Бїгінгі нґмірде:
№5 (28733) 12 ҚАҢТАР СЕЙСЕНБІ 2016 ЖЫЛ
Депутаттар алдында маѕызды міндеттер тўр
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мəжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақыповты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Президенттіѕ жўмыс кестесі:
2015 ЖЫЛДЫЅ НЕГІЗГІ ЌОРЫТЫНДЫЛАРЫ пен 5 халықаралық форумды қосқанда, Президенттің қатысуымен халықаралық сипаттағы 100-ден астам кездесу мен ісшара болып өтті. Н.Ə.Назарбаев 22 баспасөз мəслихаты мен брифингін өткізді, отандық жəне шетелдік БАҚ-тарға 10 сұхбат берді, 5 бейнежазба үндеу жолдап, 3 мақала жариялады. Жыл бойы Президент 6 300-ден астам құжатқа қол қойды, олардың қатарында 168 заң, 216 жарлық, 67 өкім, 16 мəжіліс хаттамасы, 1 208 қызметтік құжат, 4 400 талдамалық жəне ақпараттық-анықтамалық материал, азаматтардың 269 арыз-шағымы бар. Осы кезеңде Мемлекет басшысы барлығы 52 күн сапарда болды, соның 27 күні шетелдерде жəне 25 күні республика өңірлерінде өтті.
Кездесу барысында Мəжіліс қызметінің негізгі бағыттары талқыланды. Мемлекет басшысы Парламенттің Бес институттық реформаны жүзеге асыруды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жөнінде жемісті жұмыс жүргізгенін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев, сондай-ақ, бүгінде депутаттардың алдында маңызды міндеттер тұрғанын, қазақстандықтардың əл-ауқаты соларды табысты жүзеге асыруға байланысты екенін айтты.
––––––––––––––––––––––
Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Сенат отырысыныѕ кїн тəртібі бекітілді Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Сенат бюросының отырысы болып, онда Парламенттің жоғарғы палатасы кезекті отырысының күн тəртібі белгіленді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Сенаторлар төрт заң жобасын қарауды жоспарлады. Депутаттардың талқысына Азия Инфрақұрылымдық инвестициялар банкі Келісімінің баптарын, Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру жəне даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Өнімді инновацияларды ынталандыру жобасы), Білім беру саласындағы кемсітушілікке қарсы күрес туралы конвенцияны жəне Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобалары шығарылады. 2016 жылғы 14 қаңтарда болатын палата отырысының күн тəртібіне депутат Төлеубек Мұқа шевты Парламент Сенатының Əлеу меттік-мəдени даму жəне ғылым комитетіне ауысуы туралы мəселе де енгізілді.
Ќазаќстан – белсенді əрі сенімді əріптес
Кеше Ақордада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықова Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық жөніндегі ұйымның (ЕҚЫҰ) Астана қаласындағы Бағдарламалар офисінің басшысы Наталия Заруднамен кездесті. Бұл кездесу ЕҚЫҰ өкілінің еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай ұйымдастырылды. Жолдыбай БАЗАР,
«Егемен Қазақстан».
Кездесу барысында Мемлекеттік хатшы Қазақстан аталған Ұйыммен бірлескен 62 жобаны сəтті жүзеге асырғанына баса назар аудара келіп, ЕҚЫҰ өкілі Н.Заруднаның табысты қызметіне тоқталды. «Біз Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық жөніндегі ұйымның Астана қаласындағы Бағдарламалар офисімен өте ынтымақтаса жұмыс жүргізіп келеміз. Бұл бағыттағы шараларды жүзеге асыру ісі, əсіресе, Офис басшысы Наталия Заруднаның белсенді əрекетімен қарқын ала түскендей. Мəселен, 2015 жылдың өзінде біздің еліміз осы Ұйыммен бірлесе түрлі салалар
бойынша 62 жобаны жүзеге асырды. Бұлардың ішінде экономикаға, көші-қонға, адам құқының қорғалуын қамтамасыз етуге, өңіраралық мəселелерді тиімді шешуге қатысты семинар-кеңестер ұйымдастыру жобалары болды. Əсіресе, ауыл əйелдеріне байланысты атқарылған шаруалардың нəтижесіне көңіл толады. Бұларға қоса, экология мен «Жасыл экономикаға» өту жолдарын халыққа таныстырып, түсіндіру жұмыстарының жоспары да сəтімен орындалды. Сондықтан да, Наталия Зарудна ханымға елімізде табысты еңбек еткені үшін еліміз жұртшылығының атынан зор алғысымды жеткізгім келеді», – деді Г.Əбдіқалықова. (Соңы 6-бетте).
