Бїгінгі нґмірде: Ыќпалдастыќ – уаќыт талабы 3-бет Кім кінəлі? №113-114 (28338) 12 МАУСЫМ БЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
4-бет
Рио-де-Жанейро 5-бет Əлем чемпионаты – їйіѕіздіѕ тґрінде! 14-бет
Бюджеттіѕ атќарылуында олќы тўстар бар Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2013 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері талқыланды. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».
Шетелдік инвестициялар кґрмесімен танысты Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесі аясында «Қазақстанның 2010-2014 жылдарға арналған индустриялық бағдарламасындағы шетелдік инвестициялар» атты көрмеде болды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Көрмені аралау кезінде Мемлекет басшысы «Абу-Даби Плаза», «Астана-ЭКСПО-2017», «Көк жайлау» тау курорты» жəне Алматы медициналық орталығы тəрізді жобалардың
жүзеге асырылу барысымен танысты. Сонымен қатар, Қазақстан Президентіне Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту жəне қала сыртындағы Borovoe Country Club
коттедж кентінің, гольф-клубтың, сондайақ, Назарбаев Университетінің ғылымизертханалық кешенінің жобалары көрсетілді. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ, «Верный капитал» компаниясы жобалаған қала маңындағы коттедж-үйді қарап көрді. Ақмола облысы, Бурабай кенті.
Мемлекет мерейі
ЭКСПО туы ќолымызда
Адамзат ақыл-ойының тамаша табыстарының бірі – Бүкілəлемдік жетістіктер көрмесін ұйымдастырудың 160 жылдан астам тарихында Орталық Азия аймағы, тіпті, ТМД елдерінің ешқайсысында да халықаралық көрме туы желбіреп көрген емес. Кеше Париж қаласында Қазақстанның бас қаласы Астана – ЭКСПО-2017 Бүкілəлемдік көрмесінің астанасы ретінде ресми жəне түпкілікті түрде танылып, Халықаралық көрмелер бюросы ұйымының туы Қазақстанға салтанатты түрде табыс етілді. Өркениет шоғырында шоқтығы биік Қазақстанның жəне елордамыз Астананың халықаралық сахнадағы мерейі тағы да шарықтады.
Кеше Парламент Мəжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының пошта байланысы саласындағы заңнамасының нормаларын Дүниежүзілік пошта одағы актілерінің нормаларымен біріздендіру жəне пошта операторларының қызметін реттеу мəселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасын мақұлдады.
Парламент депутаттары Ш.Өтемісов, З.Балиева, Х.Валиев, Г.Исімбаева, С.Оспанов, М.Пішембаев, А.Самақова, Г.Сейітмағамбетова, Е.Тарасенко бастамашы болған заң жобасына қатысты Аграрлық мəселелер комитетінің мүшесі Ұласбек Сəдібеков қосымша баяндама жасады. Депутаттардың айтуынша, бұл заң жобасы Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында елдің транзиттік əлеуетін, логистикалық қызметтер көрсетуді жəне халықаралық сауданы
дамыту бойынша атап көрсеткен стратегиялық міндеттерге қол жеткізу жəне орындау, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының пошта байланысы саласындағы заңнамасын халықаралық заңнамаға, атап айтқанда, Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сəйкес келтіру негізінде əзірленген. Отырыс барысында тағайындалған операторды айқындауға қатысты мəселені Қазақстанның шешпеуіне байланысты Дүниежүзілік пошта одағы атынан EMS кооперативі 2014 жылғы 1 шілдеден бастап барлық мүшелік жеңілдіктерді Қазақстанға беруді тоқтататыны туралы Ұлттық пошта операторын хабардар еткені айтылды.
