12022014

Page 1

Бїгінгі нґмірде: Басты маќсат – єылымєа негізделген экономикаєа ќол жеткізу 4-бет Алтынай єайыптан єажайып жасаєан ґнер иесі еді

№29 (28253) 12 АҚПАН СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Ќаржылыќ ґзгерістер экономиканы реттестіру їшін жасалады «Егемен Қазақстан».

2014 жылдың 11 ақпанынан бастап теңгенің бұрынғы деңгейін сақтап тұрудан, вал юталық интервенциялардың көлемін азайту, теңгенің айырбас курсын құру үдерісінен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі бас тартатындығы туралы шешім қабылдағанын мəлімдеген Қайрат Келімбетов осы уақытқа дейінгі елдегі қаржы саясатының аяқ алысы мен қазір туындап отырған шұғыл шешімнің маңыздылығына аз-кем тоқталды. Төрағаның айтуынша, айырбас бағамының ел экономикасы үшін маңыздылығын ескере отырып, соңғы жылдары Ұлттық банктің валюталық саясаты ұлттық валюта деңгейінің 145-155 АҚШ доллары көлемінде сақталынуына бағытталып, нəтижесінде бұл ұстаным елдегі экономикалық жəне қаржылық тұрақтылықты

қамтамасыз етуге мүмкіндік берген. 2013 жылы Қазақстанның ІЖӨ-сі 6 пайызға артып, инфляция 4,8 пайызға кеміді. Осы кезең аралығында қол жеткізген ырықтандыру бойынша ең төмен көрсеткішті көрсетіп, еліміздің экономикалық тарихында өзіндік бір белес ретінде де жария болғанды. Бұған қоса Қазақстан экономикасының жаһандық экономикамен тығыз байланысты екенін ескеріп, Ұлттық банк əлемдік қаржы жəне тауар рыноктарындағы жағдайды қаперден шығара алмайтындығын, көп уақыттан бері əлемнің бірнеше мемлекеттерінің ұлттық валюталарының АҚШ долларына шаққандағы бағамының өсу-кему үдерісін жіті бақылауда ұстағандарын айтады. «Біріншіден, жетекші дамушы елдердегі, оның ішінде БРИКС елдеріндегі жағдай. АҚШ-тағы «сапалық жұмсару» бағдарламасына сəйкес, қаржы

Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Алдымен айтарымыз, «Сабыр түбі сары алтын» дегенге жүгінген екі министр де теңгенің жаңа бағамына орай дүрбелеңге ұрынуға негіз жоқ екенін тілге тиек етті. Тіпті, теңгенің құнсыздануының елімізден экспортталатын тауарлардың бағасына жақсы əсері болатынын алға тартты. Сондай-ақ,

бюджет түсімі де біршама артатын көрінеді. Журналистер алдында сөз алған Б.Сұлтанов негізі бұл шара Ұлттық банктің құзырындағы іс екенін айта келіп, осы мəселеге қатысты өз пікірін білдірді. – Бəріңізге белгілі, ұлттық валютаның бағамы 20 пайызға төмендеп, 1 АҚШ доллары 185 теңге болып белгіленді. Мəселенің бұлай орын алуына əлемдегі болып

Кездесу барысында Қазақстан мен Иордания жəне Қазақстан мен Катар арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың мəселелері, парламентаралық үнқатысуды дамытудың келешегі талқыланды. Қ.Тоқаев Аммандағы орталық көшелерінің біріне Президент Нұрсұлтан Назарбаев есімінің

дамушы елдерден дамыған елдерге ағылады, нəтижесінде осы елдердің валютасына қысым жасаумен жалғасып отыратындығы мəлім. Əлемдік экономиканың кейінгі дамуындағы белгісіздік үдерісінің əсерінен əлемдік қаржы жəне тауар рыноктарындағы өзгерістер артты», – деп мəлімдеді брифинг барысында Ұлттық банк төрағасы.

