24 саєат АҚШ-тың Фергюсон қаласында 18 жастағы Тайрон Харристің полицейлермен атысып, ауыр жаралануына байланысты билік аталған қалада төтенше жағдай жариялады. Бұл оқиға полицейдің қара түсті жасөспірімді атып тастағанының бір жыл болуымен тұспа-тұс келіп отыр. Ханзада Чарльз бен Диана Спенсердің 1981 жылдың 29 шілдесіндегі үйлену тойында түсірілген фотосуреттер аукцион арқылы сатылмақ. Фото суреттер лорд көмекшісі Патрик Личфилдтің жеке коллекциясы болып табылады. Коллекция 14 фотосуреттен тұрады. «Ирак пен Левант террористік ұйымының» содырлары 300 адамды өлім жазасына кескен. Олардың 50-ге жуығы əйелдер екен. Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, содырлар қолынан қаза тапқандардың барлығы Ирак сайлау комиссиясының қызметкерлері болса керек. Сирия президенті Башар Асад өткен аптада армия офицерін өлтірген немере інісі Сүлейман Асадты жазалауға уəде берді. Жергілікті басылымдардың жазуына қарағанда, Сирияның батысындағы Латакия провинциясында Асадтың немере інісі көлік кептелісі кезінде жол бермеген офицерді атып тастаған. Грекия үкіметі таяудағы үш жылда ел бюджетін қалыптастыру мəселесі бойынша өз кредиторларымен келісімге қол жеткізді. Келісімнің уақыт оздырмай күшіне енгеніне Афина мүдделі. Өйткені, қаражат 20 тамызға дейін Еуропалық орта лық банкке қарыздың келесі бөлігін төлеу үшін аса қажет. Тəжікстанда жеңіл көліктің өзенге құлауы салдарынан 9 жолаушы жəне көлік жүргізушісі қаза тапқан. Апатқа автомобильге жолаушыларды шамадан тыс отырғызу себеп болған. Мерт болғандардың арасында төрт бала бар. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, Ыстамбұлдағы АҚШ консулдығына екі əйел шабуыл жасап, біреуі қолға түскен. Олардың кімдер екені əлі жарияланған жоқ. Бангладеш полициясы жолбарыстарды аулаған 6 браконьерді атып өлтірді. Полицияның сөзіне қарағанда, браконьерлер атыс кезінде оққа ұшқан. Олардан 3 жолбарыстың терісі табылған. Қытайдың халық банкі ұлттық валютасы – юаньды девальвациялап, бағамын 1,9 пайызға төмендетті. Ондағы мақсаты – экспорты төмендеп бара жатқан қытай тауарларын қолдау. Канаданың премьерминистрі Стивен Харпер қазанға белгіленген сайлауда консерваторлар жеңіске жеткен жағдайда, Сирия мен Ирактан тағы 10 000 босқынды қабылдауға уəде берді.
№152 (28630) 12 ТАМЫЗ СƏРСЕНБІ 2015 ЖЫЛ
Ќырєыз еліне келді
Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Қырғыз Республикасына келді. Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан». Ыстықкөлден.
Cапар барысында Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының Президенті
Алмаз Атамбаевпен кездесті. Сондай-ақ, екі ел басшылары Қырғызстанның ЕАЭО-ға кіруіне байланысты қырғыз-қазақ шекарасының учаскесінде кедендік бақылауды алып тастау рəсіміне қатысады деп күтілуде.
Халыќаралыќ сауда-саттыќ жасау мїмкіндігі Қалдарбек ҚУАНДЫҚОВ,
«Ќазаќфильм» киностудиясында болды Елбасы Алматы қаласына жұмыс сапары барысында «Қазақфильм» киностудиясында болды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы киностудия қызметімен, оның жаңа жобаларымен жəне кино өндірісі үдерісімен танысты. Нұрсұлтан
Назарбаев, сондай-ақ, «Қазақ елі» сериалының түсірілім алаңын көріп, шығармашылық топпен əңгімелесті.
Мемлекет басшысы бұдан кейін тəуелсіз Қазақстан мемлекетінің құрылуы туралы баяндайтын, жұмыс барысындағы бас тапқы атауы «Жұлдыздар осылай туады» деп аталатын фильм түсірілімі жүріп жатқан алаңда болды.
«Қазақфильм» – респуб ликамыздың жаңғыртудан кейін сапалы кино өнімдерін шығару мүмкіндіктері арта түскен басты кино өндірісі орны.
----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Т.Рысқұлов атындағы Жаңа Экономикалық Университетінің «Кеден ісі» оқу бағдарламасының директоры, заң ғылымдарының кандидаты, доцент.