● Қазақстанда Энерге тикалық хартия үдерісін дамытудың негізгі бағыттарын анық тай тын құжат дайындалады. Бұл туралы мəлімдеген Мұнай жəне газ министрі Ұзақбай Қарабалин биылғы 26-27 қараша күндері өтетін хартия конференциясы сессиясы қорытындысында əзірленетін Астана қаласының 2015-2019 жылдарға арналған «Жол картасының» стратегиялық негізгі бағыттарды анықтайтын құжат болуы мүмкін екенін айтты. ● Назарбаев Университетінің айналасында ғылыми-зерттеу жəне корпоративтік орталықтар белдеуі құрылады. ПремьерМинистрдің орынбасары Гүлшара Əбдіқалықованың айтуынша, аталмыш оқу орнында жаңартылмалы энергетика, қоршаған орта, компьютерлік технологиялар, биохимия, робототехника, физика бағыттары бойынша 45 ғылыми жоба жүзеге асырылады. ● Шығыс Қазақстанда денсаулық сақтау қызметкерлеріне төл мерекелері қарсаңында 58
жеңіл автомобиль тапсырылды. Семей қаласындағы орталық алаңда өткен бұл рəсімде дəрігерлерге көлік кілттерін табыс еткен облыс əкімі Бердібек Сапарбаев бұған қоса тағы 6 медицина қызметкерінің «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша пəтерлі болғанын жария етті. ● Ақмолалық өнертапқыш биоотын мен тыңайтқыш өндіре бастады. Облыстың Сандықтау ауданындағы Шаңтөбе кентінде орналасқан «Вега» ЖШС директорының орынбасары Иван Чесовикин бұларды сиырдың қиын өңдеу арқылы жасап жатыр. ● Қарағанды облысында құбыр шығаратын зауыттың іске қосылар шағы жақын. Оның құрылысына германиялық инвесторлар 1,5 млрд. теңгеден астам қаражат салды. Жылу жүйесі мен мұнай өндіруде кəдеге жарайтын құбырлардың кепілдік мерзімі ұзақ əрі сапасы жоғары. Жаңа зауыт арнайы экономикалық аймақта орналасқан. ● Шымкентте 8 мың орындық жаңа мешіт бой көтереді. Кеше Оңтүстік Қазақстан облысының
«Егемен Қазақстан».
АҚПАРАТТАР аєыны
«Егемен Қазақстан».
Халықаралық көрмелер бюросы Бас ассамблеясының 155-сессиясында алғашқы болып Қазақстан тарапынан Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов сөз сөйлеп, сессияға қатысушыларға арналған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын оқып берді. «Құрметті Бас хатшы мырза! Құрметті Ассамблеяға қатысушылар! Қазақстан Республикасы Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу құрметіне ие болды. Көрме ТМД кеңістігінде бірінші рет өткізіледі жəне əлемдік энергетика саласындағы талқылаулар мен инновацияларды таныстыруға арналған алаңға айналатын болады. Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 балама энергия көздерін əзірлеуге жəне пайдалануға айтарлықтай үлес қосуға шақыратыны, үздік əлемдік технологияларды таныстыруға мүмкіндік беретіні жəне энерге тикалық тиімді бағдарламаларды ілгерілетуге жəрдем көрсететіні сөзсіз. Біз бірге неғұрлым экологиялық жəне қауіпсіз қоршаған орта құру жолында жаңа шешімдер іздеу үшін бүкілəлемдік қоғамдастықтың күшжігерін жұмылдыратын боламыз. Біздің таңдаған «Болашақ энергиясы» тақырыбы бүкіл адамзат үшін аса өзекті болып
табылады. Қазақстан – жасыл экономиканы енгізудің белсенді жақтаушысы. Осыған орай, біз 2012 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының орнықты даму жөніндегі конференциясымен мақұлданған ХХІ ғасыр дағы Жаһандық энергия-экологиялық орнықты даму стратегиясын жəне «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын ұсындық. Астанадағы Көрме жарқын халықаралық оқиғалардың бірі болатынына, балама жəне жаңартылатын энергия көздерін одан əрі қолдануға жəне дамытуға серпін беретініне сенімдімін. Біз ЭКСПО-2017-ні ең жоғары деңгейде өткізу үшін бар күш-жігерімізді саламыз. Барлық қатысушыларға табысты жұмыс пен жетістіктер тілеймін!» деп атап көрсетілген Елбасы құттықтауында. Сессия жұмысының барысында «АстанаЭКСПО-2017» көрмесі ресми түрде танылды. Осыған байланысты, Халықаралық көрмелер бюросы Бас ассамблеясының президенті Фердинанд Наги мен Бас хатшысы Висенте Лоссерталес Қазақстан Республикасы делегациясының жетекшісі, Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовқа ХКБ туын салтанатты түрде табыс етті. (Соңы 2-бетте).
