АҚПАРАТТАР аєыны №169 (28108) 12 ШІЛДЕ ЖҰМА 2013 ЖЫЛ
Өңір өмірі
Жағымды жаңалық
Шалєы сырылы
Ќазаќстанныѕ 17 миллионыншы тўрєыны
Биылғы жылдың жүзі жылы. Көкорай кілем жабылған Атбасар өңірі жаз маусымын жан жадыратар қауырт істермен өрнектеуде. Əсіресе, шабындықтағы шалғы сырылының əуені екпінді. Сан мысалдың бір парасын «Бастау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жауапты шақтағы шалт қимылынан да байқауға болады.
Ол – Оѕтїстік Ќазаќстан облысыныѕ Сайрам ауданындаєы Таскен ауылында тўратын Мўрат Есќараўлыныѕ отбасында ґмірге келген Алтынбек есімді сəби Сұңғат ƏЛІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».
«Бастау» ЖШС – көп салалы шаруашылық. Дəстүрлі диқаншылық қайта өң деу кəсіпорындарының ора лымдылығы арқасында пайда қорын молайтып жатса, мал шаруашылығы уақыт көзқарасындағы жаңа қадамдармен дамуда. Мұнда төрт түліктің барлық түрі өріске шығып, озық технологиялық күтімге алынғаны қуантады. Мəселен, ірі қара табынында қазақтың ақ бас сиырымен қатар, шетелдік ангус қатар жайылса, қойдың еділбай, жылқының жебе жəне мұғалжар тұқымы өсім беруде. Шаруашылық басшыларының жоспарында асыл тұқымды малдың қарасын көбейте түсу ниеті барлығын да білеміз. «Малдың күтімі аузында, күйі күйісінде» демекші, қыруар малға қыруар азық та керек. Биыл серіктестік былтырғыдан асыра сөйлегенде, 6000 тонна табиғи шөпті маялау қамында. Дəл қазір науқан басталғалы үшінші аптаға ауысқан екен. Санап тұрмыз, 20 агрегаттың
жұмысында тыным жоқ. Шөпті шабу, дестелеп кептіру, оны жинап, жаңбырға тигізбей тасымалдау оңай шаруа емес. – Биыл шөп бітік шықты, – дейді бас агроном Қайыргелді Ербалин. – Орталық маяға бүгінгі күні 1500 тонна құнарлы азық жеткізілуі тиісті қорды жасайтынымызға шүбə келтірмейді. Өздеріңіз көріп тұрған 20 техниканың үшеуі «Крона» шалғысын тіркеген қуатты «Джон Дир». Еңбек өнімділігін арттыруда еуропалық үлгідегі «JCB» механикалық тиегіші көп септігін тигізуде. Ол
Басты байлық
Отандыќ озыќ ота
Бір адамныѕ аєзасы тґрт сырќаттыѕ ґмірін саќтап ќалды Таяуда Алматыда А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми-хирургия орталығында Қазақстанда тұңғыш рет бір донордан төрт пациентке мүшелерді мультимүшелі трансплантациялау оталары жасалып, бəрі де сəтті өтті. Бұл жөнінде аталмыш орталықтың бір топ мамандары журналистерге арнайы өткізген баспасөз-брифингінде мəлімдеді.
бір ауысымда 200 тоннаға жуық шөп тией алады. Бас агрономның айтуынша, шаруашылық мал азығының сынақтан өткен тұқымдарын пайдаланады. Тиімділік те осыдан. «Бастаулықтар» 400 гектар эспарцеттің əр гектарынан алғашқы шалғыда-ақ 15 центнерден шөп жинап отыр. Сондай-ақ, 4800 гектар екпе шөптің тең жартысы кемінде екі өнім береді деп есептелуде. Агроном, осы ретте, табиғи шөп пен ормантоғайлы қойнаулардың түсіміне риза екендігін білдірді. Мұның
үстіне, 1500 гектар жүгеріден, 150 гектар бұршақтан, 2500 гектар арпа мен 400 гектардан астам сұлы егістігінен сүрлемдік азық та молынан дайындалатынына сенім бар. Ақмола облысы, Атбасар ауданы. ----------------------------Суретте: бас агроном Қайыргелді Ербалин (ортада), бригада мүшелерімен жұмыс барысын саралауда. Суретті түсірген Ермұрат ДОСЫМОВ.