2015 жылдың 28 шілдесі күні Швейцарияның астанасы – Женева қаласында Дүниежүзілік сауда ұйымының Бас кеңесінің отырысында Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болып ресми түрде қабылданды. Бұл шын мəнінде тəуелсіз мемлекетіміз үшін тарихи оқиға болды. Барлық қазақстандықтарды бүгінгі
таңдағы айтулы да маңызды оқиғамен шын жүректен құттықтаймын! Енді егеменді еліміз əлемнің 161 мемлекетімен еркін халықаралық сауда-саттық жасау мүмкіндігіне қол жеткізді. Қазақстан Республикасы 1996 жылы Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуға ниет білдірген еді. Содан бері міне, 19 жыл өтіпті. Осы жылдар ішінде Қазақстан 50-ден астам жаңа заңдар жəне Кеден одағы мен Еуразиялық экономикалық одақ аясында қабылдаған 10-нан астам халықаралық келісімдерге өзгерістер енгізді. (Соңы 4-бетте).
Оќырман назарына!
Осыдан біраз жыл бұрын Қазақстандағы шаруа қожалықтары, түрлі шаруашылықтар қарапайым ғана тракторға аса мұқтаж болды деп бүгінде кім ойлайды? Егіс алқабында жұмыс істеуге қажетті бір ғана тракторды шетелден сатып əкелу үшін қомақты қаражат керек болғандығы рас.
Нўржан СемАЗ-да жўмыс істейді журналист.
Тоғыз жыл бұрын осы проблема шешімін тапты. Семейде «Беларус» маркалы тракторларды шығаратын Қазақ-Беларусь өндіріс орны іске қосылды. Алғашқы күннен бастап, темір тұлпарларды жасауға зауыттағы шебер Нұржан Есбаев та тартылды. Жақында ол жəне оның əріптестері 7 мыңыншы тракторды жасап шығарды. Он саусағынан өнер тамған Нұржан Есбаев Семей қаласында туып-өскен. №37 мектеп-гимназияның түлегі. Ол жас кезінен ата-ана үмітін ақтап, жақсы
оқыды. Білікті маман иесі атанды. Қазақстандағы «ҚазАгро» жүйесінің қолдауымен «СемАЗ» машина жасау зауытында «Беларус» тракторын жасаудың шебері атанды. Нұржанның əкесі балаларын автомобильдің ішкі құрылымы, машина жасау саласымен таныстыратын. Екі ұлын ертіп гараждағы көлігінің ана жері, мына жерін шұқылап, қалай жөндеуді үйрететін. Сөйтіп жүріп олар кілттердің түрін, тетіктерді, тіпті көлікті айнадай ғып жалтыратып қойып, тазалап шығуды да үйренді.
Интернет материалдары негізінде əзірленді.
(Соңы 3-бетте).
Бїгінгі нґмірде:
Айбын
Теѕіз биатлонында екінші орын алды «Каспий теңізі – 2015» алғашқы халықаралық байқауы мəреге жетті. «Сарыарқа» қазақстандық зымыран-артиллериялық кораблінің экипажы сайыста екінші орын алды. Бірінші орынды «Град Свияжск» шағын артиллериялық корабліндегі Ресей əуе-теңіз күштері əскери теңізшілері иеленсе, үшінші орын Əзербайжан əскери-теңіз күштері «G-124» су үсті кораблінің экипажына бұйырды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Жеребеге сəйкес біздің командамызға байқаудың əрбір сынағын бастау күрделі тапсырмасы тиді. Алайда, бірінші болып өнер көрсетіп, теңізшілеріміз қалған командаларға жақсы деңгей жəне қарқын берді, сондайақ, сайыс бойы көшбасшылық позициялардың бірін ұстап тұрды. Олар корабльді басқару, халықаралық жүйеге сəйкес жарық беру белгілерін қабылдау жəне тарату, əуе, теңіз жəне су үсті нысаналары бойынша оқ ату, апатқа ұшыраған корабльді жəне борттың ар жағында қалып қойған жолаушыларды құтқаруда шеберліктерін көрсетті. Қазақстан əскери-теңіз күштерінің теңізшілері олар дың алғашқы тəжірибесі – халықаралық сайыста сəтті өнер көрсетіп, өздерінің жауынгерлік əзірлігін растады. 13 тамызда «Кас пий теңізі – 2015» байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанатты рəсімі өтеді. Ал одан кейін корабльдеріміз теңізге шы ғып, қазақстандық жағалауға бет алатын болады. «Егемен-ақпарат».
Тасжарєан
● Оймақтай ой Адам бойында үш асыл бар: бірі – көз, бірі – тіл, бірі – көңіл. Мəшһүр ЖҮСІП.
«
ҚОЛ ҰШЫН БЕРЕР КІМ БАР?
Тінту
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА,
6-бет
« 5-бет
9-бет
БАКУ ОТТАРЫ
13-бет