(Соңы 2-бетте).

С.АЖМАҒАМБЕТОВ, бас директор.

* * * Қазақстан валютасына енгізілген түзету өнімдері экспортқа бағдарланған «Қазақмыс» секілді ірі отандық өндірістік компаниялар үшін оң ықпал ететін болады. Инвестициялық тартымдылығы артып, сындарлы импорт алмастыру жəне жаңғырту бағдарламаларын жүзеге асыру үшін оңтайлы жағдай қалыптасады. Теңге бағамын түзету бойынша қадамдар 60 мыңнан астам адам жұмыс істейтін «Қазақмыс»

АҚПАРАТТАР аєыны  Астанада «Қазақстанның мəдени мұрасы» мен «Астана қаласының мəдени мұрасы» атты журналдардың тұсаукесер рəсімі болып өтті. Бұл екі журнал рухани құндылықтарымызды насихаттайды.  Алматы қаласында соңғы жылдары 545 шақырым жерге газ құбыры тартылды. Қаланың өсу динамикасына байланысты алдағы мерзімде 97 нысанға газ құбырын тарту көзделген.  Шығыс Қазақстан облысында ішкі

сияқты қазақстандық өндірісшілердің ахуалына оң əсер ететін болады. «Қазақмыс» басшылығы.

* * * Тау-кен металлургиясы саласында аса ірі кəсіпорын бола отырып, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Ұлттық банк жүргізген АҚШ долларына қатысты теңге бағамын түзетуді қолдайды. Жаһандық қаржы дағдарысы рыноктағы жағдаймен тікелей байланысты. Сондықтан теңгенің жаңа айырбас бағамы бізге де, экспортқа бағдарланған басқа ірі өндірістік компанияларға да оң ықпал ететініне сенімдіміз. Ұлттық валютаның түзетілген айырбас бағамы біздің ғана емес, бүкіл Қазақстан экспортшыларының бəсекеге қабілеттілігін арттыратынына еш күмəн жоқ. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ ұжымы.

* * * Сарыадыр көмір кен орны Ресей Федерациясына көмір өнімдерін экспорттайтын, сондай-ақ, тұрғындарға коммуналдықтұрмыстық көмір жеткізушілер мен жалпы өнім 2 трлн.теңгеге жетті. Сондайақ, мемлекеттік бюджетке 183,6 млрд.теңге жəне жергілікті бюджетке 70,2 млрд.теңге кіріс келген.  Былтыр Оңтүстік Қазақстан облысында 657 шақырым жол жөнделіп, апатты жағдайдағы 27 көпір қалпына келтірілген. Биыл да маңызы бар жолдарды жөндеу мəселесі жоспарға сəйкес жүргізілетін болады.  Ақтау теңіз порты арқылы өткен жылы 10 млн. тонна жүк тасымалданды. Келешекте оның солтүстік бөлігін 40 гектарға дейін кеңейту жоспарланып отыр.  Ақтөбе облысында соңғы 3 жыл

Кеше кешке қарай Премьер-Министр Серік Ахметов Үкімет мүшелерін шұғыл жинап, теңгенің бағамы өзгеруіне қатысты қолға алынатын іс-шаралар жайын талқылады. Тез шақырылған жиынға бүкіл министрлермен қатар, барлық облыс əкімдері жəне Алматыдан Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов онлайн режімде қатысты. «Егемен Қазақстан».

жатқан жағдайлар мен көрші елдердің ұлттық валюталарының құнсыздануы себеп болып отыр. Ал Үкімет осы жағдайға орай теңге бағамының түзетілуіне қатысты бағалау жұмыстарын жасап шықты. Ол бойынша ішкі жалпы өнімге жəне əлеуметке тигізетін əсерлерін зерттеп, зерделей бастадық. Осы зерттеулердің нəтижелеріне қарасақ, теңге бағамының түзетілуі ішкі жалпы өнім нің өсуіне жақсы əсері болады. Атап айтқанда, елдегі тауар өндірушілердің экспортқа шығаратын өнімдерінен түсетін пайда айтарлықтай көбейетін болады. Соның негізінде бюджет түсімі де молаятыны анық.

