12/03/2013

Page 1

СІЗ не дейсіз? Ґѕірде ќылмыс кґбейіп тўр Облысымызда соңғы үш жылда қылмыс санының өсуі байқалуда. Құқықтық статистика басқармасының мəліметтерінше, былтыр облыстың құқық қорғау органдарында 14 415 қылмыс тіркеліпті. Өткен жылмен салыстырғанда қылмыс саны 38,7 пайызға артқан. Мысалы, өткен жылдың 12 қарашасы күні Салтанат Нысанбекованың пəтері тоналыпты. Бірақ, күні бүгінге дейін құқық қорғау орындары тарапынан ешқандай көмек жоқ көрінеді. Тіпті, хал-жағдайларыңыз қалай деп қарапайым адамгершілік те танытылмаса керек. Өздерін іздеушілер болмаған соң, ұрылар еркінсімегенде қайтсін. «Егемен Қазақстанның» Павлодар облысындағы меншікті тілшісі Фарида Бықай облыстық құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу басқармасының бастығы Мұрат Хамитовке: – Сіз бұған не дейсіз?

–Қоғамдық тəртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыспен күрес ішкі істер органдарының басты міндеті екені белгілі. Алайда, өңірде құқық бұзушылықпен күрес шаралары тек полицейлердің «мойнында» ғана емес. Жоғарыда келтірілген мəліметтер жергілікті мемлекеттік органдардың, білім беру, əлеуметтік қамсыздандыру, мəдениет жəне спорт салаларының өзара іс-қимыл шараларының пəрменсіз екенін байқатады. Бұл орайда, қоғамдық жерлерде жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында еліміздің Бас прокуратурасының құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу комитетінің облыс бойынша басқармасы қалалар мен аудандардың əкімдерімен бірлесіп, арнайы шаралар кешенін əзірлеуде. Сондай-ақ, «Қылмыстылық картасы» мен «Жол оқиғаларының картасын» дайындау қолға алынды. Карталарды pravstat.prokuror.kz сайтынан көруге болады. Мысалы, қылмыс санының артуы облыс орталығында 52,4 пайыз болса, аудандар арасында Лебяжі 36,8 пайызды көрсетіп отыр. Яғни, ауылдың өзінде қылмыс жасау арта түскен. Сол секілді, – Ақсуда –33,6, Железинде – 32,3, Ертісте 25 пайыз... Қылмыс түрлерінің арасында өзгенің мүлкін ұрлау, бұзақылық басым. Бұлар жалпы қылмыстар санының үштен бір бөлігін құрайды. Сондайақ, адам өлтіру, денсаулыққа ауыр зардап келтіру, алаяқтық сияқты заң бұзушылықтар да азаяр емес. Сараптама нəтижелері бойынша, қоғамдық жерлерде жасалған қылмыстардың негізгі бөлігі көшедегі бұзақылық санатына жатады. Қылмыстық оқиғаларды зерттеу барысында көше бұзақылығы күз, қыс мезгілдерінде жəне жұма, демалыс күндері мен мерекелерде жиі тіркелетіні анықталды. Клубтар мен сауда-саттық орындарында жасалған қылмыс саны жалпы тіркелген заң бұзушылықтардың 22 пайызын құрап отыр. Құқық бұзушылықтарға жол бергендердің көбі жұмыссыз жүргендер, спирттік ішімдік ішкендер мен бұрын істі болғандар. Облыс бойынша тіркелген қылмыстардың 3879ын – жұмыссыздар, 1008-ін – ішкіштер мен нашақорлар, 1020сын – бұрын сотталғандар жəне 267-сін жасөспірімдер жасаған екен. Бұл деректер өңірде қылмыстың алдын алу үшін бірлескен жұмыстарды күшейтуді қажет ететінін көрсетеді. Павлодар облысы.