Бїгінгі нґмірде:
Уаќыт кїттірмес ґзгеріс 3-бет Ўлт шежіресін жазу – ўлы міндет 4-бет
Қазақстанның əр өңірінде бір сағаттың өзінде бірнеше бала өмірге келетіндіктен, 17 миллионыншы адамның өмірге келгенін анықтаудың өзі оңай емес. Дегенмен, осыған бел буған еліміздің Статистика агенттігі көптеген дерекқорларды зерттей отырып (соның ішінде туған балалар мен қайтыс болған адамдардың жəне біздің елімізге келушілер мен эмиграцияға кетушілер туралы фактілерді), еліміздегі 17 миллионыншы сəбидің кім екендігі мен оның туған уақытын анықтап шықты. Осының нəтижесінде еліміздің 17 миллионыншы тұрғыны ретінде 2013 жылдың 15 мамырында Астана уақытымен сағат 23.10да туған ұл бала анықталды. Ол Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданындағы Таскен ауылында тұратын Мұрат Есқараұлы Өміш пен Гүлмира Арысбекқызы
Сапарбаеваның отбасында өмірге келген Алтынбек есімді сəби болып шықты. Сəбидің өмірге келгендігі 2013 жылдың 16 мамырында Сайрам аудандық АХАЖ органында тіркеліп, ата-анасына Алтынбек Есқаратегінің туу туралы куəлігі тапсырылған екен. Жалпы, əлем елдерінің дəстүрінде оларда өмірге келген адамдардың белесті санын білдіретін оқиғаларды тіркеп отыру тəжірибесі бар. Сол дəстүрге жəне тəуелсіз Қазақстанның демографиялық өсіміндегі белесті көрсеткішті атап көрсету үшін осы қуанышты оқиғаны жариялап отырмыз. Елімізде Алтынбектен кейінгі өмірге келген сəбилер қатары да аз емес. Статистика агенттігінің 2013 жылдың 1 маусымындағы мəліметі бойынша, халқымыздың саны 17 миллионыншы межеден тағы да 10,6 мың адамға асып, 17 010 564 адамға жеткен. «Көбеймесек көсегеміз көгермес» дегендей, көбейе берейік, отандастар!
Жаѕа оќшаулаєыш машина орнатылды Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».
ENRC құрамына кіретін «Қазхром» трансұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауытында жаңа оқшаулағыш машина жұмыс істей бастады. Бұл техника қожды қайта өңдеу жұмысын жақсартуға мүмкіндік береді. Жабдық судың тігінен соғатын ағынының əсерімен феррохром қожын байытуға арналған. Жаңа техника 2013 жылдан бері қолданылып келген ескі оқшаулағыш машинаның орнына "Қазхромның" инвестициялық бағдарламасы аясында сатып алынып, орнатылды. Машина қазірдің өзінде жобалық қуатына шықты. Қожды қайта өңдеу цехының бастығы Талғат Каленовтің айтуынша, жаңа оқшаулағыш
машина жұмысты сапалы да тиімді орындауға алғышарт жасайды. Сондай-ақ, осы арқылы еңбек өнімділігін арттыруға, еңбек жағдайын жақсартуға қол жеткізілетін болады. – Компанияның инвестициялық бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын əрбір жоба қашанда маңызды – ол өндірісті, еңбекті жəне қоршаған ортаны қорғау мақсаттарына бағытталған. Оқшаулағыш машинаны сатып алу да осы барлық қатаң талаптарды қанағаттандырады жəне оған сəйкес келеді, – деп атап өтті «Қазхром» трансұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының техникалық мəселелер бойынша теңпрезиденті Олег Привалов. Оқшаулағыш машинасының құны шамамен 17 миллион теңге, пайдалану мерзімі – 5 жыл. Ақтөбе облысы.
