Бїгінгі нґмірде:
№243 (28466) 11 ЖЕЛТОҚСАН БЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Елдер іргесі əріптестік байланыстар арќылы бекиді Кеше Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы бірқатар Төтенше жəне өкілетті елшілерден, атап айтқанда, Италия елшісі Стефано Раваньян мен Швеция елшісі Кристиан Камиллдан, Чехия елшісі Элишка Жигова мен Литва елшісі Витаутас Наудужастан, Мысыр елшісі Хайсам Салах Камел Ибрахим мен Үндістан елшісі Харш Кумар Джайннаннан жəне Македония елшісі Илья Псалтиров пен Қытай елшісі Чжан Ханьхуэйден Сенім грамоталарын қабылдады.
Туымыз – тəуелсіздік, тўєырымыз – тўраќтылыќ 2-3-беттер Айтыстыѕ (iTys) сґз додасы 6-бет Теѕге еѕ їздік банкнот деп танылды 14-бет
Қазақстан Республикасының Заңы Ќазаќстан Республикасыныѕ Їкіметі мен Ќытай Халыќ Республикасыныѕ Їкіметі арасындаєы Дипломатиялыќ ґкілдіктердіѕ єимараттарын салу їшін жер учаскелерін ґзара беру туралы келісімді ратификациялау туралы 2013 жылғы 7 қыркүйекте Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарын салу үшін жер учаскелерін өзара беру туралы келісім ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 9 желтоқсан. №261-V ҚРЗ
Қазақстан Республикасының Заңы Сот тґрелігіне халыќаралыќ ќол жеткізу туралы конвенцияны ратификациялау туралы 1980 жылғы 25 қазанда Гаагада жасалған Сот төрелігіне халықаралық қол жеткізу туралы конвенция ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.
Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан».
Астана, Ақорда, 2014 жылғы 9 желтоқсан. №262-V ҚРЗ
Рəсімге қатысушыларды дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтаған Мемлекет басшысы бүгінгі кездесу маңызды күннің – Тəуелсіздіктің 23 жылдығының қарсаңында өтіп отырғанына назар аударды. – Біз осы қысқа мерзімде мемлекеттілігіміздің берік негізін қаладық. Заманауи экономика, орнықты саяси жүйе жəне салиқалы азаматтық қоғам қалыптастырдық. Ішкі тұрақтылықты, қоғамдық келісімді қарқынды экономикалық өсім арқылы қамтамасыз еттік. Сыртқы саяси ұстанымның айқындығы еліміздің халықаралық беделін көтерді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі 2014 жылы мəдениет саласында мемлекеттік стипендиялар беру туралы Қазақстан Президенті елдің «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді Стратегиясы шетелдік серіктестермен де тиімді ынтымақтастықты қарастыратынын айта отырып, ең алдымен инвестициялық байланыс, технологиялар алмасу салаларына мəн берілетінін тілге тиек етті. Инновациялар мен озық тəжірибені импорттау, елдің өнім экспортын ұлғайту
мəселелері назарда болады. Мен сіздердің қызметтеріңіз екіжақты байланыстардың əлеуетін барынша арттырады деп сенемін, деді Нұрсұлтан Назарбаев бұл ретте. Мемлекет басшысы етек алып келе жатқан жергілікті жəне өңірлік қақтығыстардың, халықаралық терроризм мен экс тремизмнің алдын алу үшін бүкіл мемлекеттердің күш біріктіруі қажеттігін
атап көрсетті. Біз стратегиялық тұрақтылық пен орнықты дамуға қол жеткізу жолдарын бірлесе іздеуге ниеттіміз. Еліміз ядролық қаруды таратпау режімін нығайту жолындағы жаһандық қозғалыстың көш басында келеді, деді осы орайда Қазақстан Президенті.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Армения Республикасының Президенті Серж Саргсянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықты, сондай-ақ еуразиялық экономикалық ықпалдастықты
дамыту мəселелерін талқылады. Телефонмен сөйлесуге армян тарапы бастамашылық етті.
Тарифке де тəртіп керек
Елбасы ќабылдады Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы ҚасымЖомарт Тоқаевты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қ.Тоқаев Мемлекет басшысына Парламенттің жоғарғы палатасының заң шығарушылық қызметі мен Сенат жұмысының 2014 жылғы қорытындылары туралы баяндады. Қазақстан Президенті қажетті заңдарды дер кезінде қабылдаудың маңыздылығына тоқталды, сондай-ақ, «Нұрлы Жол» Жаңа
Экономикалық Саясатын жүзеге асыруды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етудің маңызына назар аударды. Сенат Төрағасы Парламенттің жоғарғы палатасы биыл 100-ге жуық заң қабылдауды жоспарлап отырғанын айтты.