№84 (28023) 12 НАУРЫЗ СЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Боран Сақтансаң – сақтайды

Президент поштасынан

Ўйымшыл команда єана жеѕіске жетеді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Лондон Олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерінен хат келді, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

Хатта Тəуелсіздік жылдарында Мемлекет басшысының спортты қолдауға бағытталған саясатының арқасында Қазақстан табысты спорт державасына айналғаны атап өтілген. Оған Лондон Олимпиадасының нəтижесі айқын дəлел, онда еліміз жалпыкомандалық есеп бойынша сенімді түрде 12-орынды иеленді. Авторлар Қазақстан Президентінің жетістіктің жоғары көрсеткішін ұстап тұру қажеттігі туралы сөзін де еске алады. Олимпиадашылар өздерінің 1 наурызда Теміртауға – Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбек жолы бастал ған қалаға барғандықтарын мəлімдейді. «Біз Сіз еңбек жолыңызды бастаған домна пешінде болдық.

Аќмола аймаєын əлекке салуда

Металлургтердің ауыр еңбегі Олимпиада алдындағы күн сайынғы жаттығулар тəрізді көрінді» деп атап өтеді хат иелері. Хатта Президенттің «Олимпиададағы табыстарымыз стадионға жүздеген болашақ чемпиондарды жинауға тиіс» деген сөзі келтірілген. Авторлар Мемлекет басшысының қолдауымен отандық спортта жаңа жеңімпаздар пайда болатынына сенім білдіреді. «Біздің спорттық жетістіктеріміз – ата-аналарымыздың дара жеңісі, барша қазақстандықтардың жеңісі, əрине, Сіздің де жеңісіңіз. Біз бəріміз Қазақстан туы астындағы бір командамыз. Тек күшті жəне ұйымшыл команда ғана табыстарға жетеді» делінген хатта.

Өңір өмірі

Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Əйелдер мерекесінен кейін гі бірінші жұмыс күнінде Көк шетаудан қол созым жердегі Бурабайға жол тартқанбыз. Аспан ашық көрінгенімен қаладан шыға бере сырма жел күннің нəзік шуағын тарам-тарам желбіретіп тұрғанын көрдік. Жол жиегі қар төбешіктерімен биіктеп, аттылы кісі көрінбейтіндей кейіпке енген. Мұның алдында үш тəулік қатар соққан боранның ашуы тарқай қоймаған екен. Сонда да кері бұрылуды қаламай, тарта бердік. Ақыры кең жолымыз тарыла-тарыла тұйыққа тірелді. Щучье қаласының төбесі көрінді-ау дегенде, жол бойында МАИ-дың екі көлігі айқыш-ұйқыш көлденең тұрғанын көрдік. Бұрымдай бұратылған

көліктердің қатарына келіп қосылуға тура келді. Арнайы қызмет өкілдері көбе қарды тазалап үлгіре алмай жатыр. Жалпы, Ақмола өңірі қыс қытымырлығының биылғыдай əлем-тапырық əлегін көрмегені анық. Облыс əкімі мен оның орын басарлары өткізген шұғыл жиындарға бірнеше рет қатыстық. Арнайы штабта да тыным жоқ. Төтенше жағдайлар департаментінің деректері бойынша, соңғы бір аптаға толмайтын уақытта 811 автокөлік пен 1016 адам қар құрсауынан құтқарылған. Əсіресе, Ақкөл, Атбасар, Бұланды, Бурабай, Есіл, Ерейментау, Целиноград жəне Шортанды аудандарының елді мекендері көп тауқымет көруде. Аталған аудандар аумағынан өтетін республикалық дəрежедегі автотрассалардың жекелеген бөліктері күн

құрғатпай жабылады. Шалғай ауылдарға азық-түлік, күнделікті қажетті тауарлар төтенше жағдайлар қызметінің күшімен жеткізілуде. Тебіндегі жылқының да жүні жығылып қалғаны байқалады. Мереке күндері жедел штабтың жұмысы қатаң режімде жүргізіліп, əлі де жалғасуда. Кезекшілер тəулігіне бес рет автожолдар мен елді мекендердегі жағдайларды жұртшылыққа хабарлауда. Өйткені, облыс аумағындағы негізгі жолдардың өзі 7 наурыздағы 15.00 сағаттан бері жабық тұр. Əсіресе, Астана – Қорғалжын, Астана – Көкшетау, Астана – Есіл, Астана – Ерейментау – Шідерті, Астана – Қарағанды бағытында күрделі жағдай сейілмегендігін айту қажет.

