Сүйінші, ағайын! Кеше Солтүстік Каспий қайраңындағы əлемге əйгілі Қашаған кен орнынан алғаш рет мұнай өндіріле бастады. Қашаған толық қуатына қосылғанда Қазақстан əлемдегі ең ірі мұнай экспорттаушы бес елдің қатарына кіреді. Абыройымыз аса берсін, берекеміз таса берсін!
№210 (28149) 12 ҚЫРКҮЙЕК БЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ
Жасампаздық жемістері
Оқиғаға орайлас ой
БАСТАЛДЫ!
Ол кїндер келді. Ол кїн де келеді
Ќашаєанныѕ алєашќы «ќара алтыны» алынды
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».
Иə, тəуелсіз Қазақстанның, отандық мұнай-газ өнеркəсібінің шежірелі жылнамасы жаңа бір тарихи оқиғамен толықты. Дəлірек айтқанда, 11 қыркүйекте Солтүстік Каспий қайраңындағы Қашаған кен орнынан мұнайдың алғашқы баррелін өндіру бастау алды. Осы кезге «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» («НКОК») компаниясы Каспий теңізінің қазақстандық секторынан мұнай өндірудің нақты басталуын кешеуілдетіп келіп еді. Енді, міне, кеше тəуелсіз Қазақ елі ғана емес, əлем жұртшылығы көптен елеңдей күткен Қашағанның мұнайы өндіріле бастағаны хабарланды. Осылайша, Қазақстанның мұнай-газ өнеркəсібінің тарихында алғаш рет су астынан мұнай өндіру жылнамасы жазыла бастады. Қашаған – Солтүстік Каспийдегі аса ірі əрі ерекше кен орны. Атыраудан оңтүстікшығысқа қарай 80 шақырым қашықтықта орналасқан бұл кеніштің ашылуы туралы 2000 жылғы 30 маусымда ресми
түрде хабарланған еді. Сол кезде Атырау облысына сапары барысында Нұрсұлтан Назарбаев кеніштің ашылуына арнайы қатысқан болатын. Содан бергі кезеңде Қашағанды игеру, оның мұнайы мен газын кешенді дайындау үшін зауыттектес арнайы қондырғы құрылысын жүргізу жұмыстары атқарылып келді. Енді Қашаған кенішінің ерекшелігіне тоқталар болсақ, біріншіден, Қашаған – Каспий теңізінің қазақстандық ашылған, енді, міне, кешеден бері игеріле бастаған тұңғыш кеніш. Бұл осыдан 40 жыл бұрын Аляскада табылған Прудхо-Бей кен орнынан кейінгі ең ауқымды ашылым болуымен де əлем назарын аударып отыр. Кен орнының коллекторы теңіз түбінен 4200 метрдей тереңдікте жатыр. Кен орнындағы қысым да өте жоғары дейді мамандар. Кеніштегі мұнай парафинді болып келеді. Мұнай құрамында күкіртті газ да бар, ал күкіртті сутек (H2S) 15 пайызға тең. Кенішті кезеңкезеңмен игеру жұмыстары алдымен, алаңның шығысынан бастау алып, орта тұсына қарай ойыспақ. Кейінгі игеру жұмыстары батыс
Байланыс жібі їзілмейді
Кеше еліміздің Мемлекеттік хатшысы Марат Тəжин Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Кеннен Фэйрфаксты қабылдады. Лəйла ЕДІҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
М.Тəжин АҚШ елшісін Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуымен жəне Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің атқарушы директорының орынбасары лауазымына тағайындалуымен құттықтады. Мемлекеттік хатшы К.Фэйрфакстың АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі ретінде жемісті еңбек еткенін, сондай-ақ, осы қызметке тағайындалған екі жылдың бір күндегідей сырғып өтіп кеткенін
атап өте келе, мемлекетаралық байланыстарды жандандыруға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Америка арасындағы көпқырлы стратегиялық əріптестіктің жоғары деңгейін, екі мемлекет басшылары арасында достық қарым-қатынас қалыптасқанын атап өтті. К.Фэйрфакс саяси жəне экономикалық əріптестікті ілгерілету, Қазақстан-АҚШ қарым-қатынасын одан əрі институттандыру бойынша бірлесе атқарылған жұмыстардың нəтижелеріне қанағаттанушылығын білдірді.
Сан алуан пікірлерді тоєыстырєан форум
Кеше Астанада Дамушы нарықтардың Еуразиялық форумы өз мəресіне жетті. Ол туралы арнайы ұйымдастырылған брифингте Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаев айтып берді. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».
