12062013

Page 1

ЖАҢА... ...полиция бґлімшесі ашылды Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Өскемен қаласындағы Защита шағын ауданында полиция бөлім шесі ашылды. Салтанатты жиынға облыс əкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Рашид Жақыпов, полиция қызметкерлері қатысты. – Ел тыныштығы қызметінде тұрған сақшыларға барлық жағдай жасалуда. Былтыр Сөгір кентінде жаңа полиция бөлімшесі іске қосылды. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшылығы мен осындағы филиал ұжымына жаңа нысанды салып бергені үшін алғыс айтамыз. Компания демеушілігімен 56 миллион теңгеге салынған бөлімше іші қажетті жабдықтармен, қуатты қондырғылармен қамтамасыз етілген. Енді ден қойып жұмыс істеу керек, – деді өңір басшысы. Өз кезегінде Р.Жақыпов 10 мыңға жуық тұрғыны бар Защита шағын ауданы тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, адамдардың алаңсыз демалуына барлық жағдайды жасайтындықтарына сендірді. ӨСКЕМЕН.

...мектеп пайдалануєа берілді Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Қармақшы ауданында Тəйімбет Көмекбаев деген ауыл бар. Осы ауылда 300 орындық мектеп пайдалануға берілді. Көмекбаевтағы ескі мектеп 1964 жылы салынған-тын. Бір айта кетерлігі, мектепте тек осы ауылдың балалары ғана білім алмайды. Оған құмның арасында жатқан елді мекендердің балалары да келіп оқиды. Олар үшін интернат қарастырылған еді. Бірақ оның өзі апатты жағдайда болатын. Міне, жаңа мектептің ашылуымен қатар, интернат та жаңарды. Ол 30 балаға ыңғайластырылып жасалған. Мектеп, оқу жылы аяқталса да, жұмыс істей береді. Себебі, мұнда 50 оқушыға арналған жазғы тынығу лагері ұйымдастырылады. Сонымен қатар, оқу ошағында 20 бүлдіршінге арналған шағын орталық өз жұмысын бастамақ. Салтанатты ашылу рəсіміне қатысқан облыс əкімі Қырымбек Көшербаев ауыл тұрғындарын көптен күткен жаңа мектеппен құттықтады. Білім ұясының ұжымына интерактивті тақта, түрлі-түсті теледидар тарту етті. Қызылорда облысы.

...журнал жарыќ кґрді Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты жанындағы «Конфуций» институтында қазақ жəне қытай тілдеріндегі «АқтөбеКонфуций» журналының сүйінші нөмірінің салтанатты тұсаукесері өтті. Қазақстан мен Қытай арасында білім беру, ғылым, тарих, мəдениет салаларында ақпарат алмасу мінберіне айналуды жəне екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықтың дамуына үлес қосуды мақсат тұтқан жаңа басылымды құттықтау үшін Ақтөбе қаласында қызмет етіп жатқан қазақ-қытай компанияларының өкілдері келді. Салтанатты шарада сөз сөйлеген институт ректоры, профессор, журналдың бас редакторы Амантай Нұрмағамбетов қонақтарға алғысын айтып, келешектегі жоспарларымен бөлісті. Одан кейін журналдың жауапты редакторы Гүлнар Қараша журналдың бірінші нөміріне шолу жасады. Журналдың тұсаукесері концертті бағдарламаға ұласты. АҚТӨБЕ.

№146 (28085) 12 МАУСЫМ СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Ќазаќстанда банк жїйесі тўраќты Кеше Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бурабайда «Сыртқы сауда банкі» ААҚ президенті – басқарма төрағасы Андрей Костинмен кездесу өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесуге Президент Əкімшілігі Басшысының орынбасары Б.Сұлтанов, «ENRC Kazakhstan» ЖШС ак цио нері Ф.Шодиев жəне «Сыртқы сауда банкі» («Банк ВТБ») ААҚ президенті – басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ю.Соловьев қатысты. Кездесу барысында Қазақстандағы еншілес банк қызметінің негізгі бағыттары, сондай-ақ, «Сыртқы сауда банкінің» еліміз экономикасын дамыту жəне əртараптандыру үдерісіне қатысуының жай-күйі талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев «Сыртқы сауда банкі» тек Ресейде ғана емес, сонымен бірге, Еуропадағы ірі банктердің бірі болып табылатынын, Қазақстанның жеке меншік жəне корпоративтік секторын кредиттеуге белсене қатысатынын атап өтті. – Индустриялық-инновациялық бағдарлама аясында жобаларды біздің елімізде іске асыратындар үшін айтарлықтай қолайлы жағ дай жасалған. Қазақстан

