12072014

Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны №135 (28359) 12 ШІЛДЕ СЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Ауыл шаруашылыєы єылымныѕ кґмегінсіз дами алмайды Бұл өндіріс орнында сан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысының Талғар ауданындағы «Байсерке-Агро» ЖШС-інде болды. алуан түрлі көкөніс те өсіНұрбол ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Негізі 2002 жылы қаланып, үш сала – мал шаруашылығы, ветеринария жəне егіншілікпен айналысатын бұл ұжымда 300-ден астам адам еңбек етеді. 43 332 га жері бар. Серіктестік мал өсіріп, егін салып, сүт пен ет өнімдерін өңдеп, жақсы жетістіктерге жетіп жүр. Айталық, 2013 жылы 698 млн. теңгенің өнімдерін өндірді. Нақтылай түссек, салған егіннің əр гектарынан 26,2 центнерден өнім алды. Бүгінгі таңда 2218 бас ірі қара, 9243 қой-ешкі, 573 жылқы, 149 бас түйе өсіруде. Ірі қараның сүт бағытындағы «қара ала сиыр», «голиштинофрис» асыл тұқымды сиырларынан 7500 литр сүт сауады. Уақыт талабына сай италиялық «megatex» атты қондырғымен сау ған сүттерінен өздерінің арнайы цехында сүт өнімдерін – айран, ірімшік, кілегей, йогурт, сары май шығарады. Былтырғы жылы 8148 тонна өнім

өндіріп, 18,6 млн. теңгеге сатты. «Қазақтың құйрықты қойы» жəне «етті-меринос» асыл тұқымды қойларын өсіріп, сапа жетістігімен биікке көтерілгені өз алдына. Ал жылқы малын екі бағытта бағады. Асыл тұқымды сəйгүліктер ат жарыстарына жəне ат спорты ойындарына қосу үшін дайындалады. Түйе мен құс та табыс көзін еселеуде. «Байсерке-Агро» ЖШС еліміздегі ең ірі мегаполис – Алматы қаласына жақын орналасқандықтан, өндірген өнімдерін бірден ірі супермаркеттер мен арнайы тапсырыс беріп сатып алатын сауда орындарына өткізеді. Бұл – екі жаққа да тиімді. Əсіресе, əдемі исі танау жаратын сары уыз секілді сүт өнімдеріне сұраныс күннен күнге арта түсуде. Олай болатыны мал азығы да экологиялық таза аймақта дайындалып берілетіндіктен, оның өтеуі сапалы сүт жəне ет өнімдерімен қайтарылуда.

ріліп, саудаға шығарылады. Қорыта айтқанда, халықтың сұранысы күннен күнге артып, тіпті, «Байсерке-Агро» ЖШС өнімдерін экспортқа шығару жолдары да қарастырылуда. Мемлекет басшысы осында болған кезінде шаруа шылық базасында Қазақ ұлттық ауыл шаруашылығы университетімен бірлесіп құрған «Байсерке-Агро» ғылыми-өндірістік оқыту орталығы жұмысымен танысты. Қазақстан Президентіне дəнді дақылдардың жаңа сорттары, пестицидтер мен биотыңайтқыштардың сан алуан түрі, сондай-ақ, Қазақстан ғалымдары «Байсерке-Агро» ҒӨОО базасында жасап шығарған ветеринарлық препараттар көрсетілді. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев ауыл шаруашылығы техникасының жетілдірілген əрқилы түрлері мен мал шаруашылығы нысандарын аралап көрді. (Соңы 2-бетте).

Ќабылдау таќырыбы – ел Тїрлі мəселелер мəдениеті мен ќоєам ґмірі талќыланєан кездесу