Елордада екі күн бойы өткен Дамушы нарықтардың Еуразиялық форумы өз жұмысын қорытындылады. Форумға екі жүзден астам халықаралық сарапшы мамандар қатысты. Дамушы нарықтардың ғаламдық
форумы 2005 жылдан бері өткізіліп келеді. Ол Қазақстанда бірінші рет ұйымдастырылып отыр, деді Үкімет басшысының орынбасары. Форумға тек Парламент пен Үкімет мүшелері ғана емес, алыс-жақын шетелдерден келген бірқатар саяси тұлғалар, бұрынғы мемлекет, үкімет басшылары, ірі
жағында шоғырланатын болады. Мұндағы мол мұнайдың болжамды қоры 10 миллиард тоннаны құрайды. Сонымен бірге кеніштің қойнауында 1 триллион текше метр шамасында газ қоры да бар. Екіншіден, Қашаған кен орнында 1899 жылдан бері 220 мың метрлік тереңдікке бұрғы ұшы бойлапты. Кен орнында барлау, бағалау жəне өндірістік мақсатта бұрғыланған 31 ұңғыма бар. Осы кен орнын игерудің бірінші кезеңінде «A» жəне «D» аралынан 40 ұңғыманы пайдалану жоспарланған. Оның ішінде 20-дан астам ұңғыма өндірістік мақсатта пайдалануға дайын, деп түсіндіреді мамандар. Əр ұңғыманың орташа тереңдігі 4000-4500 метрге дейін жеткен. Кездесу соңында америкалық дипломат журналистерге сұхбат берді. «Біз көптеген мəселелерді, соның ішінде соңғы жылдары атқарылған жұмыстар шоғырын жəне осы жұмыстардың нəтижелерін талқыладық. Мəселен, кездесуде қауіпсіздік жəне лаңкестікке қарсы күрес жүргізу бағытында ынтымақтастық орнатудың жайы қаралды. Ядролық қаруды таратпау, əртүрлі жаһандық стратегиялық мəселелер төңірегінде Қазақстан мен АҚШ бір-біріне ұзақ жылдар бойы өзара қолдау танытып, ынтымақтастық орнатып келе жатқаны барлықтарыңызға белгілі. Бұған қоса, соңғы жылдары құқық саласында да тығыз əріптестіктің жолға қойылғанын атап өтуге болады. Мəселен, екі елдің құқық қорғау органдарының өкілдері терроризмге қарсы күрес саласында тəжірибе алмасып, тығыз қарымқатынас орнатқан болатын», деді сөз орайында ол. (Соңы 2-бетте). халықаралық ұйымдардың басшылары мен АҚШ-тың, Еуропа Одағының, Жапония, Қытай, Ресей, Белоруссия, Қырғызстан, Əзербайжан, Армения, Грузия, Латын Америкасы елдерінің бизнес өкілдері қатысқан. Бұрынғы мемлекет жəне үкімет басшылары ішінде Польшаның экс-президенті Александр Квасьневский, Австрияның бұрынғы федералдық канцлері Альфред Гузенбаэр мен Италияның экс-премьер-министрі, Еуропалық Комиссияның президенті Романо Проди, Израилдің экс-премьерминистрі Эхуд Ольмерт, сондай-ақ, Боливияның бұрынғы президенті Хорхо Кирога бар. (Соңы 2-бетте).
Үшіншіден, Қашағаннан «қара алтын» селін тасыту үшін бастапқы тəжірибелік-өнер кəсіптік кезеңде жылына 50 миллион тонна мұнай өндіру көзделіп отыр. Осы кезде мұнда мұнай өндірудің жобалық көлемі тəулігіне 370 000 баррель құрайтын болады. Кейін «қара алтын» өндіру тəулігіне 450 000 баррельге дейін ұлғаяды. Ал 2018-2019 жылдарға қарай, яғни кенішті игерудің келесі кезеңінде жылына 75 миллион тоннаға дейін өнім өндіріле бастайды. Міне, сол кезде Қазақстан «Қашағанның» мол мұнайымен əлемдегі ең ірі мұнай экспорттаушы бес елдің қатарына кіреді. Жəне бір ерекшелікті баса айтуымыз қажет. Бұл – Қазақстанның тек құрлықтан емес, су
Сауытбек АБДРАХМАНОВ.