Ќондырєы желсіз кїндері де ќуат ґндіреді «ЗападЭнергоПром» ЖШС-ның бас директоры, кəсіпкер Біржан Жанғалиев жергілікті өнертапқыштардың өнертабыстарын «жандандыруға» қаржы салып, венчурлық кəсіппен айналысуда. Оның компаниясы жел генераторын өндіруге дайындалуда. Батыс Қазақстан облысында электр жарығы жоқ 400-дің шамасында алыс мал бағатын нүкте мен 164 елді мекен барын ескерсек, кəсіпкер инвестициялаған жел двигателінің сұранысқа ие болатыны күмəнсіз.

(Соңы 3-бетте).

Мəссаған!

Ауыл əкімі жеѕе ме, судьяныѕ əйелі жеѕе ме? Ќарапайым халыќќа бермеген жерді билік ґкілініѕ əйелі иемденіп отыр Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Тұрар Рысқұлов аудандық соты судьясының əйелі мен осы ау данның орталығы – Құлан ауылының əкімі соттасып жатыр. Өзін кəсіпкермін деп таныстырған Оразкүл Мірқалықова, яғни судьяның əйелі жергілікті билік өкілін «базар алдындағы жерді кəсіпкерлік мақсатта пайдалануға бермегені үшін» сотқа берген. Бірақ ауыл əкімі Əлік Бектұрсынов болса: «Судьяның əйелі жалған құжат жасап алу арқылы жаяу жүргіншілерге арналған жол жиегінен сауда нысанын ашып алған», дейді. Судьяның əйелінің саудасы тиімді жерден ойып тұрып орын алып алуы, жергілікті кəсіпкер-саудагерлердің де наразылығын туғызуда. Мəселенің мəнісін айтсақ, осыдан екі жыл бұрын жергілікті билік тің шешімімен аудандағы орталық базардың алдындағы сауда нысандары жолды кеңейту мақсатында көшірілген. Бұл,

АҚПАРАТТАР аєыны

Былтыр 8 мыңнан астам ауыл тұрғыны жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша шағын несие алды. Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің сайтында бұдан бөлек, 11 мыңнан аса адамның кəсіпкерлік негіздерін оқыпүйренгені айтылған. Жалпы, бағдарлама жүзеге асырыла бастағаннан бері оған 200 мыңның үстінде адам қатысқан. «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дəлізінің Оңтүстіктегі бөлігінде жұмыс басталды. Мұнда қазір жол танаптарына цемент-бетон төсеу қолға алынды. Жалпы, 2013 жылы аталмыш автотрасса бойынша елімізде 1406 шақырым жолды бітіру көзделген. Қызылордада қуаты 50 мВт болатын күн электр стансасы салынады. Станса құрылысы биыл Жаңақорған ауданының маңынан жүргізілетін болады. Сондай-ақ,

əрине, өз кезегінде саудасаттық иелерінің қарсылығын туғызғанымен, елге ортақ тəртіпке бағынып, «құтты орындарын» тастап, кете барған. Бірақ, өкінішке қарай, аз уақыттан кейін əлгі «жол ды кеңейту мақсатында» босатылған жерде сауда нүктелері қай та дан бой көтере бастайды. Оның жаңа қожайыны Тұрар Рысқұлов аудандық сотының судьясы Дүйсен Мірқалықовтың əйелі Оразкүл Мірқалықова болып шығады. Жергілікті биліктің айтқа ны на көніп, тып-тыныш «қоныс аударған» кəсіпкерлердің ашу-ызасын туғызып отырған да «қолыңнан келсе, қонышыңнан бас», дегенге келетін осы жағдай. Орынгүл ҚОЖАНАЗАРОВА, саудагер: – Судья осы Құлан ауылында тұрады. Дүйсен Мірқалықов деген кісі. Біз сауда нүктелерімізді тастап, жерді босатып кеткеннен кейін ол осы жерге тас қалап, дүкен соқты. Сонда біз сияқты қарапайым халыққа келгенде рұқсат болмайды