----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыповтың жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында табиғи монополиялар жəне реттелетін нарықтар, сумен жабдықтау жəне су бұру мəселелері бойынша өзгерістерді көздейтін заң жобалары талқыға салынды. Сондай-ақ, депутаттар бірқатар халықаралық құжаттарды қарады. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Күн тəртібіне енгізілген Табиғи монополиялар жəне реттелетін нарықтар мəселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтыруларды көздейтін заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Заң жобасының мақсаты тариф белгілеуді жəне табиғи монополиялар субъектілері қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады. Жəне де олардың инвестициялық міндеттемелерін орындату тетігі де қарастырылады. Бұдан басқа, заңдық құжатта негізсіз шығындарды болғызбау, тарифтік рəсімдерді оңтайландыру жəне тұтынушылар
● Заманмен үндес заңғар басылым
«Мен ќазаќпын» деген əрбір азамат «Егеменге» жазылса керек – Алтайда не болып жатыр? Атырауда не жаңалық? Арқа тыныш па? Алатау аман ба? Осы сұрақтың бəріне газет жауап береді. Бұл ғана емес, жалпы дүние-əлемде не хал – мұны да газет айтады. Рас, радио бар, теледидар бар. Олардың күші орасан. Ал газет осылардың бəрінің атасы. «Егемен Қазақстан» – қазақ баспасөзінің бабасы «Қазақ» газетінің ұрпағы. «Қазақ» газетін ұлтымыздың тұлпар мініп, ту ұстаған алып азаматтары Əлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсын, Міржақып Дулат бастаған. «Егемен Қазақстанды» солардың ізбасарлары Сəкен Сейфуллин,
Смағұл Сəдуақасов, Тұрар Рысқұлов, Ораз Жандосов, Ғабит Мүсірепов сынды саңлақтар басқарды. Осы алыптар бастаған
дəстүр əлі жалғасып келеді. Дəстүр – ұлт бірлігін берік ұстау. Ұлттар татулығын сақтау. Қа зақ стан Республикасының абыройын асқақтату. Бұл газетті сыйлап, құрметтеу – намыстың ісі. «Мен қазақпын» деген əрбір азамат «Егеменге» жазылса керек. Əйтпесе басқалар табалайды. Бүйтіп ұлт болғаныңа, қазақ болғаныңа болайын деп күледі. Тəңірім табадан сақтасын. Осылай айтқанмын. Айтқаным – айтқан. «Егеменді» қолдау – елдікті қолдау. Шерхан МҰРТАЗА, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.
құқық тарын қорғау мəселесі де көзделген. Сондай-ақ, заң жобасында табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларды орындау мен қолда бар активтерді қалпына келтіруге, жаңартуға, кеңейтуге жəне ұстап тұруға, сонымен қатар, негізгі құралдарды реконструкциялау мен техникалық қайта жарақтандыруға қаражатты басым түрде бағыттау міндеттерін бекіту ұсынылады. Бұл ретте, жұмыс тобына 247 түзету келіп түссе, депутаттар инвестициялық бағдарламаларды бекітудің мерзімдерін қысқартуға жəне рəсімдерін оңайлатуға екпін берді. (Соңы 4-бетте).
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 9 желтоқсан. № 338 –––––––––––––––
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 338 Өкіміне қосымшаны 4-беттен оқисыздар.
(Соңы 4-бетте).
Телефон арќылы сґйлесті
1. Осы Өкімге қосымшаға сəйкес 2014 жылы мəдениет саласында мемлекеттік стипендиялар берілсін. 2. Осы Өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілсін.
ТЕРЕЅ ОЙ, КЕМЕЛ СҐЗДЕР ЌАЗЫНАСЫ Елбасыныѕ «Таѕдамалы сґздер» кґптомдыєыныѕ тўсауы кесілді Кеше Астанадағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ тілінде басылып шыққан «Таңдамалы сөздер» жинағы көптомдығының тұсаукесері болып өтті. Сұңғат ƏЛІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Көптомдық Президенттің саяси қайраткер, мемлекеттік құрылыстың ірі теоретигі жəне практигі ретіндегі саяси философиялық көзқарастарының эволюциясын білдіретін
Қазақстанның ең жаңа саяси тарихы бойынша құнды құжаттық дереккөз болып табылады. Жинақты Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің басшысы Махмұт Қасымбеков жетекшілік жасаған редакциялық топ əзірлеген. Жұмыс барысында аталған топ Президент мұрағатының, Тұңғыш Президент музейінің, Президент Əкімшілігінің қорларында бар елеулі архивтік құжаттардың ауқымын, стенограммалар мен басқа да материалдарды, сондай-ақ, бұрын жарық көрген кітаптарды, республикалық жəне шетелдік баспасөздердегі жарияланымдарды зерттеді. (Соңы 5-бетте).
Шешімдер мен ўсыныстар ќабылданды Кеше Рашид Түсіпбековтің төрағалы ғымен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырысты ашу кезінде Р.Түсіпбеков Президент Жарлығымен Жоғары Сот Кеңесінің дербес құрамы, соның ішінде Жоғарғы Сотта да үлкен тəжірибеге ие отставкадағы 4 судьяны енгізу арқылы ұлғайғанын атап өтті. Р.Түсіпбековтің айтуынша, отставкадағы судьялар Кеңестің басқа мүшелерімен қатар, келешекте судьялардың кəсіби жəне жеке
қасиеттерін терең тану мақсатында судья лауазымына кандидаттармен аумақтарда жүйелі түрде кездесулер өткізуге жұмылдырылып тұратын болады. Отырыста Мемлекет басшысының 2013 жылы 20 қарашада Қазақстан Республикасы судьяларының VI съезінде берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі мəселелер мен сот жүйесінің ұйымдастырушылық-кадрлық мəселелері қаралды. Кеңес отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер мен ұсыныстар қабылданды. «Егемен-ақпарат».