12032015

Page 1

Ел тілегі ескерілді. «Нұр Отан» партиясының кеше өткен XVI съезінде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына кандидат болып ұсынылды.

№47 (28525) 12 НАУРЫЗ БЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

ПРЕЗИДЕНТТІЅ ЌАЗАЌСТАНДЫ ҐРКЕНДЕТУ ЖОЛЫНДАЄЫ БЕС ХАЛЫЌТЫЌ РЕФОРМАСЫ Елбасымен бірге – жаѕа жеѕістерге! Кеше Астанадағы Тəуелсіздік сарайында «Нұр Отан» партиясының кезекті ХVІ съезі өтті. Оған Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

Баршаєа бірдей осы заманєы мемлекет: бес халыќтыќ реформа

Ќазаќстан Республикасыныѕ Президенті, «Нўр Отан» партиясыныѕ Тґраєасы Н.Ə.Назарбаевтыѕ партияныѕ XVI съезінде сґйлеген сґзі Қымбатты қазақстандықтар! Құрметті делегаттар мен съезд қонақтары! Баршаңызды съезд жұмысының басталуымен құттықтаймын. Сіздер байтақ Қазақстанның барлық аймақтарын қамтитын 850 мың партия мүшесінің атынан келіп отырсыздар. Мен барша партиялас серіктеріме еліміздің гүлденуі мен өсіп-өркендеуі үшін төгілген өлшеусіз тер мен ортақ патриоттық еңбектеріңіз үшін зор ризашылығымды білдіремін. Алдымызда еліміз үшін тағы бір тағдырлы, тарихи белес тұр. Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы бастамасы халықтың тарапынан қызу қолдау тапты. Санаулы күнде маған бұл мəселеге қатысты мыңдаған хат келіп түсті. Құзырлы органдар бұл бастаманы еліміздің заңдарына сəйкес деп тапты. 26 сəуірде кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы менің Жарлығым халқымыздың бастамасына жауап болды. Бұл – Отанымызды, бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы біздің бағытымызды жалғастыруға жалпыхалықтық ұмтылыс пен бірліктің дəлелі.

Құрметті қазақстандықтар! Тəуелсіздік жылдары ішінде біз Ұлы жолды жүріп өттік. Біздің еліміз əлемнің неғұрлым бəсекеге қабілетті 50 елінің қатарына енді. ІЖӨ 20 есе өсіп, 2014 жылы жан басына шаққанда 13 мың долларды құрады. Бүгінде біз «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсаты – əлемнің неғұрлым дамыған 30 елінің қатарына енуге қол жеткізу жолында жұмыс жүргізудеміз. Өткен 4 жылда 2011 жылдың сайлау науқаны барысында мен айтқан барлық міндеттерге қол жеткізілді. Біріншіден, ІЖӨ көлемі орта есеппен жыл сайын 5,7 пайызға өсіп отырды. Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың бірінші бесжылдық жоспары аяқталды. Екіншіден, аграрлық сектор даму үшін қуатты серпін алды. Үшіншіден, инфрақұрылымдық салаларда үлкен өзгерістер болды. Төртіншіден, шағын жəне орта бизнес дамып келеді. Бесіншіден, Қазақстан əлеуметтік жаңғыру жолына бет бұрды. 2010 жылдан

бері халықтың табыстары 43 пайызға, ал айлық еңбекақы 130 мың теңгеге жақындап, 64 пайызға өсті. Мем лекеттік əлеуметтік жəрдемақылар мөлшері 1,4 есеге, ең төменгі зейнетақы 1,8 есеге өсті. Алтыншыдан, 4 жыл ішінде ауқымды əкімшілік реформа жүргізілді. Мемлекеттік аппарат реформаланып, Үкіметтің функцияларының 60 пайызы министрліктер мен əкімдіктер деңгейіне берілді. Министрліктер саны 17-ден 12-ге дейін оңтайландырылды. 9 агенттік қысқартылып, комитеттер ретінде министрліктер құрамына берілді. Аудандық маңыз дағы қалалар əкімдерінің, сондай-ақ селолық əкімдердің сайланбалылығы енгізілді. Құқық қорғау органдары мен сот жүйесінде терең реформалар жүруде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қатаң күрес жүргізілуде. Конфессияаралық келісім мен тыныштықтың арқаулық негізі ретінде мемлекеттің зайырлылық сипаты нығайтылды. Жетіншіден, елдің халықаралық беделі нығайып келеді.