астынан да мұнай өндіруге қадам жасауы. Осы кезге дейін, яғни, 114 жылдан бері қазақ мұнайы тек құрлықтан ғана өндіріліп келсе, енді, міне, теңіз тұңғиығындағы мол мұнайдың алғашқы тамшысы алынды. Бұл шынында да, тəуелсіз Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тарихи оқиға. Қуаныш құтты болсын, əлеумет! Қашағанның қадір-қасиеті, бұл оқиғаның мəн-маңызы, ел экономикасын өркендетуде алар орны туралы таяуда газет бетінде кеңірек жазатын боламыз. Атырау облысы.
----------------------------------------Суреттерді түсірген Рахым ҚОЙЛЫБАЕВ.
Мўнай ќўбыры – облыстар дамуына септесін Мəжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында депутаттар Қазақстан мен Қытай арасындағы мұнай құбырына қатысты мəселені талқыға салды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Заң жобасының толық атауы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы «Қазақстан – Қытай» мұнай құбырын
дамыту жəне пайдалану кезіндегі ынтымақтастықтың кейбір мəселелері туралы келісімді ратификациялау туралы» деп аталады. Ол бойынша Мұнай жəне газ министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов баяндап берді. (Соңы 2-бетте).
АҚПАРАТТАР аєыны Қытайдан Қазақ хандығы тарихына қатысты 283 том көшірмелер жеткізілді. Кеше осы туралы мəлімдеген тарих ғылымдарының докторы, профессор Меруерт Əбусейітова оларды Цинь əулеті мұрағатының құжаттары құрайтынын баяндады. Кеше Атырауда Назарбаев зияткерлік мектебі ашылды. Білім ордасына қабылданған 720 талапкер 7-10-сыныптардың 2978 оқушысы арасынан іріктеп алынды. Алматыда 100 отбасы пəтерлерге ие болды. «Мемлекет басшысының қаламызға аса зор көңіл бөлуі нəтижесінде салынған жаңа тұрғын үйлер бірінші
Адам арманымен асқақ. Мемлекет мақсатымен мерейлі. Қазақстан – арманы асқақ адамдар елі, мақсаты мерейлі мемлекет. Алтай мен Атыраудың арасын алып жатқан алып даланың жұрты сан ғасырлар бойы азаттық атты арманын аялап, ғасырлар тоғысында, мыңжылдықтар межесінде ойындағысы орындалды. Сол далада орнаған Қазақстан Республикасы жиырма жылдан аз ғана астам уақытта əуелі ел болып, ес жиюдың тар жол, тайғақ кешуінен өтті, құландыдан, қирандыдан жаңа мемлекеттің іргесін бекітіп, қабырғасын көтерді. «Кез келген халыққа бəрінен бұрын асқақ рух керек» дейтін Елбасы егемендіктің елеңалаңын да-ақ ертеңімізге нық сенді. Дүниежүзі қазақтары құрылтайының 1992 жылы өткен алғашқы мəжілісінде: «Орнында бар оңалар» дейтін еді халқымыз. Шүкір, ел орнында, жер орнында. Жерге жетер ештеңе жоқ, жерден өтер байлық жоқ. Жер болса – ел болады, ел болса – ер болады. Осындай жеріміз барда, еліміз барда, өздеріңіздей еріміз барда біз ешкімнен кем болмаймыз! Заман тыныштығын берсе, бүгінгі дағдарыстан да шығармыз. Тəуелсіз Қазақстан дəулетіне сəулеті сай қуатты мемлекетке айналар. Қазақ халқы əлемдік өркениетке қазіргіден гөрі қомақты үлес қосар. Даламызда да, қаламызда да шадыман тұрмыс, шат тірлік орнар. Бұйыртса, бүгінгі Құрылтайға қатысқан қадірменді қонақтарымыздың өзі туған Қазақстанымыздың гүлдепкөркейгеніне таяу жылдарда-ақ куə болады деп кəміл сенеміз», деді. Өйткені, халқына сенді. Ол күн де келді. Қазақстан алдымен өзін əлемге танытты, одан кейін мойындатты, одан кейін құрметтетті. Алдымен үй болуды қамдап, өз бетінше мемлекет құра алатынын, өзгелермен терезесі тең тұра алатынын танытты, бірте-бірте би түсетін үй болуды қамдап, əлемнің батысы мен шығысынан келгендерге дос пейілін көрсетті, бара-бара өзі де би болуды қамдап, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының төрағалығына қол жеткізіп, төбебилік етті. Президент Нұрсұлтан Назарбаев бұл биікті де қанағат тұтып қалған жоқ, осыдан 4 жыл бұрын елді əлемдегі экономикасы бəсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттің қатарына қосу міндетін қойды. Елбасымыз өткен жылдың аяғында «Қазақстан – 2050» Стратегиясын жариялап, онда «Қа зақстан 2050 жылға қарай əлемнің ең дамыған отыз елінің қатарында болуға тиіс» деп