Арал ауданындағы Мойнақ ауылында электр қуатын алатын күн сəулесі батареясы қойылған. Ілкі жобаны Біріккен Араб Əмірліктерінің əлемдік экономикалық қоры қаржыландырды. Моноқалалардағы бизнес-жобалар 10 пайызға қаржыландырылады. «Даму» кəсіпкерлікті дамыту қоры 2013 жылдан бұлардағы жобаларды субсидиялау бағдарламасын жүзеге асырады. Ақтөбе облысында «Біз жолдағы қауіпсіздік үшін күресеміз!» атты автосайыс сөреден шықты. Оған полицейлер, жергілікті атқарушы, білім беру органдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысуда. Осыған арналған 6 күннің ішінде экспедиция мүшелері облыстың 12 ауданына барады. Шара барысында педагогикалық қызметкерлер балалардың жол-көлік апаты алдын алу мəселелері бойынша семинар-кеңестер өткізеді. Кинорежиссер Сұлтан Қожықов

да, судьялардың отбасына рұқсат бола бере ме? Аудандығы орталық базардың бастығы да судьяның зайыбынан жапа шегіп отырғанын айтады. Ерлан СҮЛЕЙМЕНОВ, «Құлан» орталық базарының бастығы: – Судьяның əйелі менің жерімді де алып қойып отыр. Заңды, «госактісі» бар, жекеменшік телімімді «судьямын», «судьяның əйелімін» деп, тартып ала бере ме? Дауға себеп болған дүкеннің жанынан ұзындығы – 85, ені – 12 метрлік жер тегістеліп, тағы бір жаңа нысан бой көтермек көрінеді. Оның да иесі кəсіпкер Оразкүл Мірқалықова болмақшы. Бірақ ол да айылын жияр емес. «Құжаттарым заңды», дейді. – Менің де заңдастырған құжаттарым бар. Жұмыс істеп жатқаныма 2 жыл болды. Өзім зейнеткермін. Тірлік жасайын деген ниетім ғой, құжаттарым түгел. Əлік БЕКТҰРСЫНОВ, Құлан ауылдық округінің əкімі: – Бұл кісіге «сіздің жасап

туралы деректі фильм жарық көрді. Кеше Алматыда ҚазКСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты жайлы сыр шертетін осы лентаның тұсаукесері болды. Онда үлкен суреткердің қазақ киносының классикасына айналған «Қыз Жібек» фильмін түсіру кезінде бастан кешкендері, фильмнің жасалу жолдары баяндалады. Павлодарда төрт елдің ғалымдары «Гендерлік лингвистика» монографиясын шығарды. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты ғалымдарының Ресей, Беларусь, Украинаның жетекші тілтанушы ғалымдарымен бірлесіп шығарған бұл еңбегінде тілдік номинация, стереотиптердің қыр-сырларын анықтауға арналған зерттеулердің қорытындылары ұсынылған. ҚазАқпарат, СА-NEWS (kz), Bnews. kz агенттіктерінің хабарлары бойынша дайындалды.

жатқаныңыз заңсыз» деп талай рет айттық. Бірақ өзіне «бутик» салу үшін берілген орыннан басқа жерге, яғни қалаған жеріне «ту тігіп» отыр. Қолында құжаттары болғанымен, мына салынған «бутигінің» құжаттары дұрыс емес.

Байсұлу АЙНАБЕКОВА, саудагер:

– Мына дүкенді аудандық соттың судьясы Дүйсен Мірқалықов деген кісі салдырды. Ал біз болсақ бұл жерге сауда-саттық жасауға болмайды деген соң сол жердегі будкаларымызды алдық та кеттік. Ендеше заңды орындауды талап ететін соттың судьясы сол заңсыз деген жерге неге дүкен салдырып отыр? Міне, сол үшін ашынып, шырылдап отырмыз. Тұрар Рысқұлов ауданының бір топ саудагерлері қазір тиісті орындарға шағымдануда. Бірақ ауыл əкімі жеңе ме, судьяның əйелі жеңе ме, ол жағы əзірге белгісіз. Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы.

