12032014

Page 1

Бїгінгі нґмірде: Мўратымыз – Мəѕгілік Ел

3-бет

Тўлпартерапия

4-бет

№48 (28272) 12 НАУРЫЗ CƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Даєдарыс бейбіт жолмен реттелуі тиіс Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Əңгімелесу барысында екі ел дің басшылары халықаралық күн тəртібіндегі өзекті мəселелер жөнінде, соның ішінде Украинадағы қоғамдық-саяси ахуалдың дамуына қатысты пікір алмасты. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның стратегиялық серіктес ретінде Украинадағы аз ұлттар құқығын, сондай-ақ, өзінің қауіпсіздігінің мүддесін қорғайтын Ресейдің ұстанымына түсіністікпен қарайтынын атап өтті.

Мемлекет басшысы барлық мүдделі қатысушылар байыптылық танытатынына жəне келіссөздер жолымен жағдайды тездетіп қалпына келтіру шараларын қабылдайтынына үміттенетінін білдірді. Қазақстан Президенті Украинадағы дағдарысты егемендікті сақтау негізінде жəне халықаралық құқық нормаларына сəйкес бейбіт жолмен реттеу қажеттігі туралы өзінің пікірін білдірді.

Украинадаєы жаєдайєа назар аударылды Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Барак Обамамен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Əңгімелесу кезінде ҚазақстанАмерика қарым-қатынастарының жай-күйі мен перспективалары, сондай-ақ алдағы 24-25 наурызда Гаагада өтетін Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммитке дайындық барысы талқыланды. Екі мемлекеттің басшылары халықаралық жəне өңірлік қауіпсіздік мəселелері жөнінде пікір алмасты. Украинадағы ішкі саяси жағдайдың дамуына айрықша назар аударылды. Қазақстан мен АҚШ Прези денттері Украинадағы дағдарыс ты осы елдің аумақтық

тұтас тығын қамтамасыз ететін жəне барлық мүдделі тараптарды жақындастыруға септігін тигізетін дипломатиялық əдістерді пайдалана отырып бейбіт жолмен реттеу қажеттігін қуаттады. Нұрсұлтан Назарбаев бұл мəселе үдеріске қатысушылардың барлығының келіссөзі арқылы ғана шешілуге тиіс екенін атап өтті. Өз кезегінде Барак Обама Украинадағы жағдайды реттеу үшін БҰҰ немесе ЕҚЫҰ тəрізді халықаралық ұйымдардың атсалысуымен пəрменді тетіктер қалыптастыру қажеттігіне тоқталды.

Мїдделі тараптар їнќатысуы – ўтымды ќўрал

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Германия Федералдық Канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Екі елдің басшылары Қазақстан-Германия екіжақты қарымқатынастарының жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ, Қазақстан Президентінің Германияға сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтар негізіндегі сауда-экономикалық ынтымақтастық аясын кеңейту мəселелерін талқылады. Бұған қоса, Нұрсұлтан Назарбаев пен Ангела Меркель Украинадағы ішкі саяси ахуалдың дамуымен қатар, халықаралық күн тəртібіндегі өзекті мəселелер жөнінде пікір алмасты. Əңгімелесу барысында Қазақстан Президенті украиналық

дағдарысты барлық мүдделі тараптар арасындағы үнқатысу жолымен, бұл елдің аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету, сондай-ақ, өзара күш көрсету мен ультиматумдардан бас тарту үшін халықаралық бітімгершіліктің ықтимал тетіктерін пайдалана отырып, дипломатиялық тұрғыда реттеудің маңыздылығын қуаттады. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан қажет болған жағдайда Украинадағы ахуалдың бейбіт жолмен шешілуі үшін ымыралы шешімдерді əзірлеуге өзінің сындарлы үлесін қосуға дайын екендігін жеткізді.

Кґмегі кґп ќор

Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде «Даму» кəсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-тың басқарма төрайымы Лəззат Ибрагимова баспасөз мəслихатын өткізді. Онда шағын жəне орта бизнеске қатысты мəселелер сөз болды. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Брифингке қор басшысымен бірге «Та-Мақ» ЖШС директоры Гүлмира Қоңқашева мен «Астана Флора Интер» ЖК директоры Гүлнəр Бөкебаева да қатысып, өздерінің жұмыстарымен таныстырды. Сөз сірəсін бірінші болып бастаған Лəззат Ибрагимова шағын жəне орта бизнесті тексеруге Елбасы жариялаған мораторий

туралы əңгімелеп, бұл игі шара бизнестің дамуына серпін беріп, кəсіпкерлерге көп көмек болатынына тоқталды. Айтқандай, бұл баспасөз мəслихаты бизнестегі нəзік жандарға арналғандай əсер қалдырды. Бүгінгі таңда елдегі шағын жəне орта бизнес саласындағы əйелдердің дені білім беру ісі мен денсаулық сақтау жəне тағам мен тігін өндірісі саласын таңдайды екен. (Соңы 4-бетте).