Жўмыспен ќамту жїйелі жїреді Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

шағын жəне орта бизнестің дамуын, атап айтқанда, оны кредиттеу қарқынының өсуін барынша ынталандыруда. Жалпы, бүгінде банк жүйесі дəйекті түрде дамып келеді, банктердің жеке капиталының өсуі байқалады, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы Біртұтас экономикалық кеңістіктің қызметін ескере отырып, Қазақстанда кəсіп кер лікті дамыту жөнінде бірлескен жұмыстарды жандандыру қажеттігіне тоқталды. Өз кезегінде «Сыртқы сауда банкі» ААҚ басқарма төрағасы кездесу үшін алғысын білдіріп, «Сыртқы сауда банкі» тобы

Қазақстандағы өз қызметін белсенді жүргізіп отырғанын атап өтті. – Бізде ынтымақтастық аясын кеңейту жоспары бар. Біз Сіздің күш-жігеріңіздің арқасында экономика қарқынды дамып келе жатқанын көріп отырмыз. Соны мен бірге, трансшекаралық бизнестің мүмкіндігін арттыратын интеграциялық үдерістер жүруде. Біз үшін бүгінде əлемдік жəне еуропалық деңгейге шығатын Қазақстанның ірі компанияларымен жұмыс істеу қызықты. Сондықтан біздің мақсатымыз – осында бар мүмкіндіктерді зерделеу, – деді А.Костин. Бұған қоса, кездесуде қаржы

Наќты міндеттер белгіленді Кеше Ақордада Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Сарапшылық кеңесінің отырысы өтті. Отырыс барысында Қазақстан Республикасының тəуекелдер контексінде ұлттық қауіпсіздік пен əлеуметтік тұрақтылықтың өңірлік даму мəселесі қаралды. Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қайрат Қожамжаров өңірлік дамудың негізгі мəселелерін белгілеп, өңірлік саясаттың аса маңызды басымдықтарына назар аударды. Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы проблемалар мен тəуекелдер сараптамасына, саяси тұрақтылық

пен ұлттық қауіпсіздікті сақтау мақсатында əлеуметтік-экономикалық тепе-теңсіздікті азайтуға ерекше көңіл бөлді. Сарапшылық кеңесінің мүшелері мен мемлекеттік органдардың басшылары өңірлік да мудың маңызды проблемасын, соның ішінде, аталған саладағы мемлекеттік, салалық бағдарламалардың іске асырылу барысын; өңірдің экономикалық дамуының бірқалыпты еместігін, ауылдық аумақтар мен шағын

қалалардың даму мəселесін; ұлттық-демографиялық құрылым құру саласындағы үрдісті; сыртқы жəне ішкі көші-қон мəселесін; сондай-ақ, өңірдегі əлеуметтік мəселелер кешенін талқылады. Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қ.Қожамжаров Сарапшылық кеңесінің жұмыс қорытындысы бойынша өңірлік саясаттың ұзақ мерзімді стратегиялық көрінісіне жəне кешенді тəсілдерге назар аудара келе, мемлекеттік органдар мен сарапшылық бірлестіктер алдындағы нақты міндеттерді белгілеп берді.

Бəрекелді!

Бір мектептегі їш тїлек тест сынаєында 125 балл жинады Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Өткен сенбіде мұнайлы өңір мектеп бітірушілерінің соңғы легі ҰБТ сынағын тапсырды. Бұл күні бір оқу ордасының үш түлегі ҰБТ-дан ең жоғары көрсеткішті бағындырды. Атап айтқанда, Атырау қаласындағы ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназияның оқушылары – Самал Құмарова, Нұржан Қамзаев жəне Ақбөкен Сахтанов он бір жыл бойы жинаған білімінің нəтижесінде ҰБТ-дан ең жоғары көрсеткіш – 125 баллға ие болды. Осы оқу ордасының жəне бір түлегі – Айнаш Əубекерова білім сынағынан 124 баллдық көрсеткішке қол жеткізіп, өздеріне білім нəрін сепкен ұстаздарының сенімін ақтады. Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназияны бітіргелі отырған үш өреннің қуанышына барша атыраулықтар да ортақтасып жатыр. Алдыңғы күні облыс əкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан ҰБТ-дан 125 балл жинаған үш жас өренді ұстаздарымен, ата-аналарымен бірге арнайы қабылдады. Əкімнің орынбасары өздері оқыған білім ордасының ғана емес, мұнайлы өңірдің мақтан тұтарына айналған жас өрендерді ҰБТ сынағынан