берілуіне орай иордан елшісіне ризашылығын білдірді. Ол, сондайақ, Катар Əмірі шейх Тамим бен Хамад əл-Танидің таяудағы Астанаға ресми сапарының маңыздылығын атап өтті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Ќадаєалау ќатаяды

Динара БІТІКОВА,

(Соңы 2-бетте).

Экспортшыларымыздыѕ жаєдайын жаќсартады «Қайнар-АКБ» ЖШС-нің ұжымы теңге бағамының төмендеуі жағдайында ұтысқа шығады. Өйткені, біз экономиканың шикізаттық емес секторында экспортшы болып табыламыз. ЖШС өзінің алдына дайын өнімді – Қазақстанда өндірілетін барлық қорғасынды аккумулятор батареяларына айналдыру туралы міндет қойды. Теңге бағамының төмендеуі «Қайнар» үшін оңтайлы жағдай қалыптастырмақ, себебі, дайын өнімнің 70 пайыздан астамы экспортқа шығарылады.

7-бет

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Иордан Хашимит Корольдігінің елшісі Слайман Арабиатпен жəне Катар Мемлекетінің елшісі Абдулла Əл-Мутаваамен олардың өтініштері бойынша кездесті.

Теѕге баєамы баќылауда Кеше Алматыда Ұлттық банктің төрағасы Қайрат Келімбетов теңге бағамы долларға шаққанда 1 АҚШ доллары 185 теңге болып белгіленгенін жариялады. Бұған дейін 1 доллар 150-155 теңгеге бағаланып келгені мəлім. Осыған орай кеше түстен кейін Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов пен Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мəслихатын өткізді.

Серілердіѕ жалєасы Серік аќын

6-бет

Елшілермен екіжаќты əѕгіме

Кеше Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Алматыдағы ғимаратында банк төрағасы Қайрат Келімбетов елдегі валюта бағамында орын алған өзгерістерге байланысты шұғыл баспасөз мəслихатын өткізді. Қанат ЕСКЕНДІР,

Ќазаќты ќайрау

5-бет

«Ұлттық Банк бүгіннен бастап жаңа айырбас бағамын жариялады. Бұл мəселе халықтың жағдайына кері əсерін тигізбес үшін тез арада тиісті шаралар қабылдаймыз. Ең алдымен, елімізде бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу керек. Бұл, əсіресе, күнделікті тауарлардың бағасына қатысты болып отыр. Біз міне, осы мəселені жан-жақты талдап, тиісті шешімдер қабылдайтын боламыз», деп бастаған С.Ахметов бұл мəселе күнделікті қажетті тауарлардың бағасына айрықша қатысты екенін қадап айтты. Сонымен қатар, ол Үкіметтің экономикалық блогы мен Ұлттық банк қалыптасқан жағдайды шұғыл бағалап, экономиканың жоспарланған өсімінің көлемін қамтамасыз ету тұрғысында ұсыныстар енгізуді тапсырды. Одан əрі сөз

Қазақстандағы мемлекеттік жəне коммерциялық кəсіпорындарды көмірмен қамтамасыз ететін ірі кəсіпорынның бірі болып табылады. Сарыадыр кен орнының ұжымы доллардың теңгеге қатысты жаңа бағамы көмір өнімдеріне жəне тұтастай алғанда, кəсіпорын экономикасына оң ықпал ететініне сенімді. Сарыадыр көмір кəсіпорнының ұжымы.