● Өңір өмірі
Электр ќуатын кїн батареясынан алып отыр Өмірзақ АҚБАСОВ, журналист.
«Егемен Қазақстан».
Жаңақала – малды өңір. Біз таяуда қыс кезіндегі қиындықтармен бетпебет келіп отырған өңір малшыларының жай-күйімен танысып қайтқан едік. Осы сапардан көрген-білген, ұққан-түйген мəселелерімізді газет оқырмандарының назарына ұсынғанды жөн көрдік. Біз аралауды Жаңақала ауылдық округіне қарасты Бірқазанды қыстап отырған Темірлан Шамұратовтан бастадық. Өйткені, бұл шаруа қожалығы сүт өндіріп, аудан орталығын сүт өнімдерімен қамтып отырған бірденбір қожалық. Жұмысын жетілдіру мақсатында биыл ол «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 51 бас сүтті сиыр тұқымы – қырдың қызыл сиырын алған болатын. Аудан басшысы осы малдың жерсіну жайын көре кетуді жөн көріпті. – Жағдайымыз жаман емес. Қызыл сиырларым да көндігетін түрі бар. Биыл жайылыс болмады ғой. Сəл қоңы ортайғаны болмаса, жақсы. Жемдеуді бастадым. Алдағы жылдары төлдеп, игілігін көрем бе деп отырмын. Соған орай өндірісімді жетілдіру де ойымда бар, – дейді қожалық басшысы. Шабындық тапшылық етсе де қысқа толық қамданысы барын біліп, Т.Мусин отырған Базарқұдық қыстағына бет алдық. Өйткені, бұл шаруа қожалығы да асыл тұқымды мал өсірумен айналысып, іскерлігімен таныла бастаған, аудан мақтанышы болған шаруашылық еді. Мұнда қазір герефорд та, абердин-ангус та өсіріледі. Оның үстіне жаңашыл шаруа ауданда алғашқы болып биыл
2015 жыл тек қана маңызды мерекелік күндерімен ғана емес, сонымен бірге, елеулі жаңа сынақтарымен де қазақстандықтардың есінде қалды. Осының бəрі Президент Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстанды əлемде болып жатқан қарышты өзгерістерге бейімдеу жөніндегі ойластырылған жəне жүйелі қадамдар жасауын талап етті. Махмұт ҚАСЫМБЕКОВ,
Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы.
Жыл бойы Президент Н.Ə.Назарбаевтың қатысуымен шетелдік сапарларды, өңірлерге жасалған жұмыс сапарларын, түрлі мəжілістер мен кеңестерді, халықаралық жəне республикалық форумдарды, конференциялар мен съездерді, шетелдік мемлекет жəне қоғам қайраткерлерін қабылдауларды, жұртшылық пен еңбек ұжымдарының өкілдерімен кездесулерді, өнеркəсіп кəсіпорындары мен əлеуметтік нысандарға баруды қамтитын 700-ге тарта хаттамалық іс-шара болып өтті. Мемлекет басшысы 17 кеңес өткізді, солардың қатарында Үкімет мүшелерінің, Президент Əкімшілігі басшылығының, орталық мемлекеттік органдар жетекшілерінің қатысуымен өткен – 13, облыстардың, Астана жəне Алматы қалаларының əкімдерімен өткізілген 2 кеңес жəне 2 көшпелі мəжіліс бар. Сондай-ақ, Н.Ə.Назарбаевтың
төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген 3 мəжілісі, Шетел инвесторлары кеңесінің 1 отырысы жəне Қауіпсіздік Кеңесінің 5 мəжілісі, соның ішінде 2 шұғыл кеңес болып өтті. Жыл бойы Президент Парламент Мəжілісінің пленарлық отырысына қатысып, палаталардың төрағаларымен жəне парламенттік фракциялардың жетекшілерімен ұдайы кездесе отырып, депутаттық корпуспен тұрақты негізде өзара бірлесе жұмыс жүргізді. Мемлекет басшысы еліміздің өңірлері не 15 жұмыс сапарын жасады, Алматы қаласында үш рет, Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында екі реттен, сондай-ақ, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан жəне Қызылорда облыс тарында болды. Бұдан басқа, Прези дент Астана қаласы бойынша да тұрақты түрде жұмыс сапарларына шығып тұрды. Екіжақты қарым-қатынастар аясында шетелдерге жасалған 9 сапарды, сондай-ақ, 11 халықаралық саммит
● Бір ауыз сөз
Иманжїзді ауыл едік...
