Бїгінгі нґмірде:
№155 (28379) 12 ТАМЫЗ СЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Ќўттыќтау жеделхатын жолдады
Нұрсұлтан Назарбаев Түрік Республикасының Премьерминистрі Режеп Тайып Ердоғанға президенттік сайлауда жеңіске жетуіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Нұрсұлтан Назарбаев Р.Ердоғанды Қазақстан халқының жəне жеке өз атынан Түркия үшін тарихи маңызы бар сайлаудағы жеңісімен құттықтады. «Сайлау нəтижелері Сіздің қоғамдағы беделіңіздің, əлеуметтік-экономикалық мəсе лелерді еңсеруге жəне Түркияның халықаралық орнын нығайтуға бағытталған саясатыңызға көрсетілген кең қолдаудың айқын дəлелі болды», делінген жеделхатта. Мемлекет басшысы, сондайақ, Р.Ердоғанның басшылығымен
Түрік Республикасы халықаралық саясатта салмағы бар жоғары дамыған елдердің біріне айналғанын атап өтті. «Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық ынтымақтастық деңгейіндегі бауырлас қарым-қатынастар нығая түсетініне кəміл сенемін», делінген жеделхатта. Соңында Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Р.Ердоғанға зор денсаулық, жаңа қызметіне толағай табыс, ал бауырлас түрік халқына бейбіт өмір мен құт-береке тіледі.
Телефон арќылы сґйлесті
Елбасы Түркия Премьер-министрі Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Р.Ердоғанды 2014 жылғы 10 тамызда өткен жалпыхалықтық президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады.
Екі мемлекеттің басшылары əңгіме барысында, сондай-ақ, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мəселелері мен болашағын талқылады.
Ынтымаќтастыќ мəселелерін талќылады
Елбасы Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Əңгіме барысында екі елдің Президенттері Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығы мəселелерін талқылады. Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одақты дамыту, соның ішінде ЕАЭО туралы шартты ратификациялау жəне одаққа
Армения мен Қырғызстанның қосылуы мəселелері жөнінде пікір алмасты. Екі елдің Мемлекет басшылары Украинадағы ахуалды жəне еуразиялық «үштік» пен Украина кездесуін өткізу ықтималдығын да талқылады.
Таєайындаулар
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Бектас Əбдіханұлы Бекназаров Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы қызметінен босатылды; Рашид Төлеутайұлы Түсіпбеков Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы қызметіне тағайындалды; Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Шораұлы Сарыбай Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.
Кґѕіл айту жеделхаты
Нұрсұлтан Назарбаев Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханиға Тегеранда «Сепахан Эйр» авиакомпаниясының ұшағы апатқа ұшырауына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Жеделхатта қайғылы хабарды Мемлекет басшысының терең күйзеліспен қабылдағаны айтылған. «Қазақстан халқының жəне жеке өз атымнан осы апат кезінде жақындарынан айырылған отбасылары мен олардың туған-туыстарына, сондай-ақ, бүкіл Иран халқына көңіл айта отырып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін», делінген жеделхатта.
АҚПАРАТТАР аєыны
● Қостанай облысында биыл астықтың тоннасы 35 мың теңгеден келетін түрі бар. Бұл туралы баяндаған аймақ басшысы Нұралы Сəдуақасов Алтынсарин жəне Қарасу аудандарындағы егіннің шығымы жақсы екеніне де тоқталды. Ол орақ науқаны ойдағыдай өтсе, кемінде 4 млн. тонна алтын дəн алуға болатынын айтты. ● Алматыда соңғы жылдары құрылыс қарқыны 2-3 есеге артты. Кеше осында басталған қала құрылысы форумын ашқан оңтүстік астана əкімі Ахметжан Есімов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қолдауы арқасында мегаполисте құрылыстың кеңге қанат жайып келе жатқанын жеткізді. Екі күн дік жиынға қатысушылар «жа сыл» құры лыстың прин циптері мен, артық шылықтары мен, BREЕAM (Ұлы британия) жəне LEED (АҚШ) секіл ді халықаралық «жасыл» стандарт тар
талаптарымен танысатын болады. ● Астанада органдар мен тіндерді ауыстырып салу жөнінде ғылыми конференция болды. Ұлттық ғылыми кардио хи рур гиялық орталықта қанат жайған халықаралық ғылыми-тəжірибелік жиынға Қазақстан дəрігерлерінен бөлек, Чехия, Хорватия, Ресей жəне Беларусь сынды елдердің мамандары қатысты. ● Шымкентте облыстық «Абай оқулары» байқауы өз мə ресіне жетті. Биыл хакім Абай дың 169 жылдығына орай ұйым дастырылған шара қорытындысында бас жүлдені Созақ ауданынан келген талапкер Жансая Алпамысова жеңіп алды. ● Келер жылы Қызылорда об лысында апатты мектептер мəселесі толық шешіледі. Биыл өңірде 30 мектептің құрылысы жүргізілді. Қазір олардың 27-сі пайдалануға берілді. Бұған қоса, 58 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өтуде. Бұл туралы кеше облыс əкімі Қырымбек Көшербаев мəлім етті.
