Бүгінгі нөмірде: Үкімет
№105 (28044) 12 СƏУІР ЖҰМА 2013 ЖЫЛ
Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Ќазаќстан тəжірибесініѕ маѕызы аталды Кеше Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанаға жұмыс сапарымен келген Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесу өткізді, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі. Кездесу барысында ынтымақтастықтың түрлі салаларындағы екіжақты қатынастарды одан əрі дамытудың жай-күйі мен перспективалары, атап айтқанда, Қазақстан-Қырғызстан бірлескен инвестициялық қоры қызметінің нақты бағыттары қаралды. Сонымен қатар, тараптар өңірдегі жағдайды, Еуразия кеңіс ті гіндегі интеграциялық үдерістер барысын, сондай-ақ, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер
басшыларының Бішкекте өтетін алдағы саммиті мəселелерін талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев мұндай кездесулерді өткізіп тұру қажеттігін атап өтті. – Біз бауырлас қырғыз халқына шын пейілмен игілік тілейміз. Мен сіздің жүргізіп отырған жұмыстарыңызды қолдаймын. Бүгінде елде жағдай тұрақты. Біз қырғыз экономикасының жоспарлы дамуына мүдделіміз.
Өз тарапымыздан біз ынтымақтастықтың одан əрі нығаюы үшін қолдан келгеннің бəрін жасаймыз, – деді Мемлекет басшысы. Өз кезегінде Қырғыз Республи касының Президенті жылы шырайлы қабылдау үшін алғысын жеткізді. Ол бұл кездесу бірқатар өзекті мəселелер жөнінде пікір алмасуға мүмкіндік бергенін айтты. Сондай-ақ, А.Атамбаев бү гінде Қазақстан өңірдегі ең қар қынды дамушы мемлекет болып отырғанын жəне оның эко но микалық жаңарулар саласындағы тəжірибесі Қырғыз Республикасы үшін маңызды екенін атап өтті.
Ґзара іс-ќимылдыѕ ґзекті мəселелері
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – БҰҰның Женевадағы бөлімінің бас директоры Қасым-Жомарт Тоқаевты қабылдады.
Отырыс барысында Ұлттық қордың қаражатын пайдалану жөніндегі тұжырымдамалық тəсілдер, сондай-ақ оның активтерін орналастыру бағыттары қаралды. Мемлекет басшысы бүгінде еліміздің экономикалық саясатындағы ұзақ мерзімдегі перспективаға арналған Ұлттық қордың одан арғы рөлі мен орнын нақты айқындау қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Ұлттық қор – бұл болашақ ұрпақтың ақшасы, соған байланысты оның тек ең айрықша жағдайда ғана пайдаланылуы мүмкін екенін атап көрсетті. Бұған қоса, Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қордың қаражатын ағымдағы мəселелерді шешудің көзі ретінде қарастырмау, ал оның орнына тиімсіз бюджет шығысын қысқарту, қаржы тəртібін күшей ту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу жəне салық салынатын базаны арттыру қажеттігін қадап айтты. Осы орайда, Қазақстан Президенті таяу уақытта бюджеттің теңгерімділігі жөнінде нақты шара қабылдаудың маңыздылығына назар аударды. Мемлекет басшысы отырыс барысында маңызды мəселелер бойынша келісімге қол жеткізілгеніне тоқталды. – Біріншіден, Үкімет Ұлттық Банкпен бірлесіп, 1 маусымға дейін қаржы-кредит қатынастарының жаңа жүйесі аясында Үкімет пен Ұлттық Банктің үйлестірілген шарасы есебінен тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөнінде толық есебін қосып, бірлескен ұсыныстар енгізсін. Екіншіден, Ұлттық қордың тұжырымдамасының республикалық бюджетке мақсатты трансферттер бөлу бөліміне ұсынылған өзгерістер мақұлдансын. Бұл ретте мен Үкіметке өзге мүмкіндіктерді мейлінше пайдалану туралы тапсырма беремін. Ұлттық қор тек стратегиялық маңызы бар инфрақұрылымдық
Ўлттыќ ќор – ўтымды стратегиялыќ ќўрылым
жобаларды қаржыландырудың басқа көздері болмаған жағдайда ғана пайдаланылуға тиіс. Сондықтан бірінші кезеңде, жоба, оның техникалық-экономикалық негізі əзірленіп, сондай-ақ, қаражат қайтарымы есептеліп болғаннан кейін ғана біз аса маңызды автомобиль жолдарын қалпына келтіру жұмыстарын бастау үшін қаржы бөлетін боламыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Осыған орай, Қазақстан Президенті Астана-Алматы жүрдек пойызына арналған темір жол құрылысының жобасы қосымша тиянақты талдауды қажет ететінін мысал ретінде келтірді. – Осындай темір жолды салғымыз келеді, алайда, мен Қытайда болғанымда бұл мəселені зерделей келе, біріншіден, оның өте қымбатқа түсетін жоба екенін байқадым. Екіншіден, мұндай
темір жол үнемі назарда ұстап отыруды жəне жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Оның үстіне, Астана мен Алматы арасындағы жолаушылар ағыны осынау жолдың лайықты табыс əкелуін қамтамасыз етпейді. Сондықтан бұл идея, ең алдымен, біз қаржыландыруды бастамай тұрып, мұқият есептеуді талап етеді, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы Үкіметке 1 маусымға дейін ұсынылған инфрақұрылымдық жобалар жөніндегі қажетті құжаттарды əзірлеп, бекітуді жəне оларды қаржыландыру үшін Ұлттық қордың қаражатын пайдаланудың тетіктерін айқындауды тапсырды. Сондай-ақ, бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылау үшін жобалардың қаржылық бөліміне мониторинг жəне аудит жүргізу тетіктерін пысықтаған жөн.