Темір ҚҰСАЙЫН,
Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».
Қонақай қыстағына алты күн батареясын орнатып, электр энергиясын алуды жаңа технологиямен шешіп еді. Енді Базарқұдыққа да күн көзінен қуат өндіретін он төрт батарея орнатқан екен. Сондықтан əрі текті малдардың жағдайын білуді, əрі электр энергиясымен қамтып тұрған күн батареяларын көзбен көруді мақсат еттік. – Герефорд жерсініп кетті ғой. Биыл алғаш төлдеді. Қазір ерте төлдегендердің төлін айырдық. Төліне де көңіліміз толады. Дегенмен, өзіме ангустар көбірек ұнап келеді. Герефордтар біздің жердің ми қайнатар ыстығы мен қыстың қатты аязына аз да болса сыр бергенін байқатады. Ал ангустар нағыз осы табиғатқа лайық тұқым. Қазір өздеріңіз де көрерсіздер, – деді Тілеген Мусин. Расында да герефордтардың реңі сəл пəстеу, қоңын бермесе де қатты аязда
күтім керектігін аңдатқандай. Ал ангустар емін-еркін жайылып жатыр. Түктері жылтырап семіріп алыпты. Шөппен бірге көбік қарды да қарбыта асап, қызықтаған бізге шекелерінен қарайды. 9-10 градус аязды елең қылар емес. Тілегеннің Базарқұдыққа қондырған күн батареяларын да көрдік. – Мұнда 14 күн батареясын қондыртып алдым. Тұманды күн ұласып кетпесе шаруамызға қажетті электр энергиясын еркін береді, – дейді Тілеген жаңа технологияның игілігін көргеніне ризашылығын жасырмай. Базарқұдықта электр жарығы самаладай жарқырап тұр. Телефон байланысы да мінсіз. Малдары қоңды. Жұмыс қолы мол. Қысқа сыр алдырар емес. Шаруасы оңды ауылдан риза болып аттандық. (Соңы 9-бетте).
Ўлт жоспары – Ўлы арманныѕ асќары 2-3-беттер Жаєдай жаѕа жылда да жаќсармай тўр 7-бет Ветеринария саласы салєырттыќты кґтермейді 9-бет «Айтуєа оѕайдыѕ» кґруге ќиыны 10-бет
Автобуста кісі көп еді. Жанымда отырған қария өз-өзінен сөйлеп отыр. «Заман не болып бара жатыр», дейді қынжыла күрсініп. Аңғарғаным, күні-түні күзеткен қорасынан біреулер 5 қойын ұрлап кетіпті. Таусыла сөйлеп отыр. Ол кісіні жұбатар дəрмен жоқ еді бізде. Қазір «əй, соны қойшы, бір қойым өліп те қалады ғой» дейтін заман емес. Күздікті былай қойып, соғымның реті де сиреп бара жатқанын байқаймыз. Ауылдың асыраушысы – малы. Соны да көп көргендей, ұрлық-қарлық тыйылар емес. Ауылдың адамы ұрының алыстан келмейтінін біледі. Арызданып, алашапқын шығармайтынын да талай көргенбіз. Қарияның оқиғасы шектен шыққанның бір көрінісі. Осы жолы, дəу де болса, облыстың полициясына арызданып келе жатыр. Автобуста кісі көп еді... Тілшілер қосынына келе салып, облыстық ішкі істер департаментіне қоңыраулаттық. Абырой болғанда, ұры лар қолға түскен екен. Кімдер дейсіздер ғой. Сұмдық. Сол ауылдың 19-21 жас аралығындағы зіңгіттей төрт жігіті. Сонша лықты жерге қарап отырғандар емес. Қылмысқа көліктің төресі саналатын жапондық «Nissan maxima» жеңіл мəшинесімен шыққан. Олардың үстінен ҚР ҚК 188-бабының 2-бөліміне жататын қылмыстық іс қозғалыпты. Иманжүзді ауыл едік... Не болып барады өзі? Ақмола облысы.