Ілгерілетер ілкімді іс 2-бет Ќайтатын ќаржыныѕ ќайыры ќандай? 6-бет Бўлар ќай Марияны əнге ќосып жїр? 7-бет Ќолынан ќобыз тїспейтін ќыз 10-бет
Ел тынысы: мың бір мысал
Кґпір Бўќтырма ґзенініѕ Аршаты ауылы тўсында бой кґтерді Бұқтырма өзеніне жаңа көпір салынды. Еліміздің картасында күншығыстағы ең шеткі нүктеде орналасқан Аршаты ауылында пайдалануға берілген темір-бетонды көпір құрылысын «Зайсан» құрылыс компаниясы» ЖШС жүргізді. Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
Таудың асау өзенін қиып өтетін бұрынғы көпірдің пайдаланылғанына жарты ғасырдан астам уақыт болғандықтан əбден тозығы жеткен еді. Ағаштан жасалған, көрер көзге қорқыныш ұялататын ол екі-үш жыл бұрын төтенше жағдай қызметкерлерінің шешімімен апатты жағдайда деп танылған. Аршатылықтар үшін көпірдің маңызы жоғары. Ауыл тұрғындары осы көпір арқылы қолдағы төрт түлігін қарсы жағалаудағы жайылым ға айдайды. Өзеннің екінші жағалауында Катонқарағай ұлт тық табиғи паркінің ну орманы мен тұрғындардың шабындық алқаптары
бар. Осы көпір арқылы үш мемлекет – Қазақстан, Ресей жəне Моңғолия елдерінің шекаралары түйіскен Шындығытай шекара беке тіне өтеді. Ілкіде стратегиялық мəні зор көпірдің жағдайымен танысқан өңір басшысы Бердібек Сапарбаев ауыл тұрғындарымен кездесуде көпір салуға тиісті қаражат бөлуге уəде берген болатын. Міне, сол көпір екі жылдың ішінде салынып,
Экономика іркіліссіз жўмыс істеуі тиіс Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев ағымдағы экономикалық ахуал мəселелері бойынша селекторлық режімде кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Кеңес жұмысына орталық мемлекеттік жəне жергілікті атқа ру органдарының өкілдері қатысты. Бақытжан Сағынтаев атап өткендей, əлемдік экономиканың өсуінде баяулау байқалуда. Ағымдағы экономикалық ахуал жəне Еуропа елдері мен АҚШтың Ресейге қатысты санкцияларына жəне Ресейдің қарсы санкцияларына байланысты туындайтын Қазақстан үшін ықтимал тəуекелдер туралы Ұлттық экономика министрі Е.Досаев баяндады. Сондай-ақ, өңірлерді мұнай
өнімдерімен жəне жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету, сонымен бірге, тұрақтандыру қорларының азық-түлік ресурстарымен толықтырылуы мəселелері қаралды. Елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Б.Сағынтаев ел экономикасының тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау қажеттігін атап көрсетті. Селекторлық кеңес қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев тиісті мемлекеттік органдар мен облыстар əкімдіктеріне бірқатар тапсырмалар берді.
● Орал қалалық саябағын көркейту үшін бюджеттен 6 046 958 теңге бөлінді. Осыған байланысты атқарылатын жұмыс тарды конкурс жолымен «Консорциум СтройПроект» ЖШС жеңіп алды. ● Ақтөбеде «Қозы КөрпешБаян сұлу» жырының қуыршақ театрына арналған нұсқасы қойылды. Оны режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген əртісі Бекболат Парманов сахналады. ● Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында шопандар тойы басталды. Оның аясында халыққа тегін медициналық тексеру қызметтерін көрсету, арзан бағамен сауда сату, халыққа əлеумет тік көмек беру қолға алынды. Енді бастау алған игі іс-шара Сартерек ауылдық округі Ойжайлау, Аққойын, Қаратал ауылдық округі Ақсиыр жайлауларында өз жалғасын табады. ● Қарағандыда өзгеше қайырымдылық акциясы өткелі тұр. Тамыз айының 14-16-ында керуен керетін бұл жұмыстар шеңберінде
мүге дектердің бейімделулеріне көмек көрсетіліп, ауру балаларды сауық тыруға арналған шаралар жүргізіледі. Сонымен қатар, балалар шығармашылығын дамыту орталығы ашылады. ● Алматы – Өскемен трассасы бойында, Алматы облысы Қызылағаш ауылының тұ сында «Жəрдем» атты базар бой көтерді. Ол Қарасай ауданы кəсіпкерлерінің осы өңір тұрғындарына қайырымдылық көмегі ретінде қатарға қосылды. ● Маңғыстау облысының Бейнеу кентінде алтыбақан мерекесін өткізу дəстүрге айналады. Бұдан былай ол əр аптаның жұма күні шымылдығын түріп, келушілердің домбырамен əн салуларына жол ашады. Қайтадан жаңғырған дəстүр ұлттық өнердің көп қырларын көрсетуге бағытталады. Хабарлар BNews.kz, YK-news.kz, Egemen.kz, агенттіктері мен облыстық əкімдіктер сайттарының деректері бойынша əзірленді.