кезектегі мұқтаж адамдарға берілді», – деді осыған орай өткен салтанатта қала əкімі Ахметжан Есімов. Оңтүстік Қазақстанның өнер кəсіп жəне ауыл шаруашылығы тауарларын тиеген көліктер Мəскеу ге аттанды. Облыс əкімі Асқар Мырзахметов бастаған керуен 14-26 қыркүйекте Ресей астанасында өтетін аумақтық жəрмеңкені діттеп барады. Павлодарда Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы өтті. Сайысқа қатысқан 16-20 жас аралығындағы мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттері арасынан Баянауыл ауданының өкілі Рахымберді Əлпеш топ жарды. Семейде ата-аналар мектебі ашылды. Арнайы əлеуметтік қызмет көрсету орталығының базасында бой
мəлімдеді. Бұл кезде елдің елулікке ену мақсаты толықтай орындала қойған жоқ болатын. Бірақ, Назарбаев ол міндеттің шешілуі таяу тұрғанына сенді. Өйткені, халқына сенді. Ол күн де келді. Бүкілəлемдік экономикалық форум 2013 жылдың 4 қыркүйегі күні жаһандық бəсекелестік туралы жылдық есебін жариялап, Қазақстан осы есеп бойынша əлемдегі 148 елдің арасынан 50ші орынды иеленгенін хабарлады. «Елулікке ену – ел тарихындағы ерекше оқиға» деп жазды сол күндері «Егемен Қазақстан». Алдыңғы күні, Дамушы нарық тардың Еуразиялық форумында жасаған баяндамасында Елбасымыз мемлекеттің əлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуының жөн-жобасын белгілеп, жолын айқындады. «Ісқимылдың егжей-тегжейлі жоспары жасалып жатыр жəне жақын арада жарияланатын болады», деді Нұрсұлтан Назарбаев. Əйтсе де, біз осы баяндаманың өзінен мемлекеттің мерейлі мақсатына жетуінің негізгі бағыттарын айқын көріп отырмыз. Туған халқын жан-тəнімен сүйетін, суығына тоңып, ыстығына күйетін, ойын «Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты – толыққанды, тəуелсіз мемлекет құрудың басында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білімбілігімді аямай жұмсаймын, қандай тəуекелге де барамын» деп түйетін Президент уақыт адамзат алдына бір сынақтан кейін бір сынақты көлденең тартып тұрған қазіргідей күрделі кезеңде де бойындағы басты қуатты елге деген сенімінен табады. Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл кəміл сенімінің себебін сіздер жақында саясат ғылымдарының докторы, профессор Махмұт Қасымбековтің басшылығымен құрастырылған «Жылдар мен ойлар» кітабын негізге ала отырып дайындалған, оқырманға ыңғайлы болуы үшін арнаулы, 3-ші бетке үлкендеу қаріппен орналастырылған топтамамен танысу арқылы біле аласыздар. Сонымен біздің ендігі ойымыз – отыздықтан орын алу. Алдыңғы күні Елбасымыз: «Дами жəне өркендей отырып, бейбітсүйгіш ел жəне сенімді əріптес болып қала отырып, Қазақстан əлемдегі жетекші елдер қатарынан табылатын болады. Бұған мен күмəнданбаймын!», деді. Өйткені, халқына сенеді. Ол күн де келеді.
көтерген бұл құрылым мүмкіндігі шектеулі балалар отбасыларының мұңмұқтаждарын шешуге бағыт ұстайды. Ақтау қаласының тұрғындары башқұрт мəдениетімен танысады. Бұл осы қалада 16-17 қыркүйек күндері бауырлас жұрт «Салават» мəдениет орталығының қала əкімдігімен бірлесіп өткізетін шарасы арқасында мүмкін болғалы тұр. Жамбыл облысында 29 бас жылқы ұрлаған ұрылар ұсталды. Олар аталмыш үйірді бірнеше ай бұрын Талас ауданы, Ақкөл ауылына жақын маңдағы жайылымнан айдап əкеткен екен. «ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.