* * * «Қазфосфат» ЖШС – экспортқа бағдарланған кəсіпорын. Онда 6200 адам жұмыс істейді. Компания тек өңірдегі əлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ететін қала құраушы кəсіпорын ғана емес, сондай-ақ, облыс бюджеті түсімінің 30 пайыздан астамын беретін аса ірі салық төлеушінің бірі болып табылады. Ал Қазақстан ұлттық валютасы бағамының төмендеуі біздің «Қазфосфат» секілді экспортқа бағдарланған кəсіпорын үшін өте тиімді болмақ. Өйткені, бəсекеге қабілеттілігіміз артады. Бұл өз кезегінде дамуға жаңа серпін қосады. Сонымен қатар, компанияның тұрып қалған зауыттарының жұмысын қайта жандандыруға, ва лютақаржылық жүктемесіне қысымның төмендеуіне мүмкіндік береді. Сөйтіп, қаржы-шаруашылық қызметімізде тұрақтылыққа қол жеткізілмек. «Қазфосфат» ЖШС басшылығы.

(Соңы 2-бетте). ішінде индустрияландыру картасына 76 жоба енгізілді. Соның негізінде 7 мың адам жаңа жұмыс орындарына қабылданған.  Биыл Қарағанды қаласының 80 жылдығы атап өтіледі. Осыған орай, атқарылатын іс-шаралар жоспары бекітілді.  Солтүстік Қазақстан облыстық ауруханасына эндовидеоскопиялық қондырғы орнатылды. Осы құрылғы арқылы дəрігерлер бірнеше сырқат түріне (асқазан, бүйрек, бауыр, өт жолы) ота жасай алады. Egemen.kz хабарлары мен облыстық əкімдіктер сайттарының материалдары бойынша дайындалды.

кезегін Ұлттық банк төрағасы Қ.Келімбетовке берді. Ұлттық банк басшысы валюта айырбастау бағамының жаңа деңгейі 1 АҚШ долларына 185 теңге болып есептелгенін еске сала отырып, оның себеп-салдарын тағы бір түсіндіріп өтті. Осыған орай алдағы уақытта халық оның жағымсыз əсерін сезінбес үшін Ұлттық банк тарапынан қолға алынып жатқан шаралармен бөлісті. Бұдан əрі министрлер, мəселен, Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев, Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков, Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, Мұнай жəне газ министрі Ұзақбай Қарабалин сөз сөйлеп, орын алған жағдайға байланысты туындаған мəселелерді талқылады. (Соңы 2-бетте).

Кїн тəртібінде – ґѕірлік ынтымаќтастыќ

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының Арнаулы өкілі, БҰҰ-ның Орталық Азиядағы превентивтік дипломатия жөніндегі Өңірлік орталығының басшысы Мирослав Енчамен жəне Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі Бас хатшысының орынбасары Адахан Мадумаровпен олардың өтініштері бойынша кездесті.

Жүздесушілер Орталық Азиядағы жағдай туралы пікір алмасты. Аймақтағы суды пайдалануға, шекаралық мəселелерге жəне Ауғанстандағы жағдайға халықаралық ұйымдардың баса назар аударып отырғаны атап өтілді. Қ.Тоқаев Қазақстан халықаралық ынтамақтастықтағы парламенттік өлшемге елеулі көңіл бөліп

отырғанын айтты. Төраға, сонымен қатар, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің қызметін тиесілі заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етуге Сенаттың əзір екенін жеткізді, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Таєайындау

Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Мұханбетқазыұлы Тəжин Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.

«Ќазаќ Елі» атауы ґте орынды кґрінеді Юрий СОЛОЗОБОВ,

саясаттанушы, Ресей Федерациясы Ұлттық стратегия институтының халықаралық бағдарламалар бойынша директоры.