(Соңы 2-бетте).
Заѕ жобалары маќўлданып, Сенат тїзетулеріне келісім берілді
Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ,
Кеше, яғни, 11 маусымда Парижде Халықаралық көрмелер бюросы Бас ассамблеясының 155-ші сессиясы өз жұмысын бастаған еді. Қалыптасқан дəстүр бойынша осы сессияда «Астана-ЭКСПО-2017» Бүкілəлемдік көрмесін ресми түрде тану жəне Халықаралық көрмелер бюросы ұйымының туын 2017 жылы осы жаһандық шараны өткізетін ел – Қазақстанға салтанатты түрде тапсыру шарасы болып өтті. Сөйтіп, Батыс пен Шығыс өркениетін жалғастырған алтын көпір атанған ару Астанада Халықаралық көрмелер бюросының туы желбірейтін болды. Халықаралық көрмелер бюросы Бас ассам блеясының 155-сессиясының жұмысына еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов бастаған қазақстандық ауқымды делегация қатысты. Делегация құрамында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары – Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рəпіл Жошыбаев, «Астана-ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Талғат Ермегияев жəне еліміздегі əлемдік көрмені өткізуге жауапты Үкіметтің лауазымды тұлғалары қатысты. Халықаралық көрмелер бюросы Бас ассамблеясының сессиясына осы ұйымға мүше 160 мемлекеттің делегациялары түгелдей дерлік келді.
Жалпы отырыстың осы жолғы күн тəртібіне қойылған мəселелердің саны ауқымды көрінді. Алғашқы болып назарға ұсынылған тақырыпта мінберге көтерілген Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов: «Мен негізгі цифрларды таныстырылым жиналыста айтып өткенмін, нақты ақпарат Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепте бар. Сіздер оларды талқылау барысында көп орынды жəне маңызды сұрақтар қойғансыздар. Көптеген сауалдарға нақты жауаптар жəне қосымша ақпарат берілді. Сондықтан мен бүгін негізгі сəттерге ғана тоқталып өткім келеді», деп бірінші түсімдердің атқарылуына тоқталды. Оның айтуынша, 2012 жылмен салыстырғанда республикалық бюджеттің түсімдері есеп жылында 7,8 пайызға арта отырып, 5 272 млрд. теңгені құраса, олардың ішінде кірістер 5 180 млрд. теңгені көрсеткен. Дегенмен де, корпоративтік табыс салығы, шағын жəне орта бизнестің
дамуы, Кеден одағының баждарға əсері мен берешек бойынша көп сұрақтар болды, деп осылардың əрқайсысына жеке тоқталып өтті. Корпоративтік табыс салығы бойынша бастапқыда жоспар шамадан тыс үлкен болғанын алға тартқан шешен бюджетті нақтылау барысында ол жоспардың азайтылғанын жеткізді. Атқарылмаудың тау-кен компаниялары салдарынан қалыптасқанын, ал өзге салалар бойынша корпоративтік табыс салығы экономиканың өсуінен асыра жиналғанын, яғни 14 пайызға асқанын көлденең тартты. Бұл экономиканың номиналды өсуінен асады. Сондықтан осы жағдайды оң жəне маңызды сəт деп бағалауға болады деген ойын жеткізген ол əрі қарай кейбір салық төлеушілердің экономикаға қосқан үлесіне мониторинг жүргізу мақсатында олардың есептілігіне талдауды күшейтеміз, деді сенаторлар алдында. Бұдан кейін бизнестің жол картасы, қосымша құн салығы, импорттық кеден баждары бойынша деректер келтірген Бақыт Тұрлыханұлы: «2013 жылдың қорытындылары бойынша Кеден одағы елдерінен
