12062015

Page 1

Бїгінгі нґмірде: Ісі – сґз, сґзі – іс 4-бет Мемлекеттік ќызметке тыѕ серпін беретін бастама 5-бет Ўлттыѕ їлгілі ўлыќтары 9-бет «Жібек жолы» журналы жəне Тґрегелді туралы сыр 11-бет

№109 (28587) 12 МАУСЫМ ЖҰМА 2015 ЖЫЛ

Таєаттылыќ – адамзат таѕдауы Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлері V съезінің кешегі жалпы отырысы мен жабылу салтанатына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Жалпы отырысты Парламент Сенатының Төрағасы, съезд Хат шылығының Басшысы ҚасымЖомарт Тоқаев ашып, жүргізіп отырды. Ол кешегі отырыстарда сындарлы пікірлер айтылғанын ауызға алып, съезд жұмысының жоғары деңгейде өтіп жатқанын атап көрсетті.

Жалпы отырыстағы алғашқы сөзді Қ.Тоқаев форумға қатысу үшін арнайы келген Иордания Королі ІІ Абдаллаға берді. Қазақстан – Шығыс пен Батысты байланыстырып отырған алып мемлекет. Соншалықты аумағына сай Қазақстанның Шығыс пен Батыс руханиятын, өркениетін жақындастырып отырғанына тəнтімін. Бүгінгі таңда осындай үнқатысу алаңы өте қажет. Заманауи қатерлер ешкімді де бейжай қалдырмайды, оларға қарсы бірлескен шаралар қолдансақ қана зауалдарды ауыздықтай аламыз. Барлық дін өкілдері үшін əлем ортақ, бəріміз үшін ол жалғыз. Қазір жаһандық қоғамдастығымызға қатер төніп тұр. Дін атын жамылғандар бəрімізге ортақ қатер төндіруде. Соның ішінде Ислам əлемі де бұл қауіптен тыс қалып отырған жоқ. Əсіресе, зорлықзомбылық əрекеттерге жастарды тартушылардың қаупі зор. Олар шағын топ болса да зияндылығы жылдам тарауда. Турасын айтатын болсақ, олардың қасиетті Исламға ешқандай қатысы жоқ. Алайда, бір құмалақ бір қарын майды шірітуі мүмкін. Сондайлардың Алла атын жамылғанына қарай, жұрттың бəрі мұсылмандардан теріс айналмауы керек. Керісінше, бəріміз бірлесе отырып, осындайларға қарсы күш біріктіруге тиіспіз. Соның ішінде мұсылман қауымының белсенділігі зор болғаны жөн.

Иорданияның ресми ұстанымы да осындай. Біз діндердің бірбірін құрметтеуін, бір-біріне төзімділік танытуын қалаймыз. Терроризм мен экстремизмге қарсы бірлескен кешенді шаралар ғана əлемдегі бейбіт өмірді сақтап қала алады. Сонымен бірге, дағдарысты аймақтарда өмір сүріп жатқан халықтың тағдырына араласып, оларға көмек қолын созу бəріміздің міндетіміз, дей келіп, сөзінің аяғында Иордания Королі шын мұсылман барлық адамды бауырым деп санайтынын атап көрсетті. Ислам діні – шынайы сенім діні, олар бір-бірімен кездесіп, амандасқанының өзінде алдымен бейбіт өмір тілейді, деді ІІ Абдалла. Келесі сөз БҰҰ Өркениеттер

альянсының жоғары өкілі Насер Абделазиз əл-Насирге берілді. Өзінің сөзін ол Қазақстандағы діни ахуал жəне этностық қарымқатынас туралы айтудан бастады. Қаншама көпэтносты жəне көпконфессиялы болса да Қазақстан билігі олардың арасында бейбіт өмір орнатып отыр, осының өзі бүкіл əлемге үлгі боларлық, деді ол. Біздің əлеміміз бүгінгі күні теңдессіз тұрақсыздық жағдайын басынан кешіруде. Сондықтан да біздің бүгін нағыз əділетті жəне бейбіт жолға ұмтылып, сол үшін жиналып отырғанымызды бəріміздің Алланың алдындағы адал ісіміз деп тануымыз керек. Бүгінгі күні ұйымдасқан қылмыстар, есірткі бизнесімен айналысатын жүздеген

Иордания – Ќазаќстанєа жаќын ел Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің V съезіне қатысуға келген Иордания Королі II Абдалламен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

топ миллиондаған адамның өміріне қауіп төндіруде. Оның үстіне, осындай қатерлер мемлекеттер арасындағы шекаралық кедергілерден асып түсіп жатыр. Бүгінгі əлем біздің 20 жыл бұрынғы əлемімізден мүлде бөлек. Инновациялық жаңалықтардың көбін қылмыстық топтар өз пайдасына ұқсатып кетуде. Əсіресе, жастарды түзу жолдан тайдыруға олардың ықпалы зор. Міне, осындай қасіреттерге тек діни көшбасшылардың белсенді əрекеттері ғана қарсы тұра алады ғой деп ойлаймын. Саналарға имандылық, рухани тазалық ұрығын себу ғана жастарды бұзылудан сақтайды. Біз БҰҰ Өркениеттер альянсының жанынан осындай істермен