Премьер-Министр Серік Ахметов Мемлекет басшысының Президент жанындағы Кəсіпкерлер кеңесінің отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру мəселелері бойынша селекторлық кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Елбасы тапсырмалары шўєыл орындалуы тиіс
Кездесуде Қазақстан мен БҰҰ-ның құрылымына кіретін ұйымдардың кең ауқымды бағыттар бойынша өзара іс-қимылының негізгі аспектілері талқыланды. Əңгімелесу барысында Қ.Тоқаев Мемлекет басшысын БҰҰ-ның Женевадағы бөлімінің ағымдағы қызметі мен қарулануды шектеу жəне қарусыздану
АҚПАРАТТАР аєыны Еліміздің 12 өңірінде өндіріс көлемі артты. Статистика агенттігінің 2013 жылғы қаңтар-наурызда былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда, өнеркəсіп өнімінің нақты көлем индексі 101,9 пайызды құрады. Бұл уақыт аралығында көмір, шикі мұнай, табиғи газ жəне түсті металдар кендерін өндіру көлемі артты. Қазақстан Даму банкі өткен жылы 15,3 млрд. теңге таза пайда тапты. Рекордтық көрсеткіш болып табылатын мұндай жетістікке берілетін несиелер көлемінің артуы, қазынашылық портфелі табысының өсуі жəне қорландырудың арзандауы нəтижесінде шығындардың азаюы есебінен қол жеткізілді. Жалпы алғанда, ҚДБның экономиканы ұзақ мерзімді несиелеудегі еншісі 5,7 пайыздан 5,9 пайызға дейін өсті. «Аграрлық несие корпорациясы»
саласындағы көптарапты келісімдер жасасуға бағытталған жұмысы туралы хабардар етті , деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі. -----------------------------------------
Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
егіншілердің 33 млрд. 833 млн. теңгені құрайтын өтініштерін мақұлдады. Бұл қаржы биылғы көктемде 2 млн. 200 мыңнан астам гектар жерге егін егуге мүмкіндік береді. Корпорация бүгінге дейін Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай жəне Солтүстік Қазақстан облыстарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қаржыландырып үлгерді. Биыл Қазақстан ғалымдары 435 жобаға грант алады. Олар үшін 3 млрд. теңге қаржы беріледі. Жалпы саны 2 744 ұсыныстан іріктелген жобалардың арасында өмір сапасын, зияткерлік əлеуетті, энергетиканы жақсарту, сондайақ шикізат пен өнім өңдеу, ақпараттық жəне телекоммуникациялық технологиялар салаларындағы ғылыми зерттеулер бар. Қазақстанда жуық арада тау-кен өнеркəсібі университеті ашылады. Қазір осыған орай шетелдік оқу орындарының бірімен келіссөздер жүргізілуде. Оның себебі, соңғы 20 жыл ішінде осы саладағы
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, барлық тапсырмалар стратегиялық міндеттер, жаңа стратегиялық бағыттар, кəсіпкерлікті дамыту жөніндегі институттық іс-шаралар болып үш блокқа бөлінген. Олар бойынша нақты мерзімдер жəне оларды жүзеге асыруға жауапты мемлекеттік органдар белгіленген. Атап айтқанда, Үкімет пен «Атамекен» одағы» ҚҰЭП-қа қазақстандық өндірісшілердің БЭК пен ДСО шеңберлерінде мүдделерін ілгерілету жəне қорғау жөніндегі бірлескен
технология айтарлықтай жаңарды, енді оларды үйрену қажет. Павлодар облысының 7 ауданы мен 2 қаласы «Балапан» бағдарламасын мерзімінен бұрын орындады. Осының арқасында бүгінгі таңда аймақта балалар бақшалары табалдырығынан 334 131 бүлдіршін аттады. Бұл мектепке дейінгі мекемелерімен қамту деңгейі 99,2 пайызға жеткенін көрсетеді. Оңтүстік Қазақстанда кенеге қарсы күреске 400 млн. теңге бөлінді. Облыста улы жəндіктен зардап шеккендердің саны қазір 260-қа жетті. Тізімнің басында 50 дерегімен Шымкент қаласы тұр. Биылғы жылы жауын-шашынның көптігінен өңдеу жұмыстары кештеу қолға алынды. Енді сол олқылықтың орнын толтыруға қауырт əрекет жасалуда. ҚазАқпарат, Tengrinews, «Қазақстан жаңалықтары» агенттіктерінің хабарлары бойынша дайындалды.