Жақында Нұрсұлтан Назарбаев белсенді даму үстіндегі республиканы басқа көршілес «стандармен» шатастыруды болдырмау үшін Қазақстан атауын «Қазақ Елі» атауына ықтимал ауыстыру туралы мəселені талқылауды ұсынды. Мəселен, соғыстан көз ашпаған Ауғанстанмен шатастырмас үшін де бұл жайттың көкейкесті болып табылатыны күмəнсіз. «Уақыт өте келе еліміздің атауын Қазақ Елі деп атау туралы мəселені қарастыру қажет болуы ықтимал», деп мəлімдеді Қазақстан Президенті Атыраудағы Зияткерлік мектепке барған кезінде. Нұрсұлтан Əбішұлы тағы да былай деп қосты: «Бұл мəселені міндетті түрде халықтың талқысына салу қажет». Осылайша, Қазақстан басшысы өз елін қуатты өңірлік держава ретінде танытқысы келіп отыр жəне оның бұл жаңа идеясы егжейтегжейлі зерделеуге лайық екені еш күмəн туғызбайды. Сонау 2006 жылдың қыркүйек айында-ақ маған АПН.кз-нің беттерінде «Бұл жай ғана «стан» емес» деген тақырыпта сұхбат беруіме тура келген еді. Онда батыс БАҚ-тары жəне тіпті, əлемдегі бірқатар жетекші державалар басшылары бес Орталық Азия еліне (олардың ішінде экономикалық жəне саяси тұрғыдан өте түрлі

деңгейдегі елдер – Қазақстан, Қырғызстан, Тəжікстан, Түркіменстан жəне Өзбекстан) соншалықты бір айырмашылықсыз қарайтыны туралы айтылған болатын. Осы арада атап көрсететін бір жайт, тіпті, АҚШ Конгресі құжаттарының өзінде Орталық Азияға қатысты «бес стан» делініп келетін менсінбеушілік көзқарас жиі кездесетіні таңғалдырмай қоймайды. Осылайша, Орталық Азия мемлекеттері экономикалық модельдерінің ерекшеліктері, саясаттағы өзгешеліктері, этностық жəне діни құрамдастары толықтай еленбей келеді. Қысқасы, Батыс үшін бұл елдердің бəрі жай ғана «стандар»! http://www.apn.kz/ opinions/article6009.htm Нұрсұлтан Назарбаев экономикалық инвестициялар ағынына қатты кедергі келтіріп, «Қазақстанның» əлемдік аренадағы табысты ел ретіндегі брендін жуып-шайып кетіп отырған осы мағынасыздықты баяғыда-ақ байқаған (əлеуметтанушылардың деректеріне сəйкес, əлемдік рейтинг бойынша «Нұрсұлтан»

супер-бренді «Қазақстан» ұлттық брендінен айтарлықтай озық тұр – міне, бұл нағыз ойланатын-ақ мəселе!). Бірақ Елбасы өзінің идеясымен енді ғана, халыққа жаңа Жолдауын жариялағаннан кейін бөлісіп отыр. Жолдауда елге ХХІ ғасырда «мүмкіндіктер терезесін» пайдалана отырып, жаңғырту секірісін жасау қажеттігі» көлденең тартылады. Жəне осы аса маңызды мақсатқа қол жеткізу үшін қолда бар барлық мүмкіндіктерді пайдалану қажет. Айтқандайын, БАҚ-тың қуатымен «жаһандық ауылға» айналған қазіргі əлемде көптеген елдер атауларын өзгерту туралы ойлану үстінде. Мəселен, тұрақты да аса орнықты Чехия өзін Чечнямен шатастырғанды қаламаса, ал көршілес Словакия бірдей естілетін, бірақ əл-ауқаты айтарлықтай төмен Словениямен «ақпараттық ажырасуды» талап етеді. Мұндай мысалдарды тағы көптеп келтіруге болар еді. Менің көзқарасымша, «Қазақ Елі» деген тұжырымдама өте ұтымды көрінеді. Бірақ, бұл – сыртқы бақылаушының – Қазақстан Республикасындағы саяси үдерістерді он жылдан астам уақыттан бері мұқият зерделеп келе жатқан халықаралық сарапшының пікірі. «Қорытындысында елдің атауын өзгерту туралы мəселені қазақстандықтармен кеңесе отырып шешу керек», деп атап өтті Н.Ə.Назарбаев.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.