тұрғындардың игілігіне берілді. Жуықта ғана пайдалануға берілген жаңа көпір үшін аршатылықтар алғыстарын айтып, шет жатса да мемлекет қамқорлығын сезініп отырғандықтарын жеткізді. – Көпір салу – сауапты іс. Бұл құрылыс дер уақытында жүргізілді. Əсіресе, құрылысшыларға айтар алғысымыз мол. Олар өз ісінің кəнігі мамандары екенін көрсетіп,
жұмысқа жауапкершілікпен қарады. Ауыл тұрғындары да құрылысшыларға уақытша баспана беріп, тамақтануына да көмектесті, – дейді Аршаты ауылы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Малғаждар Көбешов. Екі жылға жоспарланған көпір құрылысы белгіленген уақытында аяқталған екен. Жобаның жалпы құны 270 млн. теңгені құрайды. «Зайсан» ЖШС директоры Болат
Нұрасыловтың айтуынша, аталған кəсіпорын бизнестің əлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде ауылдың орталық көшесіне тас төсеп, мектеп алаңын жаңалап беріпті. Сонымен бірге, ауылдың тазалық шараларына атсалысып, қоғамдық қоқыс орнын ауыстырып беруге көмек көрсеткен. Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы.
Құқықтық реформа қадамдары
Жаѕа ќылмыстыќ кодекс – ізгілендіруге із салу Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында мемлекеттің міндеті – азаматтардың іскерлік белсенділігін жүзеге асыруына барынша мүмкіндік туғызу екенін, осы мақсатта ұлттық құқықтық жүйені жаңғыртудың кезекті кезеңін бастау керектігіне баса мəн берді. Өйткені, заңнама тек ұлттық мүдделерді қорғап қана қоймай, қарқынды дамып отырған халықаралық құқықтық ортамен де үйлесуге тиіс. Бұл мақсатта Елбасы Қылмыстық жəне Қылмыстық-іс жүргізу заңнамаларын реформалау қажеттігін баса айтты. Ол үшін ілгері ізгілендіруге, оның ішінде, экономикалық құқық бұзушылықты қылмыссыздандыруға маңыз беру үшін төрт жаңа кодексті: Қылмыстық-іс жүргізу, Қылмыстық, Қылмыстық-орындаушылық жəне Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерді əзірлеу қажеттігін алға тартты. Бұл өзекті заң актілерінің қабылдануы қылмыстық сот ісін жүргізуді жəне, ең алдымен, қылмысқа қарсы күрес саясатын тұжырымдық тұрғыдан жаңғыртуды, адам құқықтарын қазіргі қылмыс дəрежесіне сай қарсы əрекет жасай алатындай деңгейге көтеруді көздеді. Енді, міне, аталған төрт қылмыстық кодекс те дайындалып, талқылаудан өтіп, Президенттің қол қоюымен өмірге жолдама алды. Ол 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне еңбек. Бүгін біз сол төрт кодекстің негізгісі, яғни заңнамалар ішіндегі негізгі заң – Қылмыстық кодекс туралы барынша кеңірек түсінік алу үшін Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі қадағалау алқасының төрағасы Ақылтай ҚАСЫМОВҚА жолығып, əңгімелестік. – Ақылтай Ахметжанұлы, Елбасының Үкіметпен бірқатар мемлекеттік органдар алдына қойған тапсырмасын тарқатып, жəне ең бастысы, жаңа Қылмыстық кодекстің дайындалуына негізі түрткі болған себептерді ашып айтып берсеңіз. – Расы керек, бүгінгі қолданыстағы Қылмыстық кодекс еліміз үшін біраз уақыт қызмет етті. Ол сонау 1998 жылы
күшіне еніп, содан бері талай асуларды өткеруге дем берді. Өмір бір орында тұрмайды. Саясатта, экономикада, мəдениетте, жалпы барлық салада оң өзгерістер бар. Барлық əлем жаңарды деуге болады. Енді қазір өткен ғасырдың 90-жылдарымен салыстырғанда бүгінгі өмір салтында небір өзгерістердің пайда болғанын кез келген саладан байқай аламыз. Қоғам өміріне сəйкес
экономикада да өзгеріс болмаса, уақыт талабына сай ілесе алмаса, ол табысқа жетпейтіні түсінікті. Демек бұған ілесе етектен тартып қалыспай келе жатқан қылмыс əлемінде де жаңа теріс пиғылды іс-əрекеттер пайда бола бастады. Ал оған, өзіңіз жоғарыда айтқандай, тойтарыс бере алатындай толыққанды жаңа қылмыстық заңнама қажет. (Соңы 5-бетте).