Елбасыныѕ апталыќ кестесі

12 маусымда Қазақстан Пре зи дентінің төрағалығымен Қауіп сіздік кеңесінің кезекті отырысы өтеді деп жоспарланып отыр. Онда экологиялық қауіпсіздіктің жайы, қоршаған ортаны қорғау саласында қабылданып жатқан шараларға қатысты мəселелер талқыланады. 15 маусымда Назарбаев Университетінің алғашқы түлектеріне салтанатты түрде диплом тапсыру рəсімі өтеді, оған Мемлекет басшысының қатысуы жоспарланған, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Хроника

Мемлекет басшысының Өкімімен Астана қаласының əкімі Əділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков «Астана ЭКСПО – 2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды. * * * Мемлекет басшысының Өкімімен Талғат Амангелдіұлы Ермегияев «Астана ЭКСПО – 2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметінен босатылды.

Нұрсұлтан Назарбаев пен II Абдалла екіжақты жəне өңірлік ынтымақтастық мəселелерін қарастырды, сондай-ақ, халықаралық күн тəртібіндегі өзекті жайттар туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, Астанада өтіп жатқан Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлері съезінің жұмысы талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев Иор да нияның Қазақстанға жақын ел екеніне назар аударды. – Сіздің Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлері съезіне қатысу үшін біздің елімізге келуіңіз зор мəнге ие. Біз Сізбен əрдайым өзара сенімді қарым-қатынаста бол дық. Қазақстан Сіздің еліңізге үлкен құрметпен қарайды. Сіздің Иордания орналасқан өңірдегі тұрақтылықты

қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып отыр ғаныңызды атап өткім келеді. Сондықтан біз Сізді əрдайым қолдауға əзірміз, – деді Мемлекет басшысы. II Абдалла екіжақты байла ныс тарды нығайтудың маңыздылығын айта келіп, Қазақстанға шақырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты. – Өзіңізбен кездесіп, ортақ күш-жігеріміз арқылы əлемнің бұдан да жайлы əрі тыныш болуына қалай ықпал ете алатындығымыз тура лы Сізден кеңес алу мені əрдай ым жылы əсерге бөлейді. Мен көп жылдан бері өңірдегі бітімгершілік, халықтар мен діндерді жақындастыру жолындағы Сіздің қызметіңізге тəнті болып келемін, – деді Иордания Королі.

айналысатын кеңес құрып жатырмыз. Дін қайраткерлері осы кеңес арқылы жастарға үндеу жариялап, оларды түзу жолға тартуға ықпал етер деген үміттеміз. БҰҰ тарапынан бұл іске қолдау білдірілуде, деді əл-Насир. Келесі сөз Минск жəне Слуцк митрополиті, Бүкіл Беларусь патриархы Павелге берілді. ҚасымЖомарт Тоқаев оның кеше Мəскеу жəне Бүкіл Ресей патриархы Кириллдің съезге арнаған сəлемхатын жеткізгенін атап өтті. Митрополит Павел де өзінің сөзін съезді ұйымдастырушыларға деген алғыстан бастады. Мен оны өте ауқымды халықаралық форум деп санаймын. Адамзат бүгінгі күні күрделі ахуалға тап болып отыр, осындай үнқатысу алаңдарының

 Оймақтай ой Ғұмыр бойы бақытты болғың келсе, адал адам бол. Томас ФУЛЛЕР.

алуына үлес қосуымыз керек. Тек дін иелері емес, бүкіл қоғам иманды болғанда ғана адамзаттың алға сеніммен аяқ басуына жол ашылады. Сонымен қатар, қауіпсіздіктің ең басты кепілі – діндер арасындағы ынтымақтастық екенін ұмытпайық, деді сөзінің соңында митрополит Павел. Сөз кезегі өзіне тигенде ЕҚЫҰның Бас хатшысы италиялық Ламберто Заньер өзінің съезге қатысып отырғанына қуанышты екенін жеткізді. Одан əрі ол ЕҚЫҰ жұмысының бағдарлары туралы анықтама бере келіп, дін лидерлерінің съезі оның негізгі қағидаттарына сай, яғни аймақтық жəне əлемдік қауіпсіздікке үлес қосатынына сенімді екенін білдірді. Зорлық-зомбылық пен экстремизмді дəстүрлі жəне əлемдік діндердің бəрі де жоққа шығарады. Адамдарға олардың Құдай ісіне қарсы екенін уағыздайды. Керісінше, экстремистер дін атын жамылып, зорлық-зомбылықты насихаттайды. Сондықтан экстремизмді діннен бөлек, оған қарсы əрекет екенін əшкерелеудің маңызы зор. Осы тұрғыда біздің ұйым да бірқатар шаралар ұйымдастырып отыр. Соның ішінде Жерорта теңізі бойындағы қауіпсіздік мəселесіне арналған конференция биыл Иорданияда өтетін болды. Астанадағы осы үнқатысу алаңы да өзара түсіністікті кеңейте түседі деп санаймын. Демек, оның да халықаралық қауіпсіздікке қосып жатқан үлесі үлкен. Діни экстремизм, фанатизм сияқты түсініктердің жəне олардың зияндылықтарын дін лидерлерінің əшкерелеуінің маңызы зор. Діни тұрғыдан білім беру, осы бағыттағы ағартушылық жұмыстар позитивті ұстаным болып табылады. Соның ішінде террористік топтардың, теріс идеологиялардың діни сенімнен мүлде теріс əрекетпен айналысатынын да жастар арасына кеңінен таратқан дұрыс болар еді.