Тəуелсіздік сарайы бұл күні еліміздің барлық түкпірлерінен келген съезд делегаттарының ыстық ықыласты, жылы жүзді қауышуларына куə болды. Делегаттар арасында республика халқына жақсы танымал мемлекет жəне қоғам қайраткерлері, атақты ғылым, өнер, əдебиет өкілдерімен қатар, экономикада биік табыстарға қол жеткізген өндіріс майталмандары бар еді. Əрине, ата жасынан асқан ақылман ақсақалдар мен жастар да жүрді. Жалпы, делегаттар саны 1200 адамнан артық болғанымен, шақырылған қонақтарды қоса есептегенде, съезге 2 мыңнан артық адам қатысты. Соның ішінде Парламент депутаттары, мемлекеттік басқару органдарының, ұлттық холдингтер мен компаниялардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері, дипломатиялық корпус, халықаралық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері болды. Съезд жұмысын партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек ашты. Ол өзінің сөзін осыдан 550 жыл бұрын тарих сахнасына көш түзеген халқымыз Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың жасампаздықты ту еткен сарабдал саясатының арқасында бүгінде халқының бірлігі жарасқан, экономикасы қуатты, бүкіл əлем мойындаған заманауи тəуелсіз мемлекет құрды, деп бастады. 20 жыл бұрын мемлекеттік тəуелсіздіктің тірегі – Конституцияны қабылдап, барша ұлт пен ұлысты байырғы

қазақ жерінде өзара ынтымақ пен келісімге ұйытқан Қазақстан халқы Ассамблеясын құрды. Тағдырдың небір қиын-қыстауынан шыныға да, шыңдала да өткен еліміз қазіргі əлемдік дағдарыстар уақытында да даналықпен өз Көшбасшысының төңірегіне топтасып, жасампаз істерге тас-түйін жұмылып, бекемдігін нығайтып, елдігін өсіруге бел буды. Елбасымыз, партиямыздың Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы тарихи Жолдауында еліміздің жаңа даму жолын айқындап, нақты бағыттарды белгіледі. Бағдарламаны іске асыруға бөлінген қаржының ел игілігіне шашаусыз жұмсалуын қадағалау «Нұр Отан» партиясының айрықша міндеті. Партиямыздың кезекті ХVІ съезі осынау зор сенімді ақтау жолында қабылданатын стратегиялық мақсат-міндеттерімізді айқындауға арналады. Біз бүгін атқарылған істерді қорытындылап, айтылар ұсыныстар негізінде аса маңызды шешімдер қабылдаймыз, деді ол. Одан əрі Б.Байбек съездің қарауына ұсынылатын күн тəртібінің жобасын жариялап, оны делегаттар бірауыздан бекітті. Сонымен съездің қарауына «Нұр Отан» партиясының атынан Қазақстан Республикасының президенттігіне үміткер ұсыну, партияның Саяси кеңесі мен Орталық бақылау-тексеру комиссиясының есептік мерзімдегі жұмысының қорытындысы жəне партияның Саяси кеңесі мен Орталық бақылау-тексеру комиссиялары мүшелерін сайлау деген

сияқты 3 мəселе ұсынылатын болып шешілді. Осы үш мəселенің ішіндегі ең бастысы, əрине, президенттік сайлауға үміткер ұсыну екені сөзсіз. Осы мəселе бойынша бірінші сөзді мемлекет жəне қоғам қайраткері, академик Кенжеғали Сағадиев алды. Партиямыздың съезі бүгінгі күрделі кезеңнің өзекті мəселелерін талқыламақ. Олардың ішінде сырттан көріне бастаған небір қауіптердің алдын алу шаралары да бар, деп бастады ол өзінің сөзін. Дəлірек айтсақ, əлемде бүгін тыныштық жоқ. Дүрбелең көбейді. Татулығы бұзылып, бір-бірімен мəмілеге келе алмай, қылыштарын жалақтатып, санкциялық соғыс майданын ашқан елдердің салқын ызғары біздерге келмейді емес, келеді, келіп те жатыр. Бұл – үлкен қауіп. Осылай дей келіп, шешен одан əрі жалпы экономикалық жағдайларға тоқталды. Əлем экономикасы əлі дағдарыстан шыға алған жоқ. Оның дамуы бəсеңдеді, тауарға сұраныс азайды, мұнай, басқа да заттардың бағасы түсіп кетті. Табыс көздері тарылды. Экономикасы нашарлап немесе құлдырау салдарынан алыс-жақын 18 мемлекет өздерінің ұлттық ақшаларын девальвациялауға мəжбүр болды. Осының бəрі Қазақстан үшін қауіп, оны баршамыз сезіп отырмыз. Күрделі кезеңдерде бабаларымыз құрылтай шақырған екен. Бүгінгі құрылтайымызда да алдағы қиындықтарды болдырмау жолдары сөз етілмек. Бізге керегі – ұтымды саясат, тиімді экономика. «Қауіпсіздік, тұрақты даму» осы құрылтайдағы əңгіме арқауы, деді ол. (Жалғасы 3-бетте).