3-4-беттер Ғарышқа самғау – алысқа самғау 5-бет Өркениет өрісі – өркенді ғылым 6-бет Үміткер көп, жолдама жалғыз 10-бет
іс-қимылдар жоспарын қабылдау қажет. Бұл тапсырма ИЖТМ, ӨДМ жəне өзге де мүдделі органдармен бірлесе отырып ЭБЖМ-ға бекітілуі тиіс. Жергілікті атқару органдарының жұмысын бағалау үшін «Атамекен» одағы» ҚҰЭП «Іскерлік ахуал» атты жаңа рейтинг əзірлеп, оны БАҚтарда жариялайды, деді Б.Сағынтаев. Өңірлік даму министрлігіне үстіміздегі жылдың қыркүйегіне дейін рейтинг өткізіп, нəтижелерін жариялау тапсырылды. (Соңы 2-бетте).
Бір ауыз сөз
– Белсенді талқыланып жатқан тағы бір мəселе – Ұлттық қордың екінші деңгейдегі банктерді қорландыру үшін қаражат бөлуі. Мен бұған үзілдікесілді тыйым саламын, бұл мəселе жөнінде түпкілікті шешім қабылданды. Екінші деңгейдегі банктерде қаражат тартудың көптеген түрлі мүмкіндіктері мен тəсілдері, сондай-ақ, өзге де резервтер бар. Жəне біреу тегін ақша береді деп сеніп отырмай, оларды пайдалану керек. Жұмыс жүргізіп, бəсекеге түсу қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Отырыс барысында ПремьерМинистрдің орынбасары Қайрат Келімбетов пен Ұлттық Банк төрағасы Григорий Марченко есеп берді. Мемлекет басшысы отырыс қорытындысы бойынша қаралған мəселелер жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Ынтымаќтастыќ жəне ыќпалдастыќ
Бейсенбі күні Премьер-Министр Серік Ахметов Швейцария Конфедерациясының Федералдық кеңесшісі, экономика министрі Иоганн Шнайдер-Амманнды қабылдады.
Кездесуде экономикалық, сауда байланыстарын дамыту, индустриялық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыру шеңберіндегі ынтымақтастықты нығайту мəселелері талқыланды. Екі ел арасындағы тауар айналымы өткен жылдың қорытындысы бойынша 5 миллиард доллардан асты. С.Ахметовтің пікірінше, ынтымақтастықтың қазіргі бар əлеуеті бірлескен жобаларды табысты жүзеге асыруға мол мүмкіндіктер береді. Əңгімелесушілер елдер арасындағы ынтымақтастыққа жаңа мүмкіндіктер ашатын Қазақстан-Швейцария іскерлік кеңесінің болашағы мол екенін атап көрсетті, деп хабарлады ПремьерМинистрдің баспасөз қызметі.
Жылы кїндері жандыра бермесек ќайтеді?.. Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан».
Астананың өзінде күн жылы. Ал үйлер мен кабинеттер қайнап тұр. Үйдегі ыстық батареялар бейнебір дала температурасымен жарысқа түскен бе дерсіз. Ауа температурасы +20-25 градусты көрсетіп тұрса да, жылу беру орталықтарынан тараған энергия қақаған аяздардағыдан бір кем емес. Бұл қалай сонда? Күн жылыда босқа шашылған жылу, бей-берекет жұмсалған шығын ба?! (Соңы 2-бетте).