Суыт хабар

Тастыбўлаќ трагедиясы Нұрлан ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Қарасай ауданындағы Қырғауылды ауылынан суық хабар жетті. Алматы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Көбейхан Нұрахметовтің журналистерге хабарлауы бойынша, 10 наурыз күні Қырғауылды маңындағы тау беткейінен оқ тиіп қайтыс болған ер адамның денесі табылған. Оның 34 жастағы Нұрлан Өтеулиев екендігі анықталып отыр. Сот-медициналық сараптама белгіленіп, Қылмыстық кодекстің 96-бабы бойынша (адам өлтіру) қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды. (Соңы 8-бетте).

Гүлбаршын ƏЖІГЕРЕЕВА, журналист.

Біржан қарапайым ауыл баласы, əкесі – тракторшы, анасы– мұғалім, Зеленов ауданының тумасы. Өз жұмысын Еуропаның, АҚШ-тың, Қытайдың жəне өзге де шетелдердің электр техникалық тауарларын, есептегіш аспаптарын, мұнайгаз жабдықтарын сатудан бастаған. Өзіне пікірлес, рухани жағынан жақын жігіттердің басын құрап, компания құрды. Бүгінде «ЗападЭнергоПром» ЖШС – əлемге танымал немістің Finder, Hummel, шведтің ABB се кілді мүйізі қарағайдай компанияларының еліміздегі ресми өкілі. Ізденімпаз жас қапшықтап ақша жинауды мұрат етпей, өзге адамдармен бірге қоғамға пайдалы

іспен айналысқанды жөн деп тапқан. Сөйтіп, «Алгоритм» технопаркінің маңынан шағын цех ашты. Қазір компания жүк тасымалына арналған тіркеме техника, генератор түрлерін, дəнекерлегіш аппараттарды, жарықтандырғыш құралдарды құрастырып, шығаруға əбден маманданды. Тəжірибе жинақтаған компания келешекте Төтенше жағдайлар желісіне қажетті жеңіл техника өндірісіне ден қойып, машина жасау саласына бет бұрмақ. – Қызмет бабымен түрлі елдерде жиі боламын. Жоғары технологиялы құрал-жабдықтар шығаратын Ресейдің, Финляндияның ғалымдары мен конструкторларымен жүздесіп, тəжірибе алмасып тұрамыз. (Соңы 3-бетте).

Бір ауыз сөз

«Тїрме аруы» несі? Дəулет СЕЙСЕНҰЛЫ, журналист.

Тағы бір мерекені, 8 наурыз халықаралық əйелдер күнін дүркіретіп атап өттік. Басқаны айтпағанда, елімізге шетелдерден жалпы құны жүз мың доллар тұратын екі тонна гүл əкелінгенін естіп жатырмыз. Солайша əйел затының көңілін көкке көтерген секілдіміз. Əрине, аналарымыз бен апайларымыз, қарындастарымыз бен қыздарымыз мұндай құрметке əбден лайық. Бірақ кейде асыра сілтеп жібере тініміз, де бар-ау! Айталық, өз басым республикалық телеарналардың бірінен пəлен деген қа ланың пəленінші түрмесінде

«Түрме аруы» сайысы өткізілді дегенді естігенде жағамды ұстап, таңғалғанымды жасыра алмаймын. Рас, тағдырдың тəлкегімен түрмеге тап болған арулар бар да шығар. Сондықтан, ондай жандардың жүрегін жаралау ойымызда жоқ. Солай дей тұрғанмен, қасиетті де құрметті ару сөзі мен естігенде денең дір ете қалатын түрме ұғымы бір-біріне еш сыйыспайды-ау! Осылайша, далақтап кете беретін болсақ, жеңіл жүрісті жезөкшелер арасында да сондай мағынадағы сайысты өткізбейтіндігімізге кім кепіл?! Мен қауіп еткеннен айтамын демекші, əр нəрсенің өз жөні бар емес пе! СЕМЕЙ.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
12/03/2013 by Egemen - Issuu