Мемлекеттік тілді еркін меѕгерген Президент Лингвистикалыќ комиссия мїшелерін тəнті етті

(Жалғасы 2-бетте).

Əкімдермен кеѕес ґткізілді Кеше Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президентіне кандидат ретінде мемлекеттік тілден сынақ тапсырды. Бұл үрдіс ел Конституциясында бекітілген тəртіпке сəйкес өтті. Қазақстан Президенті барлық тапсырманы сəтті орындады. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы «Біздің күшіміз – бірлікте» деген тақырыпта жазба жұмысын жазып, Ілияс Есенберлиннің шығармасынан үзінді оқыды, ал ауызша əңгімеде «Бабалар сөзі – даналық көзі» тақырыбында сөйледі. Лингвистикалық комиссия қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тілді еркін меңгерген деп танылды. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев облыстардың жəне Астана мен Алматы қалалары əкімдерінің қатысуымен кеңес өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Кеңесте өңірлік дамудың қазіргі мəселелері, соның ішінде қоғамдық-саяси тұрақтылықты, биылғы жылыту маусымын үзіліссіз аяқтауды, көктемгі егіс жұмыстарына дайындықты қамтамасыз ету, сондай-ақ, бюджет

қаражаттарын басқару, жергілікті жерлердегі баға мен тарифті мониторингтеу жайы қаралды. Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы өңірлерді əрі қарай дамыту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Емтиханнан кейін БАҚ өкілдеріне арналған брифингте Лингвистикалық комиссияның төрағасы Мырзатай Жолдасбеков осы шешімдері туралы кеңінен түсіндіріп өтті. «Жазба жұмысы Нұрсұлтан Назарбаев өзі таңдаған конверт бойынша «Біздің күшіміз – бірлікте»

деген тақырыпта болды. Бұл кісі Президент болғалы бері мем лекетіміздің туын тұғырлы етіп, елдің ынтымағын көтеріп ке ле жатқан адам. Сол ынтымақ-бірл іктің арқасында Қазақстан 23 жылдың ішінде осындай дəрежеге жетті. Осының бəрін екі парақ қағазға өте кең, ауқымды, сыйымды етіп, тақырыпты өте əдемі аша білді. Қате жоқ. Кандидат осындай болу керек деп ойлаймын», – деді

М.Жолдасбеков. «Екінші сұрақ бойынша Ілияс Есенберлиннің прозасынан мəтін берілді. Нұрсұлтан Əбішұлы оны өте мəнерлеп оқып шықты. Үшінші сұрақ «Бабалар сөзі – даналық көзі» деген еркін тақырып. Нұрекең өзі ешбір мемлекеттің тарихында жоқ «Мəдени мұра» деген үлкен бағдарлама жүргізген адам. Оның қолдауымен 100 том дық «Бабалар сөзі» шыққан. Елбасы осы кітаптардан өте жақсы мысалдар келтіріп, байырғы бабаларымыздың даналығынан, солардың халыққа беретін тəрбиелік мəні жөнінде кең əңгіме жасап берді. Қосымша сұрақтар бойынша кандидат Абайдың қарасөздерін айтып берді. Қорытындысында комиссия кандидат Н.Ə.Назарбаев қазақ тілін еркін меңгерген деген шешім қабылдады», – деп түйді М.Жолдасбеков. (Соңы 7-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.