АҚПАРАТТАР аєыны

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы шеңберінде республикамыз өңірлеріндегі инженерлік-коммуникациялық жүйенің олқы тұстарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, осы бағдарлама негізінде елді мекендегі жеке шаруашылыққа берілетін несие көлемі 5 млн. теңгеге дейін артады. Тағы бір жағымды жаңалық, бірнеше жаңа жұмыс орындары ашылады. Елімізде азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі институт құрылады. Оның негізгі атқаратын қызметін кеше Астанада халықаралық сарапшылар талқылады. Олар алдымен аталған институттың жарғылық құжаттарын əзірлеу қамына кіріскелі отыр. Солтүстік Қазақстан облысында дəнді дақылдарды егу науқаны толық аяқталды.

Селекторлық режімдегі кешегі Үкімет отырысы Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен өтті. Күн тəртібінде екі мəселе қаралды. Бірінші кезекте, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы талқыланып, одан кейін парниктік газдар шығаруға квота бөлудің 2013 жылға арналған ұлттық жоспары отырысқа қатысушылар назарына ұсынылды.

жоғары көрсеткішке жетулерімен құттықтап, алдағы уақытта да биіктен көрінулеріне сəттілік тіледі. – Біздің түлектеріміз жыл сайын ҰБТ-дан жоғары көрсеткішке қол жеткізіп жүр. Гимназияны үздік бітірген олар еліміздегі ең таңдаулы университеттерде, «Болашақ» бағдарламасымен шетелдерде жоғары білім алып, отандық, шетелдік компанияларда жемісті еңбек етуде. Биыл тағы қуанышқа кенелдік. 6 өреніміз «Алтын белгіге», 2 оқушымыз «Үздік аттестатқа» лайық екенін дəлелдеді, – деді газет тілшісіне гимназия директоры София Əлібаева. Ашылғанына 22 жыл толғалы отырған техникалық гимназия – ерекше білім ордасы. Олай дейтініміз, мұнда ағылшын тілі бірінші сыныптан тереңдетіле оқытылады. Сонымен бірге, математика пəнін де дəл осылайша арнайы оқытуға баса мəн беріліп келеді. Осы білім ордасының абыройын аспандатып, ҰБТ-ның ең жоғары көрсеткіші –125 баллдық межені бағындырған түлектердің екеуі қазірдің өзінде Назарбаев Университетінің студенттері атанып үлгерген. Тағы бір түлек шетелдің таңдаулы оқу орнында білім алуды көздеп отыр. Атырау облысы.

Биыл дəнді дақылдар 3 млн. 620 мың гектарға отырғызылған. Сонымен бірге, майлы дақылдар аумағы 50 мың гектарды құрап отыр. Көктемгі дала жұмыстары кідіріссіз жүру үшін «ҚазАгро» АҚ жергілікті жердегі шаруашылықтарға 20 млрд. теңге несие берген. Шығыс Қазақстан облысындағы өнертапқыш электр жарығын қажет етпейтін тоңазытқыш ойлап тапты. Оның ерекшелігі, суық түскен кезде автоматты түрде аяз қорын жинай алады. Бұл тоңазытқыш балық шаруашылығына, шаруа қожалықтарына жəне қоймаларға арналған. Өнертапқыш биыл осы тоңазытқыштың алдыңғы легін шығаруды көздеп отыр. Ақтөбе облысының əкімдігінде бірыңғай кадр қызметі құрылды. Ол қала əкімі аппараты мен ауылдық округ əкімі аппаратындағы, мемлекеттік мекемелердегі кадр мəселесімен айналысады. Аталған құрылым жұмысты

