтті Ə.Жақсыбеков. Кəсібилендіру бүгінде Қазақстан əскері үшін өзекті бағыттардың бірі болып табылады. Осы бағытта Қазақстан əскери ведомствосы түрік əскерінің іріктеу жүйесін дамыту, шақыру, əскери персоналды есепке алу мен бағалау тəжірибесін зерделеуге мүдделі. Əскери білім мен ғы лым

қазақ-түрік əскери ынтымақтастығының маңызды бағыты болып табылады. Қазақстан Қорғаныс министрлігі Түркия əскери оқу орындарында қазақстандық əскери қызметшілер үшін оқыту квотасын арттыруға, сондай-ақ Қазақстанның Ұлттық қорғаныс университетінде дəріс оқу үшін профессорлық-оқытушылар құрамын шақыруға мүдделі. «Еліміздің əскери мекемесін жетілдірудің маңыз ды бөлігі білікті жəне дайындалған мамандар болып та былады», – деп атап өтті Ə.Жақсыбеков осы орайда. Тараптар осыған дейін Анкарада өткен кездесу екіжақты өзара іс-қимылдың бағыттарын нақтылап, болашақтағы басымдықтарды неғұрлым айқындап бергенін атап өтті.

Ə.Жақсыбеков пен И.Йыл маз екіжақты ын ты мақтастық, оның ішінде əске ри-техникалық өзара ісқимыл саласындағы бірқатар өзекті мəселелерді талқылады. Одан кейін Қазақстан мен Түркия қорғаныс ведомстволарының басшылары электронды-оптикалық құрылғылар өндіретін «Қазақстан АСЕЛСАН инжиниринг» қазақ-түрік бірлескен кəсіпорнының ашылу рəсіміне қатысты. Қазақстандық мамандар осы зауыттың өнімдерін əртараптандыру мүмкіндігін қарастыруда. Ə.Жақсыбеков И.Йылмазға Қазақстанның қорғаныс өнеркəсібі саласын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс біл діріп, Түркия Қазақстан үшін халықаралық əскери жəне əскери-техникалық ынтымақтастықта сенімді əріптестер қатарында қала беретінін жеткізді. «Егемен-ақпарат».

 Алматы қаласының халқы 1,5 миллион адамнан асты. Статистика агенттігінің хабарлауынша, 2013 жылдың 1 қарашасында оңтүстік мегаполистің тұрғындары саны 1 млн. 501 мыңға жеткен.  Ауыл шаруашылығы министрлігі биыл асыл тұқымды мал алуға 38,8 млрд. теңге бөлді. 2014 жылдан бастап «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында бұл бағыттағы субсидия көлемi өсiп, ол 45 млрд. теңгенi құрайды.  Қазақстандағы дүкендерде алкоголь өнімінің сапасын тексеретін құрал орнатылады. Бұған алкоголь өнімдерінің халыққа қолжетімділігінен соңғы 5 жылда азаматтардың мас күйінде жасаған қылмыстарының екі есеге артқаны себеп болып отыр.  Шымкентте индустриялы құрылыс комбинаты іске қосылды. «Өндіріс-2020» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылған өндірістік жоба – кең көлемді темір-бетон бұйымдарын шығаруға арналған.  Теміртау қалалық ауруханасы 33 млн. теңгенің медициналық жабдығына қол жеткізді. №3 орталық аурухананың директоры Степан Мартыновтың айтуынша, алдағы уақытта емдеу мекемесіне бұдан да басқа қажетті құралжабдықтар алынады. Қазір лизингтік компанияға тапсырыс беру үшін бірнеше жоба дайындалып жатыр.  Батыс Қазақстан облысында 7 мың адам «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасына қатысты. Аталған бағдарлама бойынша облысқа 5,5 млрд. теңге қаржы бөлінген. Оның бірінші бағыты бойынша 2,6 млрд. теңге қаралып, 45 нысанның құрылысы жүргізілген.  Жетісу өңірінде 7 млн. шаршы метр баспана салынады. Алматы облысында 2020 жылға дейін «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша ауданы 7 036,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі.  Қызылорда қаласында 11 айдың бюджеті 109,5 пайызға орындалды. Қала əкімі Нұрлыбек Нəлібаев барлық кент, ауылдық округ əкімдері мен дербес бөлім басшыларына халықтың əл-ауқаты мен тұрмыс-тіршілігін арттыру үшін бөлінген бюджет қаржысын мақсатты əрі сапалы игеруді қатаң тапсырды. «ҚазАқпарат», Bnews.kz, Egemen.kz хабарлары бойынша дайындалды.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.