● Үстіміздегі жылы моноқалаларды дамытуға 1,4 млрд. теңге қаржы жұмсалады. Оны «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес компаниясы – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ бөліп отыр. Ал бағдарламаның осы елді мекендер тұрғындарын жұмыспен қамтуға бағытталған басымдығы бойынша республикалық бюджеттен 1,9 млрд. теңге бөлу жоспарланған. ● Егістіктерді шегірткеден қорғау мақсатында 440 мың гектарды қосымша өң деу үшін препараттар бө лінді. Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркəсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сақташ Хасеновтің айтуынша, жабдықтар шегірткелердің Ресейден Қазақстанға трансшекаралық ауысуына байланысты Қостанай облысында – 400 мың, Ақтөбе облысында 40 мың гектар алқапты өңдеу үшін алынады. ● Оңтүстікте 2,3 млн. тұрғын ауыз сумен қамтамасыз етілді. «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында 929 елді мекеннің 665-і, яғни 71,5 пайыз бөлігі орталықтандырылған ауыз су құбырына қосылды. Биылғы жылы бағдарлама бойынша 8,6 млрд. теңге қаржы бөлініп, тағы 29 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. ● Астаналық оқушылар кеше «Бəйтерек» монументінің алдында өлең оқыды. Шараны ұйымдастырушылар хабар лағандай, мұның «Жас көшбасшы мектебі» бағдарламасының өзіндік шешуші емтиханы болып табылатынын айтты. Оның мақсаты балаларды өмір сындарынан өтуге жəне тəуелсіз қалып ұстауға үйрету болып табылады. ● Оралда «Қарағанды» атты кеме суға түсірілді. Кеше қаладағы Шаған өзенінің жағасында «Айбар» жобасы бойынша Шекара қызметінің тапсырысы бойынша жасалған жылдам жүретін «Қарағанды» күзет катерін суға түсіру рəсімі болды. Онда облыс əкімі Нұрлан Ноғаев атап өткендей, бұл – «Орал «Зенит» зауыты» АҚ мемлекеттік тапсырысқа сəйкес жасап шығарған 22-ші кеме. ● Қызылорда қаласында айтыскер ақын Мұхтар Ниязовқа үш бөлмелі пəтер берілді. «Алтын домбыра» иегері атанған шығармашылық иесіне жаңа қоныстың кілтін табыс еткен облыс əкімі Қырымбек Көшербаев рухани құндылықтарды биікке көтеруші тұлғаларға ұдайы қамқорлық жасалып тұратынын жеткізді. ● Астана көшесінде шекілдеуік шаққандар 10 тəулікке қамалды. Елорданың қала лық соты мұндай шешімді тəртіпке бағынбаған 60-тан астам адамға қатысты шығарды. «Тəрбиелік мəні бар осындай ашық сот процестерін енді жоғары оқу орындарында жиі өткізіп тұратын боламыз», – деді мамандандырылған ауданаралық сот судьясы Қанат Иманəлиев осыған орай.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Сəбит Досановты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Президенттің Алматыдағы резиденциясында өткен кездесуде қазіргі заманғы ел əдебиетінің ахуалы мен келешегі, сондай-ақ, қоғам дамуының өзекті мəселелері талқыланды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның қоғам қайраткері Өмір зақ Сəрсеновпен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

● Жағымды жаңалық

● Айтайын дегенім...

ЌОНЫС ТОЙЫ

Атырауда 54 отбасына жаѕа пəтер берілді Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Астана күні қарсаңында мұ найлы өңірде 54 пəтерлік жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді. «Бұл көп пəтерлі үй «Қолжетімді бас пана-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтерді. Жаңа тұрғын үй аз қамтылған отбасыларға, балалар үйі мен интернат түлектеріне, мемлекеттік қызметкерлерге беріліп отыр», деп мəлім етті Атырау қаласының əкімі Нұрлыбек Ожаев. Нақтылай айтқанда, жаңа пəтерге ие болғандардың дені ұзақ жыл кезекте тұрғандар екен. Мəселен, жас отағасы Сергей Улья новтың жары Марина Ижерская балалар үйінде ата-ана қамқорлығынсыз тəрбиеленгендердің бірі болғанмен, 2006 жылдан бері пəтер алу кезегінде

Кездесу барысында қазіргі заманғы ел мəдениеті мен қоғам өмірінің түрлі мəселелері талқыланды. Ө.Сəрсенов Мемлекет басшысына өзінің жаңа жобалары жөнінде əңгімеледі.

Хабарлар «ҚазАқпарат», Egemen.kz агенттіктері мен облыстық əкімдіктер сайттарының деректері бойынша дайындалды.