жүйелі ұйымдастыру мақсатында құрылған. Қызылорда қаласындағы ауызсу, кəріз жүйесін реттеуге байланысты республикалық бюджеттен 2 млрд. 984 млн. теңге бөлінді. Осы қаржыға қаладағы Арай, Мұнайшы шағын аудандары мен Қызылжарма ауылдық округінде 16 ауызсу ұңғымасы бұрғыланады. Бұл мақсаттағы жұмыстар қаланың басқа аймақтарында да жалғасын табатын болады. Жыл соңына дейін Астанада апатты жағдайдағы баспаналарда тұратын 180 отбасыға жаңа үй беріледі. Ал алдағы уақытта апатты тұрғын үй мəселесін шешетін қалалық əкімдік жанынан «Елорда даму» ЖШС құрылады. Сондай-ақ, болашақта елордадағы ескірген 228 тұрғын үй бұзылады. «ҚазАқпарат», Tengrinews, «Қазақстан жаңалықтары» агенттіктерінің хабарлары бойынша дайындалды.

жүйесін жетілдіру жөнінде елімізде жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша өзара тиімді ынтымақтастықтың келешегі бар аспектілері аталып өтті. «Сыртқы сауда банкі» ААҚ Ресейде, Еуропа елдерінде, Азия, Таяу Шығыс, Африка жəне АҚШта кең ауқымды банктік қызмет көрсететін ресейлік жетекші қаржы тобы болып табылады. Еншілес банк Қазақстан нарығында 2008 жылдың бас кезінен бері жұмыс істейді. ––––––––––––––––– Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Президент поштасынан

Бўл – мəні зор оќиєа

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына 106-шы Қазақ ұлттық кавалерия дивизиясы сол даттарының туған-туыс та ры мен ұрпақтарынан хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Хатта авторлар 106-шы Қазақ кавалерия дивизиясының ерлігі туралы əңгімелейтін Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені «О чем молчал терновник...» атты деректі фильм түсіргені үшін зор алғыс білдірген. «Ұзақ жылдар бойы 106-шы Қазақ кавалерия дивизиясының тағдыры туралы ешқандай ақпарат болмады. Тек Тəуелсіздік жылдары, Қазақстан мен Украинадан шыққан іздестіру топтарының күш-жігері арқасында, əйтеуір, қандай да бір мəліметтер пайда бола бастады. Осы дивизияның кавалеристері хабар-ошарсыз кеткендер болып саналып келген, ал олардың кейбіреуін, тіпті сатқындар деп те атады. Президент Телерадиокешенінің 1942 жылы Харьков түбіндегі күші басым жаумен ұрыста қаза тапқан Қазақ дивизиясы жігіттерінің қайғылы тағдыры туралы фильм түсіргені мəні зор оқиға болды. Бұл біздің əкелеріміз бен аталарымыздың нағыз батыр болғандығын тағы да даусыз дəлелдейді», делінген хатта. Хат авторларының пікірінше, деректі картинаның арқасында айбынды Қазақ дивизиясы солдаттарының кіршіксіз абыройы қайта қалпына келтірілді, ал отандастарымыз сұрапыл соғыстағы тағы бір қайғылы жəйт туралы шындықты білді. Хатта деректі фильмнің тарихи маңыздылығы атап өтілген, сондайақ, еліміз өсіп-өркендеп, жаңа биік жетістіктерге жете берсін деген игі тілек білдірілген.

Жұмыспен қамтудың 2020 жылға дейінгі жол картасы Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен дайындалғаны баршаңызға мəлім. Онда еліміздің экономикалық өсімінің көздері мен бағыттары көрсетілген. Мұны мен қатар, құжаттағы басым бағыт – халықты жұмыспен қамтамасыз етудің тиімді жолдары са раланған. Сөйтіп, дағдарысқа қарсы көптеген игі ісшаралар қарастырылып, тосыннан келген қиындықтан қисынын тауып шығудың нақты бағыттары ай қындалған. Бұйыртса, бүгін осы стратегиялық маңызы зор құжатты жіті көзбен тағы бір кешіріп, кем-кетігі болса түзеп, толықтырып бекітеміз, деді Премьер-Министр. Мұнымен бірге, күн тəртібіне қойылған екінші мəселеге де үлкен жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймын. халықаралық келісімдерге сəйкес елімізде парниктік газдар шығаруға квота бөлудің 2013 жылға арналған ұлттық жоспары ықыласпен назар салуды талап етеді. Сондықтан, бүгінгі отырыста осы жоспардың орындалу барысын барлап, бағам дап, нəтижесін талқылауға саламыз. Одан шығарылған қорытындыға орай, алға қойылар міндеттерді айқындап аламыз, деді С.Ахметов. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, қазақстандық еңбек рыногының тиімділігін ба рынша арттырудың кешенді бағдарламасы – «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы дайындалғаны белгілі. Бұл «жол картасында» əлемдік экономикада ауытқу пайда болып, ел экономикасы тығырыққа тірелер