АҚПАРАТТАР аєыны ● Өткен жылы еліміздегі зауыттар 453 мың тонна жол битумын өндірді. Жалпы, Қазақстанда 2015-2019 жылдарға арналған инфрақұрылымды дамыту «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, көлік инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге, аталған аралықта республика бойынша 7 мың шақырым автожол салу жəне жөндеу жоспарлануда. Бұл үшін шамамен 2 млн. тоннаға жуық жол битумы қажет. ● Астаналық 260 дəрігер ЭКСПО-2017 көрмесіне орай ағылшын тілін үйренуде. Жоспар бойынша, 486 дəрігер ағылшын курсынан өтуі тиіс. Жалпы, ЭКСПО кезінде қонақтар қоныстанған жерлерде тəулік бойы жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің бекеттері ұйымдастырылмақ. ● Елордада осы жылы мемлекеттік бағдарлама шеңберінде екі жарым мың пəтер салынады. Сондай-ақ, биыл Астанада Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында 2020 жылға дейін жалпы ауданы 96,55 мың шаршы метрді құрайтын 1 758 пəтерлік 8 көпқабатты тұрғын үй кешенінің құрылысы жалғасады. ● Оңтүстік Қазақстанда биотыңайтқыштар шығаратын зауыт салынбақшы. Бүгінде облыс əкімдігі мен Lotus Food жəне Organic Algae – Fertilizer ЖШС түрік компаниялары арасында Қазығұрт ауданындағы индустриялық аймақтан жалпы сомасы 12 млн. АҚШ долларын құрайтын биохимиялық тыңайтқыш
*** 2015 жылғы елдің қоғамдық-саяси күнтізбесі Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы сияқты мерейтойлық даталарға толы болды. Сонымен бірге, жылдың басты саяси оқиғасы 26 сəуірде өткен президенттік сайлау болғаны күмəнсіз, онда Н.Ə.Назарбаев Қазақстан халқы тарапынан кең қолдау тапты. Сайлау қорытындылары шын мəнінде теңдессіз болып шықты. Атап айтқанда, электораттың қатысуы сайлау шылардың 95,22%-ын құрап, рекордтық көрсеткішке жетті, солардың 97,75%-ы дауыстарын іс басындағы Мемлекет басшысына берді. Əлемнің 37 елінен жəне Еуропарламентті, ЕҚЫҰ-ны, ТМД-ны, ШЫҰ-ны, ИЫҰ мен ҰҚШҰ-ны қоса алғанда, халықаралық ұйымдардан келген көптеген халықаралық байқаушылар ұйымдастырудың жоғары деңгейін, өткен сайлаудың ашықтығы мен əділдігін атап өтті. Президенттік сайлауда айқын жеңіске жетуге Н.Ə.Назарбаевтың Елбасы ретіндегі шүбəсіз абырой-беделімен бірге оның «Нұр Отан» партиясының ХVI съезінде жария етілген жаңа президенттік мерзімге арналған стратегиялық бағдарламасы да ықпал етті. (Соңы 4-5-беттерде).
пен құрамажем шығаратын заманауи зауыттың құрылысы жөнінде келісім жасалды. Жоба жүзеге асқан жағдайда 200-250 адам жұмыспен қамтылады. ● Қарағандыда машина жасаушылардың инновациялық орталығы ашылды. Онда жас ғалымдар тау-кен орындарында, мұнай өндірісінде, металлургия мен құрылысқа қажет жаңа технологияны ойлап тапты. Заманауи тəсіл ірі өндіріс ошақтарындағы құрылғыларды тоттанудан сақтап, төзімділігін арттыратын болады. ● Жамбыл облысында «Тымлай» титан-магнетит кен орны ашылмақшы. Бұл Қазақстанда ең ірі əрі алғаш рет экспортқа бағытталған титан диоксидін жəне кремний диоксидін өндіретін жоба негізінде жүзеге аспақ. Осыған орай «TENIRLOGISTIC» серіктестігі, Жамбыл облысының əкімдігі, China Machinery Engineering Corporation жəне China Metallurgical Group Corporation арасында төрт жақты меморандумға қол қойылады деп күтілуде. ● Өскеменде жарнама құрылғыларын бақылауға алатын топ құрылды. Бұл жарнамалық жер телімдерін өткен жылы жалға алып, заң бұзушылыққа жол берген нысан иелері нің əрекетіне тосқауыл қою үшін құрылып отыр. Айта кетейік, мамандар тізімге енген 47 учаскенің 19-ына айыппұл салды. Сондайақ, 19-ындағы жарнама құрылғысы бұзылды. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.