Кґѕіл айту жеделхатын жолдады Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев даңқты балет бишісі, Қазақ КСР жəне КСРО халық əртісі Рамазан Баповтың өмірден озуына байланысты оның отбасы мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы жеделхатта Рамазан Баповтың өз өмірін өнерге арнап, зор табыстарға қол жеткізгеніне тоқталды. «Ол ұзақ жыл Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера жəне балет театрында жемісті еңбек етіп, айтулы спектакльдердегі басты партияларды үлкен шеберлікпен орындап, өнерсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді. Өз өнерін əлемнің көптеген елінің сахналарында да паш етті. Ұстаздық қызметпен айналысып, шəкірттер тəрбиеледі. 2008 жылы менің шақыруыммен елге оралып, туған театрының шығармашылық тұрғыдан одан əрі кемелдене түсуіне лайықты үлесін қосты», – делінген жеделхатта. Жеделхат соңында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы оның есімі мен еңбегін əрдайым есте сақтайтынын атап өткен.

Саѕлаќ Cтандартты сарапќа салайыќ

5-бет

6-бет

● Интеграция игілігі

Нўрсўлтан Назарбаев – еуразиялыќ интеграцияныѕ бас архитекторы

Тайыр МАНСҰРОВ,

ЕурАзЭҚ-тың бас хатшысы.

Қазақстан Президенті Нұр сұл тан Назарбаевтың ресей лік ғылыми қоғамдастық дег дарларының алдында беделді мінберден ал ғаш рет жұртшылық назарына «Мемлекеттердің Еура зиялық одағын құру туралы жобаны» (МЕО) ұсынғанына 20 жыл толып отыр. КСРО ыдырағаннан кейінгі посткеңестік кеңістікте қалыптасқан əлеуметтік-экономикалық байланыстар жібі бырт-бырт үзіліп, тіпті, əскери қақтығысқа дейінгі көптеген жанжалдар пайда болған тұста, мұның айтарлықтай үлкен оқиға болғанын бүгінде біз жақсы түсінеміз. Адамдар ұлтаралық ахуалдың

нашарлауына байланысты бірбірінен ірге ажыратуға дейін барса, осының салдарынан босқындар да пайда болып, өмір сүру деңгейі де күрт құлдырап кетті. Сол кездері жаңа тəуелсіз мемлекеттер өздерінің арасындағы көптеген

Кїн тəртібі наќтыланды Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты бюросының отырысы болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Бюро мүшелері Сенаттың алдағы 13 наурызда болатын отырысының күн тəртібін қарады. Отырыста Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі қызметіне тағайындау туралы мəселені қарау жоспарланды. Сенаторлар, одан басқа, заңнамаға сыртқы барлау мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын, ішкі істер органдары туралы заң жобасын, сондай-ақ, заңнамаға ішкі істер органдарының қызметі мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ілеспе құжатты (бірінші оқылымда) талқылайтын болады. Бас комитеттердің төрағалары

палата отырысында осы заң жобаларын қарауға əзірлік туралы хабардар етті. Бюрода Сенаттың тұрақты комитеттеріне Мəжілісте мақұлданған бірқатар заң жобалары бөлініп берілді. Бюрода, сондай-ақ, Сенаттың 2014 жылға арналған негізгі ісшаралар жоспарына толықтыру да бекітілді. Атап айтқанда, IV тоқсанға «Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асырудағы Парламенттің рөлі» халықаралық конференциясын өткізу жоспарланып отыр.

● Жағымды жаңалық

қарым-қатынас проблемаларын шешу жолында айтарлықтай қарама-қайшылықтарға да барды. Ал оларға сауда-экономикалық ынтымақтастықтың мүлде жаңа стратегиясын құрып, өзгеріске ұшыраған геосаяси шындыққа

сəйкес келетін өзара іс-қимылдың қағидатты тұрғыдан мүлдем жаңа тетіктерін қалыптастыру қажет болды. 1994 жылдың наурыз айында өткен ММУ-дегі тарихи кездесудің қатысушысы бола отырып,

Тапсырмалар тиянаќты орындалуы тиіс Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында кеше бірнеше маңызды мəселелер қаралды. Мəселен, 2014 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау жайы талқыланып, «көлеңкелі экономикаға» қарсы іс-қимылдың кешенді жоспары таныстырылды. Сонымен қатар, қазіргі маусымның күрделі проблемаларының бірі – көктемгі су тасқынына өңірлердің дайындық жайы пысықталды. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Алғашқы екі мəселе бойынша Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев баяндады. Министр келтірген мəліметтерге сүйенсек, ағымдағы жылы ел экономикасының негізгі өсу факторлары ішкі сұраныстың өсуі мен экспорт үшін сыртқы жағдайлардың жақсаруы болмақ. Айталық, 2014 жылы