тұрыпты. Бұдан былай жас отбасы екі бөлмелі пəтердің жылуын сезінетін болады. Сол секілді бюджеттік сала қызметкері Қанзиба Қайырды да баспаналы болу бақытын ұзақ күткен жандардың қатарында деуге болады. Ол 1999 жылы Аты рау ға Қызылқоға ауданынан көшіп келгеннен бері үш ұлының отбасыларымен жатақхананың аядай бөлмесін паналап келіпті. Басыбайлы баспананы зарыға күткен үлкен əулет енді үш бөлмелі пəтерді иеленді. – Жыл аяғына дейін Атырауда тағы да бір мыңнан аса жал дамалы пəтер берілетіні жоспарланып отыр, – деп мəлімдеді Нұрлыбек Ожаев.

–––––––––––––––

Суретті түсірген Рахым ҚОЙЛЫБАЕВ.

Атырау облысы.

Ораза жўмыссыздардыѕ єана парызы ма?

«Атқаратын қызмет уақыттан да көбейіп кетті», – деген екен бір ізгі ғұлама. Тұжырымнан алатын тағылым көп. Осы ой оразаға дөп келгендей. Өйткені, шарапаты мен шапағаты мол Рамазан айында Ұлы Аллаға ұнамды əрбір игі амалдың сауабы сансыз. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Ораза ұста, өйткені, оған тең келер құлшылық жоқ», – дегені санамызға салмақ салатындай-ақ сөз.

ОРАЗАДАҒЫ ОЙ: МҮМІННІҢ БІР МИНУТЫ... Қайбір күні ғаламторда əншілердің оразасы жайлы жаңалық жылт етті. Сауалдамаға жауап берген өнер өкілі (есімі маңызды емес-ау): «Уақытым жоқ, жұмысым көп», – деп əдемі «сытылып» шығыпты. Елдің пікірін білмек ниетпен төмендегі жазбаларға көз жүгірттік. Ойға қонымды пікір қалдырыпты біреу. Оқып көрейік: «Сонда не, оразаны тек жұмыссыздар ғана ұстай ма?». «Ə, бəрекелді», дедік іштей. Иə, қоғамда біз білмейтін адамдар көп. Қара жұмыс жасап, нəпақасын табады һəм аузы берік. Өзіміздің де бұған көзіміз жетті. Өткен жолы бір кісіні теміржол вокзалынан ауылына шығарып саларда арба сүйрейтін жігіттердің көмегіне жүгіндік. Келесі күні тағы бір кісіні күтіп алдық. Тағы да сол жүзі таныс жігіттер. Ахуал сұрасып, əңгімелестік.

«Тергеушілік» əдетімізге басып, сұрақты алма-кезек қоямыз. Сөйтсек, олар ауыз бекіткен болып шықты. Күн болса ыстық. Тас төбеңді тесіп жіберердей. Тамақ-таңдайлары кеуіп кеткен. «Жұмысты таңғы жетіден бастаймыз. Кешкі 9-10ға дейін жүк тасимыз. Пойыз көп келе бермейтін түс мезгілінде аздап тынығып аламыз да қайтадан іске кірісеміз. Аузымыз берік екен деп үйде жатып алу бізге, жастарға жараспайды. Бала-шағаны кім асырайды сосын», – дейді ентіккен Жасұлан. Салқындатқыштың (кондиционер) астында ауызашар уақытын «аңдыған» біздерге кейіпкеріміздің бұл сөзі əсер етпей қоймады. Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз адал жолмен еңбек еткен жан, жұмыс істейтін қарулы қол Алланың алдында сүйкімді, ұнамды екенін өсиет етіпті. Əділетті халифа хазіреті Омардың (р.а.) да сөзі ғибратқа толы: «Араларыңыздағы адамдар көктен алтын немесе күміс жаумағанын көре тұра: «Уа, Алла, мені ризықтандыр», – деп ризығын іздеместен бұрын отырмасын!» Исламда отбасын асырау, оның жауапкершілігі садақаның абзалы саналады. Оның үстіне ораза ұстап, адал жолмен ризық іздеген жандарға Жаратушымыздың жарылқауы шексіз. (Соңы 2-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.