жағдай туа қалса, қиындықтан қысылмай шығудың жедел шаралары қамтылған. Құжатта соның не гіз гі үш жолы айқындалып, онымен жүріп өтіп, халықтың əлауқатын жақсартудың түрлі тиімді меха низмдері қарастырылды. Негізі, бұл істе өз тəжірибеміз бар. Мұндай елдік шара 2009-2010 жылдары өзінің жемісті нəтижесін бергені мəлім. Аталған бағдарламада осы тəжірибенің олқы тұстары шегеріліп, ұтымды əрі ұстынды жақтары қажетке алынды, деп баяндады Еңбек жəне халықты əлеу меттік қорғау министрінің міндетін атқарушы Т.Дүйсенова. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының «жол картасы»-на байланысты ешқандай мəселе туындамай, бір ауыздан қабылданып, бекітілді. Үкімет басшысы келесі мəселенің мəн-мазмұнын тағы бір таратып, ол бойынша баяндама жасауға Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаровты шақырды. Сөйтсек, елімізде парниктік газдар шығару ісіндегі шаруа қатталып-ақ қалыпты. Оны салаға орай арнайы жасалған ұлттық жобаның жөн-жосығына зер салған адам анық аңғарады. Əйтсе де, көп қырлы кешенді жобаны жасауда тегеурінділік танытқан Қоршаған ортаны қорғау министрінің жүзі жар қын, дауысы айқын болды. Со ған қарағанда, жоба жақсы жасалып, қадамын сəтті бастамақ сықылды. Қазіргі кезде квоталарды сатудың ішкі рыногын құрудың негізгі ережелері бекітілді. Сол себепті, шығарындылар бойынша белгіленген лимитті арттырғаны үшін көміртегінің қос тотығының əрбір тоннасы үшін 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлемі белгіленді. (Соңы 4-бетте).

Ґркендеу їшін жаѕа мїмкіндіктер керек Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мəми Астанаға ресми сапармен келген Словакия Республикасы Ұлттық Кеңесінің Төрағасы Павол Пашкамен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Қазақстан мен Словакия таяуда дипломатиялық қатынастардың орнағанына 20 жыл толғанын атап өтті. Қ.Мəми атап көрсеткендей, бұл мерзімде өзара сенім мен бір-бірінің мүдделеріне құрметке негізделген достық қатынастар қалыптасып, дамудың үлкен жолынан өтті. Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы атап өткендей, екі ел парламенттерінің арасындағы үнқатысу мемлекетаралық өзара іс-қимылдың маңызды бөлігі болып табылады. Қазақстан Парламентінің Сенаты Словакия Ұлттық Кеңесімен мейлінше тығыз байланыстар орнатуға мүд делі. «Сіздің Парламентте құрамына беделді словак саясаткерлері енген Қазақстанмен достық тобының құрылғанын біз жылы шыраймен атап өтеміз. Жақын арада біз Қазақстан Сенатында Словакиямен ынтымақтастық тобын құруға

ниеттеніп отырмыз», деді Қ.Мəми. Кездесу барысында тараптар көпжақты деңгейде, ЕҚЫҰ, Еуропа Кеңесі жəне НАТО Парламенттік ассамблеялары аясындағы байланыстарды өрістетуге əзірлігін білдірді. Словакия Қазақстанның келешегі зор экономикалық əріптесі болып табылады, деді Қ.Мəми. Осыған байланысты əлемдік қаржы дағдарысына қарамастан, екі ел арасында тауар айналымының оң сипаты атап өтілді. Сөйтіп, екіжақты сауда көлемі 2012 жылы 137 миллион долларға жетті. Қ.Мəми атап өткендей, ауыл шаруашылығы, көлік-транзиттік инфрақұрылым, құрылыс, металлургия, химия өнеркəсібі, сондай-ақ машина жасау салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға Қазақстан мүдделі болып отыр. (Соңы 4-бетте).

Бїгінгі нґмірде: Сана сеніміндегі басты бетбўрыс 3-бет

Ќос ќўдаєи 5-бет

Ќырыќ кісі бір жаќ, Ќайрат Əуелов бір жаќ... 7-бет


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.