əлемдік экономиканың 3,7 пайыз деңгейінде неғұрлым жоғары өсуі күтілуде. Бұл өсу негізінен дамыған елдердегі экономикалық өсуді қалпына келтіру есебінен қамтамасыз етіледі деп болжануда. Халықаралық ұйымдардың есебінше, 2014 жылы мұнайдың орташа жылдық бағасы барреліне 105,1 АҚШ доллары деңгейінде болады делінген. АҚШ долларының нығаюын ескере отырып, болжамды нақтылау

мен осынау батыл да адуынды интеграциялық жобаға қатысты таңданыстарын жасыра алмаған белгілі Ресей ғалымдарының бет-жүздерін көрдім. Бейнелеп айтқанда, бұл Қазақстан Прези дентінің болашаққа көреген көзқарасы еді. Əлем тарихында ғаламат көріпкелдік орасан рөл атқаратынын да атап өткен жөн. Саясаткердің ойы мен ерікжігері уақыттан озып, қоршаған əлемді өзгерте, қалыптасқан стереотиптерді бұза отырып, мүмкіндіктің шегін кеңейте алады. Осы тұрғыдан келгенде, Нұрсұлтан Назарбаев бастамасының құндылығы өзінің замандастарына қарағанда, көп нəрсені көре білуіне байланысты болып отыр. Елбасының еуразиялық интеграцияны дамыту жəне тереңдету бағытындағы ұсы нысы посткеңестік өмір шын дығына қатысты сын-қатерлерге тиімді жауабы болып табылды. Аса қиын жағдайларда Қазақстан басшысы өзін тек аса көрнекті мемлекет қайраткері ретінде ғана емес, сондай-ақ, ойшыл-стратег ретінде де көрсете білді. Сол күні Нұрсұлтан Əбішұлы Мəскеу мэриясында іскер топтар алдында сөз сөйлеп, содан кейін Журналистердің орталық үйінде жетекші Ресей БАҚ-тары басшыларымен дөңгелек үстел өткізді. (Соңы 2-бетте). кезінде орташа жылдық баға барреліне 95 АҚШ доллары болып айқындалды. Бұған дейін мұнай бағасы барреліне 90 АҚШ доллары болған еді. 2014 жылы елдің ішкі жалпы өнімінің нақты өсу болжамы бұрынғы 6,0 пайыз деңгейінде бағаланып отыр. Болжамдар бойынша тауарлар экспорты 86,3 млрд. АҚШ долларын, импорт 52,2 млрд. АҚШ долларын құрайды деп күтілуде. Ал инфляция бойынша параметрлер жылдың соңына болжанған 6-8 пайыз дəлізінде сақталмақ. Доллар бағамының 185 теңгеге дейін ұлғаюына байланыс ты Ұлттық қордан бөлінетін кепілдендірілген трансферттің 2014 жылға бекітілген мөлшері 1480 млрд. теңгені құрайды немесе бекітілген бюджетпен са лыстырғандағы өсуге байланысты 100 млрд. теңгені құрайды деп күтілуде. (Соңы 4-бетте).

Кґктем ќуаныштармен басталды Шуақты көктем Көкшетауға шаттығын ала келді. Қала əкімі Жарқын Жұмағұлов Мұхтар Əуезов көшесіндегі екі бірдей 108 пəтерлі тұрғын үйдің кілттерін қуаныш иелеріне табыс етті. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

«Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасымен бой көтерген көп қабатты ғимараттар құрылысына қазына қоржынынан 926 миллион теңге бөлініп, оны бас мердігерлер «Стройқұрылыс-2030» жəне «СтройТехСервис Көкшетау» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері толық игерді. Жайлы пəтерлер негізінен соғыс жəне еңбек ардагерлеріне, əлеуметтік тұрғыда нашар қорғалған жандарға, жас отбасыларға, балалар үйінің түлектеріне берілді. Бұл санаттағы кісілердің саны 74 адамды құрап отыр. Сондай-ақ, халықаралық əйелдер мерекесі қарсаңында, «Бірлік» шағын ауданында ата-аналар мен оқушылар асыға күткен жаңа мектеп кешені есігін айқара ашты. Оқу-тəрбие кешенінде 216 орындық мектеп пен 80 орындық балалар бақшасы қатар орналасып отыр. Мұнда қазақ тілі, математика, биология, химия, физика, информатика, ағылшын тілі кабинеттері тиісті жабдықтарымен жарқырап тұр. Заманауи спорт залы мен асхана да əсемдігімен көз тартады. Қуанышты шараға жиналғандар заман талабындағы құрылыстың тиімділігін атап көрсетіп, оны сапалы атқарған «Мəрмəр» ЖШС ұжымына алғыстарын білдірді. КӨКШЕТАУ. –––––––––––––––

Суреттерді түсірген Ермұрат ДОСЫМОВ.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
12032014 by Egemen - Issuu