Үстіміздегі жылғы қаңтар-маусымда қысқа мерзімді экономикалық индикатордың өсуі 104,1 пайызды құрады. Аталған мерзімде өнеркəсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 8737,5 млрд. теңге болып, 2012 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 1,8 пайызға жоғары көрсеткішке жетті. Соңғы 10 жылда Қазақстан халқы 2,1 млн. адамға артты. Бұл осы аралықта республика халқының 14,4 пайызға өскенін көрсетеді. Еліміздегі ең үздік жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингі жарияланды. Оның көшін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, ƏлФараби атындағы Қазақ ұлттық университеті көп артық шылықпен бастап келе жатса, одан кейінгі лекті М.Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті толтырып отыр. Павлодарлық əнші Мария Мудряк əлемдегі үздік он сопрано дауысты əншілердің қатарына енді. Бұл Нидерландта өткен «Бельведер» конкурсында жаһанның 55 қаласынан іріктеуден өткен вокалистердің сайысында анықталды. Осында 19 жасар Мария тəжірибелі 108 əншіні артта қалдырды. Қазақстанда өткен 6 айда ана өлімі 15,1 пайызға төмендеді. Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық жəне фармацевтикалық қызметті қадағалау комитетінің хабарлауынша, осы аралықтағы тексерулердің нəтижелері азаматтардың арыз-шағымдары бойынша медициналық қызметкерлер мен емдеу мекемелерінің басшыларына қатысты 67 тəртіптік шара қолданылып, оның ішінде 19 қызметкер жұмыстан шығарылғанын көрсетеді. Республикада дене шынықтыру пəні сабағы кестесіне өзгеріс енгізілді. Биылғы оқу жылынан бастап, дене шынықтыру пəні мұғалімдерінің жалақысы өсіріліп, дене шынықтыру пəні аптасына бір рет емес, үш рет өткізілетін болып ұйғарылды. Қызылорда қалалық əкім дігі балаларды жүзу ге үйретуді мектеп табалдыры ғынан бастауды ұсын ды. Осыған орай облыс орта лығындағы «Еуразия» кешенінде 185 баланы суда жүзуді тегін үйрету қолға алынды. Оралда жаңа қалашықтың орны табылды. Жайық өзенінің сол жағалауына жүргізілген қазба жұмыстары кезінде анықталған Тасоба қаласы Алтын Орда кезеңінде дəурен сүрген көрінеді. Жалпы, соңғы он жыл ішінде осы өңірде 3 қалашықтың орны анықталған. Қаржы полицейлері Атырауда құны 1 млрд. теңгені құрайтын ұрланған мұнайды тəркіледі. Жалпы, жыл басынан бері жалған құжаттармен Атырау мұнай өңдеу зауытында өндіруге тапсырылған мұнайдың заңсыз айналымы оқиғасы бойынша компания жетекшілерінің үстінен 16 қылмыстық іс қозғалған. «ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», TengriNews, «EgemenNews» хабарлары бойынша дайындалды.
Құлағыңыз түрік жүрсін
ЭКСПО-2017-ніѕ жаѕа брендін таѕдайыќ Гүлзейнеп СƏДІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».
«Қайтыс болған бір адамның туыстарының жазбаша келісімі бойынша оның бүйректері, бауыры жəне жүрегі күрделі ауру сатысындағы 4 пациентке ауыстырылып салынды. Қазір науқастардың барлығының жағдайы жақсы. Жалпы, қайтыс болған адамның дене мүшелерін бірден 4 пациентке ауыстыру отасы елімізде тұңғыш рет жасалып отыр», – деді орталық директорының орынбасары Ербол Шайхиев. Оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігінің, қала əкімдігі мен қалалық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен жасалған бұл отаға А.Сызғанов атындағы ұлттық ғылымихирургия орталығының 100-ге тарта қызметкері қатысқан. Оның 22-сі хирургтер болып отыр.
Пациенттердің ең жасы 17-де болса, ең үлкені – 41 жаста. – Халықтың көпшілігі қайтыс болғаннан кейінгі донорлық мəселесіне дұрыс көзқараспен қарауда. Өйткені, біздің халық əрқашанда рухани жағынан мықты болған жəне бір-біріне əрқашан көмектесіп, қолұшын беруге дайын деп есептеймін. Біз бүгін төрт бірдей адамға өмір сыйлаған донордың туысқандарына ризашылығымызды білдіреміз. Жалпы алғанда, бұл сəтті операция – ұлттық жетістік, ал мұның артында тек біздің дəрігерлердің ғана емес, сонымен қатар, медицинаның осы бағытын қолдағандардың еңбегі бар деген сөз, – деп ойын жалғады орталықтың трансплантология мəселелеріне жетекшілік ететін Ербол Шайхиев. (Соңы 4-бетте).