болғаны жəне ондағы келісім ғана жүректерге болашаққа деген сенім ұялатады. Бүгінгі күні ғасырлар бойы қалыптасқан имандылық мұраттары аяқасты етіліп, бұрмалануда. Сөйтіп, олар теріс пиғылда пайдаланылуда. «Өзің үшін ғана өмір сүр» деген өзімшіл қағидат белең алып тұр. Қоршаған ортаға деген эгоистік қатынас бірбірімізге деген өшпенділікке алып келді. Осының кесірінен жергілікті қақтығыстар, дінге негізделген шиеленістер өрши түсуде. Сондықтан біз асыл діндеріміздегі адами құндылықтарымызды жаңғыртып, жастардың оларды қабылдауына əсер ететін шараларға жаппай кіріскеніміз абзал. Озық үлгілер арқылы дəстүрлі этикалық қағидаттардың күш

(Соңы 2-бетте).

Съезге ќатысушылармен кездесті

Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы ҚасымЖомарт Тоқаев Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің V съезіне қатысушылармен кездесті, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Ламберто Заньер Астанадағы дінаралық форумның айрықша маңызын атап өтіп, оған қатысушылар құрамының ерек шелігіне назар аударды. Оның пікірінше, осындай форумдар əлемдегі, əсіресе, Таяу Шығыстағы күрделі ағымдар жағдайын ескере келгенде өте қажет жəне ол барлық халықтардың қауіпсіздігі жолындағы ауқымы зор жемісті жұмысы үшін Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын білдірді. Қ.Тоқаев Қазақстан үшін ЕҚЫҰ басымдыққа ие екенін

жəне оны одан əрі нығайту қажеттігін атап өтті. Сенат Төрағасы Хельсинки Қорытынды актісінің 40 жылдығы қарсаңында Ұйым, оның ішінде, парламенттік өлшемі Еуразиядағы үнқатысу жəне бірлескен іс-қимылға маңызды тұғырнама болып қала береді, деп санайды. АҚШ Мемлекеттік де партаментінің Діни қауымдастықтар бастамалары мəселелері жөніндегі басқарма жетекшісі Шон Кейси дінаралық үнқатысуға ерекше мəн беретін Мемлекеттік хатшы Джон Керридің сəлемін жеткізді. (Соңы 6-бетте).

Ќаржы игеруде белсенділік ќажет Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Ұлттық қордан бөлінген қаржыларды игеру мəселесі бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, Қазақстанның Даму банкі (ҚДБ) мен «Даму» кəсіпкерлікті дамыту қорына Ұлттық қордан өңдеу өнеркəсібі саласында жұмыс істейтін кəсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету үшін қаржы бөлінді. ҚДБ желісі бойынша инвестициялық жобаларды ұзақ мерзімді жеңілдікті несиелеу келесі шарттарда

жүзеге асырылады: номиналды сыйақы ставкасы – жылдық 6 пайыздан артық емес, несиелеу мерзімі – 10 жылға дейін, негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті мерзім – 24 ай, бір заемшыны қаржыландыру шегі – 200 млн. теңгеден 5 млрд. теңгеге дейін. 2014 жылдың желтоқсанында ҚДБ 50 млрд. теңге мөлшерінде

бірінші траншты бөлді, үстіміздегі жылдың наурызында банк тағы да 50 млрд. теңге алды. 4 маусымға қарасты жалпы сомасы 46 млрд. 442,3 млн. теңге болатын ірі кəсіпкерлік субъектілерінің 39 жобасына қолдау көрсетілді. Шағын жəне орта кəсіпкерлік субъектілері «Даму» қоры арқылы келесі шарттар бойынша жеңілдікті несиелеуге ие болады: номиналды сыйақы ставкасы – жылдық 6 пайыздан артық емес, несиелік желі бойынша қолжетімділік мерзімі – бір жылға дейін, бір заемшыға шектеудің

ең жоғарғы шегі – 1 850 млн.теңге. Өткен жылы қорға бөлінген 50 млрд. теңге мен наурыз айында бөлінген 50 млрд. теңгеге өңдеу өнеркəсібі мен қыз мет көрсету саласындағы ШОБ субъектілерінің жалпы сомасы 80 750 млн. теңге болатын 425 жобасы қолдау тапты. Кеңес қорытындысы бойынша «Бəйтерек» ұлттық басқарушы холдингіне, «Даму» қорына жəне ҚДБ-ға банктермен бірлесе отырып, Ұлттық қор қаржыларын игеру бойынша жұмыстардың белсенділігін арттыру тапсырылды.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.