баждар жоспарға қарағанда аз түсті. Жалпы алғанда, 4 жылда сальдо оң болып қалыптасып, 97 млрд.теңгені құрады. Қазақстан аударғанына қарағанда көбірек алды. Болжау сапасын арттыру мақсатында үш елде жоспарлау процесін келісу қажет», деді. Сондай-ақ, «Бір терезе» қағидаты бойынша қағазсыз кедендік декларациялау енгізілудің бизнес үшін тосқауылдарды азайтатынын айтқан ол келесі кезекте республикалық бюджеттің шығыстарына тоқталды. Шығыс бөлігі бойынша бюджеттің орындалмауы мемлекеттік бағдарламалар, дебиторлық берешек, бюджетаралық қатынастар жəне квазимемлекеттік секторда орын алған. Игерілмеу сомасының есебіне қатысты ол жоспарланған қаражатты қазынашылық шоттан шығыс түрінде есептен шығарумен арадағы айырманы анықтағанда бюджет орындалмауы 43 млрд. теңгені құрағанын айтты. Бұл – касса бойынша игерілмеу, деген шешен бюджет қаражатының игерілмеуіне квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қалдықтарын да қосуға болады деп, Есеп комитетінің осы ұстаныммен игерілмеудің сомасын анықтағанын жеткізді. Сонымен бірге, сатып алу рəсімдерін уақтылы өткізбеудің игерілмеу себептерінің бірі болып табылатыны да көлденең тартылды.
Сондай-ақ, депутаттар қазіргі таңда қабылданған халықаралық міндеттемелерді орындаудың қажеттілігі туып тұрғанын, осыған байланысты заң жобасының міндеті пошта байланысы көрсететін қызметтер нарығындағы қатынастарды ұйымдастырудың жаңа моделін енгізу болып табылатынын жеткізді. Ал бұл жаңа модель бірнеше жаңалықтарға негізделеді. Олар: тағайындалған оператор институтын жəне «пошта байланысының əмбебап көрсетілетін қызметтері» ұғымын енгізу, тағайындалған операторға пошта байланысының əмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі міндеттемелерді бекітіп беру. Бұған қоса, осы заң жобасына сəйкес 4 заңнамалық актіге, оның ішінде, «Почта туралы», «Табиғи монополиялар жəне реттелетін нарықтар туралы», «Байланыс туралы» жəне «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліпті. (Соңы 2-бетте).
əкімі Асқар Мырзахметов пен өңірдің зиялы қауым өкілдері жаңа құтхананың капсуласын салу рəсіміне қатысты. Барша мұсылман үшін қасиетті Ораза айының алдында құрылысы басталатын нысан 2016 жылы қасиетті Рамазан айында ел игілігіне айналатын болады. ● Қызылордадағы колледждер Əлемдік даму банкінің гранттарын жеңіп алды. Бұл туралы баяндаған облыстық білім басқармасының басшысы Наурызбай Байқадамов биыл жаңадан ашылатын 10 мамандыққа облыстық бюджеттен 106,0 млн. теңге қаржы бөлініп отырғанын жеткізді. ● Атырау облысында балалардың жазғы демалысына 128,7 млн. теңге бөлінді. Жалпы, биыл аймақтың 17 мың мектеп оқушысы жазғы демалыстарын облыстан тыс жерлерде өткізеді. Олардың арасында жетім балалардың үлес салмағы басым. «ҚазАқпарат», 24KZ, Аltaynews.kz, Egemen.kz агенттіктерінің сайттары деректері бойынша дайындалды.