Үстіміздегі жылдың 9 шілдесінен бастап «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» акционерлік қоғамының http:/www.expo2017 astana.com/ сайтында Астана ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің жаңа логотипі үшін халықтық дауыс беру шарасы басталды. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
ЭКСПО сияқты халықаралық ірі шаралардың əлемдік тəжірибесіне сəйкес дауыс беру барысында жеңіске жеткен мемлекет осы шараны өткізуге дайындық кезінде өзінің логотипін өзгертуге тиіс. Өйткені, бəсекеге қатысушы елдің логотипі жарыс қорытындысы шыққаннан кейін өзінің мəнін жояды. Сонымен бірге, жаңа логотип сауда маркасын тіркеу үшін жəне оның əлемде танымал болуы үшін де қажет. Батыс пен Шығыс өркениетін жалғастырған ару Астананың айтулы эстафетасы енді Дүниежүзілік көрмелер алаңы – ЭКСПО-2017-ге ұласпақ. Жаһандық шаралар тұрғысындағы өзіндік маңызы жағынан бұл көрме осы уақытқа дейін Астана қаласында өткізілген дүниежүзілік оқиғалардың ешқайсысынан артық болмаса, кем емес. Бұл туралы Елбасы: «Өзінің ауқымы жөнінен ол Дүниежүзілік экономикалық форум, ал туристерді тарту
жағынан Олимпия ойындары немесе футболдан өтетін əлем чемпионатымен бара-бар шара болып табылады. Оның үстіне бұл – Қазақстан экономикасының болашақ дамуына үлкен септігін тигізетін, дүниежүзілік тəжірибелерді Қазақстанға алып келетін, елімізге инвестицияны еселеп тартуға ықпал ететін шара», деп атап көрсеткен болатын. Ендеше, отандық тауарлардың əлемдік нарықта танылуы үшін де бұл логотиптің маңыздылығы ерекше болмақ. Сондықтан Астана ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің жаңа логотипін таңдау бүкіл қазақстандықтар үшін өте жауапты да, маңызды оқиға болмақ. Халықтық дауыс беру шарасына жеті логотип ұсынылып отыр. Олардың əрқайсысы өзінің тұжырымдамалық тұғыры мен терең мəнге ие. Бірінші, «Жасыл энергия» логотипінде жаңа өмірдің жəне тұрақты дамудың символы «Өскін» бейнесі мен энергетика ұғымының ең жақын ассоциациясы «Электр розеткасы» бір ұғымға – «Жасыл энергияға» топтасады.
Бұл логотип бейнесі ЭКСПО-2017 идеясын толық ашып Қазақстанның жасыл технологияда қол жеткізген жетістіктерін айқындайды. Сонымен бірге, ол Астананың бүкіл əлемдегі «Болашақ энергиясы» тұрғысындағы белгісіне айналуы əбден мүмкін. «Пирамида» логотипі “А” əрпін жəне Бейбітшілік жəне келісім сарайының сыртқы көрінісін ұштастырған белгі болып табылады. Бұл негізінен Астананың тұрақты символдарының біріне айналған. Пирамиданың тұғырлы бейнесі білім мен біліктіліктің белгісін танытады. «ЕХРО-17» логотипі Үй, Күн, Жел, Су жəне Жер символдарының қосындысы ретінде жасалған. Ол қазақстандық Тудың түсімен боялған. Бұл логотип табиғатты, технологияны жəне қоршаған кеңістікті бір орталыққа біріктіріп, халықаралық көрмеге қажет бір ұғымды – ашықтықты, дамуды жəне шығармашылықты айқындайды. «Астана – болашақ қаласы» логотипі сыртқы көрінісі тұрғысынан шексіздікті – жаңғыртылған энергия жəне тіршілік үдерістерінің мəңгілігін паш етеді. Екінші жағынан, бұл логотип Қазақстан елордасы атауының алғашқы əрпіне ұқсас. «А» əрпі бейнесіндегі келесі логотип ұлттық
дəстүрлердің кейбір ерекшеліктері мен футуристік ұғымды ұштастырған. «Күн энергиясы» логотипі күн, энергия жəне Астананы инновацияның, озық ойдың жəне энергияны пайдаланудың жаңа қағидаттарының орталығы ретінде айшықтайды. «Жел энергиясы» логотипі күн, теңіз толқындары, Жердің магниттік толқындары жəне жел энергиясын біріктіре отырып, жаңғыртылған энергия көрінісін береді. «Болашақ энергиясы» көрмесінің тақырыптық ерекшелігіне сəйкес ол ашық жəне таза бояулармен өрнектелген. Халық талқысына ұсынылып отырған бұл жаңа логотиптер негізінен мынандай бірнеше: уақыттан озық (алдағы 4-5 жыл мерзімде маңызын жоғалтпайтын), көрме тақырыбын бір көргеннен айқындайтын, халықаралық бағытты білдіретін талаптардан тұруға тиіс. Дауыс беру 22 шілдеге дейін жүргізіледі. ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі – бүкіл еліміз үшін өте маңызды оқиға. Ендеше, əрбір қазақстандық Астана қаласында өтетін ЭКСПО-2017-нің жаңа брендін таңдауға қатысуы керек. Барлық қазақстандықтарды «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» акционерлік қоғамының http:/www.expo2017 astana.com/ сайтына кіріп, дауыс беруге шақырамыз.